Тақырыбы: Мектепке дейінгі мекемеде
күннің ІІ жартысын өткізудің
ұйымдастырылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Білім алушыларға күн
тәртібінің екінші жартысын ұйымдастыру ережесін түсіндіріп, күннің
екінші жартысындағы циклограмманы толтыру ережесін
үйрету.
Дамытушылық: Білім алушылардың сұраққа
толық, нақты жауап беру дағдыларын, ойын, шығармашылық қабілетін
дамыту.
Тәрбиелік: Білім алушыларды
мамандықтарына қызғушылықтарын ояту арқылы, жауапкершілікке,
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: тәжірибелік.
Сабақтың
типі: Жаңа білімді
меңгерту.
Сабақтың
әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап,
«Дұрыс - бұрыс» әдісі, «Алтын қақпа» ойыны, топтық әдіс, тірек –
сызба әдісі, «Кемпірқосақ» әдісі, «Сиқырлы айна» әдісі, «Миға
шабуыл» стратегиясы, «SWOT - талдау», дамыту
кратасы,
Сабақтың
көрнекілігі: Күннің екінші жартысында
жасалатын жұмыстарға байланысты суреттер, тірек – сызбалар,
интербелсенді тақта, үнтаспа.
Сабақтың
формалары: жеке, ұжымдық
жұмыстар.
Пәнаралық
байланыс: Педиатрия, балаларды
табиғатпен таныстыру, психология.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балабақша күн тәртібіндегі ереже бойынша
жұыс жасайтынын.
Игереді: Күн тәртібін стандартағы талаптарға
сәйкес өзгерте білуді.
Білді: Құрылған күн тәртібі бойынша өзіндік жұмыс
жасауды.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Топтың тазалығы мен жинақылығына мән
беру.
2. Білім алушылардың сабаққа қатысуын
түгендеу.
«Сәлемдесу» ойыны
«Сәлеметсіз бе!» қолмен айтамыз
«Сәлеметсіз бе!» көзімен
айтамыз
«Сәлеметсіз бе!» аузымен айтамыз қуанышпен
шеңберге тұрамыз
(оқушылар бірге «Сәлеметсіз бе!» деп
айтады)
«Кемпірқосақ» әдісі
Тақтадағы
кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерді желімдейді. Олар
ең төменгі күлгін түстен ең жоғары орналасқан қызыл түске стикерді
желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй)
деңгейін білдіреді.
Топқа
бөліну.
Жасыл, сары түспен
бөлінеді.
Тірек сызбалар құрады. Әр топ өз тірек сызбаларын
қорғап шығады.
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау.
«Тәулік бойы жұмыс жасайтын
топтарда кешкі серуендеуді ұйымдастырудың және өткізудің
әдістемесі» тақырыбын тірек – сызба арқылы айтып
береді.
ІІІ. Үй тапсырмасын
бекіту.
«Дұрыс – бұрыс»
әдісі арқылы үй жұмысы
бекітіледі.
Шарты: Тақтада шыққан сөздер дұрыс болса қол
шапалақтайды, бұрыс болса аяқтарын тарсылдатады. Бір білім алушы
неге олай болатынын түсіндіріп айтып береді.
-
Күн тәртібі дегеніміз – жұмыс
уақыты мен демалыс уақытының кезектесіп
отыруы.
-
Балабақшаның күн тәртібінде тек ойын ғана
болады.
-
Тамақтану, ұйықтау, ойнау, оқу, серуендеу – күн
тәртібінің мазмұнын құрайды және олар өз кезегімен қайталанып
отырады.
-
Балабақшаның күн тәртібінде баланың жас
ерекшелігі ескерілмейді.
-
Таңертеңгі қабылдауды дұрыс ұйымдастыру күн
тәртібі үшін маңызды.
-
Таңертеңгілік қабылдау сағат 7-ден 8-8 сағат 30
минутқа дейін, ата – аналардың жұмыс істейтін уақытына қарай бұдан
да ерте басталуы мүмкін.
-
Тәрбиеші барлық баланы
қабылдап алу керек.
-
Балалардың бақшада болу ұзақтығына қарай арасына
3-4 сағат салып, 3-4 рет тамақ беріледі.
-
Балаға тамақты қинап беру
керек.
-
Серуен – бала ағзасын шынықтырудағы басты
құрал.
«Сиқырлы айна» әдісі.
Шарты: Барлық білім алушы шеңбер болып тұрады,
ортасында бір білім алушы тұрып өзіне қарама – қарсы тұрған білім
алушыға сұрақ қояды, сұрағына жауап алады.
IV. Жаңа
сабақ.
Күннің екінші
жартысы
Балалар түскі ұйқыдан тұрғаннан кейін жуынады,
бесін тамақ ішеді, серуенге шығады. Серуен барысында балалардың
мәдени – гигиеналық дағдыларын дамыту, дербестігін тәрбиелеу,
олардың жек басының моральдық сапаларын қалыптастыру жұмыстары
жалғасын табады. Күннің екінші жартысында күн тәртібіндегі ойынға,
ал ересектер топтарында балаларды еңбекке араластыруға біраз уақыт
бөлінеді.
Мектепке дейінгі ұйымда кешеке қарай ата –
аналармен жұмыстар: әңгімелер, жеке және топтық кеңестер,
жиналыстар, семинарлар мен практикумдар
өткізіледі.
Күннің екінші жартысындағы негізгі іс – әрекет –
ойын. Балалар жеке де, шағын топ болып та, бүкіл топ болып та
ойнауы мүмкін. Ерсек топ құрылыс материалдарымен ойындар
ұйымдастырылады. Мұндай ойындар күрделі болғандықтан оларды
балалардың ұйымдастыруы қиынға соғады, оған тәрбиеші кеңес беріп,
ойынға араласып көмек көрсетеді.
Қимылды ойындар да пайдаланылады, олар серуен
кезінде аулада немесе топ бөлмесінде өткізілуі
мүмкін.
Күннің екінші жартысында еңбек әрекеті
ұйымдастырылады – аптасына бір рет бүкіл топ болып топ бөлмесін
жинайды. Балалар ойын бұрышындағы ойыншықтарды, құрылыс материалын
шкафқа жинап, қуыршақ киімдерін жуады. Сәби топта балалар
тәрбиешіге көмектеседі, ал ересектер тәрбиешінің басшылығымен еңбек
әрекетін өздері орындайды.
Ересектер және мектепке
даярлық топтарда шаруашылық – тұрмыстық және қол еңбегі
ұйымдастырылады. Балалар бірлесіп ауладағы ойынға арналған
ойыншықтар: зырылдауықтар, қайықтар, сөмкелер жасайды. Сәби топтар:
қағазды әперу, кітапты ұстай тұру сияқты жұмыстармен тәрбиешіге
көмектеседі. Ал ересектер мен мектепке даярлық топтардағы балалар
өздері жасайды: жыртылған кітаптарды түптейді, сынған ойыншықтарды
жөндейді, сәби топтағы балаларға сыйлатау үшін ойыншықтар жасайды,
тәрбиеші басшылық етеді.
Еңбек тапсырмалары барлық топ балаларына
беріледі.
Балалар бақшасында айына 2-3 рет демалыс кештері
мен ойын – сауықтар өткізіледі. Балалар қуыршақ театрын ұнатады.
Мектепке даярлық топ балалары қуыршақпен қойылым жүргізуге
үйретіліп, педагог оларға сәбилер тобының балаларына көрсетуге
арнап шағын қойылымдар жасауына көмектеседі.
Балалар көлеңке немесе үстел үсті театрын көреді,
сүйікті әндер, музыкалық шығармалар тыңдайды. Сәби топтағы
балаларға арнап ересек балалар концерт ұйымдастырады: өлеңдер
оқиды, билейді, сүйікті әндер орындайды.
Кешкі сағаттарда тәрбиеші балаларға ертегі айтып,
әңгімелер оқи отырып, кейіпкерлерді матамен қапталған жапсырмалы
тақтада қоса көрсетуге болады. Көлемі үлкен шығарма бірнеше күн
бойы бөліктерге бөлініп оқылады.
Кешкі сағаттарда іс – әрекеттің түрлері
ауыстырылып отырады, мысалы, музыка тыңдау, суреттер көру. Тәрбиеші
сондай – ақ қимыл – қозғалыс дамыту, сурет салу, ою ою, құрастыру,
сөйлеу кемшіліктерін түзеу, сүйікті өлеңдер оқу, әндер қайталау
сияқты жеке жұмыстар жүргізеді.
Сергіту сәті.
Бірінші сәбилер
тобына.
Екінші сәбилер
тобына.
Естиярлар
тобына.
Ерсекетер
тобына.
«Миға шабуыл»
стратегиясы:
Әр топ күннің екінші жартысын өткізу үшін түрлі
идеялар айтады. Бір топ екінші топтың идеясын қайталамау
керек.
«SWOT –
талдау» Тақтада жазылған күннің екінші
жартысын өткізу әдістері туралы жазылған идеяларды
талдайды.
V. Жаңа сабақты
бекіту.
Жаңа сабақты «Алтын қақпа»
ойынымен бекітемін.
-
Тамаққа
әзірлік.
-
Тамақтану дағдысын
қалыптастыру.
-
Балалар тәбеті.
-
Серуеннің маңызы.
-
Серуенге дайындық.
-
Серуендегі балалардың іс –
әрекеті.
-
Күннің екінші жартысындағы
серуен.
-
Күн
тәртібі дегеніміз не?
-
Күн
тәртібінің мазмұны.
-
Күн
тәртібіне қандай талап қойылады?
-
Күн
тәртібінің тұрақтылығы.
-
Ойынға мектепке дейінгі балалардың іс –әркеті
қалай ұйымдастырылады?
-
Тәрбиеші балаларды қабылдауға
дайындығы.
-
Таңертеңгі қабылдау
уақыты.
-
Баланы қабылдаудың негізгі
ережесі.
-
Циклограмма дегеніміз не?
-
Технологиялық карта дегеніміз
не?
Дамыту картасы:
Не білемін?
|
Нені білгім келеді?
|
Не білдім?
|
|
|
|
VI. Үй
жұмысы.
С.Андабекова «Мектепке дейінгі педагогика»
68беттегі «Күннің екінші жартысы» тақырыбын оқу.
Ерсектер тобына арнап циклограмма
құрастыру.
VII.
Бағалау. «Бағалау баспалдағы» әдісімен
сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды
бағалаймын.