«Педагогикалық идеялар
панорамасы»
Конкурсының
Ережесіне 2-қосымша
қосымша
Конкурсқа қатысуға арналған
ӨТІНІМ
№ Негізгі параметрлер Сипаттамасы
1 Конкурс материалының (авторлық идеяның) атауы: Мектепке дейінгі ұйымда мультстудияның рөлі
2 Конкурс бағыты: Оқу сауаттылығы
3 Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (толық) Амирова Нургуль Ануарбековна
4 Лауазымы; Меңгеруші
5 Біліктілік санаты: Педагог
6 Білім беру ұйымының атауы: «Али-Жан 1» бөбекжай бақшасы ЖШС
7 Білім беру ұйымының мекенжайы: Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, М.Жаримбетов ауылы, Белгібай көшесі, №13 ғимарат
8 Электрондық пошта мекенжайы: conrat84@mail.ru
9 Байланыс телефоны: 8701 243 17 31
* Интернет желісінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жеке деректерді
(тегі, аты, әкесінің аты, электрондық пошта мекенжайы, бейнесі (фотосуреттері), жұмыс орны туралы ақпарат және т.б.) пайдалануға және жариялауға келісемін. Иә
«Педагогикалық идеялар
панорамасы»
Конкурсының
Ережесіне 3-қосымша
қосымша
Аймақтық кезеңге арналған Конкурс материалы
I. Жалпы ақпарат
1) Қатысушының Т.А.Ә.: Амирова Нургуль Ануарбековна
2) Конкурс материалының (авторлық идеяның) атауы: Мектепке дейінгі ұйымда мультстудияның рөлі
3) Конкурс бағыты: Оқу сауаттылығы
4) Кілтті сөздер (3–5): Мультстудия, заттық дамытушы орта, тілдік және когнитивтік дағды, заманауи ақпараттық технологиялар.
II. Авторлық педагогикалық идеяны сипаттау (2500 сөзден аспауы
керек)
1. Өзектілігі.Идеяның маңыздылығын зерттеулер мен тәжірибеге сүйене отырып негіздеу
Мультстудияның ең басты артықшылығы – балаларды шығармашылыққа баулу. Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық іс-әрекетке тартылуы олардың өзін-өзі тану, сенімділік пен жауапкершілік сезімін дамытуға көмектеседі. Мультстудияда жұмыс істеген кезде балалардың эмоционалдық әлемі байып, олар өздерін еркін және шығармашылық тұрғыда көрсете алады.
2. Әдістемелік негізділігі.Оқыту және тәрбиелеу әдістері мен формаларын таңдауын теория және практикаға сәйкес негіздеу
Мультфильм жасау процесі баланың ойлауын, қиялын және қол дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Мысалы, мультипликациялық кейіпкерлердің жасаушысы ретінде балалар өздерінің идеяларын жүзеге асыра алады. Олар осылайша топтық жұмыстың, жауапкершіліктің және уақытты тиімді пайдаланудың маңыздылығын түсінеді.
3. Жаңашылдығы Бірегей шешімдерді қолдану
Мультстудиялар қазіргі заманда тек қана дәстүрлі әдістерді қолданбайды, сонымен қатар заманауи ақпараттық технологияларды да енгізуде. Балалар компьютерлер, планшеттер, арнайы анимациялық бағдарламалар арқылы мультфильмдер жасайды. Бұл құралдар балаларға анимацияның күрделі аспектілерін меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мультстудияларда робототехника, 3D модельдеу сияқты жаңа әдістер де қолданылады, бұл балалардың технологиялық білімін арттырып, оларды заманауи мамандықтарға дайындайды.
4. Практикалық қолданбалығы
Идеяны нақты практикада қолдану (сабақтың, іс-шараның жоспары немесе
бейнежазбасы)
Кіріктірілген іс-әрекет: Сөйлеуді дамыту, Көркем әдебиет, Жапсыру,
Құрастыру.
Тақырыбы: «Балапан мульт студиясы»
Мақсаты: Ертегілер арқылы балалардың шығармашылық қиялдарын, сөздік қорларын молайтып, тіл байлықтарын дамыту. Сюжеттік бірізділікті сақтай отырып, көңіл-күймен, қисынды мазмұндауды үйретуді жалғастыру.
Міндеттері:
-Театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;
-Сөздік қорларын байыту;
-Ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету;
-Кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу;
Тәрбиелігі: Ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Мультимедиа технологиясы.
Көрнекіліктер: Ермексаз, құрастырғыш, желім, түрлі-түсті қағаз, стол үсті шамы, ұялы телефон, штатив, әуенді үнтаспа, касса, билет.
Барысы: Балаларды шеңберге тұрады
Шаттық шеңбер:
Кел достарым келіңдер,
Қолдарыңды беріңдер.
Шаттық толы шеңберге,
Қуанышпен еніңдер.
Шақырамын сендерді.
Жолдастарым кел бері,
Толтырайық шаттыққа.
Дөңгелеңген шеңберді.
Балалар шеңберге тұрып, қонақтармен сәлемдесіп алады.Шардың ішіндегі хатты тәрбиеші алып,балаларға оқиды. Хатта балаларды «Мульт студиясына» шақыру туралы жазылады. Балалар мультстудияға кіру үшін алдымен кассадан билет алады. Билет үш түрлі кейіпкерлермен бейнеленген. Билеттеріне қарай топқа бөлініп.үш столға тұрады.
1-топ: «Жарқағаз» дайындау
Шарты: Мульт студияның (афишасын)жар қағазын суреттер арқылы жапсырып, құрастыру.
2-топ: «Тиін мен Кірпі» ертегісі
Шарты: «Тиін мен Кірпі» ертегісінің кейіпкерлерін ермексазбен мүсіндеп, мульт студия арқылы сахналайды.
3-топ: Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала өсиеті» әңгімесін құрастырғыштармен құрастырып, мульт студиясы арқылы сахналайды.
Тәрбиеші:Қанеки балалар орнымыздан тұрып бір сергіп алайық.
Сергіту сәті: Әуенмен сергіту
Тәрбиеші: Балалар қанеки өздеріңнің жасаған жұмыстарыңды «Балапан» мультстудияға келіп, өз ертегімізді экран алдында сомдап берейік.
Қорытынды: Сұрақ-жауап:
-Біз қайда бардық?
-Балалар: «Мультстудияға» бардық.
-Мультстуияда не жасадыңдар?
-Балалар:Ермексазбен түрлі аңдарды жасадық.Құрастырғышпен әңгіменің кейіпкерлерін құрастырдық.Желімді пайдалана отырып, мультстудияның афишасын жасадық.
Тәрбиеші: Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Рахмет, балалар! Қонақтармен қоштасайық .
Балалар: Сау болыңыз!
Күтілетін нәтиже:
1.Ермексазбен «Тиін мен кірпі» ертегісін түсініп, кейіпкерлерін мүсіндеп, сахналай алады.
2. Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесін құрастырғышпен құрастырып, әңгіменің мағынасын түсінеді.
3. Суреттерден «Балапан мультстудиясының» жар қағазына жасай алады.
5. Тиімділігін бағалау.Идеяның білім беру нәтижелеріне әсері
Мектепке дейінгі ұйымдарда мультстудияның рөлі өте маңызды, себебі ол балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тілдік және когнитивтік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Мультстудия арқылы балалар тек қана қызықты әрі пайдалы уақыт өткізбей, өздерінің ішкі әлемін аша алады, жаңа нәрселерді үйренеді және қиялдарын жүзеге асырады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы мультстудиялар балаларды жаңа заман талабына сай жан-жақты дамытуға мүмкіндік беретін тиімді құрал болып табылады.
Біріншіден, балалар шығармашылық тұрғыда дамиды, бұл олардың өз-өзін танып-білуіне және дүниетанымын кеңейтуіне көмектеседі. Екіншіден, мультстудия балалардың тілдік және когнитивтік дағдыларын жетілдіреді. Үшіншіден, бұл балалардың қоғаммен байланысын арттырып, өзара ынтымақтастыққа, ұжымдық жұмысқа үйретеді.Дегенмен, мультстудияларды енгізу барысында кейбір қиындықтар да туындайды. Мысалы, арнайы құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі, білім беру бағдарламаларының жетілдірілмеуі, балаларға мультстудияның мәні мен мағынасын түсіндірудің қиындығы сияқты мәселелер орын алуы мүмкін. Сондықтан, мультстудияның тиімді жұмыс істеуі үшін арнайы педагогикалық кадрлар мен материалдық базаның болуы маңызды.
III. Пайдаланылған әдебиеттер:
- Интерет ресурстары;
-Педагогика М.Жұмабаев
-Бала мен балабақша журналы 2017ж №2
-Отбасы және балабақша журналы 2023ж №5

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мектепке дейінгі ұйымда мультстудияның рөлі

шағым қалдыра аласыз