400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепке дейінгі жаста тілдің дамуы. Тілді іс жүзінде меңгеру және сөзді ұғыну

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша педагогтарға және студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Мектепке дейінгі жаста тілдің дамуы. Тілді іс жүзінде меңгеру және сөзді ұғыну»

Сабақтың мақсаты: Интерактивті әдістер арқылы студенттерді шағын топта өз беттерінше шешім қабылдауға үйрету, студенттерге таңдаған мамандықтарына деген кәсіби қатынастың негіздерін оқыту, жұмыстың өнімді тәсілдеріне үйрету(тәсіл. әдіс, әдістеме немесе технология). Білім беруде ерекше қажеттілігі бар студенттерге шығармашылық тапсырма беру арқылы материалды қабылдауға үйрету, оқытудың мәнін ашуға ынталандыру. Интерактивті экскурсия жасау арқылы бала әлеміне виртуальды экскурсия жасап, ситуацияларды презентациялау, демонстрациялау және қорғау іскерліктері мен біліктіліктерін дамыту.

Рухани құндылықтар: ақыл-ой, адамгершілік.

Қасиеттер: ізденімпаздық, зерттеушілік, болашақ тәрбиешілерге тән құзыреттілік.


Сабақтың типі: Өткен материалды бекіту


Сабақтың түрі: Проблемалық сабақ


Оқыту құралдары: Визуалды-мультимедиялық презентация, музыка. ТСО-компьютер, LCD проектор, интербелсенді тақта, Вербальды-сөз, көрнекі-тірек сызбалар


Сабақта қолданылатын әдістер: Сабақ барысында білім беруде ерекше қажеттілігі бар студенттермен (саңырау) оқытудың сөздік әдістерінің кешені көрнекілік және практикалық әдістердің(пассивті, активті және интерактивті әдістер) көмегімен қолданылады. Ауызша сөз міндетті түрде тақтада жазбаша кесте түріндегі материалдармен бекітіледі . жеке карточкаға тезис түрінде, тізім немесе кесте түрінде беріледі. Проблемалық, зерттеушілік, әлеуметтік-психологиялық тренинг. Интегративтік тәсіл, интербелсенді әдіс.


Пән аралық байланыс: Педагогика, анатомия-физиология, өзін-өзі тану, практикалық психология, тәрбие психологиясы, іс жүзіндегі психология, тіл дамыту теориясы мен әдістемесі.бейнелеу өнері негіздерін оқыту әдістемесі

Кері байланыс: Білімгерлердің рефлексиясы


Оқыту түрі: Дамыту


Жұмыс формасы: Фронтальды, жеке, топтық әңгімелесу, диалог, дискуссия


Белсендіру құралдары: Әңгімелесу барысында білім беруде ерекше қажеттілігі бар студенттерді (саңырау) ескеріп, оқытудың вербальды әдісін көрнекілік әдісіменен ұштастырып отыру, сөйлеушілердің дауыс ырғағына көңіл бөлу), білімгерлердің өз беттерінше жұмысы, жеке, топтық тапсырма беру.

Білім беруде ерекше қажеттілігі бар студенттермен (саңырау) оқытудың педагогикалық принципі:

Педагогикалық такт;

Көрнекілік;

Жеке-даралық;

Ақпараттық технология қолдану негізіндегі коммуникативтілік (оқу-әдістемелік презентациялар бар оқу дидактикалық кешен, видеоматериал);

Бақылау әдісі: Ауызша

Бағалау: Критериалды бағалау

Тақырыпты меңгеруге байланысты жобаланған нәтиже:

  • Тұлғалық: жаңа материалды қабылдау арқылы креативтілік, қызығушылық, жауапкершілік мінез-құлық дамиды; ақыл-ой дағдылары, пікірлерін дәлелдеу іскерліктері қалыптасады.

  • Пән аралық: Білімгерлердің рухани өмірлерінің қырлары пән аралық байланыста дамиды.

  • Танымдық: Мектепке дейінгі жаста тілдің дамуы тақырыбы негізінде креативті ойлау, апперцепциялары, байқағыштық, шығармашылық қиялдары дамиды

  • Коммуникативтік: ұйымшылдық, топпен жұмыс жасау барысында еңбек етуге дағдыланады.

Алдын-ала жұмыс: Мектепке дейінгі жаста тілдің дамуы тақырыбына байланысты материалдарға дайындалу, мәнін ашу, іздену, презентация дайындау, тәжірибемен байланыстыру мақсатында мысалдар келтіру.

Сабақтың жоспары:

  1. Мотивациялық кезең: Топқа бөлу; Арт-терапия ұйымдастыру ;Бағалау өлшемдерін екі топқа үлестіріп,сабақ соңында бір-бірлерін бағалауға ұсыну;

  2. Жаңа тақырыптың өзектілігін айқындау кезеңі (Білім, іскерлік, дағдыларын жүзеге асыру );

  3. Жоспарды жүзеге асыру: Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту іс-шараларын ұсыну (Әрекеттік рефлексия);

  4. Шығармашылық деңгей (жағдаяттар шешу);

  5. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді атау (видеоүзінділерін көру, талдау, анықтау)

  6. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерінің дамуын анықтау жұмыс түрлері

  7. Бағалау өлшемі арқылы топтардың бір-бірлерін бағалауы;

  8. Сабақтың қорытындысы.



Білім беру ресурстары:

  1. Қ.Жарықбаев «Психология», Алматы, 1993 ж.,

  2. Сәбет Бап-Баба «Жалпы психология», Алматы, «Дарын», 2003 ж.

  3. Ә.Алдамұрат «Жалпы психология», Алматы, «Білім», 1996 ж.

  4. Ш.А.Намазбаева Жалпы психология А.Рауан, 2006

  5. С.Нұржанова Жалпы және балалар психологиясы. «Фолиант» баспасы Астана – 2010.

  6. Б.Айсмонтас. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, 2000

  7. В.С.Мухина Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы . Алматы. «Мектеп»1986

  8. Ә.Алдамұратов «Қызықты психология», Қаз. Унив., 1992 ж

  9. Г.С.Абрамова Практическая психология Москва, 2003 г.

  10. И.Федюкович Анатомия и физиология. Учебное пособие. Ростов н/д.Феникс, 2002

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттерді журналға тіркелген өздерінің реттік сандары бойынша тақ және жұп сандар деп екі топқа бөліп отырғызу. Тақ сандардың адам өміріндегі маңызы: Бұл сандар ер адамдарға тән қасиеттердің символы болып табылады. Тақ сандар адамға позитивті күш береді, өмірдегі жақсыны іздеуге ынталандырады. Жұп сандардың маңызы: әйел адамдардың табиғатына тән. Бұл сандар белгілі бір ережелерді ұстануды көрсетеді. Кез-келген мәселені ойланып, логикамен шешеді. Арт-терапия ұйымдастыру, тақырыбы: Менің керемет ішкі әлемім. Мақсаты: сабаққа мотивациялық дайындықты қалыптастыру, студенттердің коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту. Топта бірігіп, жұмыс істеу білуге, өзіне-өзі сенімділікпен қарауға үйрету.

Арт-терапияны жүргізу әдістемесі: Біз өте үлкен ғажайып және қызық әлемде өмір сүріп жатырмыз. Біздің айналамызда табиғат, заттар және өте көп адамдар. Күнделікті біз жаңалықтар ашамыз, бір нәрсеге үйренеміз. Осы әлемде бізді қуантатын және ренжітетін нәрселер бар. Бізді қоршап тұрған ол сыртқы дүние, бірақ ішімізде де басқа әлем бар оны адамның ішкі әлемі – «жаны» деп атайды. Сыртқы дүние ол барлығына ортақ. Ал ішкі? Ол әр адамның қайтанбас тек өзінің өмірі. Бұл әлем біздің көзімізге көрінбейді. Ол неге ұқсайды? Оны өздеріңізге қалай елестетесіз? Сол әлемде не бар?(біздің ойларымыз, эмоцияларымыз, сезімдеріміз, армандар). Мен сіздерді өзіміздің ішкі әлемімізге саяхат жасауға шақырамын. Біздің ішкі әлеміміз шын мәнінде керемет болу үшін не істеу керек? Оның ішкі әлемі бай деп, қандай адамдарды айтады? Арманға, мақсатқа жету үшін адамға не көмектеседі? Жүректеріңізді тыңдап, көмекке қиялды шақырып, өздеріңіздің ішкі дүниелеріңіздің сүретін бейнелеңіздер. Мысалы, ішкі дүниені бақшамен байланыстыруға болады.Ол бақшаға не егесіз? Ол қандай өнім береді? Кеңес беру (өзінің ішкі әлемінде жақсы өнім алу үшін қандай жұмыс жасау керек)

Рефлексия. Студенттердің ішкі әлемімен танысу. Олардың армандарын, қиялдарын, кеңестерін тыңдау. Сабақтың негізгі бөліміне назарларын шоғырландыру.

  1. Жаңа тақырыптың өзектілігін айқындау кезеңі (Білім, іскерлік, дағдыларын жүзеге асыру ); Тірек сызбалар негізінде теория тұжырымдау

Shape1







Shape2









  1. Жоспарды жүзеге асыру: Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту іс-шараларын ұсыну (Әрекеттік рефлексия);

Коммуникация білім беру саласы бойынша мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін әдіс-тәсілдерін демонстрациялау (Драма ұйымдастыру)

  1. Шығармашылық деңгей (жағдаяттар шешу):

  • Балабақшада балалардың фонематикалық есту қабілеттерінің дамуын бақылады. Зерттеушілер кейбір балалардың сөздерін жазып алды:

Айдын трактор сөзінің орнына- «тлактор» деді;

Аружан сиыр сөзінің орнына-«сиил» деді;

Нұркен қасық сөзінің орнына-«кашык» деді.

Тапсырма: Зерттеу барысында мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерінің дамуында қандай ауытқушылықтар анықталды? Балалардың тілдеріндегі ауытқушылықтарды түзету үшін ересектер не істеу керек?


- Ербол (2 жас 7 ай) көп ауырды, ұзақ уақыт ауруханада емделді, мүлдем сөйлемейді. Кейін анасы Ерболға сөйлеуді үйрету үшін көп күш жұмсады.

Сұрақ: Ерболдың тілді қиындықпен меңгеруінің негізгі себебін анықтаныз.


  • Данияр (2 жас 5 ай) өз отбасында әр түрлі ертегілер, әңгімелерді жиі тыңдайды. Анасы ертегілермен әңгімелерді оқып, баланың психикасының дамуына керек дейді.

Даулет (2 жас 5 ай) өз отбасында керісінше тыңдамайды, бірақ ертегі кітаптарындағы иллюстрацияларды жиі көреді. Анасы тек суреттелген кітаптар алып берумен шектеледі.

Сұрақ:

Данияр мен Даулеттің аналары өз әрекеттерінде қандай қателіктер жіберіп отыр?


  • Айгүлдің (4 айлық) анасы үнемі серуен кезінде, үйде, шомылдырғанда, ұйықтатқан кезде ән айтып, қызына түрлі әңгімелер айтып жүреді. Оған көршісі: «Ол бәрібір еш нәрсені түсінбейді, неменеге онымен сөйлесіп

жүрсің» - деді.

Сұрақ:

Айгүлдің анасының әрекеті және көршісінің әрекеті қандай?

Баланың дамуына ересек адамның ықпалы қандай?

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді атау (видеоүзінділерін көру, талдау, анықтау)

  2. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерінің дамуын анықтау жұмысын көрсету

  3. Бағалау өлшемі арқылы топтардың бір-бірлерін бағалауы;





Бағалау өлшемі:

Өлшемдер

Дискрипторлар

Бағалау шкаласы 0,1,2,3

Проблеманы шешу жоспарын құру

  1. 1. Тақырыптың мазмұнын ашатын жүйеліліктің болуы. 2. Тірек сызбалар бойынша тақырыптың мазмұндылығы


Тақырыптың ашылуы

  1. 1. Тақырыпқа сай келуі, өзектілігі

  2. 2.Мазмұндылығы

3.Түсініктілігі


Жоспарды жүзеге асыру

1. Топ бойынша барлық мүшелердің әрекеті

2.Топ бойынша білімгерлердің жауап реакциясы

3. Тиімді әдістерді қолдану ерекшелігі


Шығармашшылық деңгей

Жағдаяттардың жауабын теориямен дәлелдеу әрекеті


Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді атау

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді атай білу


Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерінің дамуын анықтау жұмысын көрсету


Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерінің дамуын анықтау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдерді білу



Қорытындысы





Әрбір өлшемнің дискрипторлары 1 ден 3 ұпайға дейін бағаланады,

30-33 ұпай-«5»;

26-29 ұпай-«4»;

22-25 ұпай- «3»;

18-21 ұпай- «2»;

0-17 ұпай- «1».



  1. Сабақтың қорытындысы. Топтардың бір-бірлерінің жауаптарын талдау негізінде бағалау. Үйге тапсырма беру: Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуы




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
928
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі