400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеші болу - бір бақыт Ұстаз - таудан сарқырап аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Назик Нуралиева

МҚК "Қуат" балабақшасы

Тәрбиеші

Алматы облысы, Іле ауданы



Тәрбиеші болу - бір бақыт



Ұстаз - таудан сарқырап аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз - ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттерді сіңірген адам ол ұстаз. Менің мамандығым - тәрбиеші. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу - игілікті істердің бастамасы екенін сезгендеймін.

Ендігі алға қойған мақсатым - білікті тәрбиешілердің қатарынан көріну, білімді балалар тәрбиелеу. "Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт тұру керек" деп М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу тәрбиешінің міндеті деп ойлаймын. Қазір жас маманмын - болашақта ұлағатты тәрбиеші болу басты арманым. Тәрбиеші - балабақша жүрегі болса, оның беделі балабақшаның беделі. Ал, балабақша - мемлекеттің басты тірегі деп айтсақта болады. Олай болса, қазіргі таңда тәрбиеші білікті әрі шебер, ұшқыр ойлы, қабілетті, өз ісін жетік меңгерген болуы керек. Тәрбиешілер қатарын толықтырып отыратын мен сияқты жас мамандар да талмай үнемі ізденіс үстінде болып, әр баланы мектепке ақылды, тәртіпті, білімді бала қылып балабақшадан жақсы түлектер ұшырса шығар асуымыз алыс емес. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры тәрбиешілер мен мектеп ұстаздарының қолында. Сондықтан әрбір ұстаз бұл жауапкершілікті сезінсе, біздің мемлекетіміздің қорғаны нығая түспек. К.Ушинский: "Ұстаз - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана ұстаз, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның ұстаздығы жойылады" деген ойымен келіспеу мүмкін емес. Күнделікті таңертең балабақша ауласына жақындағанда, балалардың сыңғырлай күлген дауыстары мені қуанышқа бөлейді. Балабақшаға кіргеннен-ақ, өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан арылып, кішкентай бүлдіршіндеріміздің тәтті қылықтары мен әдемі жүздерінен шаттанамын. "Баласыз үй мазар, балалы үй базар" деп ата- бабаларымыз бекер айтпаса керек. Алдымызға келген балалар - біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі - жан дегенде жалғызы, бірі - ерке, бірі - қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын таңшолпандай жарқыратып, жан дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет. Ең алдымен өзіме осы екі асыл қасиетті серік етемін. "Білімді болуға - оқу керек. Бай болуға - кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектің жолында жұмыс істеу керек" деген А.Байтұрсынов саралаған әдемі жолдардың ізімен жүріп өтсек бірлігіміз бен кәсібіміз одан әрі жандана түсетініне сенемін. Балабақша - балалардың екінші үйі болса, ал тәрбиешілер екінші анасы екенін әрдайым санамда ұстаймын. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі мен үшін үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату тәрбиеші деген ұлы тұлғаның парызы.

Ұстаз болып жұмыс істей отыра, әр бала жеке дара тұлға екенін сезініп және сен ұстаз ретінде әр баланың жүрегіне кілт таба білуін керек. Тек қана балаларға емес, оның ата – анасынада.

Тәрбиеші – екінші ана. Біздің мамандықта ең бастысы – балаларды жақсы көру әрқайсысы әр түрлі мінезде, әр үйдің кенжесі,еркесі және оларды жай ғана жақсы көріп қана қоймай жүрегінді берердей жақсы көру керек деп ойлаймын.

Мен неге тәрбиеші мамандығын таңдадым? Жауабы өте оңай. Себебі мен балаларды жақсы көремін. Әркім өмірлік жолын өзі таңдайды. Басты сұрақ: «Менің өз таңдауым дұрыспа?» 20 жыл өтседе мен нық жауап бере аламын:

Мен тәрбиешімін!

Мен оған мақтанамын.

Балалардың күлкісіне шаттанамын – дей келе отырып, «тәрбиеші болу – бір бақыт» деймін.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
858
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі