жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мектепке дейінгі бүлдіршіндерді оқыту және тәрбиелеуде жаңа технологияларды тиімді қолдану
Шығармашылық есеп
«аудандық әдістемелік кеңесте қаралды»
Хаттама №2 24.11.2017ж
«Балбөбек» шағын-орталығында ,
ортаңғы тобының тәрбиешісі Оней Баршагулдің шығармашылық
есебі
Тақырыбы: «Мектепке дейінгі
шағын-орталықта тәрбиеленушілерді оқытуда тиімді технологияларды
қолдану»
Қазіргі білім беру үрдісі
өзгерді. Саналы білім мен тәрбие беруде жаңа көзқарастар пайда
болды, және біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктеп отыр. Осы
міндеттердің бірі –білім берудің тиімді технологияларын пайдаланып,
әдіс-тәсілдерін түрлендіріп,жетілдіріп тиімді пайдалану..Білім
берудің алғашқы сатысы мектепке дейінгі ұйымдарда бастау алады. Бұл
бастаманың негізгі міндеті балаларды заман талабына сай , өз
жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге дұрыс шешім қабылдауға
тәрбиелейді.
Мен әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімде мынадай тиімді технологияларды
ұтымды қолдамын.
1. ТРИЗ (ӨТШТ)
технологиясы.
2. Тәй - тәй
технологиясы
3. Монтессори
технологиясы
4.
Жобалы-іс шығармашылық
технологиясы
5. Дамыта оқыту
технологиясы
6.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
7.Ойын технологиясы
Мысалы: ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясының мынадай әдіс-тәсілдерін ұйымдастырылған іс-әрекетімде жиі қолданамын.
-Миға шабул әдісі- тақырыпты еске түсіру үшін түрлі сұрақтар қоямын. Балалар сұрақты мұқият тыңдап, ойланып жауап береді.
-тірі және өлі нысандарды салыстыру әдісін «Өлі және тірі табиғат» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде «Салыстыру» дидактикалық ойынын ойнату арқылы қолдамын.
Көркем әдебиет сабағынан «Бұл қай кезде болады» атты ашық сабағымда «Бақта ма ,бақшада ма?» дидактикалық ойынын ойната отырып,суреттерді салыстыру арқылы білімдерін тексеремін.
Тобымдағы балаларға ертегіні алдымен ауызша айтып берем. Сонан соң ертегінің мазмұнын толық қабылдау және тіл байлықтарын арттыру мақсатында сахналап ролдерге бөліп ойнатам.
-Ертегі мазмұнын өзгерту әдісін- Көркем әдебиет сабағында « Мақта қыз бен мысық» оқып берем.Өз таңдаулары бойынша топқа бөлем.
1.топ. ертегіні рөлдерге бөліп ойнайды.
2. топ. ертегінің кейіпкерлеріне қарап әңгіме құрастырып,ойнаған кейіпкерлерінің суретін бояйды.
3.топ.Ассациация мен жұмыс, ойтолғау.
4 топ. Ертегіні аяқтау әрі қарай не болғанын қалайсың. Әр топ өзінше жұмыс жасайды. Сабақты қорыта келе салған суреттері ассоциация туралы ойларын кеңінен айтып,қызыға ертегіні суреттеп, әрі қарай ертегіні былай жалғастырдық, сол күннен бастап мақта қызбен мысық дос болып мысық пештің қасынан орын алып, үйге көмектесіп жүретін болыпты.
- Эмпатия»әдісі- Мақсаты:өзін басқа адамның немесе заттың орнына қойып суреттеу қабілетін дамыту
( Түлкі бауырсақты жегісі келгенде, қандай сезімде болды?.
Өзіңізді шоқ бұта деп ойла. Жаңбыр жауып тұр. Қандай сезімде боласың?) деген сияқты түрлі жағдаяттарды айтқанда балалардың қызығушылығы пайда болып
әртүрлі жауаптар айтады.
ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы балалардың бойында шығармашылық қабілеттерін дамытып, қызығушылығын арттырады.
«Не не нәрсенің бөлігі» ойынында балалар мазайкасын құрастырады.

Дамыта оқыту
технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиімді әдістері:
1. Ой толғаныс.
2. Ассоциация.
3. Салыстыру.
4. Раунд – Робин.
5. Топтау әдісі.
-Ой толғаныс
әдісі немесе психология
тілінде «Миға шабуыл» деп те аталады. Бұл әдіс көбіне
ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбын ашуда қолданамын.
Мыс: Жұмбақ шешу, сөзжұмбақ, суретті ребустар
арқылы.
-Ассоциация
әдісі. Көркем әдебиет
сабағымда «Отбасындағы сыйластық » осы әдісті
қолданамын
Мыс:Отбасы мүшелерін атап
көрейік десек, балалар:
Ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні деп атап
береді.
Салыстыру
әдісі. Мысалы: Алма және
қызанақтың ұқсастығы мен айырмашылығы айтуды
ұсынам.
Балалар олардың домалақ екенін, түстерінің ұқсайтынын айтады
.
Раунд - Робин
әдісі. Бұл әдіс өткен немесе
жаңа тақырыпты бекіту үшін қолданамын. Мұнда әр бала берілген
тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы
бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс. Мыс:
«Гүлдер» тақырыбында
- Гүл өсімдік
- Гүл әдемі
- Гүлді жұлуға болмайды
- Анамызға сыйлаймыз
- Достарымызға сыйлаймыз т. б.
Топтау
әдісі. Топтау әдісінде
балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөлемін де, өздері
орындай алатындай топтық тапсырма беремін.
Мыс:Қарапаым математикалық ұғымдарын қалыптастыру сабағымда
«Пішіндер» тақырыбын өткенде балаларды 3топқа бөліп, әр топқа
тапсырмалар беремін.
І топ – Үлестірмелі картадағы бейнеленген суреттерден геометриялық
пішіндерді тауып, көрсету, атын атауды ұсынам.
ІІ топ - Жіпті пайдалана отырып әртүрлі пішіндерді жасауды
ұсынам.
ІІІ топ - үшбұрыш пен төртбұрышты құрастыруды ұсынам.
Дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің
арасындағы жаңаша қарым - қатынас арқылы ғана өз жемісін
береді.
Жобалы-іс шығармашылық технологиясы «Пияздың адам өміріндегі пайдасы» атты зерттеу жұмысымды айтар едім.
Тәрбиеші, бала, ата-ана бірлесіп, зерттеу жұмысын жүргіздік.

Пияздың түрлерін, емдік қасиеті бар екенін ,өсіру жолдарын,қолданылу жолдарын бала толық меңгерді. Топ ішінде қорғап, кейін оқушылар, мұғалімдер алдында қорғады. Бала көзімен көріп, қолымен ұстап көргеннен кейін жұмысымыз нәтижелі болды. Мектепке дейінгі бүлдіршіндердің функционалдық сауаттылығын дамытуда зерттеу жобалау іс-әркетінің рөлі зор.
Аудандық «Алтын кілт» жобалар сайысына қатысып II орынды жеңіп алды.
Монтессори технологиясының қарапайым түрлерін тобымда қолдамын.
Мысалы суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құю.
Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құю үшін балалар өздері әрекет етуге үйренет.
Керекті құралдар: поднос,шүберек,лейка
Мақсаты:Қозғалыс жүйесін дамыту,қоршаған әлем ішінде тепетендікті
сақтауға үйрету. Жас мөлшері 3жастағы балалар. Материалмен жұмыс жасау жолдары: лейка суға толтырылады. Тәрбиеші лейканы қолына алып
жоғары көтереді.Ыдысқа суды құяды. Лейканы қайтадан үстел үстіне қойып,ыдыстағы суды қайтадан лейкаға құям .Төгіліп қалған суды сүртіп отыру қажет.Дәл осы әректті балаларға қайталауларын ұсынып бақылап отырамын.

Тағы бір әдіс күріштің, қарақұмықтың ішінен заттар табуды ұсынам.
Балаларға бұл ойын түрі қызықты,заттарды қызыға іздейді.

Тәй-тәй технологиясының мынадай түрін қолдамын
Сюжетті-рольді ойындар орталығында «Асхана», «Отбасы», «Емхана», «Дәріхана», «Құрылыс» ойыны, «Дүкен», «Пошта» т.б. ойындары арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын жетілдіріп, диалогты сөйлей білуге үйрету, үлкендер еңбегін құрметтей
білуге, бірін-бірі сыйлауға, ұйымшыл ойнауға
және бір –біріне көмектесуге
тәрбиелеймін. 
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы әдісін қолдану тәсілі.
«Ой шақыру» әдісінде «Көктем» тақырыбында жұмбақ-тақбақ жаттаймыз(а лдымен оқып берем, сосын баларға сұрақ-жауап арқылы талдаймын.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін қолданғанда баланың танымдық белсенділігі,шығармашылығы артады.
Қорыта келе мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқытуда оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, жаңа технологиялардың тиімді әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдаланған дұрыс.
Бала тәрбиесі - төзімділік пен мейірбандылықты, ізденімпаздық пен парасаттылықты талап ететін зор жауапкершілік. Еліміздің ертеңі, тәуелсіздігіміздің тірегі бүгінгі жас ұрпақ, балабақша табалдырығында, педагог алдында шынығып, шыңдалатыны ақиқат. Бүгінгі күн бәсекелестікпен жоғарғы технологияның, ғылым мен білімнің заманы..

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген