жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мектепке дейінгі балалардың саусақ жаттығуы
Қолдар үстелде жатты,
Ұйқысы өте қатты.
Ал біріншісі оянды,
Керілуді ойға алды.
(Алақан үстелде жабысып жатыр, ал саусақтар көтеріліп тұр)
Оң қол тұрып қайта жатты,
Демалғысы келді.
Сол қолымыз оянды
Тәтті керілуді ойға алды.
(Екінші алақаны үстелде жатыр, ал саусақтары көтеріледі).
Енді екеуі оянды
Қатты-қатты керілді.
(Екі қолдың саусақтары көтерілді)
Көтереміз басбармақ
Соғамыз: тақ-тақ.
(Екі қолдың саусақтарын кезекпен көтеріп бір-бірлеп тақылдату)
«Тық-тық» дыбыс шықты
Басбармақ тақылдады.
Артынан саусақтарының
Барлығы мақұлдады.
Біз мысықпыз – мысықпыз,
Бізге жақындамаңыз
Тырнауға біз дайынбыз,
Бала емеспіз – мысықпыз!
(Екі қолдың саусақтары бірге, ал кейін әр қол кезекпен үстел үстін тырнайды)
Үстелімізге піл шықты
Тақылдаған үн шықты
(Алақан саусақтарымен үстел үстін тақылдату)
Аттар да келді жүгіріп
Тұяқпенен жерді ұрып.
(Саусақтардың ұшымен үстелдің үстін жеңіл тақылдату)
Сергектікпен, жеңілдікпен
Өрмекшілер келді бізге.
(Үстелдің үстін саусақтармен кезек-кезек баяу тақылдату)
Бақаларда секірді,
Батпаққа Кетті қашып батпаққа.
(Қолдың қоспасын көтермей, саусақтарды қысып, үстелді қағу).
Асықпай жердің бетімен
Кетті жылан еңбектеумен
(Үстелдің үстіне саусақтарды алмай, қолдын қоспасын дірілдету)
Күн шықты –
Құрттар қашты.
Күн батты –
Құрттыр шықты
(Саусақтары ақырын жұдырыққа жиналады, кейін ақырындап жазылады)
Бір күні қарбыз алдық,
Дәміне таңғалдық.
(Саусақ ұштарын біріктіріп дөңгелек жасау).
Қауынды да алдық,
Тең жартысын жардық
Тілік-тілік жасап
Ауызымызға салдық
(Саусақ ұштарын біріктіріп сопақша жасау).
Көңілді болды жолда
Екі аяқ жүгірер жолда
(Үстел үстінде саусақтар жұп-жұбымен «жүгіреді»)
Ортаңғы топ балаларының есте сақтауына арналған нұсқаулықтар
Нұсқаулық: «Суреттерді есіңде сақта»
Мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамыту, ақпаратты қабылдау, есте сақтау процесін анықтау.
Берілетін тапсырма: Балаға бес түрлі заттан бейнеленген сурет ұсынылып, мұқият қарап алуын сұрайды. Суретті жасырып, баланың есінде қанша сурет қалғанын педагог анықтайды.
«Суретті есінде сақта» ортаңғы топ
|
|
|
|
|
|
Нәтиженің бағалануы:
Жоғары деңгей: бала 5 суреттің барлығын есінде сақтау керек.
Ортадан жоғары деңгей: бала 4 суретті есінде сақтау керек. .
Орта деңгей: бала 3 суретті есінде сақтау керек.
Ортадан төмен деңгейі: бала 2 суретті есінде сақтау керек
Төменгі деңгей: бала 1 суретті есінде сақтады немесе тапсырманы орындамады
Орта топ балаларының ойлауына арналған нұсқаулықтар
Нұсқаулық: «Ретімен орналастыр»
Мақсаты: Берілген суретті ретімен орналастырып болып жатқан болымысын анықтауы керек. Балаға картинаны ретімен қойғызып (басынан не болды, аяғында немен аяқталғанын) анықтауды ұсынады.
|
|
|
|
|
|
|
Нәтиженің бағалануы:
Жоғары деңгей – Бала өз күшімен тапсырманы орындаса.
Орта – Бала бір қате жіберсе.
Төмен – Бала тапсырманы орындамаса.
Нұсқаулық:«Бір сөзбен ата»
Берілетін тапсырма: Балаға әртүрлі суреттері бар карточка ұсынылады. Бала әр қатардағы заттарды бір сөзбен атауы қажет.
«Бір сөзбен ата» ортаңғы топ
|
|
|
|
|
21
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Нәтиженің бағалануы:
Жоғары деңгей - Бала жай заттар арасындағы байлынсты қоя біліп, топтастыру керек.
Орта – Бала бір топқа біріктіріп бір сөзбен біріктіру атауымен атауы керек.
Төмен – Балажай заттар арасындағы байланысты ққоя білуде қиналса,біріктіру атауын атамаса, тапсырманы тәрбиешінің көмегімен орындаса немесе тапсырманы мүлде орындамаса.
Нұсқаулық: «Шытырман»
Мақсаты: Шатыстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту
Берілетін тапсырма: Балаға бір-бірлеп карточкка беріледі шытырман оқиғалар бейнеленген. Балаға берілген жолжоба: «Анықтап қарап, суретте бейнеленген бейненін несі дұрыс емес екенін анықтау керек. Дұрыс емес болса «неге дұрыс емес?», дұрыс жауабын тауып айтып беру керек.
«Шытырман» ортаңғы топ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Нәтиженің бағалануы:
Жоғары деңгей – Сурет бойынша 5 шытырман оқиғаны байқаса, ненің дұрыс, ненің дұрыс емес екендігін атаса.
Орта жоғары деңгей – Сурет бойынша 4-3 шытырман оқиғаны байқаса, ненің дұрыс, ненің дұрыс емес екендігін атаса.
Орта деңгей - Сурет бойынша 2 шытырман оқиғаны байқаса, ненің дұрыс, ненің дұрыс емес екендігін атаса.
Төмен – Тапсырманы орындамаса.
Нұсқаулық: «Жыл мезгілдері»
Мақсаты: Образды ойлау қабілетін дамыту.
Берілетін тапсырма: Балаға сурет көрсетіледі. Берілген суреттің қай бөлігінде қа жыл мезгілі бейнеленгені сұрамады. Тапсырма орындау барысында тек жыл мезгілін айтып қоймай, мезгілдердің белгілерін, табиғи құбылыстарын, ерекшеліктеріне атап өтіуі керек.
|
|
|
|
|
Нәтиженің бағалануы:
Жоғары деңгей –Бала жыл мезгілдерінің көріністерінің байланыстырып атауы керек және жыл мезгілдерінің табиға құбылыстарын ажырату керек.
Ортадан жоғары деңгей – Бала суреттегі жыл мезгілдерін атуы керек, бірақ табиға құбылыстарды атай алмаса.
Орта деңгей – Бала жыл мезгілдерін сурет бойынша 2-3 бейнесін анықтаса және табиғи құбылыстарды атай алмаса
Ортадан төмен деңгей - Бала жыл мезгілдерін сурет бойынша 1 бейнесін анықтаса және табиғи құбылыстарды атай алмаса
Төмен деңгей – Тапсырманы мүлде орындамаса.
Ортаңғы топ балаларының зейініне арналған нұсқаулық
Нұсқаулық: «Айрмашылығын тап»
Мақсаты: Заттардың арасындағы қарапайым қисындық байланыстарының заңдылықтарын табуды үйрету.
Бірілетін тапсырма: Берліген суреттен айырмашылықтарын табу керек.
|
|
|
Нәтиженің бағалануы:
Жоғарғы деңгей: Бала 5 айырмашылықты анықтаса
Ортадан жоғары деңгей: Бала 4 айырмашылықты анықтаса
Орта деңгей: Бала 3 айырмашылықты анықтаса
Ортадан төмен деңгей: Бала 2 айырмашылықты анықтаса
Төменгі деңгей: Тапсырманы орындамайды.
Нұсқаулық: «Таңбаларды қойып шық»
Мақсаты: Зейінін бірнеше затқа аудара білуге үйрету.
Бірілетін тапсырма: Балаға суреттер көрсетіліп қалай жұмыс істеу керектігі түсіндіріледі. Бұл жұмыста берілген белгілерді үлгіге қарап толтыру керек. Баланың тапсырманың орындалуына 2 минут беріледі.
29
|
|
Нәтиженің бағалануы:
10 балл: 35-25 белгі
8-9 балл: 29-15 белгі
6-7 балл: 14-10 белгі
4-5 балл: 9- 5белгі
0-3 балл: 5-0 белгі
10 балл - жоғары
8-9 балл – ортадан жоғары
6-7 балл – орта
4-5 балл – ортадан төмен
0-3 балл -төмен
Ересектер мен мектепке даярлық топ балаларының зейініне арналған нұсқаулық
Нұсқаулық: «Айрмашылығын тап»
Мақсаты: Заттардың арасындағы қарапайым қисындық байланыстарының заңдылықтарын табуды үйрету.
Берілетін тапсырма: Берліген суреттен айырмашылықтарын табу керек.
|
|
|
30
|
|
|
Нұсқаулық: «Таңбаларды қойып шық»
Мақсаты: Зейінін бірнеше затқа аудара білуге үйрету.
Берілетін тапсырма: Балаға суреттер көрсетіліп қалай жұмыс істеу керектігі түсіндіріледі. Бұл жұмыста берілген белгілерді үлгіге қарап толтыру керек. Баланың тапсырманың орындалуына 2 минут беріледі.
|
|
Нәтиженің бағалануы:
10 балл: 100-80 белгі
8-9 балл: 79-60 белгі
6-7 балл: 59-40 белгі
4-5 балл: 39-20 белгі
0-3 балл: 19-0 белгі
31
10 балл - жоғары
8-9 балл – ортадан жоғары
6-7 балл – орта
4-5 балл – ортадан төмен
0-3 балл -төмен
«Ойыншықтар дүкені» ойыны
Ойынның мақсаты: Нақтылы іс-әрекет үстінде заттарды әр түрлі белгілеріне, түсі, пішіні, үлкен-кішісіне қарай салыстыру жағындағы қарапайым практикалық дағдылардың үлгілерімен танысу. Қандай да бір белгілеріне қарай салыстыру, бақылауды ұйымдастыру.
Сереге әр түрлі түстерді де бір-біріне ұқсамайтын ойыншықтар қойылады. Серенің бірінші қатарына үдкен қызыл кубиктер, екінші қатарына кіші кубиктер және 15 кіші ойыншықтар (машиналар, шарлар, аюлар, қуыршақтар, үшбұрыштар, музыка құралдыр т.б.) қойылады.
Ойынның барысы: балалар тәрбиешімен бірге ойыншық дүкеніне келеді. Олар сатушы апаймен «Сәлеметсіз бе?» - деп амандасады. Дүкеннен өздеріне ұнаған ойыншықтарын таңдап ала бастайды. Тәрбиеші бақылап тұрады. Сол сәтте қиналған балаларға тәрбиеші – доп неге ұқсайды? Дөңгеле, түсі көк,сондықтан дүкеншіге дөңгелек көк геометриялық құрылымды бері керек. Добың кіші сондықтан кішісін бер –дейді. Сатушы: Құралай, сен неге екі қуыршақ алдың?
-
Менің қолымдағы геометриялық құрылым қуыршаққа ұқсайды және бірі үлкен, бірі кішкентай, деп жауап береді.
|
|
«Сөз құрату» ойыны
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ең алдымен тақтайшалардан сөз құрайды. Содан кейін тақтайшалардың санына қарай балалар сөз құрастырады. Сөз құрамы әр түрлі болғанымен, айталық дыбыс саны дәл тақтайшаның санымен бірдей. Ойынды түрлендіріп өткізуге де болады. Балалар ұстаздың құлағына бір сөз сыбырлап атады, ұстаз сөреге сөздегі дыбыс санына қарай тақтайшаларды орналастырады. Қалған балалар тақтайшаның санына қарай сөз құрастырып айтады.
Соңынан сабақты қорыту үшін балалар сөз туралы жаңадан не біледі? Неге үйренді және не ұнағанын сұрйды. Сөзбен дыбыс жайында тағы не білгілері келетінін байқайды. «Ештене білмейтін қуыршақ» балалрдың жауаптарын толықтыруға көмектесіп тағыда қонаққа келуге уәде берген соң қоштасып кетеді.

39
«Жер, су, ауа» ойыны
Ойынның мазмұны: Бастаушы жануарлардың, балықтардың құстардың аттарын естеріне түсіріп, балалрға бірнеше сұрақтар береді. Содан кейін, бастаушы қолындағы допты бір балаға лақтырып тұрып «Ауа» - дейді. Допты қағып алған бала, оны қайта лақтырып «Қарлығаш» дейді.
Екінші бала лақтырған кезде «Су»десе ол бала «Шортан» дейді. Ал «Жер» дегенде, «шегіртке» деп берулері керек. Жауаптан кідірген, не жаңылған бала жүресінен отырып ,өлең айтып, не би билеп, айып өтейді. Ойынның соңында қалған бала жеңімпаз атанып, жүлдеге ие болады

«Танып ал, атын айт» ойыны
Ойынның ережесі: Балаларға суретті үлестіріп беріп, кім тез, дұрыс әрі көп сөз айтса, сол жеңіп шығатынын түсіндіреді. Балалар өз суреттеріндегі заттардың атын тез атауға тиісті.
«Не жоқ?» ойыны
Ойынның мақсаты: Заттардың атауларын дұрыс атай білуге жаттақтыру. Балалардың есте сақтау зейінін дамыту.
Ойынның мазмұны: Үстел үстінде ойыншықтарды тізіп қояды. Балалар тәрбиешінің белгісімен сөздерін жұмады. Сол кезде тәрбиеші тізіліп тұрған заттардың бірін жасыра қояды. Тәрбиешінің белгісі бойынша көзін ашқан балалар ненің жоқ екенін айтып береді.

40
«Кімденебар?» ойыны
Ойынныңмақсаты: Заттардыңатауларындұрысатап, әйтабілугежаттықтыру.
Ойынныңмазмұны:Тәрбиешізаттардыңатынайтады. Балаларалдарындағыатыаталғансуреттердікөрсетеді.
«Ненің төлі?» ойыны
Ойынның мақсаты: «Төл» сөзінің мәнін түсіндіру. Сөйлеуде қолдана білу.
Ойынның мазмұны: Балалардың қолында үй жануарларының, тәрбиешінің қолында төлдердің суреттері бар карточкалар болады. Тәрбиеші төлдерді көрсетеді: - Ненің төлі? – деп сұрайды. Балалар карточкадан көрсетіп ауызша атап айтады:
-
Сиырдың төлі, бұзау т.б.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Не қандай дыбыс шығарады?» ойыны
Ойынның мақсаты: Жан-жануарлардың дыбысын үйрету.
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші жан-жануарларды (сурет, не ойыншық) көрсетіп, сұраққа жауап беруін талап етеді. Қой маңырайды, сиыр мөңірейді, ит үреді – деп балалар жауап береді.
|
|
|
|
|
|
«Ғажайып қалта» ойыны
Ойынның мақсаты: Балаларды тапқырлыққа үйрету.
Ойынның мазмұны: Қалтаның ішіне жеміс-жидектердің, көкөністердің муляждары салынады. Бала қалтаға қолын салып, ұстаған нәрсені атайды. Егер дұрыс атаса сол затта алады. Кімде-кім көп атай алса, сол ұтқан болып есептеледі.
|
|
«Бақа-бақа» ойыны
Ойынның мақсаты: Балаларға баланың қимылын, әрекетін жасауды үйрету.
Ойынның барысы: Ал, балалар бүгін бәріміз бақа боламыз. Орындарынан тұрғызып, әр түрлі қимыл-әрекет жасату. Қолдарыңды жоғары ұстаңдар:
«Бақа-бақа, бақ-бақ» - дегенде саусақтарынды ашып-жұмады.
«Басың неге жалпақ» дегенде – бастарын көрсетіп шайқайды.
«Темір-терсек терем – деп» дегенде - екі қолдарын жерге созып, бірдеңе тергендей әрекет жасайды.
«Басым содан жалпақ» дегенде – екі қолдарымен дөңгелектеп, басын көрсетеді. Міне, екі-үш рет көрсетіп, қайталайды.
Ойынның қорытындысы: Ойын үлкен әсер қалдыру қажет. Өздеріңнің естеріне түскенде, тақпағын айтып қимыл-әрекет жасайды.
|
|
«Торғай» ойыны
Ойынның мақсаты: Балаларды суретті тануға, тапқырлыққа үйрету.
Ойынның барысы: Балалардың әрқайсыысына суретті үйлестіру. Балалар, торғайдың қанаты қайсы, тұмсығы, көзі қайсы? – деп сұрап дұрыс көрсете білуіне көмектесу. Ал,
балалар бәрің орыңдарынан тұрыңдар. Қәне, қалай торғай ұшады, балалардың қолдарын жайқызып, торғай сияқты қақызып көрсету. Ал, балалар мынадай тақпақты айтып көрелік: Торғай- торғай, торғайсың,
Жақын жерге қонғайсың.
Жем шашайын,
Теріп соны жигейсің.
Ал енді торғай қалай жем жейді? – деп, балалардың дұрыс түсінгенін тексеріп көру.
Ойынның қорытындысы: Балаларға ойынғажақсы қатыстыңдар. Бәріңе, көпрахмет!.
|
|
«Паровоз» ойыны
Ойынның мақсаты: Балаларды ауызбіршілкке, шапшаң қимылдауға, дұрыс қозғалуға ықпал ету.
Ойынның барысы: Балаларды бір-бірінің артына тұрғызып, бір-бірінен ұстау керектілігін түсіндіру. «Буп-буп-буп» деп ауыздарымен дыбыс шығыра отырып, шеңбер бойымен жүріп отырады. Екі баланы қол ұстастырып қойып қою. Бұны көпірдің астымен өтеміз - деп белгі беріп отыру. Ал, балалар міне белгіленген жерге (станцияға) келдік, тоқтаймыз - деп айту қажет. Ал, шаршадың балалар дем аламыз.
Буп – буп – буп,
Зымыра поезд.
Біз сені алі-ақ,
Қуып жетеміз.
Ойынды тағы бір қайталау.
Ойынның қорытындысы: Балалар, бүгінге ойынға өте жақсы ат-салыстыңдар. Бәріңде дәу жігіт болыңдар.
|
|
«Үйдің есігін жабайық» Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері.
Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.
|
|
«Вагондарға дөңгелек таңдау»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады.
|
|

«Үй құрылысының ретін көрсет»
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.
Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.
|
|
«Сиқырлы суреттер»
Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту.
Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.
Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.
|
|
|
|
«Шамдар, телефон және т.б. заттар»
Мақсаты: қасиеттері бойынша заттарды топтастыруға, түстерді, өлшемдерді ажыратуға жаттықтыру; зейіндерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша әртүрлі суреттер
Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру, шамдардың, телефондардың, шайнектердің түсін, өлшемін анықтауды ұсыну. Балалар тәрбиешінің суреттерін өздерінің суреттерімен салыстырады. Белгі бойынша тәрбиешінің суретіне ұқсас суреті бар балалар ортаға жүгіріп шығады.
|
|
|
|
|
|
«Қуыршақ қонаққа дайындалуда»
Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: ұзындығы, жуандығы, түсі әртүрлі ленталар.
Ойынның мазмұны: Қуыршақ қонаққа барады, киімін киюге, шашына бантик таңдауға көмектесуді ұсыну. Көп бантиктердің арасынан ұзындығы бірдей екі бантикті табу керек. Әдемі бантиктермен қуыршақтың шашын әсемдеу.
«Көп және біреу»
Ойынның мақсаты: көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: көп және бір зат бейнеленген суреттер.
Ойынның мазмұны: балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды.
|
|
«Танып ал да, атын ата»
Ойынның мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер.
Ойынның мазмұны: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады.
|
|
|
|
|
|
|
«Тәулік бөліктері »
Ойынның мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру.
47
Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер
Ойынның мазмұны: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды.

«Тез ойла»
Мақсаты: 1.Балалардыңзаттардысалыстыру, оңжақ, солжақсияқтытүсініктеріндамыту. 2. Кеңестіктібағдарлайбілугеүйрету. 3. Ойынарқылышапшандыққа, тезойлауғабаулу.
Көрнекілік: Топтағызаттармен.
Барысы: Тәрбиешібалағаөзініңалдында, оң, солжақтарынданелертұрғанынайтқызу. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
|
|
«Жәндікте неше аяқ бар?»
Мақсаты: 1.Балалардың санау және есептеу дағдыларын қалыптастыру. 2.Жәндіктер туралы түсініктерін жаңарту. 3.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: Ойыншық жәндіктер
Барысы: Тәрбиеші балаларға бірнеше суреттер таратып береді. Бұл суреттерде әртүрлі жәндіктер суреттеледі. Балалардың міндеті осы суреттегі жәндіктердің қанша аяғы бар екенін анықтау. Ол үшін суреттердегі жәндіктердің аяқтарын санап сол суреттің астына кеспе цифрлар арқылы белгілеп отырады да соңынан ең аяғы көп жәндіктің суретін салу ұсынылады.
|
|
«Қай қолымда көп?»
Мақсаты: Заттардың екі жиынтығын салыстыра білуге үйрету.
Көрнекілік: Асықтар, топтағы ұсақ заттар.
Барысы: Балалар екі топқа бөлінеді, оның әрқайсысы алма-кезек тәрбиешінің үстеліне өз өкілін жібереді. Бір бала қолын артына ұстайды. Алдымен тәрбиешінің одан соң балалардың бірі оның қолына текше, түйме әртүрлі ұсақ нәрселерді ұстатады. Бірақ ол бір қолда көп, екіншісінде аз болуы керек. Бала алдымен көз мөлшерімен нәрсенің қолында көп екенін анықтау. Қай қатарда көп, қай қатарда аз екенін салыстыру керек.
«Өзара айырмашылығын тап»
Мақсаты: 1.Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу.
2.Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру.
Көрнекілік: бала санына суреттер жинағы.
Барысы: Әр балаға суреттер таратылып беріледі. Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу.
|
|
|
|
Бір сөзбен ата»
Мақсаты: Балаға әртүрлі суреттері бар карточка ұсынылады.
Бала әр қатардағы заттарды бір сөзбен атауы қажет.
Қорытынды:
Бүгінгі талабы –баланың ақыл –ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрык етіп тәрбиелеу. Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлімдік-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге ойлау, қиялдау, есте сақтау зейін қабілеттерінің; танымдық іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды.
Балабақшада баланың психологиялық даму деңгейін анықтау үшін психолог –маман мынандай міндеттерді білуге тиісті:
-
Нені зертейді,оны қалай жүргізеді?
-
Кім оны зертейді және қалай?
-
Шыққан нәтижені қалай пайдаланады?
Балабақшада психолог және тәрбиеші таным үрдісіне көніл бөліп, әр баланың жеке ерекшеліктеріне мән беруге тиіс.Егер баланың есі жақсы дамыған болса ол тез қабылдап есіне сақтайды. Баланың есте сақтау үрдісінен басқа да үрдістермен салыстырып, жалпылап талдау жасауға тиісті.Сонда ғана істеген іске толық қорытынды бере алады.
Баланың психологиялық даму деңгейін анықтау байсалды, жағымды жағдайда тыныш бөлмеде өткізілуі керек. Балалардың психологиялық даму деңгейін күннің І- жартысында өткізген тиімді.
Оған психологтың арнаулы жабдықталған бөлмесі лайықты болуға тиіс.
Индикаторды әр баламен жеке өткізу керек.
Индикатор өткізу үшін мынадай талаптар сақталуы шарт:
-
Индикатор протоколдарымен , қолданылатын нұсқаулықтар және көрнекіліктерін алдын ала дайындау.
-
Әр индикатор өткізу үшін нұсқаулық әдістерді жатқа білу керек.
-
Әр нұсқаулық протоколдары бойынша балалардың жас ерекшеліктеріне қарай сұрақтарды дайындау.
-
Индикатор өткізудегі нәтиже деңгейі: жоғары, ортадан жоғары, орта, ортадан төмен, төмен, жоғары, орта, төмен және он баллдық бағалау деңгейінде өткізіледі.
-
Индикатор жас ерекшеліктеріне қарай 20-25 минут уақыт аралығында өткізіледі
Тексеру кезінде балаға қойылмайтын талап:
.Баланы асықтырмау, жауапты өзі айтқанға дейін кедергі жасамау.
Балалардың психологиялық даму деңгейін анықтау психологпен тәрбиеші қатысады.
Индикатор нәтижесін шығарып әр топ тәрбиешісіне нәтижесі беріледі, төменгі психологиялық үрдістердің төменгі көрсетілген нәтижеде психолог және тәрбиешілер қосымша жұмыстар атқарады.Әр жеке баламен жүргізілген жұмысқа хаттама жазылып отырылады. Баланың ата-анасымен баланың қатысуымен нәтиже сараптамасы талқылауға болмайды.
Қазіргі заман талабына сай жеке тұлға тәрбиелеуде баланы өзін қоршаған ортаға бейімдеу, білім- дағдыларын меңгеруі, Отаның. елін, жерін сүйе білуі, үлкендермен, құрбы-құрдастармен қарым-қатынас мәдениетілігі тәрбиелеп дамыту әр педагогтын міндеті. Демек бала тәрбиелеуде бірігіп жұмыс жүргізгенде ғана көздеген нәтижеге жетуге болады.
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, ойнайық
екеуміз:
Бас бармағым - әкем,
Балаң үйрек - апам,
Ортан терек - ағам,
Шылдыр шүмек - мен,
Титтей бөбек - сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз! (балалар жұдырықтарын ашып, жұмады)
Күні:6.02.12ж
Тақырыбы: Жер біздің ортақ үйіміз
Білім саласы:
«Таным»
Мақсаты:
Білімділік: Қарапайым экоогиялық білім беру, табиғатты қорғауға
танымдық қызығушылығын атырттыру.
Дамытушылық : Табиғатқа деген қамқорлық қатынасын, есте сақтау,
ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік:абиғат әлеміне адамгешілікпен және қамқорлықпен қарауға
тәрбиелеу
Көрнекі құралдар:
глобус, экологиялық белгілер, сүзгі, ыдыстар,
лас су, құм тақтайшасы, музыка.
Әдіс-тәсілдер:елестету,
көрсету, психотренинг,құм терапиясы, ойын,сұрақ-жауап, сергіту
сәті, қорыту.
Пәнаралық байланыс:
көркем әдебиет, сурет, айналамен танысу,
жапсыру.
Ұйымдастыру кезеңі:
А.М.: Күндей жадырап,
Айдай арайлап.
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық.
Шаттық
шеңбері
Балалар шеңбер бойымен тұрып жүректеріндегі жылы лебіздерін
айтады.
Армысың,мейірімді жеріміз,
Армысың, табиғат-анамыз,
Келді сізге өзіңіздің балаңыз!
Сүйейік, табиғатты аялайық,
Біз де одан жақсылықты аямайық.
Балалар мен өз жүрегімдегі жылуымды лентамен беремен.
Сендер өз жылы лебіздерінді тілектерінді достарына арнаңдар.
А.М.: Балалар, мен бүгін топқа келгенде біздің табиғат бұрышында
мынау әдемі бір нәрсе көрдім. Атын есіме түсіре аалмай
тұрғаным,қане маған көмектесіндерші.
Бір нәрсе бетінде жоқ ой менен қыр,
Өзінің кіндігінен айналып жүр.
Өзіне назар салып қарасаңыз,
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.
Балалар: Бұл-ғаламшар
А.М.: Ғаламшар деген не? Бұл- адамдар, өсімдіктер мен жануарлар
тіршілік ететін жердің үлгісі.Жер- бәрінің тұрып жатқан ортақ үйі.
Қандай түстер көріп тұрсыңдар? Қай түс көбірек? Ол нені білдіреді?
Теңіздің суы қандай? Теңізде нелер тіршілік етеді?
«Ластанған су оқиғасын»
әңгімелеу.
А.М.: мен сендерге бір оқиғаны айтып берейін. Бір көл өмір сүріпті.
Суы сондай таза, мөлдір, тіпті су астындағы тіршіліктің бәрі
көрінеді екен. Бір күні суға дем алушылар келіпті. Олар ағаштарды
кескен, от жаққан, қалдықтарды жинамай кеткен екен. Басқалары да
солай істепті.Осылайша су азая берген, азая берген, ал қалдықтар
көбейіп кеткен. Сендер қалай ойлайсындар, осы дұрыс па? Суда
тіршілік ететін балықтарға қиын бола бастайды. Балалар, оларға кім
көмектесе алады? Біз қалай көмектесе аламыз? Ол үшін біз суды
тазартайық.
«Суды
тазартамыз»ойыны.
Сүзгімен лас суды тазарту көрсетіледі.
Менің қолымда қандай табиғат қорғау белгісі бар? Белгі нені
білдіреді? Адамдар суды ластамасын деп біз оны көлдің жанына
қоямыз.
Тыныштық
мезеті.
«Теңіз»Балалар өздеріне ыңғайлы қалыпты қабылдап, көздерін жұмады
да, жағалауда тұрмын деп елестетіп, теңіздің шуын тыңдайды.
«Орманда»құм терапиясы.
А.М: Балалар, қолымызға дүрбі алып орманға саяхат жасаймыз. Мына
ормандағы іздерге қарайық. Оны табу үшін мен сендерге жұмбақ
жасырамын ( Құм бетіндегі жануарлары іздері салынады)
Жұмбақтар:
Мен балқұмар қорбаңдаймын
Тәтті ұрлауға қорланбаймын
Омартаны арлаймын,
Аяқ, қолды жаралаймын,
Сонда да оған қарамаймын
Балға толмай оралмаймын,
Мен кіммін? (Аю)
Өзінше ноян,
Қорқақ кім? (Қоян)
Төрт аяқты шалғы,
Шауып кетер малды. (Қасқыр )
А.М.: осы іздермен біз орманды аралаймыз. Құстар қайда тұрады?
Айналаға қарайық. Қандай ағаштар өсіп тұр? (Құмға ормандағы жолдар
салынады)
Балалар: Қайың, шырша, қарағай
А.М.: Жер-Ана бәріне керек, өйткені жер ортақ үй.
Экологиялық белгілер.
А.М: Балалар, орман да не істеуге болмайды? Орманда жүргенде
от жағуға, шулауға,
Қалдықтарды тастауға, ағаштарды кесуге болмайды. (Экологиялық
белгілерді қою)
Тыныс алу жаттығуы
«Ха»-м, мұрын арқылы толық дем алу; бір уақытта қолдарын жоғары
көтеріп, алақандарын қосады; демін «Ха» деген дыбыспен, толық
сыртқа шығарып, ілгері еңкейіп қолдарын төмен жібереді; демін
шығару,жұтудан екі есе көбірек.
А.М.: Енді балалар, дем алмай көріндерші. Ауасыз қалай
болады? Ауа жануарларға, адамдарға, өсімдіктерге керек екен.
Бәріміз ауасыз өмір сүре алмаймыз . Сол үшін Жер бетінде таза ауа
болуы керек.
Қорытынды:Жер-Ананы көркейтейік. Ұжыммен сурет салу.
Балалар үлкен ақ қағаз бетінің жиегін әрқайсысы әр түске боялған
алақандармен басып шығады. Қағаз ортасына саусақ ізі тәсілімен
гүлдердің бейнесіс жасайды.
Гүлдердің ортасына қағаз қиықшаларын желіммен жапсырады.
Жылулық шеңбері:
Жылу берген Күнге рахмет!
Тіршілік берген Жерге рахмет!
капуста-2 кг(у меня было 2,5)
помидоры-2 кг
морковь-1,5 кг
огурцы-1,5 кг
перец сладкий-1,5кг
перец острый-1-2 шт
черный перец горошком-около 30 шт
лавровый лист-6 шт(поломать)
растительное масло-500-600 мл
уксус(я использую винный)-200-250 мл(можно больше)
если будете использовать наш уксус,его можно брать меньше и вливать
постепенно,пробуя на вкус
сахар-150 гр
соль-3-3,5 ст.л
овощи нарезать
в чашке хорошенько размешать
добавить масло,уксус,перец горошком,лавровый лист,сахар,соль
еще раз размешать и оставить на час,чтобы овощи пустили сок
я делаю в двух больших чашках,а потом так же варю в два захода
когда появится сок,попробовать на соль и другие ингридиенты
можно отрегулировать вкус,если посчитаете чего-то недостаточно
переложить в кастрюлю и после закипания,проварить 15-20 минут
горячим раскладывать в стерилизованные банки и закатать
из этого количества продуктов получается около 7-8 литров
салата
Ингредиенты
Помидоры – 620 г
Сладкий перец – 620 г
Морковь – 320 г
Лук репчатый – 320 г
Сахар – 3 ст.л.
Соль – 1 ст.л.
Уксус столовый – 30 мл
Масло подсолнечное – 50 мл
-
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: 23.09.2013
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Экология
Тақырыбы: Күзгі бау-бақша
Мақсаты: Күздің белгілерін білуге үйретуді жалғастыру, балабақша ауласындағы ағаштардың атауларын біліп ажыратуға үйрету. Табиғи көріністің көркін байқауға үйрету. Жемістермен көкөністер жайлы білімдерін бекіту. Эксперименттік ізденгіш әрекеті бойынша игіліктерді пішіндері, түстері, дәмі мен иісіне қарай ажыратуға үйрету. Сезгіш түйсіктерін дамыту. Әдемі игіліктің, оның иісінің байымынан қуаныш сезіне білуге дағдыландыру. Табиғатқа деген сүйіспеншілік пен рақымшылдыққа тәрбиелеу. Денсаулықтың маңыздылығын түсінуге үйрету, дәруменге мол тағамдар арқылы денсаулықтарын сақтап, нығайтуға дағдыландыру. Сөз қорларын молайтып, байыту.
Әдіс-тәсіл: Әңгімелесу, дидактикалық суретпен жұмыс, түсіндіру, сөздікпен жұмыс, қайталау, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: алтын күз, хош иісті, жылтыр.
Билингвизм: Күз – осень – autumn.
Алдын-ала жұмыс: Бақша ауласында бақылау:
- Күн салқын;
- Жапырақтар түсіп жатыр;
- Жел;
- Балабақша ауласындағы ағаштар;
Құрал-жабдық: теледидар, дидактикалық суреттер (моделдер), аудиотаспа.
Әрекеттің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық - ынталандыру кезең Кіріспе бөлім:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар, сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
- Бүгінгі күнімізді бір-бірімізге жылы сөз айтудан бастайықшы.
- Көңіл – күйлерін қандай?
- Ендеше, осы көңіл-күймен сабағымызды бастайық. Бізде бүгін ерекше күн. Бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Олай болса апайларға өз білімдерімізді көрсетейік.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
- Жақсы.
Балалар өз орындарына жайғасып отырады.
Ұйымдастыру-ізденгіш кезең Негізгі бөлімі.
- Балалар, сендер ертегілерді үнатасыңдар ма?
- Ондай болса, мені мұқият тыңдаңдар, мен сендерге «Сиқыршы Күз» ертегісін айтып беремін.
Бір балабақшада сондай бір ақылды, әдепті, әдемі балалар болыпты. Олар: Альтаир, Мөлдір, Сара, Жібек, Айбек, т.б. балалар болыпты. Біркүні олар Күздің белгілерін іздеуге серуенге шығыпты.
(видео қосылады)
- Балалар, сендер фильмнен кімді көріп тұрсыңдар?
- Біз не істеп жүрміз?
- Біз қай жерде серуендеп жүрдік?
- Балабақша ауласында қандай ағаштар бар екен?
- Қандай алмасы бар ағаш?
Ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түсіп жатыр. Құрт-құмырсқа, жәндіктер суықтан тығылып, құстар жылы жаққа ұшып бара жатыр, бұл қай мезгілде болады?
- Күз сөзін 3 тілде айтып көрейікші, балалар.
Күз – осень – autumn
- Күз – жылдың өте қызықты бір мезгілі, ауа-райыда әр түрлі болады: бірде күншуақ, кейде жаңбыр жауады. Балалар біздің ертегіде ойын ойнағанды ұнатады.
Ойын «Күн мен жаңбыр»
Жерге «шалшықты» шашып қойып, балаларға сұрақ қою.
- Неге шашлықты басуға болмайды?
(музыка ойнайды)
- Күн күлімдеп қарайды, балалар, серуендеп жүреді.
Жаңбыр мен күн күркіреген дыбыс естіледі.
- Күн күркіреп, жаңбыр жауды!
- Жарайсыңдар, балалар, ешкім су болған жоқ, барлығымыз қолшатырдың астына тығылып үлгердік . Ертегіде әр түрлі оқиғалар, сиқыршылар болады. Мінеки, бізге де Сиқыршы Күз қонаққа келіп қалыпты.
Күз кіреді, амандасады:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Сендер қандай әдемі, ақылды, әдепті балаларсыңдар! Беттерін қызғылт, тістерін аппақ, көздерін жып-жылтыр!
Тәрбиеші айтады:
- Себебі, біздің балалардың дендері сау.
Күз: - Дендерің сау болу үшін сендер не істейсіңдер?
Күз: - Жарайсыңдар! Менде сендерге денсаулыққа пайдалы сыйлық алып келдім. Себетте не бар екенін балалар өздері тапсын. (үстелдің үстіне себетті қояды)
Тәрбиеші себеттің ішінен сәбізді алып, көрсетіп сұрайды.
- Бұл не балалар?
- Қандай ол?
- Ал, мынау қандай игілік?
- Ол қандай?
- Мұның барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?
Күз: - Дұрыс, сендер қалай білдіңдер көкөніс екенін? («Көз» моделін көрсетіп)
Тәрбиеші: - Себетте не бар екенін тағы қалай білуге болады? («қол» моделін көрсетеді)
(тәрбиеші себетті майлықпен жауып қояды)
Күз: - Жарайсыңдар, былайда біліп қойдыңдар. Тағы қалай игілікті білуге болады? («мұрын», «ауыз» моделін көрсетіп)
Тәрбиеші: - Қазыр біз сендермен ойын ойнаймыз.
Ойын «Не жегеніңді тап!»
Тәрбиеші табаққа жемістерді турап қойып, балаларға дәмін татуға береді, алдын-ала көздерін жауып қойып.
- Енді, не жегеніңді айтып, себеттен тауып берші.
Барлығын орындап болған соң Күз қоштасады: - Балалар, маған сендермен өте қызықты болды. Сендер сондай ақылды екенсіңдер. Бәрін біледі екенсіңдер. Сендерге рахмет, менің басқа балаларға баруым керек. Сау болыңдар!
Тәрбиеші күзге: - Алтын күз! Сен біздің денсаулығымызды үнемі ойлап бізге көптеген дәруменді тағамдар силайсың. Рахмет саған! Сау бол!
- Ия, ұнатамыз
- Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Балалар теледидарға қарайды.
- Өзімізді, Сараны, Альтаирды, Амирді, т.б.
- Серуендеп жүрміз.
- Балабақша ауласында.
- Аққайын, .үйеңкі, қарақат, жұпаргүл, шырша, алма ағаш.
- Кішкентай алмасы бар ағаш.
- Күзде.
Күз – осень – autumn
Тәрбиешіні мұқият тындайды.
- Өйткені, аяғымыз су болады, ауырып қаламыз. Аяқ киіміміз былғанады.
Балалар еркін жүреді.
Ойын ойнайды.
Балалар қолшатырдың астына тығылады. (2-3 рет )
- Сәлеметсізбе, әдемі Күз!
- Біз жаттығу жасаймыз, жуынамыз, тісімізді тазалаймыз серуенге шығып таза ауа жұтамыз, дәруменге толы пайдалы тағамдар жейміз.
Балалар үстелді жағалай отырады.
- Сәбіз.
- Ұзын, түсі тоқ сары, шашы бар.
- Қызанақ.
- Ол домалақ, қызыл, жылтыр.
- Көкөністер деп атаймыз.
- Көзбен көрдік.
Қолымызбен ұстап көреміз.
Балалар қолмен ұстап сезіп алма, алмұрт, бананды алады.
- Мұрынмен иіскеп, ауызбен дәмін татып көріп білуге болады.
Балалар жемістің дәмін татады.
- Алма, немесе, алмұрт, банан.
- Сау болыңыз!
Рефлексиялық - түзету Қорытынды бөлімі.
- Барлық ертегілерде соңы болады, сол сияөты біздің сабағымыздың да соңына жеттік. Айтыңдаршы балалар, бүгін бізге кім келді?
- Біз бүгін не істедік?
- Деніміз сау болу үшін қандай тағамдар жеуіміз керек?
- Сендерге сабақ ұнады ма?
- Сендерге көп-көп рахмет, дендерің сау болсын, ауырмандар. Келесі кездескенше!
- Сиқыршы күз келді.
- Теледидар көрдік, әңгімелестік.
- Дәрумендерге толы тағамдар.
- Ия, ұнады
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Күз мезгілі жайлы, күзде қандай маусымдық өзгерістер болатыны жайлы, балабақша ауласында қандай ағаштар өсетіні жайлы білді. Табиғи көріністің көркін байқауға үйреніп білімдерін бекітті. Эксперименттік ізденгіш әрекеті бойынша игіліктерді пішіндері, түстері, дәмі мен иісіне қарай ажыратуға үйренді. Сезгіш түйсіктерін дамытылуда. Әдемі игіліктің, оның иісінің байымынан қуаныш сезіне біледі. Денсаулықтың маңыздылығын түсінеді, дәруменге мол тағамдарды жеу керек екендігін біледі, түсінеді. Өз ойларын анық, толық және ашық айта алады.
![]()












































































Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген