Мектепке дейінгі тәрбие білім бастауы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепке дейінгі тәрбие білім бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Семинардың өткізілу ерекшелігі туралы айтылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

12 желтоқсан күні мектепалды дайындық және шағын орталық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі тәрбие – білім бастауы» тақырыбында мектепішілік семинар болып өтті.Семинардың мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың  қабілетін дамыта  отырып , өзіндік дамуға даяр,  өзін таныта алатын және  өзі үшін  де,  қоғам үшін  де бар мүмкіндігін пайдаланатын шығармашыл, құзіретті  тұлғаны тәрбиелеудегі ерекшелікті көрсету.Семинарға ұстаздар ,ата-аналар қатысты.Шағын орталық тәрбиешілері Жазықбаеваның Дене шынықтырудан «Менің Қазақстаным» тақырыбындағы оқу қызметі , Самалихова Сауленің Жаратылыстанудан «Менің Қазақстаным» тақырыбындағы оқу қызметі,Жанұзақова Жанардың Сөйлеуді дамытудан «Көліктер» тақырыбындағы оқу қызметі, мектепалды даярлық сыныбынан Қалуова Рузияның Сауат ашудан «Ұшты-ұшты ойнаймыз!»,Ұұ дыбысы мен әрпі және Изимова Гулбаршынның бес сала бойынша кіріктірілген «Біз білімді ұрпақпыз»оқу қызметтері әріптестер арасында көрсетілді.Семинарда дөңгелек үстел ұйымдастырылып,онда мектеп психологі Хамзина Гүлжамал «Біз бір ұжым» тақырыбында тренинг өткізіп,оқу ісінің меңгерушісі Нұртілесова Назгүл қорытындылап марапаттады. «Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»-деп Жүсіпбек Аймауытов атамыз айтқандай үйренген жаңалығымызды қолдана білуіміз- ол әр ұстаздың өз еншісінде.Тәрбиешінің міндеті бүлдіршіндерді   жан-жақты  дамыта  тәрбиелеу. Баланың қимыл-қозғалысы  жеткілікті болғанда ғана  денесі  қалыпты  дамиды. Сыныпта өткізілетін ертеңгілік жиындар,  шаттық шеңбері  ,сергіту жаттығулары  осы  талаптарды  көздейді.Ойын әрекеті  барысында  балалардың  ой-өрісі қалыптасып  ,сан  қырлы іс-әрекеттері  дамып, жеткіншектердің жан-жақты дамуына жол ашады. Балаларда  өздерін  қоршаған ортаға деген  қызығушылық  сезім қалыптасады. Өз ойларын  ашық , еркін білдіруге үйренеді.Тәрбиеші балаларды отанын  сүюге ,елін, жерін  қорғауға  тәрбиелейді.Әсіресе  сауат ашу,  тіл дамыту сабақтарында жаңа технология элементтерін көптеп пайдаланымыз Баланың дұрыс сөйлеуін және ана тілінде қарым-қатынас мәдениетін дамыту,  ана  тілінің  дыбыстарын  танып, дұрыс айтуды үйрету,оқуды меңгерту басты мақсат. Адамгершілік құндылық бағдарын, мінез-құлық нормасын, тәртіптік ережесін халықтық салт- дәстүр үлгісінде қалыптастыру бүгінгі күннің талабы. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі оқу қызметінде жүзеге асады.Сондықтан саналы да.сапалы ұрпақ тәрбиелеу өз қолымызда әрине ол тәрбиешінің талмай ізденуінен нәтиже берері сөзсіз. Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден- бір шарты:тәрбиеші-педагогтің ізденімпаз болуы,себебі еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді.Сондықтан сабақты яғни оқу қызметін жаңаша құрып, түрлі әдіс-тәсілдерді өңдеп нәтижелі пайдалану тәрбиеші-педагогтің міндеті болуы керек.Қорыта айтқанда, біздің міндетіміз-бала бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашып дамыту .







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2021
559
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі