Материалдар / «Мектепке дейінгі мекемені тиімді басқаруды іске асырудың негіздері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мектепке дейінгі мекемені тиімді басқаруды іске асырудың негіздері»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мектепке дейінгі мекемені тиімді басқаруды іске асырудың негіздері»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Сәуір 2019
707
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Коуч: Динсламова Назигуль Мукагалиевна


Тақырыбы:

«Мектепке дейінгі мекемені тиімді басқаруды іске асырудың негіздері»



Күтілетін нәтиже:

  • Оқу-тәрбие қызметін тиімді бақару жолдарын қарастырады;

  • Ұжымды сыртай және іштей жүйелі басқарудағы көшбасшылық жүйенің жаңашылдық жолдарын кәсіби тәжірибелер арқылы бөліседі;

  • Жаңартылған оқу форматтарын мектепке дейінгі тәрбиеде кешенді қолдану жолын меңгереді;


Түйінді бастамалар:

Оқу-тәрбие қызметінің жаңартылған мазмұндық жүйесінде педагог қызметкерлердің кәсіби бағдарын жетілдірудің тәсілдерін меңгерудегі өзара кәсіби байланыстағы «желілік қоғамдастықтың» тиімділігін артады.

Әдістер:

СТО: «Галереяны шарлау», «Смарт карта», «Ой ширату» , «Фишбон», «Венн» ; ДО: сұрақ-жауап, тыңдалым, айтылым, жұптық, топтық талқылау; АКТ: роликтер, слайд, музыкалық таспа; ООБ: «кері байланыс, «шеңбер әдісі»; КБ: желілік байланыс, бірлескен оқу;

Жұмыстың жүргізілу барысы


Уақты (60 мин)

Жүргізілу бөлімі

Жүргізушінің әрекеті

Қатысушылардың әрекеті

ресурстар

5 мин

Жағымды кеңістікті орнату

Коуч әріптестерімен амандасады:

  • Салеметсіздер ме? Бүгінгі, бірлескен оқу сағатына келгендеріңізге қуаныштымын.

Бүгін нәтижелі жұмыс жасауға өзімізді дайындайық. Ол үшін «Шеңбер құру» жаттығуын жасаймыз.

Нәтижеде:

  • Қатысушылардың қимыл- әрекеттері бақыланады;

  • Кеңістікті бағдарлау, бірлесіп жұмыс жасауға жауапкершілік оянады.

  • Өзін-өзі бағыттай алу және вербальды емес қарым-қатынастың дамуына ықпал жасалынады.

Бастапқыда шеңберде тұрады. Қатысушылар көздерін жұмады. (көз байлауға ленталар беріледі)

Баяу «гууу» дыбысын шығара отырып сигнал бойынша ары-бері қозғалыспен жүреді. Келесі сигналда орындарында тұрады. Содан кейін топтағылар қайта шеңбер құруға әрекет жасайды.

Ереже: Бір-бірінің атын атап шақырып, көмектесуге болмайды.

Ойын шарты, ережелер, ленталар.

5 мин

Рефлексия

және топқа бөліну.


  • Қалай ойлайсыздар бұл жаттығуды қандай мақсатпен орындадық?

  • Осы жаттығуды орындау барысында не сезіндіңіздер?

  • Осы жаттығу ортақ бағыттағы әрекеттерге көмектесе ала ма?


Бастапқыдағыдай дұрыс шеңбер құрылмау себептерін айтып өтіңіздер.

Ендеше, бүгінгі тақырбымыз осы әрекеттеріміз айқындағандай...

«Тиімді басқару мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізі» аясында өтеді.

Ортадағы геометриялық фигураларды таңдаңыздар сол фигуралар бойынша топқа бөлініп, сол белгі қойылған столдарға жайғасуларыңызды өтінемін.


Болжамды жауаптар алынады.

Мысалы: жоспарсыз жүру, көз жұмулы күйде шеңберге туруға дағдыланбау, біреудің көмегін қажетсіну...т.б










Қатысушылар

Фигураларын таңдап, арнайы орындарына барып отырады. Онда, А4 парақшалар, таңдаған фигураларына байланысты басқару стилдерінің интерпретациясы жазылған таблодан өздерінің мінездері туралы ақпарат алады. маркерлер, қайшы,желім , стикерлер болуы керек.

ленталар,маркерлер, қайшы,желім , стикерлер, фигура шаблондары.

2 мин

Бірлексен оқу ортасын ұйымдастыру

  • Топ өз араларыңыздан басшы, хатшы, тайм спикер, редакторларыңызды сайлап алыңыздар.

  • «Т-5» ережесін сақтаңыздар.

(тақтаға маркермен жазып қойылады)


Т

Тыныштық

Тыңдау

Тәртіп

Тазалық

Татулық


Басшы- топтағылардың жұмысын жандандырады;

Хатшы- қажетті құрал, жазуларды жүргізеді.

Тайм спикер –уақыт регламентін қадағалайды.

Редакторлар- суреттер, жапсырулар т.б жылдам жасайды.


15 мин

Мағынаны тану

«Бесінші уәзір» туралы аңыз видео роликті көрсету (тыңдалым)

Мұнда аңыз мазмұны топтарға таратылады. Жарты бөлімінен ары қарайғы ойды жалғастыруға тапсырма ұсынынамыз.

  • Мұнда, сіздер аңыздың жалғасын құруда бүгінгі біздің талқылап отырған тақырып аясында ойларыңызды пайымдауларыңыздың маңызды екенін ұмытпаңыздар.

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=3zRafRLN_YA

Топ ақылдасады, аңыздың арғы жалғасын болжайды, ойды түйіндеу үшін ақылдасады, өзара келіседі, түрлі шешімдерді тыңдайды, шешу жолдарын таңдайды.


Әр топтың басшылары орындарынан тұрып жалғастырған ойларын оқиды.

Бейне жазба, сұрақ-жауап, өзара талқылау.

5 мин

рефлексия

  • Барлық ой біз үшін құнды.

  • Бас уәзір болу үшін сонымен қандай жақсы қасиет, әрекеттер жасау қажет болғанын айтып шықтыңыздар.

  • Енді, аңыздың арғы бөлімін тыңдайық. (ролик тоқтатылған жерінен ары қарай жалғастырылып тыңдалынады)


Осы аңыз негізін ой түрткі ретінде қолдана отырып, жаңартылған білім мазмұнын іске асыруда қандай әрекеттер тиімді екенін

«Блум таксономиясына» қойып жазып көріңіздер. Жұптарға бөлініп ақылдасып жазыңыздар.

Қатысушылар жұптасып отырып

«Смарт картасын» толтырады.

Білу- ...................................

Түсіну-................................

Қолдану-.............................

Талдау-................................

Жинақтау-...........................

Бағалау-...............................

Жазылған жұмыстар тақтаға ілінеді. Оқып, тыңдалынады.


12 мин

Шығармашылық жұмыс

«Галереяны шарлау» әдісі бойынша

Тақтада «Басқарудың тиімді жолын жобалау» тақырыбына арналған суреттер мен түйінді ойлар, схемелар жатыр. Әр топ тиімді басқаруда оқытудың жаңартылған мазмұнын қалай жүргізетіндіктеріңіздің жобасын жасауға материалдар жинақтаңыздар.

Жинаған материалдарыңыз бойынша топтарына келіп, оқу-тәрбиенің жаңартылған мазмұнын іске асыруды қалай тиімді басқаруға болады? сауалына постер құрыңыздар.


Топ өзара ақылдасып, галереяны шарлау арқылы өз жұмыс жобаларына қажетті ресурстарды таңдайды.

Топтарына келіп, оқу-тәрбиенің жаңартылған мазмұнын іске асыруды қалай тиімді басқаруға болады? сауалына постер құрады. Таңдаған суреттерін, әдістерін, сызбаларын, қанатты сөздерін жапсырады.

«Фишбон», «Кластер», «Венн» сызбасы; суреттер, қанатты сөздер, А3 қағазы,


Әр топқа 2 минутан

8 мин

Рефлексия

Жасалынған жұмыстарыңыз бойынша қысқа әрі нұсқа түрде қорғаңыздар.

Регламент уақты 2 мин

Тақтаға іледі. Қорғайды.


5 мин

Қорытынды

  • Өздеріңіз байқағандай, жаңартылған білім мазмұнын тиімді басқару үшін дәл осындай тәжірибемен ұштасқан бірлескен оқу жүйесі, жеті модуль аспектілері мен тәсілдері біздің көшбасшылық бағытта жұмыс жүргізуімізді қажет етеді екен.

  • Әр істің сыналар, сарапталар кезеңі болады. Біздің де осы оқу барысын түйіндеу сәтіміз жеті.

  • Алдарыңыздағы, шабулондарға ой-пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жазып, мына кеме желкендерін, дельфиндерді жапсыруларыңызды сұраймын.

Теңіз атты өмір мектебінде кемеміз жүзе берсін, дельфидердей серіктестік, қоғамдастығымыз арта берсін!

Қатысушылар өтілген тақырып бойынша өз ойларын, ұсыныс, бағалауларын, тілектерін жазады. Арнайы плакатқа жапсырады.






Picture 2



Кеме желкендері, дельфиндер шабулоны

2 мин


Түйіндеу

Көңілді күй, жағымды орта, қажырлы қимыл біздің жұмысымызға аса қажетті мотив. Сондықтан бәріңіздің ортаға шығып, экрандағы қимылдарды қайталауларыңызды сұраймын.

Қатысушылар музыка ырғағымен қимылдар жасап, бой сергітеді.

Музыкалық ролик


Панфилов ауданы

Үшарал ауылы

«Айгөлек» балабақша меңгерушісі

Динсламова Назигуль Мукагалиевна


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!