«Жарқын
көңіл, жомарт күз»
Мақсаты:
Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен
таныстыру;күздің сыйы жемістер мен
көкөністердің түрлерін,олардың атауларын
анық айта білуге дағдыландыру;адамзаттың
еңбегін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:бөлме
іші көркем безендірілген,күз мезгілі
суреттері, жемістер мен көкөніс макеттері.
Жүргізуші:
Армысыздар ұстаздар , ардақты
қонақтар!-Армысыздар, еліміздің кішкене
болашақтары. Сіздерді бүгінгі күзгі
бақта өтетін «Жарқын көңіл, жомарт күз
» мерекесін бізбен бірге өткізуге қош
келіпсіздер!Әрбір бала бақытты болуға
лайық және әрбір ата-ана өз баласының
бақытты балалық шағын тоймай тамашалауға
әбден лайық. Барщаңызға бүгінгі
мерекемізде көтеріңкі көңіл күй
тілейміз.Дендеріңіз сау болып,отбасыларыңыз
аман болсын, бүлдіршіндеріміз гүлдей
жайнап өсе берсін!
Бүгін
мейрам, бүгін той
Қуанышты
күн біліп қой!
Күзгі
бақта сыңғырлап,
Алақанды
соғып қой!
Ал
балалар тұрмайық,
Қол
соғайық тұрмайық.
Күзгі
бақта бүгінгі,
Шырқап
әнге салайық.
Кішкентай бүлдіршіндердің орындауында
«Ойыншықтар»
әнін
қабыл алыңыздар!
Балалардың
жаттаған тақпақтарына кезек берейік.
Айару:
Алтын,алтын,сары
алтын,
Алтын
күзде нұр жатыр
Біз
мектепке баратын,
Алақай-ау,
күн жақын!
Інжу:
Самал
қозғап қалғанда
Үзіледі
сары алма.
Шолып
едім бақшаны,
Қауын
біткен сап-сары.
Ерсұлтан:
Мен
шиемін,шиемін,
Күннің
көзін сүйемін
Қышқыл
шырын менде бар
Төмен
басты иемін.
Наурыз:
Бүгін мейрам, бүгін той
Қуанышты
күн біліп қой!
Күзгі
бақта сыңғырлап,
Алақанды
соғып қой!
Би:
Кішкентай бүлдіршіндердің орындауындағы
«Жапырақтар биін» тамашалаңыздар.
Тақпақтарға
кезек берейік:
Інжу:
Біз
кішкентай баламыз
Өсіп-өніп
толамыз
Күнге
қарап талпынып
Көкке
қолды созамыз
Нұрислам:
Нан
анасы-бидаймын.
Елге
астық сыйлаймын.
Дәнім
толып, піскенде
Қауызыма
сыймаймын.
Арман:
Сары жапырақ төгілген
Тоғайды
да көрдім мен,
Енді
сары бояумен
Күз
суретін салам мен.
Мадина:
Берекелі,мерекелі
Келді
жомарт алтын күз
Қалада
да далада да
Жанның
бәрі жарқын күз
Жүргізуші:
Өрік,
шие, алма, алша,
Жидек,
жүзім піседі.
Қауын,
қарбыз, қияр,
Сәбіз
қоймаларға түседі.
Айтыңдаршы
балалар бүл қай кезде болады?
Балалар:
Күз
мезгілінде
Дұрыс
балалар, қане осы жемістер туралы кім
қандай тақпақ біледі екен?
Нұрай:
Мен
алмұртпын, алмұртпын
Аузындамын
бар жұрттың.
Айша:
Мен
жүзіммін, жүзіммін
Моншақ
болып тізілдім.
Әмір:
Мен
өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа
көрікпін.
Камшат:
Мен
алмамын, алмамын,
Таңдай
жұлар бар дәмім.
Даяна: Боламын
мен дәмдеуіш
Барлық-барлық
тағамға
Көкөністер
ішінен
Мен
пайдалы адамға.
Бейбарыс:
Мен ұялшақ картоппын
Мен
емеспін мақтанар
Мені
жақсы көреді
Үлкендер
мен балалар
Шағын
орталық ортаңғы топ бүлдіршіндерінің
«Қазақ биін» тамашалаңыздар.
Қол соғып қошеметтеп бишілерімізді
ортаға шақырайық!
Ералы:
Келші,келші
алтын күз
Келші,келші
жарқын күз
Мерекені
жалғастырып
Ойнап
күлші алтын күз.
Қайсар:
Нан қоқымын шашраңдар
Жерде
жатса баспаңдар
Теріп
алып қастерлеп
Торғайларға
тастаңдар
Айша
Айдархан:
Күнді сүйген күрішпін
Күллі
жұртқа ырыспын
Алсын
деп ел мол өнім
Ала
жаздай су іштім.
Жүргізуші:
Мектепалды даярлық сыныбының орындауындағы
«Балдырған» әнін қабыл алыңыздар.
Айару:Ал
балалар тұрмайық
Қол
соғайық тұрмайық
Күзгі
бақта бүгінгі
Шырқап
әнге салайық.
Бекнұр:Қуандырып
біздерді
Мерекелі
күз келді
Кел
жемісті алтын күз
Кемелденсін
халқымыз.
Айша:Алтын,сары,қызыл,көк
Алуан,алуан
жапырақ
Күзгі
бақта күлімдеп
Көз
тартады атырап.
Жүргізуші:
Қыздарының «Қамажай»биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Күзгі
бақтағы қонақтар!
Айналайын
балалар,
Мерекеміз
бүгінгі,
Естен
кетпес күн болды.
Бақыт
тілеп бәрімізге.
«Сау
болыңыздар» деп,
Аман-саулық
тілеп,
Мерекені
аяқтайық.
Зейін
қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!