400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
• Барлық жастағы тәрбиеленушілерге бағдарлама талабына сай игеруге тиісті шығармаларды сыни тұрғыдан қарап, саналы шешім қабылдап,креативті ойлау қабілетін дамыту; • Баланың жас ерекшеліктеріне сай тілін,сөздік қорын сыни ойлау технологиясы арқылы дамыту; • Балалардың өздігінен білімдерін жетілдіруге белсенді әрекет жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ


Темірешова Гүлмира Құлзайырқызы


МКҚК «Балбөбек» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы


Аннотация


Ы.Алтынсарин елге,туған жерге деген сүйіспеншілік, ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын - елдің көк шыбықтай желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған. Жас ұрпақты білімге,болашаққа жетелейтін,жігер беретін еңбектері өмір мңыздылығын ұқтырады.


Кілт сөздер


Ағартушы,жастар, ұлттық рух, ақын-жазушы.


Тақырыптың өзектілігі

  • Барлық жастағы тәрбиеленушілерге бағдарлама талабына сай игеруге тиісті шығармаларды сыни тұрғыдан қарап, саналы шешім қабылдап,креативті ойлау қабілетін дамыту;

  • Баланың жас ерекшеліктеріне сай тілін,сөздік қорын сыни ойлау технологиясы арқылы дамыту;

  • Балалардың өздігінен білімдерін жетілдіруге белсенді әрекет жасау.



Ыбырай Алтынсарин-өлмейтұғын артына сөз қалдырған өрісі биік, талант иесі, қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, жазушы, қоғам қайраткері.

Қазақ халқының ұлы перзенті Алтынсарин қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырып,тұңғыш халық ағартушысы атанып қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күресіп, халық игілігі үшін жан аямай еңбек етудің үлгісін көрсетті, бүгінгі күнде білім беру мазмұны Ыбырай Алтынсаринның жасаған игі істерімен жалғасын тауып жатыр десек қателеспейміз

Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: тәрбиешінің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде, балалармен дұрыс сөйлесе білуінде. Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті балабақшалар тәрбиеленуші бүлдіршіндерді қызықтырып, оларды мәдениетке,адамгершілік қасиеттерді бойына жиюға және ой еңбегіне үйретуге, олардың білімге деген ынтасын мейлінше арттыруға тиіс. Ыбырайдың шығармашылығы кестелі ойларға, көркем сөздерге толы. Әр туындысының бір өзіндік мәні, тәрбиелік рөлі ерекше.Балалардың даму деңгейлерине сай жазылған шығармалары арқылы балаларды адамгаршілікке, еңбекқорлыққа, білімділікке үндей келе,жас шыбықтай майыскақ жеткіншектердің сана сезімін өзіндік тұлға қалыптастырудағы орны ойып айтарлықтай ерен тұлға.

Оның ақындық қуатының ерендігі мен жаңашылдығын жүректен шыққан өлең шумақтарынан көреміз.

 Ы. Алтынсариннің балаларға арнап жазған: «Әке мен бала», «Бір уыс мақта», «Асыл шөп», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімелерін сахналап ойнау арқылы әдептілікке, адамшылдыққа, еңбекқорлыққа және жақсы мен жаманды айыра білуге балабақша табалдырығынан бастап үйретеміз. Балаларға сюжетті суреттерді қолданып, ойнай отырып әңгіменің мазмұнын дұрыс, таза айтуға және сөздік қорларын дамытуға үйретеміз. Сонымен бірге «Мына ертегіні ата», «Қай ертегіден?», «Суретті дұрыс орналастыр», т.б дидактикалық ойындары арқылы Ы.Алтынсариннің балаларға арналған әңгімелерін танып білуіне бағыт береміз. Балаға жастай дұрыс тәрбие беру бүкіл дүниежүзіндегі педагог-ғалымдарының өткен замандардан бері үлкен көңіл аударып, айрықша көтерген мәселелерінің бірі. Бұл мәселе жөнінде Алтынсарин көптеген педагогтармен, әсіресе орыстың алдыңғы саптағы педагог ғалымдары К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, Бунаковтармен пікірлес болды. Оның 1879 жылы басылған «Қазақ хрестоматиясын» алсақ, әрі мазмұны, әрі методика жағынан балаға дұрыс тәрбие беруге лайықталынып құрылғандығын көреміз. Қалай болғанда да балаға дұрыс тәрбие беру үшін олардың дүниетанушылық көзқарасын кеңейту үшін «Қазақ хрестоматиясының» тек өз кезі ғана емес, қазірдің өзінде де мәні зор. Бұл кітапқа енгізілген әңгімелерінде еңбек сүюшілік, оқу, өнерге ұмтылушылық, отанын, елін сүюшілік, талаптылық, жігерлік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, т.б осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуге керекті мәселелерді қамтиды. Хрестоматияға енгізілген өлең, әңгімелердің балалардың жасына, сана-сезімдеріне лайықталып, педагогикалық ғылымының талап ететін мәселесінің берік сақталынуы өз алдына, сонымен қатар оқу, еңбек, талап, мейірімділік тақырыптарына лайықты әңгімелерді әдейі саналы түрде таңдап алғанын көреміз.

Бүгінгі заман талабына сай білім беруде менің алдына қойған басты мақсатым-өз мүддесі мен қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, зиялы, адамгершілігі мол, денсаулығы мықты жеткіншек тәрбиелеу. Келешек өз елін,жерін қорғайтын жас ұрпақтың санасына туған халқына деген патриоттық сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру. Сондай – ақ тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт дәстүрін меңгерту. Әр баланы дара тұлға деп танып, олардың бойына үнемі оқып үйренсем деген ізденімпаздық қасиет дарыту, оларға өздігінен білімдерін толықтырып тереңдету тәсілдерін жаңа технологиялармен, өз шығармашылық жұмысымда қолданып жүрген сыни ойлау технологиясындағы әдіс тәсілдермен байланыстыра отырып дамыту.

Ыбырай шығармаларын өз іс-тәжіребемде кішкене бүлдіршіндер бойына дарыту,естерінде ұзақ сақтап қалу үшін үнемі жан-жақты ізденіс үстінде жүрем.Осы бғытта шығармашылық жұмысымда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, әр ҰОҚ-ді қызықты етіп өткізу-менің алдымдағы өзіме қойған мақсатым. Білім беру сапасын жақсартудың бірден-бір жолы - жаңа педагогикалық технологияларды қолдану. Іс тәжірибемде баланың табиғи дарын, қабілетін ащу арқылы жас ерекшелігін ескере отырып, технология әлементтерін өз орнымен пайдалана отырып, бір сабақтың барысында бірнеше технологияны кезекпен, тиімді, баланы жалықтырмай жүргізуге болатынына көзімді жеткіздім.Сабақ - ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбектенуінен туатын педагогикалық шығарма. Кезінде Алтынсарин да мұғалімдерге дәл осындай талап қойған болатын. Бұл Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық иделарының өміршендігін-байқатады.Қазіргі оқыту әдістемесінде қолданып жүрген көптеген технологияларда бар. Сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп - саралап оқыту, проблемалық оқу, интерактивті, белсенді оқыту т.б. - қайсысын алсақ та негізінде Ыбырайдың педагогикалық идеялары жатыр деуге болады. Ақпараттық коммуникациялық технолгияны (АКТ),сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданып «Қатынас» білім беру саласында балалардың тілдік қарым-қатынасын, сөздік қорын молайту,жалпы тіл ұштастыру мақсатында конструктивтік әдіс,В.Ф.Шаталовтың технологиясына сай тірек сызба әдісі,моделдеп сипаттау, қызығушылықты ояту,мағынаны тану,ой толғаныс әдістерін,жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде 4К моделін қолданып жүргізген екі ҰОҚ –нің технологиялық картасын ұсынамын. (Қосымша – 1,2). «Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш» ертегісінде балалар командамен жұмыс жасады,құрастырмалы ойындар ойнады, сын тұрғысынан ойлау технологиялары негізінде ертегі мазмұны ашылып, балалар тақырыпты толық меңгерді.

Picture 1


1-сурет. Топтастыру әдісі 2-сурет. Құрастыру әдісі 3-сурет. Командамен жұмыс

Ал, «Әке мен бала» әңгімесін конструктивтік әдіс бойынша,яғни шығарма мазмұнын бірнеше бөліктерге бөліп оқи отыра, әр бөлік соңында оқылған мазмұнға сай түрлі сыни тұрғыдан ойлаудың қызықты әдістерін пайдалана отырып игерттім және АКТ технологиясын, тірек сызба әдістерін пайдаландым.Өткізген екі сабағымда да жоғарыда айтып өткендей бүкіл адамзат қоғамындағы материалдық және рухани байлықтың бәрі де адам еңбегінің құдіреті арқылы жүзеге асады. «Еңбек-байлық атаулының негізі. Ол бүкіл адамзат өмірінің бірінші алғы шарты. Адамның өзін жасаған еңбек»-деп Ыбырай Алтынсарин ғылыми түрде тұжырымдап көрсеткендей шығарма мазмұнының негізгі желісі де осы тұжырымдаманы дәлелдегендей.

1-сурет. «Әке мен бала» 2-сурет.Мнемокесте арқылы 3-сурет.Ойын: «Мекенін тап»

әңгімесін түсіндіру түсіндіру


Сонымен қатар Алтынсариннің 180 жылдығына орай тобымда Ыбырай шығармаларынан «Өсиетті сөз өнеге» тақырыбында ата-аналар арасында танымдық шара өткіздім. Бұл шараны өткізудегі мақсатым Ыбырай атамыздың ертегілері мен өсиетті сөздерін балалар бойына сіңіру. Шығарма желісін әжелер мектебінен құралған топ- бүлдіршіндерге түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып «шебер сынып» түрінде көрсетті.


1-сурет. Ы.Алтынсарин 2-сурет. Танымдық шара 3-сурет. «Өсетті сөз

180 жылдығы тақырыбы өнеге» танымдық шарасы


Жалпы шығармашылық жұмысымның өзектілігі де балалардың шығармашылық,интеллектуалдық ойлауын дамытып, баланың балабақша өміріне деген қызығушылығын артыру, жас ерекшеліктеріне сай бағдарлама талаптарын сыни ойлау технологиясы арқылы игерту болатын.Балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндерден бастап оқушыларға, жастарға білім беруде, тәрбиелеуде Ыбрай өмірінің, педагогикалық идеяларының өнегелі тәрбие беретін жақтары жеткілікті. Себебі, Ыбырай бүкіл өмірі, еңбектері, негізінен үлгілі-өнегелі адам тәрбиелеу ережесі десе болады. Ыбырай мұрасын мәңгілік өнеге мектебі дейміз. Қазіргі таңда жан аямай кәсіп қылудан безінетін «бейнет көрмей дәулет жоқ екенін» парасаттамайтын, ұрлық пен қулықты қызық көретін жастарды жақсы мінез-құлық пен имандылыққа үйрететін, ел болып ер жетуімізге жол нұсқайтын асыл - Ыбырай мұрасы. Өз жұмыс тәжірибемізде қолданып жүрген сыни ойлау техналогия әдіс-тәсілдері балаларды ортамен қарым-қатынас жасай білуге, басқаны тыңдай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын еркін айтып қорғай білуге, әдептілікке, жауапкершілікке, өнерге, еңбектенуге үйретеді. Ыбырай ұстазымыздың да ұсынған әдістемесінің негізі осы,деп түсінемін.Ал қазіргі жаңалық деп жүрген ынтымастық, ізгілендіру идеясын сол кездің өзінде-ақ Ыбырай Алтынсарин қалыптастырған болатын. Сондықтан да Ыбырай Алтытынсариннің ізгі ойлары, талғамы, демократиялық, ізгілендіру, ынтымақтастық, адамгершілікке тәрбиелеу сияқты педагогикалық идеялары көптеп саналады. Алтынсариннің педагогикалық тәрбие идеялары білімді жоғары бағалауға, балаға сүйіспеншілікпен қарап, оны қадірлеуге және өз халқының мүддесі үшін қызмет істей алатын жас адамдарды дайындауға негізделіп жазылған және де бүгінмен үндесіп, Мәңгілік еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеуде зор үлесін қосып отыр десек қателеспейміз

Қорыта келгенде шығармашылық жұмысымның жаңашылдығы Ыбырай шығармаларын жаңартылған білім беру бағдарламасының әдіс-тәсілдеріне сай және сын тұрғысынан ойлау технологиясы негізінде жүргіздім. Ы. Алтынсарин мұраларын қолданудыңбіз үшін маңызы өте зор. Сондықтан Ы.Алтынсаринның әнгімелерін сабақтарда пайдалануымыз керек.



























Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Жарықбаев Қ. Қазақ ағартушылары жастарды тәрбиелеу туралы. А, 1965.

  2. Ламашев Ә. Ыбырай Алтынсарин. А, Ана тілі. 1991.

  3. Сыздықов Ә. Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі. А, 1969.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 желтоқсан
349
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі