15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде инновациялық технологияларды қолданудағы басшының рөлі.
С
адуова
Майра Манарбековна
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылы
«Ақ шағала» балабақшасының меңгерушісі
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде инновациялық технологияларды қолданудағы басшының рөлі.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай қоғамда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалуда. Әрбір аудандарда жаңа инновациялық технологиялар бойынша іс-тәжірибе алмасып, семинарлардың ұйымдастырылуының өзі осының айғағы. Сол себепті мектепке дейінгі ұйым басшысы әдіс-тәсілдерді нақты таңдап, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана отырып, жеке тұлғаның дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасауы тиіс.
Сонымен, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірнеше түріне тоқталайын. Балабақшада қолданылатын оқытудың жаңа технологияларын төмендегі сызбамен көрсетемін.
Дамыта оқыту
Жаңа технологиялар
Денсаулық сақтау
Ойын арқылы оқыту
Жаңа ақпараттық технология
Құм терапиясы
Интерактивті оқыту
о
оқыту
Монтессори технологиясы
технологиясы
Молдульдік оқыту
Проблемалық оқыту
Тәй-тәй технологиясы
технологиясы
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық ұжымы өз жұмыстарына инновациялық технологияларды қарқынды енгізе бастады. Инновациялық технологиялардың педагогикалық мәні-баланың танымдық қызметін нығайту, негізгі жеке қасиеттерін қалыптастыру, дербестігін көтермелеу. Осы орайда барлық балабақшалардың алдына қойған міндеті де жоғары, себебі, ұрпақ бойындағы алғашқы білім мен тәрбие дағдылары осы мектепке дейінгі мекеме табалдырығында қаланады. Соңғы уақыттағы демократиялық жаңарулар тәрбиешілердің, әдіскерлердің шығармашылық қызметіне заңды түрде еркіндік береді. Тәрбиешілер мен пән мұғалімдеріне балаңын жан-жақты дамуына жоғары әсер ететін технологияны таңдау міндеті жүктеледі. Осы міндетті шешетінде, жүзеге асырушы да шебер тәрбиеші мен мұғалімдері, ал оларға бағыт-бағдар беріп, жағдай туғызатын - білікті басшы.
Жоғарыдағы кестеде көрсетілген кейбір технологияларды атап айтсақ, ойын арқылы оқыту, жаңа ақпараттық оқыту технологиясы, дамыта отырып оқыту, интерактивті оқыту технологияларын күнделікті оқу қызметінде қолданып жатқанымыз бәрімізге мәлім. Заман талабына сай әрбір балабақша өзін жан-жақты көрсете білу үшін, жаңа инновациялық технологияларды таңдай отырып, осы тұрғыда жұмыстануға ерекше мән беріп келе жатыр.
Өзім басшылық етіп отырған «Ақ шағала» балабақшасы 2013 жылдан бері бала тәрбиесімен үздіксіз қызмет етіп келе жатқан бірден-бір мемлекеттік мекеме. Балабақша 80 орынға арналған, 15 педагог қызмет етеді. Оның 7 –еуі жоғарғы білімді, 4-еуі аяқталмаған жоғары, 4-еуі арнаулы орта. І санатты педагог-1, ІІ санатты педагогттар саны-12. 2014-2016 оқу жылдарында балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру бағытында жұмыстандық және «Мектеп жасына дейінгі балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру арқылы мәдени дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды. Бұл семинар кезінде өз мақсатымызға жетіп, іс-тәжірибе алмастық. Ал, 2016-2017 оқу жылынан бастап, мектепке дейінгі балалар бойында салауатты өмір салтын насихаттау бағытымен жұмыстанып отырмыз. Бұндағы негізгі міндетіміз-мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, салауатты өмір салтын ұстану бейімділігіне баулу. Осы бағытта болашақ еліне елеулі, халқына қалаулы ата-анасының мақтанышы, дені сау ұрпақ өсіру жолындағы тәрбие ісін басшылыққа алу. Салауатты өмір салтын насихаттау жолында денсаулық сақтау технологиясын негізге ала отырып, осы бағытта да бірнеше жоспарлы жұмыс атқарылды. Бұл технология балалардың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Балабақша педагогтары өз жұмыстарын ұйымдастыру барысында оқу үрдісінде жаңа технологияларды қызықты сценарийлерді, ойындарды, мағыналы тәрбие сағаттарын пайдалануда. Әдіскер жұмысын жүйелі түрде ұйымдастырса өз жұмысы да, тәрбиешілер жұмысы да нәтижелі болады. 2016 жылы балабақша әдіскері Г. Мамбеталиева Қарақия ауданы Құрық ауылында өткен «Тәй-тәй және Монтессори технологиялары» бойынша обылыстық семинарға қатысып, қатысқандығы үшін арнайы сертификат алып қайтты. Ол «Тәй-тәй» технологиясын оқу-үрдісінде пайдалану үшін, педагогтар арасында жаңа технология туралы өз мәлімдемесін баяндап, дөңгелек үстел өткізу арқылы, пікір алмасты. Және бұл технологияны балабақшамызға енгізу үшін тәрбиешілер өздерінің алған түсініктері бойынша яғни «Тәй-тәй» технологиясын оқу қызметтеріне пайдаланып, өткізіп көруді жөн көрді. Нәтижесінде жаңа заман талабына сай жолдармен оқытуға бағытталған әдістемелік жұмыс тәрбиешілердің білімдерінің жоғарылауына, балалармен жұмыс жүргізу барысында жаңа тәсілдер таңдауға, зерттеу және шығармашылық қабілеттерін анықтауға мүмкіндік туғызатынын, ал ең маңыздысы өздігімен кәсіби деңгейлерін жоғарылатып, мамандықтарына деген қызығушылықтарының артатындығын байқадық. Барлық педагогтар «Тәй-тәй» технологиясының тиімділігіне көздерін жеткізді. Бұл технологияның тиімділігі - бала мен ата-ана және балабақша арасындағы байланыстың нығаятындығында. Балабақшаларда жаңа технологияны пайдаланып, жұмыс жасау үшін балабақша басшысының алдына мынадай талаптар қойылады:
-
Жеке тұлғаның дамуына қажетті ең тиімді, ыңғайлы және оңтайлы технологияны таңдай білу.
-
Сол технологиямен әрі қарай жұмыс жасау үшін бағдарламасын құрып, бекіту.
-
Инновациялық технологияны тиімді пайдалану үшін және жұмысын жетілдіру үшін тәрбиешінің кәсіби шеберліктерін шыңдап, шығармашылықпен еңбек етуге бағыт беру.Арнайы семинарлар мен курстардан өткізіп алу.
-
Балабақша педагогтары жаңа технологиямен толыққанды жұмыс жасау үшін қолайлы жағдай орнату.
Сондықтан қолайлы ортада тәрбиеші өз жұмысын дұрыс ұйымдастырып, оқыту үрдісінде жаңа технорлогияларды қолданса, қазіргі заман талабына сай, денсаулығын сақтай алатын, білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең, ақыл-ой өрісі дамыған, ойын сауатты жеткізе алатын, бәсекеге қабілетті тұлға өсіре алатыны сөзсіз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген