Мектепке
дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқытуда
ойын элементтерін пайдалану.
"Ойында
рухани және дененің даму қозғалысын
көреміз,ойынды саналы түрде пайда
келтіретіндей жүргізуіміз керек.
Ойын-жасына және халықтық ғұрпына сәйкес
болуы керек".
Я.А.Каменский.
Көптілді
оқыту-жас ұрпақтың білім кеңістігінде
еркін самғауына жол ашатын, баланы
жан-жақты дамытатын, өз қабілетін
танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі
күннің ең басты талабы. Сондықтан баланы
ерте жастан ағылшын тіліне бейімдеу
қажет.
Бұл
тілді
үйренуде мектеп жасына дейінгі балалардан
бастаған қолайлы. Неғұрлым көп
естіп білуге
ынталанған балалардың еске сақтау
қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде
дамиды. Ал ерте жастан
балаға көңіл
аудармай оның жан-жақты дамуына көмек
жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте
сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі,
баланың дамуы ерте жаста бастап
қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін
де ерте бастаған
тиімді екені айтылуда.
Ойын
— адамның өміртанымының алғашқы қадамы.
Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден
көптеген мәліметтер алып, дамиды. Ойынның
басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы
өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып,
бір-біріне деген сенімділігін арттырады.
Оқытудың
ойын әдісі өте пайдалы болып келеді,
өйткені балаларды ой еңбегіне бірте-бірте
үйренуге мүмкіндік береді. Ойын әдісінің
кеңінен қолданылуы ойынның бала
қуанышының көзі ретінде ғана
айқындалмайды, сонымен қатар ол оқыту
міндеттерін шешудің ең негізгі жолы
болып табылады.
Ойындарды мектепке дейінгі балаларының
оқу іс-әрекеттеріде белгілі бір жүйемен
пайдалану қажет. Ойынның
міндеті баланың қызығушылығын туғызып,
белсенділігін арттыратындай іріктеліп
алынған нақты мазмұнымен анықталады.
Ойындар жаңа тақырыптарды өткенде,
сөздерді, грамматикалық материалды,
тұрақты сөз тіркестерін пысықтыруға
арналған жаттығулардың бір түрі ретінде
пайдаланылады. Ойын дегеніміз – адамның
ақыл - ойын дамытатын, қызықтыра отырып
ойдан - ойға жетелейтін, тынысы кең,
алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін
ғажайып нәрсе.Ойын-қарым-қатынас құралы.
Халық даналағында «ойнай білмеген ойлай
да білмейді» дейді. «Ойында озған, өмірде
озады» деп жатады. Кез - келген сабақты
өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана
білу керек. Ойын түрлерін қолданып
өткізілген оқу қызметінде баланың сол
тілді білуге, үйренуге қызығушылығы
мен зейіні әрі ынтасы пайда болады.
Ағылшын
тілі оқу қызметінде қолданылатын ойын
түрлері:
1.
«Hello»
Мақсаты:
балаларға амандасу және өзін – өзі
таныстыруды үйрету.
Ойын
шарты: педагог қолына карточкада сабақтың
кейіпкерлерінің бейнеленген суреттерін
балаларға көрсетіп ұстап, айтады. «Hello.
I am Mum». Балалар көрсетілген кейіпкермен
амандасады, танысады.
2.
«Guess who?»
Мақсаты:
мамандық атауларының айтылуын меңгерту,
логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Ойын
шарты: балаларға бір ересек адамның
басы бейнеленген және жан – жағына бір
мамандық иесінің құралдары бейнеленген
суреттер кезек – кезек көрсетіледі.
Педагог әрбіреуін көрсетіп: «Guess who?»
деп сұрап отырады. Балалар қоршаған
заттарға қарап, қай маман екендігін
тауып айтады.
3.
«Whose cage?»
Мақсаты:
логикалық ойлау қабілетін дамыту, жаңа
сөздерді белсендіру.
Барысы:
жануарлардың атауын ағылшын тілінде
атау, көлемі мен пішінінің ерекшелігіне
қарай торын тауып көрсету (Elephant – үлкен
торда тұрады).
4.
«Who likes…?»
Мақсаты:
жаңа сөздердің айтылуын меңгерту,
тақпақты жаттату.
Ойын
шарты: балалардың алдына жануарлардың
(аю, қоян, ит, қораз) кескіндері және
қырыққабат, ет, бал, дәннің суреттері
беріледі. Педагог тақпақ жолдарын
айтады, балалар айтылған жануардың нені
жақсы көретінін суреттен тауып көрсетеді
немесе жанына орналастырады.
5.
«Find and say»
Мақсаты:
жаңа сөздерді үйрету, ұсақ қол қимылдарын
дамыту.
Ойын
шарты: үй жануарларының мүсіндерін
тарының арасынан тауып алады, атауын
ағылшын тілінде айтады. «Is
it» құрылымымен танысады.
6.
«Pass and say»
Мақсаты:
жаңа
сөздердің айтылуын үйрету, есте сақтау
қабілетін жақсарту.
Ойын
шарты: педагог шеңбер бойымен тұрған
балалардың біріне сағат тілі бағытымен
қарындаштың бірін түсін айтып, ұстатады.
Алған бала сөзді қайталап келесі балаға
ұстатады, осылайша қарындаш педагогтің
өзіне қайтып келеді. Барлық қарындаштарды
шеңбер бойымен түсін айтып жүргізіп
шығады.
Қорыта
келе ойын
– балалар үшін оқу да еңбек те. Қандай
ойын болмасын баланы бір нәрсеге
үйретеді. Ойын балалардың достық сезімін
оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық
бірлігі нығаяды. Ойын арқылы баланы
жақсылыққа, қайырымдылыққа,
ізгілікке,
әдептілікке
тәрбиелеуге болады.
Ойынның
негізгі мақсаты – баланы қызықтыра
отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің
міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана
отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс
істей білуге, ой белсенділігі мен тіл
байлығын арттыра түсуге түрлі дағды
мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Тиімді қолдана білген кез келген
технология білім сапасын арттыратыны
хақ.
Дамыған елу мемлекеттің қатарына кіру
үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік. Себебі,
Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың
қолында. Қазіргі жастар - ертеңгі
Қазақстанның болашағы.