Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мектепке дейінгі ұйым педагогтарымен ойын «Миға шабуыл» түріндегі ойын. Педагогикалық алаң
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мектепке дейінгі ұйым педагогтарымен ойын «Миға шабуыл» түріндегі ойын. Педагогикалық алаң
(мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда адамгершілік – патриоттық тәрбие беру)
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік-патриоттық тәрбиелеу бойынша педагогтардың білімдерін нақтылау және бекіту.
Міндеттері:
- адамгершілік-патриоттық тәрбие мәселелерінде педагогикалық құзыреттілігін арттыру;
- мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік-патриоттық тәрбиесін анықтаудың мақсаттары, міндеттері және құралдары туралы педагогтардың білімін қорытындылау;
- педагогикалық такт көрсете отырып, өз іс-әрекетін және ойынға басқа қатысушының іс-әрекетін талдау тәсілі арқылы дамыту;
- ұжымдық жұмыс тәжірибесін меңгеруге ықпал ету.
Жалпы педагогикалық алаң – педагогтарды психология мен педагогиканың соңғы зерттеулерін, әдістемелік әдебиеттерді зерттеуге бағыттайтын, педагогикалық мәселелерді шешудің әртүрлі тәсілдерін анықтауға көмектесетін, логикалық ойлау және өз ұстанымын дәлелдеу дағдыларын жетілдіретін әдістемелік іс-шараны өткізу формасы.Тұжырымдай білуге, нақтылыққа, нақтылыққа үйретеді, тапқырлыққа тәрбиелейді. Бұл форманың өзіне тән ерекшелігі оның аясында педагогикалық жағдаяттарды, практикалық және теориялық тапсырмаларды шешу орын алуы мүмкін. Қатысушылар тапсырмаларды алдын ала немесе тікелей жұмыс барысында алады.
Ойын барысы.
Жүргізуші: Құрметті әріптестер, мен сіздерді «Педагогикалық алаң» ой қозғау ойынына қатысуға шақырамын.
Бүгін біз сіздердің адамгершілік, патриоттық тәрбие туралы білімдеріңізді ашамыз.Ортаға ойынға шығуларыңызды сұраймын әріптестер.Ал,ойынды бастамас бұрын мына әдемі оюлардың біреуін өзіңізге таңдаңыз.
Педагогтар үстел үстіндегі әдемі оюлардан өздеріне бір-бір ою таңдап алады.
Жүргізуші: ал енді әріптестер, алған оюларыңыз бойынша екі қомандаға бөлініп,әр команда өз үстеліне жайғаса қойыңыздар!
Алаңда екі команда бар:
- 1 команда «Қошқар мүйіз» ою-өрнегі командасы;
- 2 команда «Құс қанаты ». ою-өрнегі командасы;
Командалардың орындарына жайғасуын сұраймын.
Ойын бірнеше айналымнан тұрады. Сіздің міндетіңіз: қысқа мерзімде дұрыс жауаптар беру, сонымен қатар ойын барысын қадағалау, педагогикалық тактіні сақтау. Барлық айналымдарда берілген тапсырманы орындау керек.Әрбір дұрыс жауап үшін команда өз қоржынына бір оюдан алады.Ойын соңында қай команда көп ою жинаса,сол команда жеңіске жетеді.
Ендеше ойынымызды бастайық!
1 айналым. «Ми жаттығулары».
(1 минут ішінде мүмкіндігінше көп дұрыс жауап беру керек.)
-
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілерін оқыту-тәрбиелеу жұмысында сүйенетін басты құжаты? (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы).
-
Баланың адамгершілік-патриоттық тәрбиесінің мазмұнын функционалды модельдейтін баланың іс-әрекетінің материалдық объектілерінің жүйесі. Бұл не? (Заттық- кеңістіктік дамытушы орта).
-
Туған өлке ? (Отан).
-
Туған жерге, халқына деген адалдық пен сүйіспеншілік? (Патриотизм).
-
Белгілі бір шекарасы бар және мемлекеттік егемендікке ие үлкен аумақ? (Мемлекет).
-
Бала тәрбиесіне жауапты жандар? (Ата-аналар).
-
Мемлекеттің, оның егемендігінің нышаны: ағашқа немесе бауға бекітілген ? (Ту).
-
Мемлекеттің ресми таңбасы? (Елтаңба).
-
Бір ұрпақтан екінші ұрпаққа не қалды, алдыңғы ұрпақтан не қалды? (Дәстүр).
-
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында адамгершілік-патриоттық тәрбие тәрбиеленушілердің қай дағдыларын қалыптастыруда қарастырылған?(әлеуметтік-эмоциональды дағдыларын қалыптастыруда)
2- айналым. «Бір ауыз сөзбен...»
Жүргізуші: Командалар мынау тұрған «Сыр сандықтың» ішінде тапсырма бар.Алып,талқылап,дайын болғанда команданың бір мүшесі берілген тапсырманы «Бір ауыз» сөзбен нақты айтып беруі керек.
1 команда.
Ұғымды түсіндіріңіз.
Адамгершілік - патриоттық тәрбие дегеніміз ...
Адамгершілік-патриоттық тәрбие – азаматтардың туған еліне, ұлттық болмысына, өз Отанын қорғауға дайындығына деген борыш сезімін қалыптастыруға бағытталған шаралар жүйесі.
2 команда.
Адамгершілік-патриоттық тәрбиенің мақсаты...
Адамгершілік-патриоттық тәрбиенің мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие берудің мақсаты – Отанға деген сүйіспеншілікті, оның мәдениетіне мақтаныш сезімін ояту.
3- айналым. «Миға шабуыл»
Жүргізуші: Командалар мынау тұрған «Сыр сандықтың» ішінде ребустар бар, әр командаға бір ребустан бар.Ребусты шешіп жауабын айтамыз.
1-ші ребустың жауабы: Алматы, Астана.
2-ші ребустың жауабы: «Ел іші алтын бесік»
4- айналым. «Мақалды жалғастыр»
Жүргізуші: тақтада екі командаға мақалдар берілген.Команда мүшелері тақтаға келіп,мақалдың жалғасын табуы керек.
1-команда.
Бір
жеңнен қол шығар,
Бір жағадан бас шығар.
Ел-елдің
бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен де жақсы.
Отбасының сәні сыйластық,
2-команда.
Ынтымақ
— бұзылмайтын қорған,
Қосылып еккен ағаш — орман.
Отбасының өнегесі-
Отан өнегесі.
Отансыз
адам —
Ормансыз бұлбұл.
5- айналым. «Бас қатырғыштар»
Жүргізуші: алдарыңызда екі кроссвордтар жатыр.Бірін толық шешкенде «Қазақстан»,келесісін шешкенде «Туған жер» деген сөздер шығады.Ал,іске сәт!
«Қазақстан» кроссворды:
1.Азат елдің аспаны... (ашық)
2.Адам алаң үшін емес,тәуелсіздік үшін...(жаралған)
3.Тәуелдінің соры қалың,... бағы басым(тәуелсіздің)
4.Тәуелсіз елдің ұлы-өжет,қызы-....,халқы-қаһарман. (қайратты)
5.Азат елін сүйген ұл-бақытты,
Жаңа жұртын сүйген қыз-...( бақытты)
6.Тәуелді елдің ... болғанша(сұлтаны),тәуелсіз елдің ұлтаны бол!
7.Тәуелсіздік-...тұлпарының қос тізгіні (тарих)
8.Тәуелсіздік туы-...(асқақ)
9.... да,қараның да рухани өзегі –тәуелсіздік.(ханның)
«Туған жер» кроссворды:
1.Қазақ халқын,қала берді бүкіл түркі әлемін,дүние жүзіне танытқан ұлы шығарманың авторының аты?( Мұхтар)
2.Қазақ халқын,қала берді бүкіл түркі әлемін,дүние жүзіне танытқан ұлы шығарманың авторының тегі?(Әуезов)
3.Алаш майталманы?(Мағжан)
4.Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы?(Абай)
5.Ата-анаға арналған кеңес түрі? (жадынама)
6.Абайға екінші есім берген адам?(Ұлжан)
7.Абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы?
8.Абайдың шын аты? (Ибраһим)
9.Отбасы мүшелерінен бөлек баланы тәрбиелейтін адам? (тәрбиеші)
6- айналым. «Сыр сандықтағы құпия зат»
Жүргізуші: келесі сіздің тапсырмаңыз «Сыр сандықтағы құпия затты» сипаттауына қарай табу.
1.Ағаштан жасалған қос ішекті музыкалық аспап.(домбыра)
2.Теріден жасалған сусын құйылатын ыдыс.(торсық)
Рефлексия «Бәрі өз қолымызда»
Жүргізуші: үстелдеріңізде «Көбелектер» қонып тұр. Ойналған ойынды негізге ала отырып,мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік, патриоттық сезімдерін тәрбиелеуде ең маңызды деп санайтын тұжырымыңызды «қағаз көбелекке» жазуды ұсынамын.
Оны қолыңызға алыңыз. «Қағаз көбелектің» өздігінен ұсталмайтынын, тек қолымыздың арқасында екенін көреміз.
«Дұрыс тәрбие – бақытты қарттығымыз, жаман тәрбие – болашақ мұңымыз, көз жасымыз, бұл – өзге жұрт алдындағы, бүкіл ел алдындағы кінәміз». А.С. Макаренко.
Қолдарыңызға «қағаз көбелектеріңізді ұстай отырып,аңыз тыңдаңыз.
Аңыз: «Баяғыда бәрін білетін бір дана адам болған екен. Бір адам данышпанның бәрін білмейтінін дәлелдегісі келеді. Көбелекті алақанына қысып: «Айтшы, данышпан, менің қолымдағы көбелек: өлі ме, тірі ме?» - деп сұрайды. Ішінен өзі: «Тірі десе, өлтіремін, өлі десе, шығарып жіберемін» деп ойлайды. Данышпан ойланып тұрып: «Бәрі өз қолыңда», – деп жауап береді.
Мен бұл оқиғаны кездейсоқ алған жоқпын. Өйткені, бәрі шынымен де өз қолымызда,сіздерге айтарым- жасаудан қорықпаңыз, жаңа нәрсе іздеңіз, белгісізді үйреніңіз. Балалардың бойында адамгершілік, патриоттық сезімдерді тәрбиелеу де өз қолдарыңызда!!!
Ойынның қорытындысын шығару,жеңімпаз команданы анықтау.
Жүргізуші: баршаңызға белсенділік танытып ойынға қатысқаныңыз үшін алғыс білдіремін!
Адамгершілік - патриоттық тәрбие дегеніміз ...
Адамгершілік-патриоттық тәрбиенің мақсаты...