жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДА М.МОНТЕССОРИ ПЕДАГОГИКАСЫНЫН РӨЛІ
Дуйсенбенова Салтанат Дусмаганбетовна
жоғары санатты әдіскер,
Нұр – Сұлтан қаласы
№32 «Балдәурен»балабақшасы
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДА М.МОНТЕССОРИ ПЕДАГОГИКАСЫНЫН РӨЛІ
Бүгінгі таңдағы әлемдік білім беру кеңістігінде білім беру мақсаттары туралы түсініктер өзгеріп отыр. Осыған байланысты отандық педагогика жетістіктерін пайдаланумен қатар заманауи білім беру үшін, гуманистік бағытымен педагогиканың құрылымдық идеяларынан тұратын, шетел тәжірибелері өзекті болып отыр. Осы инновациялық қозғалыста итальяндық педагог Мария Монтессори жүйесі ерекше орын алады.
Мария Монтессоридің аты қазіргі уақытта балалармен жұмыс істейтін барлық педагогтар мен ата- аналарға белгілі. М.Монтессоридің маңызды енгізген жаңалығы баланың еркіндік пен дербестік құқығын мойындауға, өз жұмыс қарқыны мен білімді игерудің ерекше тәсілдерінен құрылған, 3 жастан 12-і жасқа дейінгі балаларға арналған бірегей оқу үдерістерін құру болып табылады. М. Монтессори педагогикасы балаға деген сенімге, оның өзін-өзі дамытуға, тәртіп пен тәртіпке деген табиғи ұмтылысына негізделген. М.Монтессори, бала өзінің табиғатына сәйкес арнайы дайындалған пәндік-кеңістіктік ортада өз бетінше дамуы үшін ортаны арнайы дидактикалық құралдармен жабдықтаған.
Бұл пәндік кеңістік ортасы 5 аймаққа бөлінеді.
1) Күнделікті өмір жаттығулар аймағы,
2) сенсорлық даму аймағы,
3) сөйлеуді дамыту аймағы,
4) математикалық аймақ,
5) ғарыштық тәрбие аймағы
Монтессори педагогикасында бұл арнайы ортада әр бала қай жерде, қандай материалдармен және қанша уақытта айналысатынын өз бетінше таңдауға құқылы. Педагог жұмыс барысында тек баланың өзін - өзі дамуында алға басқан кезінде қажет болса, көмектесу үшін балаларды мұқият қадағалап отырады, бірақ педагог баланың қызметіне араласпайды тек сырттай бақылап отырады. Егер бала педагогтан көмек сұраса ғана көмек көрсетеді.
«Маған осыны өзім жасауға көмектес» - дейтін М. Монтессори педагогикасының ұраны болып қалыптасқандығы кездейсоқ жәйт емес. Ұйымдастырылған оқу кезеңінде балалар өздерін еркін ұстайды, өзіне қызықты болып табылатын материалды өзі таңдап алып, жұмыс істейді.
Монтессори педагогикасының басты ережесі арнайы жабдықталған ортада балалар еркін жүріп тұрады, қолданған затын ескертусіз қай жерден алса сол жерге апарып, орнына қояды, қажет кезде тәрбиешіден көмек сұрайды, жіберген қателіктерін тауып оларды түзетеді, бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізу керек, басқа балаларға бөгет болмай тыныштықты сақтап, еңбек етеді.
Балалардың еркін қозғалып, өзіне сенімді, икімді, дербес болу мүмкіндігі «Күнделікті өмір жаттығулар» аймағында дамиды. Бұл аймақта балалар нағыз инемен түйме қадайды, шынайы үтікті тоққа қосып, ысытып, киім үтіктейді, аяқ киімін тазалайды, нан және көкөністерді өткір пышақпен кеседі және т.б. Олар тамақтану кезінде өздеріне толық қызмет көрсетеді: асхана аспаптарын қояды, сулық пен нан әкеледі, сусынды құяды және т.б., Балалар осылай шынайы өмірде кездесетін күнделікті өмірге араласып, ересек адамның көмегінсіз өздері киініп, жуынып, өздеріне қызмет ету қабілеттері шыңдалады.
Білмейтін адамға, Монтессори педагогикасы балаларға, олардың талаптары, еркеліктері мен бір сәттік қалауларымен айқындалатын, шектеусіз еркіндік ұсынатын сияқты болып көрінеді. Ал шын мәнінде балаларға шыдамдылық және табандылықпен, олардың еркіндігі басқа адамдардың еркіндігімен шектелетіндігі, ал басқа адамдармен келісу қажеттігі туралы жағдайды түсіну мен қабылдауға көмектеседі. Монтессори өзінің еркіндік түсінігін баланың үлкендердің еркіне тәуелді болмау деп түсіндірді.
Бұл дегеніміз баланың
үлкендердің шамалы ғана көмегі арқылы өзіне қызмет етуі, жаңаны
игере білуі, маңызды шешімді өзі қабылдауы мен баланың даралық
құқығын қорғау болып табылады. Монтессори жүйесі бойынша балалар
осындай тәртіп пен еркіндіктің үйлесімі арқылы қарапайым ережелерді
сақтап тәртіпке, дербестікке, жан - жақты, саналы, бақылағыштыққа,
өзін және басқа адамдарды қадірлеуге, тұлға ретінде өзін - өзі
қалыптастыруға, келісім жасасып, бірге әрекеттенуге үйренеді.
Монтессори педагогінің міндеті балаларға өзін - өзі дамыту
жұмыстарында көмек беру, оның өз бетімен білім алуына жағдай
жасау,
балаларды топта сақталатын ережелермен таныстыру, балалардың іс -
әрекетін бақылап, тек қажет кезінде көмек көрсету, дидактикалық
материалдарды қалай дұрыс қолдану керектігін үйрету, топтағы
жағымды атмосфераны қалыптастыру, келіспеушілікті шешу, баланың әрі
қарай өзін дамытуда бағыт беру. Бала үшін Монтессори-материалдары
әлемнің есігін ашатын кілт болып табылады, соның арқасында өзінің
әлем туралы бейберекет және өңделмеген әсерін ретке келтіреді және
сезінуге, мақсат қоюға және оған қол жеткізу үшін сәйкес жолын таба
білуге үйренеді. Дидактикалық құралдардың күшті тартымдылығы арқылы
бала заттарға қызығушылық танытады. Білуге құмарлық және жұмыс
істегеннен алған ләззаттан, оған әлемді түсінуге көмектесетін, онда
ішкі уәждеме сезімі пайда болады.
Біздің елде Монтессори педагогикасы бойынша жұмыс істеу барысында Монтессори құралдарымен жұмыс істеу мақсатын сақтай отырып, ұлтымыздың әдет – ғұрпын, салт - дәстүрін ашатын ұлттық нақыштағы құралдарды қолдану міндетті. Мысалы, қонақжайлылыққа тәрбиелей отырып, дастарханды жаюда әдемі оюланған ыдыс –аяқтармен «Күнделікті өмір жаттығуы» аймағын жабдықтауға болады. Бұл аймақта балалар нан турап, көкөністер мен жемістерді қолданып, ас жасаса, ұннан қамыр илеп, балаларға сол иленген қамырды бөліп беріп, бауырсақ кестіріп, қолының ұсақ моторикасын жетілдіруге болады. Оны асханадағы аспазшы апайлар майға пісіріп берсе, балаларға бауырсақ «ұлттық тағам» - деп нанның қадірін айтып, «Монтессори шеңберін»- жүргізу арқылы түсіндіру ұтымды.
Сондай – ақ Монтессори педагогикасында «Математика» бөлімінде санға затты сәйкестендіруді игеруге арналған «Ұршық»- деп аталатын құрал бар. Балаларға бұл құралды таныстыру алдында ертеден келе жатқан халқымыздың қолөнерінде жүннен жіп иіруге қолданатын ұршық туралы түсінік бере отырып, таныстыруға болады. Бейнелеу өнері бөлімінде қағаздан тек жолақтар қиғызып қана қоймай, ою - өрнектерді қиюға арналған қалыптарды қолданып, текеметтер, ыдыс- аяқтарды безендіруге болады. Балалар берілген заттарды өрнектеп қана қоймай сонымен қатар олардың қайшымен, желіммен жұмыс істеу барысында қолдарының ұсақ моторикасы дамып, алдағы уақытта қалам ұстап, жазу қабілеттері қалыптасады.
Қазіргі кезеңде ұлттық патриотизмнің басты көрінісі – қазақтың ана тілінде сөйлеуі, жас жеткіншектерге ұлттық тәрбие беру, ізет, құрмет, қайырым, мейірім сезімдерін дамыту мақсатында Монтессори педагогикасындағы «Тіл дамыту» бөлімінде үлкен және кіші қозғалмалы альфавиттерді қолданып, өзінің аты- жөнін, ата- анасына, Отанына деген құрметті жаза білуге үйренеді. Бұл тіл дамыту бөлімінде қозғалмалы әріптер алдымен ағылшын тілінде кейін орыс тілінде болса, заманның талабына сай қазақ тілі әріптері де жасалған. Балалар бұл бөлімде үлкен қызығушылықпен жұмыс жасайды.
Монтессори құралдарының «Ғарыш әлемі» бөлімінде әр елдің карталары, тулары, жан – жануарлар, өсімдіктер т/б көптеген айнала қоршаған әлем туралы құралдар берілген. Монтессори сыныбында балаларға еліміздің картасын қарата отырып, жан – жануарлары мен өсімдіктерімен таныстыра отырып, оның қандай үлкен, кеңбайтақ екені түсіндіріледі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда М.Монтессори педагогикасы «Сендер осы елдің болашағысыңдар, оны қадірлеп қорғау, дамыту енді сендердің қолдарыңда!»- деп балаларды өз Отанын сүюге, оны құрметтей білуге, жас ұрпақты ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалды деңгейі биік, жан-жақты азамат ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қолданған әдебиеттер
-
«БАҰО «Өрлеу» АҚ, «Қазақстана республикасы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу- тәрбие үдерісіне М.Монтессоридің педагогткалық жүйесін еңгізу бойынша әдістемелік құрал» Алматы қ, «Кредосс - Трейд» ЖШС баспаханасы, 2013ж.
-
Е.А. Хултинен «М.Монтессори ғылыми педагогикалық әдісі»
«Астрель» баспасы, Москва, 2010ж.
-
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту бағытында М.Монтессори педагогикасын пайдалану (әдістемелік құрал)
«Өрлеу»БАҰО АҚФ ПҚБ АИ Астана қ. 2018ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген