400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық жұмысты ұйымдастырудағы педагогикалық – психологиялық қызметтің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

БҚО, Зеленов ауданы. Новенький ауылы. «Бүлдіршін» бөбекжайы МКҚК әдіскері Галиева Ботагөз Кенесқызы

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық жұмысты ұйымдастырудағы педагогикалық – психологиялық қызметтің рөлі»

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес: «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке және шығармашылық қабілеттерін ашық дамытуға жәрдемдесу және психологиялық жеке ерекшеліктеріне қарай әсер ету сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Сонымен бірге, әрбір балабақшада баланың психологиялық жан-жақты даму ерекшеліктерін, әр баламен жеке ерекшелігіне қарай қалай жұмыс істеу керек екендігі жөнінде кеңес бере алатын, оқу-тәрбие үрдісінде психологиялық ыңғайлы жағдай тудыра алатын психологиялық білімі жоғары педагог-психологтың болуы керек екенін заман өзі дәлелдеп отыр.

Олай болса, бүгінгі таңда әрбір балабақшаның негізгі міндеттерінің бірі – психологиялық қызметті жүйелілікпен ұйымдастыру және оны жандандыру болып саналады.

Біздің негізгі мақсатымыз: Өзіміздің Ұлттық психологиялық қызметтің жүйелі, нәтижелі болуына үлесімізді қосу.

Қазіргі заманда психологиялық қызмет білім беру және тәрбиелеу жүйесінің кез-келген құрылымында, балабақшадан бастап жоғарғы оқу орнына дейін, енгізіліп жатыр. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Мысалы, балабақша тәрбиеленушісіне ересектерге арналған ашық тесттерді бере алмаймыз. Және назарды көбіне педагогтар мен ата-аналарға бөлеміз. Себебі олар ең алғашқы баламен қарым-қатынасқа түсетін және олардың дамуы мен қалыптасуына әсер ететін жандар.

Көбінде психологтың қызметі, оның тәрбие үрдісіндегі рөлі, маңызы жөнінде сұрақтар туындайды.

Психолог қызметі, негізгі бағыттары:

  1. Баланың жастық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып психологиялық саулығын нығайту және балабақша тәрбиеленушілерінің тұлғалық дамуына жағдай жасау.

  2. Инновациялық психологиялық диагностикаларды пайдалана отырып тәрбиеленушілердің тұлғалық және интеллектуалды дамуының динамикасын зерттеу.

  3. Педагогтар мен ата-аналардың қарым-қатынастағы психологиялық – педагогикалық компетенттілігін қалыптастыру.

  4. Педагогикалық ұжым мен ата-аналардың салауатты өмір салты туралы білімдерін кеңейту.

  5. Тәрбиеленушілердің жеке тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелеріне педагогикалық ұжымды, ата-аналарды бағыттау мақсатында зерттеу жұмыстары материалдары бойынша психологиялық – педагогикалық қорытынды жасау.

  6. Дарынды балаларды психологиялық қолдап, олардың дамуына жағдай жасау.

  7. Әлеуметтік бейімделмеудің алдын алу бойынша шараларды жүргізу.

  8. Балалардың жеке тұлғалық дамуының кедергілерін анықтап, психологиялық көмек көрсету. (психокоррекциялық, оңалту және кеңестік)

  9. Педагогтарға психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша кеңес беру.

  10. Педагогтар мен ата-аналардың әлеуметтік психологиялық құзыреттілігін дамытуға жағдай жасау.

  11. Бекітілген формалар бойынша құжаттар жүргізу.

Психолог жұмысының нәтижелілігі көбіне жұмыс істеуге тудырылған жағдайға, психологтың жеке қасиеттеріне және кәсіби шеберлігіне байланысты.

Психолог бөлмесінің дұрыс жабдықталуы оның жұмысының сапасына әсер етеді. Психологиялық бөлмені жабдықтауға қойылатын негізгі талаптар:

  • Міндетті түрде терезенің болуы;

  • Жылы түстердің қолданылуы;

  • Психолог жұмысының бағыттарына байланысты бөлімдердің болуы.

Психолог жұмысының негізгі бағыттары:

►психодиагностика(бақылау, әңгімелесу, анкеталар, сұрақтар, тесттер, әдістемелер),

►психокоррекция(коррекциялық сабақтар, тренингтер, семинарлар, ойын терапиясы, құм терапия, ертегітерапия, музыкатерапия, релаксация, аутотренингтер, психогимнастика т.б.),

►психологиялық кеңес(жеке кеңестер, топтық, клубтық шаралар, жиналыстар, анонимді жәшіктер),

►психопрофилактика және психологиялық ағарту(мәлімет тақтасы, семинарлар, лекциялар т.б.) жұмыстары.

Психологиялық түзету – дамыту жұмыстарын жүргізудің инновациялық әдістерінің тиімдігі сол әдістерді дұрыс қолдана алған білікті мамандардың жұмыстарының нәтижесінен көруге болады. Оларға келесі әдістерді жатқызамыз:

  • Ертегі терапия (оқу, талқылау, ойдан құрастыру, ертегінің суретін салу)

  • Ойын терапиясы (ойындар мен жаттығулар, психогимнастика, рөлдік ойындар)

  • Арттерапия (суреттермен жұмыс, бейнелердің визуализациясы) - қорқыныш сезімдерін анықтау

  • Агрессиядан арылу әдістері: жастықпен алысу, қағаз жырту, үрмелі балғамен үстелді соғу, релаксация, т.б.

  • Қалыпты көңіл күй деңгейін дамыту ойындары.

  • Қорқыныш пен үрейді тежейтін ойындар.

  • Сазбен, сумен және құммен жұмыс

  • Белсенді қозғалыс ойындары

  • Саусақпен жұмыс: пластилин, моншақтарды жіпке тізу, қағаздарды бүктеу, қайшымен қию

  • Сюжеттік-рөлдік ойындар: спектакльдер

  • Топтық психокоррекциялық сабақтар: тұлғалық және танымдық сфераларында туған мәселелермен жұмыс. Сабақтарда қолданған көрнекіліктердің сапасының жоғары болуы, ашық түстердің көп болуы, анимациялық суреттердің қолданылуы баланың қызығушылығын тудырып, шығармашылық және танымдық белсенділігін арттырады.

Психолог балабақша ұжымын басқару жүйесін құруға, келіспеушіліктерді жеңуге көмектеседі.

Педагогикалық ұжымның іскерлігіне әрбір бала тұлғасының толық даму идеяларын ұсынады және тәжірибеде жүзеге асуына көмектеседі.

Бала тәрбиесі ең алдымен отбасында жүзеге асады. Сондықтан тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі – психологиялық педагогикалық білімдерін көтеру. Осы міндетті шешу – ата-аналар жиналысы, конференциялар, тренингтер, пікірталастар, сайыстар т.б. шаралар арқылы жүзеге асады.

Баланың балабақшада психологиялық комфортта болуы үшін тәрбиешіге бірнеше талаптарды орындауға тура келеді:

  1. Әрбір бала қандай болса, сол қасиеттерімен қабылдау. Жаман бала болмайды, әлсіз ата-ана мен педагог болады.

  2. Іс-әрекет барысында өздігінен көмекке балаларды бөлмені күту, жинастыру сәттеріне қосуға болады.

  3. Балалардың ойындарын ұйымдастырып қана қоймай, бірге қатысу.

  4. Қиын тапсырмаларды орындар кезінде оның орнына істемей, керісінше оны қолдап отыру қажет.

  5. Баланың өзбетті және жауапты болуына көмектесу.

  6. Баланың еркінсіз өзіңіздің ережелеріңіз бен талаптарыңыздың орындалуын талап ету зорлық болып табылады.

  7. Тыйым салу мен қатаң талаптар шектен тыс көп болмауы қажет. Бұл балаларды пассивтілікке немесе тәрбиешінің балалар алдындағы статусының төмендеуіне алып келеді.

Мектепке дейінгі ұйымдарда психолог жұмысының негізгі бағыттарын жүзеге асыру жұмыс тәжірибесін жалпылай отырып, қол жеткен жетістіктер мен оған себеп болған факторларды атап өтуге болады:

  • Инновациялық әдістерді қолдана отырып, жеке тәжірибемізді кеңейуімен қатар, бала психикасына жағымды әсерін байқаймыз.

  • Педагогтардың кәсіби деңгейі жұмыстың интерактивті формалары арқылы көтеріледі.

  • Қызметтестік шеңберінде отбасылармен тығыз қарым-қатынас орнайды.

  • Мәселені шешу ересектердің ұйымдастырылған істері арқылы жүзеге асады.

  • Бірлескен ойындар мен тренингтер арқылы тығыз қарым-қатынас қалыптасады.

  • Топ ішінде жағымды климат орнайды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
892
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі