жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ
А. С. Асанова
№29 сәбилер бақшасы Мерей білім-беру дамыту орталығының тәрбиешісі. Павлодар қаласы
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» Н.Ә. Назарбаев атамыз айтқандай ұлағатты ұстаздардың бала тәрбиесіндегі еңбектері зор. Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің бастамасы ата – аналармен мектептен басталады.
Болашақ десекте, келешегіміз десекте бала – ұрпағымыз деген мағынаны білдіреді. Адамзат баласының басқа тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлатырып, адам етіп тәрбиелеу. Баланың тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, мемлекеттің міндеті.
Бұл жолда Ыбырай Алтынсариннің қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесінің бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі өміршеңдігін қарастырдым. Ыбырай өз шығармаларында қазақ балаларына ерекше жаны ашып, олардың көзі ашық, көкірегі ояу, тәрбиелі, адамгершілігі мол болып қалыптасуларына тынбай еңбек етсе ғана жететіндіктерін насихаттаған. Балаларды білімге, ғылымға, адамгершілікке, өнегелікке, үлкенге – ізет, кішіге – құрмет көрсетуге өз өлеңдерінде, әңгімелерінде аңғаруға болады.
Ыбырай Алтынсарин өзінің ой-пікірлерін балаға түсінікті етіп жеткізу үшін күрделі салыстыруларға бара бермейді. Ол қарапайым да көркем баяндауларға зер салып, оның бала санасына қонымды болу жағына ерекше зер салған. Кейде жазушы өз жанынан үлгі-насихаттық өнегелік жолдар қосып, айтылар ойды ұштап әрлеп отырады. Мәселен, «Әке мен бала» әңгімесінде: «Аз жұмысты қиынсынсаң, көптен де құр қаларсың» секілді нақыл сөздерге үлкен жүк артса, кейде пікірдің қарапайым, түсініктілігіне де мән береді. Келешек ұрпақ жас жеткіншектерді тәрбиелеуде ұлы ағартушы ананың орынын ерекше қойып, оның аналық махаббатын, бала өсірудегі үздік қызметін тамаша баян еткен. Баланың алғашқы тәрбиесі ананың қолында болатынын айтқан. Өйткені бала ананың бауыр еті, соғып тұрған жүрегі деп бағалаған:
«Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан,
Суық болса жөргегін
Қорғасын оқтай балқытқан,
Айналасына ас қойып,
Изенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан».
Бала тәрбиелеуде бұл ана еңбегін қадірлей білген ерекше баға деуге болады. Балаға осындай өлеңдерді оқып берсе, ана қадірінің теңдесі жоқ қымбат та қадірлі екенін сонда ғана сезіне бастар еді. Балаға бірінші берілетін тәрбие әрқашан ата-анасын, өзінің жақын достарын сыйлауға үйретуден басталуға тиісті. Ата-анасын сыйламайтын бала жолдасына да, қоғамға да ешқандай дұрыс қызмет істей алмайды. Өзін әлпештеп өсірген адамға немқұрайлы қараудан, анаға сүтін ақтамаудан ауыр күнә жоқ. Сондықтан ана қадірін түсіне білу керек дейтін жалпы халықтық қағиданы әрқашан баланың есіне салып отыру – әрбір тәрбиешінің борышты міндеті дегенді Ыбырай Алтынсарин көп ескерткен. Ал «Ананың сүюі» деген өлеңі бала жанын тебірентерліктей бұдан да күшті, бұдан да әсерлірек жазылған.
Ұлы жазушымыздың балаларға арналған шығармаларында қандай тақырыпта жазса да алдымен нені мақсат етіп көрсетуге болар еді деген мәселеге тоқтайды. Жазған әңгімесін өмірде кездесетін, баланың өзі назар аударатындай заттармен, іс-әрекеттермен байланыстырып отырады. Себебі, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің зейіні тұрақты болмағандықтан, бүлдіршіндерді қызықтырып, назарын аударту тәрбиешінің ең басты міндеттерінің бірі екенін білген қазақ елінің дарынды перзенті әңгімелерінің бәрі де бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне орай тілі жеңіл, мазмұнды,тартымды, олардың жан дүниесіне әсер етерліктей етіп берілгендігін атап кеткен. Осы әңгімелерді мұғалімдер мен ата-аналар балаларды ұқыптылық пен сабырлылыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу мақсатында оқу үрдісінде, сынып сағаттарында, таңдаулы сабақтарда пайдалануға болады. Ұлы ағартушымыз артына қалдырған асыл мұрасы сан мыңдаған ғасырлар өтсе де, өз маңызын жойған емес.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – баланың жас шамасын және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оның жеке адам ретінде қалыптасуы мен дамуына жағдай жасайды. Тәрбиенің кілті халық педагогикасында деуге толық негіз бар. Өйткені халқымыздың тәлім тәрбиелік мұрасы адамгершілік, қайрымдылық, мейірбандықты дәріптейді. Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген, ешқандай жоғары білімсіз - ақ жана халқымыз тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін бесіктен бастаған. Өзінің педагогикалық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелері, өлеңдері, шығармалары бар. Бұл шығармалардың тақырыптық идеялық мазмұнынан біз Ыбырайдың ұстаз, тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз. Оның шығармалары қысқа мазмұнға негізделген. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал – мәтел қолдану, әр ертегінің тәлім тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлу Ыбырай шығармаларының ерекшелігі деп толықтай айтуға болады.
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері: «Таза бұлақ», «Бір уыс мақта», «Киіз үй мен ағаш үй», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Атымтай Жомарт», «Асыл шөп».
Өлеңдері: «Кел, балалар оқылық!», «Өзен», «Бұл кім», «Жаз», «Өнер білім бар жұрттан» т.б. өлең жазбалары бар. Бұл өлеңдердегі жақсы мен жаманды, білімділік пен надандықты салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға оларды айқынырақ таныту мақсатын көздейді. Сондықтан Ыбырай Алтынсарин өз дәуірі оқырмандарының ұғымына жеңіл етіп салыстырулар келтіреді. Бұл өлеңдердің көп тіркестері қазірде мақал – мәтелдеріне айналып кеткен. Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерінде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармалары халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалисттік суреттер арқылы бейнелейді. «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді.
«Тәрбиенің басы балабақшадан басталады» демекші, кішкене балаларымызды өз елінің ұланы болып өсіру, халқымыздың атақты адамдарының есімдерімен таныстыру, кішкентайынан ішкі рухани байлықтарын арттыру және қазақ халқының тарихын, мәдениетін бойларына сіңіру әр тәрбиешінің қасиетті міндеті екені барлығына мәлім.
Мақсатым: Балалардың дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп тіл байлығын жетілдіру. Ыбырай Алтынсарин секілді ұлағатты ұстаздар шығармаларына сүйене отырып, балаға айналадағы өмірді бақылату, бақылай білуге үйрету. Суреттерді көрсетіп әңгімелесу, көркем әдебиет шығармаларын оқып, тыңдату. Жақсы мен жаманды ажыратып еліміздің саналы ұрпағы етіп тәрбиелеуге тәрбиеші ретінде ат салысу.
Бұл мақаламда айтпағым көркем шығармалар ішіндегі бала тәрбиесіне бірден-бір септігін тигізетін ертегілердің маңызының зор екендігін өз тәжірибиемде бақылап және қолданып жүрмін.
Бүгінгі күнде балалардың дамуында біліктілігіміздің, жаңа технологиялардың маңызы ерекше. Ертегіні айтып немесе көрсетіп қана қоймай, оны оқу қызметін басқа салаларымен, мәселен көркем әдебиет пен сурет салу, оқу қызметін байланысрып өткізуге болады. Балалар «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша ұнаған кейіпкерлердің суретін өз бетінше киялдай алады. Бала ертегіні тыңдау арқылы ондағы жағымсыз кейіпкерлерді әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жағымды етіп көрсетуге тырысады. Осы технология арқылы баланың қиялы дамып, сөздік қоры көбейіп, жаңа сөздер, сөйлемдер ойлап тауып жатады. Ертегілер құрамы жағынан әр алуан, киял - ғажайып, хайуанаттар, тұрмыс-салт ертегілер болып бөлінеді. Ертегілер қоршаған әлемді дүниенің тұтас танумен бірге сан алуан күйде ондағы заттармен құбылыстардан хабардар етеді. Мұндай шығармалар ересектермен балалардың бірлескен әрекеттерінің мазмұнын молайта түседі.
Мен яғни бұл балаларға ертегі оқығанда таңғажайып әлемге, көшбасшы ретінде жетелеумен қатар, кітаптағы мазмұнды баяндай отырамын сонда ертегі балаларды жалықтырмайды, керісінше қызықтырып, ойын, қиялын, тілін дамытады. Сонымен қатар мақаламның басында көрсетіп кеткенімдей атақты ұстаз Ы. Алтынсарин: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады», - деп атап айтқан. Ол өзінің ұстаздық жолында шәкірттерін ертегіні тыңдату мен оқыту арқылы балалардың ой өрісінің жылдам дамып, зеректігінің арта түсетіндігін ерте кезден байқаған.
Менің келесі ұйымдастырылған жұмыс барысында, суреттер арқылы дидактикалық ойындар ұйымдастыруды қарастырамын. Мысалы: «Қайсы ертегіден», «Қандай кейіпкерге ұқсағым келеді ?», «менің сүйікті кейіпкерім», т.б. Білім беру саласында саусақ қимылдарын жаттықтырып қана қоймай, жаңа кейіпкерлер, өз қиялымен осы заманға сәкес кейіпкерлерді тауып оларды суреттей алатын болады. Осы әрекеттер арқылы олардың ертегіге деген қызығушылығы артып, ойлау қабілеті дамып, сөйлеу дағдысы жақсы деңгейде қалыптасады.
Сонымен тақырыбымды қортындылай келе Ыбырай Алтынсарин идеясына сүйеніп көркем шығармаларды қолдана отырып соның ішінде ертегінің балаға сөйлеу дағдысын қалыптастыруда маңызы зор екендігін зерттеумен қатар, болашақта да ертегіні түрлі әдіс тәсілдермен қолданып балалардың анық сөйлеп, ойларының дамуына қазіргі заманға қажетті саналы ұпақ тәрбиесіне көмегімді тигіземін деген ойдамын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ы.Алтынсарин. Қазақ әдебиеті: Алматы: Ғылым, 1979.-110 бет;
2. Ыбырай Алтынсарин. Таңдамалы шығармалар .- Алматы "Ғылым", 1994.-289 бет;
3. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 2-кітап. –Павлодар: Арман, 2004 жыл;
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы – Алматы, «Ана тілі», 1992ж, 448 бет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген