жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқытудың басты ерекшеліктері
Темірбекова Гүлзираш Жолдасқызы
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал қаласы
Тақырыбы: «Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқытудың басты ерекшеліктері»
Қазақстан Республикасының білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін меңгертуді жолға қою мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту қолға алынып отыр.
XXI ғасырдың талабы мәдени деңгейі жоғары маман даярлап шығару болып табылады, олай болатын болса, жоғары мәдениетті маманның: жалпы, кәсіби, әдіснамалық, кәсіби-этикалық, ақпараттық, тілдік, саяси, психологиялық-педагогикалық, көркемдік эстетикалық мәдениетінің болуы шарт.Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің талабы.
Американ ғалым философы Дейл Карнеги «Ең бірінші адам бойындағы қажеттілікті туғыза білу керек. Ондай іс қолынан келетін адам бүкіл әлемді мойындата алады» деген екен. Шет тілін,оның ішінде ағылшын тілін білу –заман талабы. Баланың тілді оңай меңгеруі үшін үлкен ынта, зейін, талап оқушының тілге деген бейімділігі қызығушылығы керек. Содан кейін ғана оқушының ойын дамыту міндеті келеді.
Мектепке дейінгі балаларға шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ересек балаларға қарағанда,олардың есте сақтау қабілеті де жоғары. Мектеп жасына дейінгі балаларға шетел тілін оқыту олардың танымдық және әлеуметтік белсенділігінің, өзіндік әрекет жасау қабілеттілігінің және өзіне деген сенімінің артуына ықпал етеді.
Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты талабы. Алдағы уақытта 12 жылдық білім жүйесіне көшкен кезде оқу ұйымдарында кей пәндер ағылшын тілінде өтілетін болады. Сондықтан баланы ерте жастан ағылшын тіліне бейімдеу қажет. Бұл тілді үйренуде мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған қолайлы. Неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте бастаған тиімді екені айтылуда. Алайда, мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру қажет.
Мектепке дейінгі жас шет тілін оқытуға өте қолайлы кезең. Себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл құпияларын байқау қызығушылығы пайда болады. Олар лезде берілген шағын материалды меңгеріп алып, оны өте жақсы кері айтып бере алады. Балалардың жасы қосылған сайын мұндай факторлар өзінің күшін жоғалта бастайды.
Ерте кезден оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын сөздері ұйқас тақпақтар, өлеңдер үйреткен тиімді. Балаға ойын барысында тіл үйрену қызықтырақ болады. Балаларға жас ерекшеліктеріне сай тілді меңгерту басқа халықтың мәдениетін білуіне жол ашады.
Ерте жастан ағылшын тілін оқыту балалардың:
- шетел тілін үйренуге қызығушылығын;
- танымдық қабілетін;
- өзіндік шығармашылық әрекетін;
- ұйымда қызмет жасай алу қабілеттілігін;
- үйірімділік қабілетін;
- елестету мүмкіндігін;
- есте сақтау қабілетін;
- мектеп өміріне бейімделушілігін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылған қасиеттерді балабақшадан, бастауыш мектептен бастап оқытуды бастау қажеттілігі дәлелдей түседі. Мектеп жасына дейінгі балаларға оқыту сатысында ауызша сөзді дамыту одан арғы ауызша базаның дамуында әсерін тигізеді. Ауызша сөз басқа да іскерліктердің дамуына негіз болып табылады. Ағылшын тілін ерте жастан оқытуда мотивацияның рөлі зор екені айдан анық. Жасөспірімдердің тілге деген қызығушылығын дамыту негізгі шарт. Қызығушылық тұлғаның белгілі бір әрекетте, затқа эмоционалды қатынасы болғандықтан, зейін машықтанады, ойлау терең болып, тілдік материал ойда ұзақ уақыт сақталады. Оқу үдерісінің қызықты, тартымды болуы, эмоционалды редакдакциялардың көп болуы, ағылшын тіліне деген қызығушылықты арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады,оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы.
Көптілді оқыту жас ұрпақтың кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын,баланы жан-жақты дамытатын,өз қабілетін танытуға мүмкіндік беретін,бүгінгі күннің басты талабы. Сондықтан, баланы ерте жастан ағылшын тілін жетік үйренуге бейімдеу қажет. Баланы жастан демекші, неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың есте сақтау қабілеті соғырлұм жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан ол балаға көңіл аудармасақ, жан-жақты жетілдіруіне, дамуына көмек жасамасақ , оның ақыл ойы, қабылдауы, есте сақтау қабілеті де баяу дамиды. Сол себепті мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырып барған жөн.
Балалардың дәл осы жаста айналадағы қоршаған ортаны білуге деген қызығушылығы, көрген нәрсесін ұмытпай,есте сақтауы, жақсы әр түстерге еліктеуі басқа жастарға қарағанда ерекше байқалады. Міне сол себепті алғашқыоқу сатысында сөздерді жаттауды және сол жаттаған сөздіктерін ұмытпау үшін суреттермен көрсетіп баруды үйрету. Ол айтқан сөздерін көзімен көріп, қолымен ұстауарқылы жақсы есінде сақтай алады және басқа заттардан айыра алады.
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге дамып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
Ағылшын тілін оқытуда коммуникативтік мақсатқа жетуде ауызша сөздің рөлі өте зор. Ауызша сөйлеу арқылы адамдар бір-бірін түсінеді, өз ойларын айтады, дәлелдейді, естіген, айтылған хабарға өз көңіл-күй қатынасын білдіреді.
Балалардың еркін сөйлеуге, өздігінен сөйлемдер құрай білуге үйрету, балалардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ағылшын тілін білудің маңыздылығын түсіндіру, ана тілін құрметтеп, өзге тілді игерту арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеудің маңызы зор.
Себебі “маған жәй айтсаң ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң үйренемін” деп Қытай мақалында дұрыс айтылған.
Келесі сатысында осы жаттаған сөздеріне сай қысқа өлең шумақтарын сұрақ-жауаптарды үйрету әдісі қолданылады. Бұл балалардың тілін жаттықтырып,сөз қорын көбейтіп оның сөйлеу қабілетін асырады.
Сондай-ақ ерте жастан оқушыларды оқытудың және бір тиімділігі, тілдің кемшіліктерін жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі.
“Үш жастағы балаларға мүмкіндік іс жасаған жағдайда олар өзінің, оқуына, дамуына асқан жауапкершілікпен қарауға қабілетті” деп 2008 жылы ағылшын зерттеушісі White Bread айтқан болатын, яғни олар жас ерекшелігіне қарамастан, өздерінің оқуына, дамуына саналы түрде қарайды, тапсырмаларды шешу үшін өзіндік әдіс – тәсілдерді қолдану.
Қорыта келе: мектеп жасына дейінгі балаларға уақыт талабына сай білім беру, одан әрі жетілдіру ағылшын тілін үйретудің маңыздылығы оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға, басқа да белсенділіктерін көрсетуге деген қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік алады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген