Нұргазы
Гүлмира
Нұрғазықызы-музыка
пәні мұғалімі,
«Әлихан
Бөкейханов атыңдағы Балқаш
қаласының
№15 мектеп-лицейі» КММ
МЕКТЕПКЕ
ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕДЕ ТОПТАРДАН ТЫС ЖҰМЫСТЫҢ
ТҮРЛЕРІ
Мектепке
дейінгі тәрбиеде топтан тыс жұмыстарды
ұйымдастыруда музыкалық іс-әрекеттерге
белсенділікпен қатыстыру, бастамашылдық
пен өз беттілікке ынталандыру, жеке
тұлғалық музыкалық қызығушылығын
арттыру негізінде музыкалық бейімділіктері
мен қабілеттерін дамыту міндеттерін
жүзеге асыруды көздейді.
Топтардан
тыс музыкалық тәрбие жұмысы, мектепке
дейінгі тәрбиеде ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің табиғи жалғасы әрі маңызды
элементтерінің бірі ретінде, музыкадан
алған білім, іскерлік, дағдыларын әрі
қарай тереңдетіп жалғастырушы болып
табылады. Бұндай тәрбие жұмысы балаларға
білім мен тәрбие берудің жалпы
принциптеріне бағынады. Оған бірнеше
ерекшеліктер тән.
Топтардан
тыс түрлі музыкалық әрекет баланың
музыка сабағына ашыла бермейтін
жеке-дара музыкалық қабілетін ашуға
ықпал етеді.
Балалардың
ұжым болып әрекет етуге деген талпыныстарын
қанағаттандырып, ұжымдық-орындаушылыққа,
ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор
болуға үйретеді.
Топтардан
тыс музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастыру
мен өткізуде уақытқа қатаң шектеу
болмайды. Бұл баланың өз ынта-жігеріне
қалауына, еркіне сәйкес ұйымдастырылатын
әрекеті.
Мектепке
дейінгі тәрбиеде топтан тыс музыкалық
тәрбие жұмысының түрімен айналысу
баланың әлеуметтік -музыкалық тәжірибесін
жандандырып, жетілдіреді, оны музыка
өнерінің таңдаулы үлгілерімен кеңірек
таныстырып, қажетті музыкалық практикалық
іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырады.
Мектепке
дейінгі тәрбиеде топтардан тыс музыкалық
тәрбие жұмыстарын негізгі үш топқа
бөліп топтастыруға болады:
-
балалармен жеке жұмыс;
-
түрлі үйірмелер топпен жұмыс;
-
балалардың үлкен ұжымдарға қатыстыратын
көпшілік іс-шаралары.
Мектепке
дейінгі тәрбиеде топтардан тыс жұмыстарын
ұйымдастыруға көп көңіл бөлемін.Осы
мақсатта балалардың шығармашылық
қабілеттерін арттыруда «Алғашқы қадам»,
«Біз мектепке барамыз», «Зерек бала»
бағдарлама бойынша, үйірме жұмысын
жүргіземін. Үйірме жұмыстары-топтардан
тыс жұмыстардың күре тамыры. Мектепке
дейінгі тәрбиеде балалардың қызығушылығымен
қатар белсенділігін көтеру үшін қуыршақ
театры, би, ән үйірмелерін ұйымдастырдым.
Бұл үйірмелерде көбіне балаларды
топ-топқа бөліп жүргіземін. Мектепке
дейінгі тәрбиедегі топтардан тыс
жұмыстарды ұйымдастырудың басты мақсаты
балаларға білім беру тәлім-тәрбиелік
принциптері негізінде жұмыстар
жүргізіп, жалпы адамгершілік қасиеттер:
мейірімділік, сұлулық, өжеттілікке
және өз Отанына, халқына деген
сүйіспеншілікке тәрбиелеу болып
табылады. Соның ішінде «Тұңғыш-Елбасы»,
«Қош келдің-Жаңа жыл», «Алтын күз»,
«Тәуелсіз күні», «Айналайын, Ақ мамам»,
«Балалар күні», «Жеңіс күні тойлаймыз»,
«Достық» ертеңгіліктер өткізе
отырып,балалардың әр мерекені өзінің
ерекшелігін бар екенін түсіндіру үшін,
балалардың қызығушылықтарын арттыра
отырып, сыпайлыққа, мәдениетілікке ,
білімділікке тәрбиелеу жұмыстарын
жүзеге асырамын.
Қазіргі
заман талабына сай балаларды үш тілде
сөйлеу білуге, жас ұрпақты саналы түрде
тәрбиелеуге жол сілтейтін, оң бағыт
беретін, олардың рухани дүниесін байытуға
жағдай жасайтын жұмыс болып табылады.
Көптеген ата-аналар өз балаларын туған
кезінен бастап шет тіліне баулуға
ұмтылады. Біздің бақшада қазақ, орыс
және ағылшын тілдерін меңгеруге
айрықша көңіл бөлінеді. Еліміздің
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің
Қазақстан халқына жолдауында үш
тілді(қазақ,орыс,ағылшын)меңгеру
қажеттілігін бірнеше рет атап өтті.
Бала тілді меңгеруді барынша ертерек
бастаса, оның тілді меңгеруі де оңай
болады.
Топтардан
тыс жұмыстар балалардың қабілетін,
икемін, дарынын, ынтасын ұйымдастыру
болып бірнеше салаға бөлінеді.
*үйірме,қуыршақ
театр;
*сайыстар;
*ертеңгіліктер;
*ойын-сауықтар.
Балалармен
қуыршақ театр-бұл үйірме. Оның
мақсаты-баланың сахналық мәдениетін
қалыптастыру, адамгершілік тәрбиесін
беру, еңбекке баулу, еңбек адамдарына
сый құрмет, достық, ынтымастық тәрбие.
Мысалы, «Шұбар тауық», «Үйшік», «Дос
іздеген Бота», «Қояның үйшігі» ертегілер
топта тыс жұмыстар өткізілді.
Мектепке
дейінгі тәрбиедегі топтардан тыс
балалармен жұмыстар жүргіземін. Атап
айтсам, «Мектеп күніне» арналған
кештерге қатыстырамын. Балалармен
көпшілік жеке жұмыстар жүргіздім.
Балаларды концертке дайындалып,концерт
қою ойындарын, музыкалық мектеп, «Музыка
студиясы», «Балалар оркестрі», деген
сияқты іс-шараларды ұйымдастырып
өткіземіз-баланың өнерге деген
қызығулышылығын оятатын, адамгершілікке
жетелетін процесс болып табылады.
Бұл
жұмысының барысы іс-шаралар арқылы
баланың рухани байлығын дамытуға,
байытуға болады деп ойлаймын. Осы
жүргізгілген жұмысы бойынша басқада
пәндерге (бейнелеу,түр-түсін, пішін,
көлемін ажырату, сахналау,импровизациясы,
фольклор (мақал-мәтел, жұмбақ жаңылпаштар)
, түрлі дидактикалық, музыкалық
ойындар,таяқшалармен ойнау, дыбыс, қимыл
арқылы жеткізу, психологиялық жаттығулардың
баланың зер салу, назар аудару, қимыл-ішара
мәнерлігін дамытуды көп пайдасы бар.
Осы жүргізілген жұмысы бойынша жинақталған
материалдар нәтижемінде жасалған
электронды және слайдты материалдар
сабақ беру үрдісінде көп көмек береді.
Топтардан
тыс балалар қалалық, мектепшілік,
облыстық конкурстарға қатысып жүлделі
орындарға ие болды. Бұнын барлығы менің
балалармен жүргізілген жұмысымның
жетістігі деп ойлаймын. Балалармен
топтардан тыс жұмыс жүргізуге қатты
көңіл бөлемін.
Музыкалық
көпшілік іс-шаралар
түрлеріне:ертеңгіліктер,музыкалық
мейрамдар,апталықтар,конкурстар,байқаулар,концерттер,
Қорыта
айтқанда,топтан тыс жұмыстар балалардың
қимыл-қозғалысын,ойлау қабілетін,сөйлеу
мәнерлерін қалыптастыруға тигізер
әсері мол деп ойлаймын. Музыка жетекшісі
балалардың топтардан тыс тәрбие
жұмысының нәтижелерін қорытындылап
отырғаны дұрыс. Ол үшін балалардың
музыкалық іс-әрекеттері түсірілген
бейнежазбаларды, үздіксіз басылым
беттеріндегі материалдарды, мақтау
қағаздары мен дипломдарының көшірмесін
жинастырып, фотоальбом, қабырға газетін,
көрме ұйымдастыруына болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.Музыкалық
жетекшінің анықтамалығы. №5.2016ж.
2.Мектепке
дейінгі білім. №6.2017ж.
3.
Бала тәрбиесі. №2. 2019ж.
4.Отбасы
мен балабақша. №10.2018ж