400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектепке дейінгі ұйымдарда жобалау технологиясын қолданудың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал тәрбиешілер мен ұстаздарға септігін тигізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ахметова Жадыра Әлиасқарқызы

Қызылорда қаласы

«Сыр Жұлдызы» бөбекжай балабақшасы


Мазмұны

Кіріспе..................................................................................................................3

Елбасы жолдауы

Мектепке дейінгі мекемелердегі жобалау технологиясының маңызы мен тиімділігі

1.1 Білім беру жүйесінде қолданылатын технологиялардың маңызы.........................................................................................................4

1.2 «Педогогикалық технологиялардың» негізгі бағыты.............................4-5

2. Мектепке дейінгі мекемелердегі жобалау технологиясын қолданудың барысы..............................................................................................................

2.1 Жобалау технологиясының білім берудегі тәрбиешінің рөлі мен қызметі ..........................................................................................................6-7

2.2 Жобалау  технологиясының  негізгі  мақсаты, түрлері........................8-9

Қорытынды .....................................................................................................9 Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................10



























Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды өз  бетімен іздендіре  отырып, өзіне  деген сенімділік  күшін  тудырып, өз  ойын  анық  жеткізе  біліп, дұрыс  шешім  қабылдауға, яғни  жеке  тұлға  болып  қалыптасуына  бейімдеу  қажет.

Жұмыстың мақсаты: Мектепке дейінгі мекемелердегі жобалау технологиясының тиімділігі мен маңызын зерттеу.

Жұмыстың міндеттері:

  1. Мектепке дейінгі мекемелердегі жобалау технологиясының тиімділігі мен маңызын анықтау.

  2. Жобалау технологиясының негізгі мақсаттары мен түрлеріне шолу жасау.

  3. Жобалау технологиясының білім берудегі тәрбиешінің рөлі мен қызметіне зерттеу жасау.

Нысаны: Мектепке дейінгі мекемелердің педагогикалық үрдісі

Пәні : Мектеп жасына дейінгі балаларға жобалау технологиясын қолдану ерекшелігі

Ғылыми болжамы: Егер, мектепке дейінгі мекемелердегі жобалау технологиясының қолданылу аясы кеңінен қолданылып, өз әсерін тигізетін болса, онда бұл технологияны мектепке дейінгі мекемелерде қолдану тиімдірек болар еді.

Зерттеу базасы: №1 «Арман» ясли-бақша коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, «Ақбота» ересек тобы.

Күтілетін нәтиже: мектепке дейінгі мекемелерде жобалау технологиясының тиімді немесе тиімсіздігін анықтау.



Елбасы жолдауы : «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»

Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі. Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру Қазақстанның одан әрі қарыштап дамуына үлкен үлес қосады.[1] Біз бұл жолдаудан мектепке дейінгі тәрбиенің де мемлекеттік маңызы бар іс екенін көре аламыз.Сондықтан еліміз білімді ұрпақпен қамтамасыз етілу үшін мектепке дейінгі тәрбие басты рөлді атқарады . Қазіргі заманғы педагогикалық ой-тұжырымдарда баланың жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат-өмірдің барлық саласындағы белсенді шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. . Қазақстан Республикасының қазіргі мектепке дейінгі мекемеде жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту»сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген. . Сол себепті қазіргі таңдағы  негізгі талаптардың бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған, жаңаша, тәуелсіз, ойлай алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда педагогикалық технологиендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиешіьердің негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау,жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу,жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған.[4] Осы жаңа технологияларға ғалымдар әр түрлі анықтама береді. Мысалы: Н.Макарова «Жаңа ақпараттық технология-қысқаша компьютер негізіндегі технология» деп тұжырымдайды. Ал М. Жалдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді: Ол «Жаңа ақпараттық технология-адамдардың білімін кеңейтіп,олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы» дейді.[4].Иә, шыныменде бұл құралдардың балалар өмірінде алар орны ерекше.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан -2050" стратегиялық жолдауында "біз білім -ғылым-инновациялар үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз, біріншіден ,бұл -уақыт, қазір инновация заманы, инновация ғасыры" [5]деген сөзінің өзі осының дәлелі ме деп білеміз. Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. [5]. Сондықтан біздің бүгінгі қарастыратын технология – Жобалау технологиясы. Жобалау әдісі – инновациялық педагогикалық технология. Педагогикалық жоба ол педагогтардың арнайы ұйымдастырған, балалардың өздігінен шешім қабылдауын және де өз таңдауы мен еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне  өзін жауапты ететін іс-әрекеттер тобы. Арнайы білімді қажет ететін айқын мәселелерге ынталандыру және жоба іс-әрекеті арқылы мәселенің шешімін қамтитын білімнің іс-жүзінде пайдалануы. Бұл  технология  әлемдік  педагогикада  жаңалық  емес. Ағылшын  тілінен  аударғанда «cooperative learninq»-  бірге  үйрену  деген  мағананы  білдіреді. Бұл технология 19  ғасырдың  2- ші  жартысында  АҚШ  ауылшаруашылығы  мектептерінде  пайда  болған.Оның  негізін  салған-Джон  Дьюи  атты психолог  және  педагог, философ  Дьюидің  ілімін  жалғастырушы- Колумбия  университетінің  жанындағы  мұғалімдер  колледжінің  прфессоры  Уильям  Херд Килпатриктің  ойынша,  балаларды  өз  жұмысының  жемісін  көруге  ынталандыру  арқылы үлкен  өмірге  дайындау- бұл  технологияның  негізі. «Өзіне  көйлек  тігіп  киген  бойжеткенді  мысалға  алайық. Егер  ло  кейін  өзі  киетін  көйлегі  үшін  жанын  аямай, ерінбей, аса  қызығушылықпен  көйлек  үлгісін  өзі  ойлап  тауып, өз  бетімен  өлшеп, пішіп, тігіп  кисе- бұл  мысал  жобалау  технологиясының  нағыз  типтік  үлгісі»- деген  екен  Хилпатрик.[6]

Осы технологияының ерекшелігі – баланың алдағы іс-әрекетті жобалай алуы мен оның субьекті бола білуі.Яғни, жоба – ол баланың мақсатқа жетуде қоршаған ортасын кезеңді процестер мен алдын-ала жоспарланған тәжірибелік іс-әрекет  арқылы қабылдайтын педагогикалық әдіс болып табылады.

Жобалау әдісінің басты идеясы: балалардың танымдық қызығушылығын дамыту, өз беттерінше және тәрбиешісі мен ата-анасының көмегі арқылы өз білімдерін дұрыстап ақпараттық кеңістікте жөн таба білу және сыни ойлауды дамыту.[ 6]

Жобаның  педагогикалық  маңыздылығына тоқталар болсақ тәрбиеші тек  дайын білімді беру емес, балалардың  танымдық қызметін   ұйымдастырушы рөлін атқарады.  Жобалау қызметі белсенді, шығармашыл педагогқа білім беру салаларының мазмұнын тиімді ықпалдастыра отырып , әр түрлі, қызықты, толық мазмұнды қызметтер арқылы мақсат – міндеттерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.  Жобалау әдісі тәрбиеленуші балалардың  ата – аналарымен  ынтымақты жұмыс жасау тиімділігіне және оларды балабақша өміріне тарту   мүмкіндігін де  оңынан шешеді. Балабақшадағы  жобалау қызметінің  ерекшелігінің мәні, балабақша баласы өзінің мәселесін, ойларын  өз бетімен тұжырымдай алмайды, сондықтан  балабақшаның тәрбиелеу мен оқыту үрдісіндегі жобалау қызметі балалардың, педагогтардың, ата-аналардың  қатысуымен ынтымақтастық  түрде өтеді. Мектепке дейінгі   жастағы  бала жобалау қызметінің ұйымдастырушысы, авторы бола алмайды, баланың  қызығушылығын  түсінетін   үлкендердің көмегін қажет етеді. Қойылған мақсат – міндеттердің шешілуіне байланысты  үлкендер  балаға  құрал – жабдықтар  және  мақсатқа жету  тәсілдерін табуға көмектеседі. Үлкендердің көмегіне сүйене отырып, балалар  өз мәселелерінің шешімін   ата-аналарына сұрақ қою арқылы, танымдық әдебиет кітаптарды оқу, бақылау жасау арқылы  ізденіп табады. Олар  бірігіп шығармашылық қызметпен: сурет салады, шеберлік қол өнерімен айналысады.

Жобалау қызметін  ойдағыдай  жүзеге асыруға   қажетті   жағдайлар:

Баланың  қызығушылығын  есепке алу.

Ерікті  түрдегі қызмет.

Тақырыптың түсініктілігі. Алынған мәселе  жағдайы  бәріне түсінікті  болуы қажет.

Балалардың  аз  болса да, жеке  ынталы бастамаларын  қолдау.

Жобалау  технологиясын  қолданудағы  негізгі  мақсат-  балалардың  қызығушылық  ынтасын  дамыту, өз  бетімен  жұмыстарын  жүргізу  арқылы  білімдерін  жетілдіру, ақпараттық  бағдарлау  біліктілігін  қалыптастыру  және  сыни   тұрғыдан  ойлау  қабілетін  арттыру  арқылы  баланы  болашақта  әр  түрлі  жағдаяттарда, әр түрлі  қоғамдық  ортада  өзін-өзі  көрсете  білуге  бейімдеу.

Бұл  технологиядағы  жобаның  түрлері:

1.    Ғылыми  жоба.

2.     Шығармашылық  жоба.

3.     Ойын  түріндегі  жоба.

4.     Ақпараттық  жоба.

 

Жоба  ұзақ  және қысқа  мерзімді  болып  екіге  бөлінеді.

Егер  оқушы  жобасы  тақырыбын  дұрыс  таңдай  отырып, жоспарлай  білсе, оны  дұрыс  орындай  алса-ол  болашаққа  дұрыс  бейімделген  тұлға  болып  қалыптасады.

Әр  түрлі  жағдаяттарда  дұрыс  шешім  қабдай  отырып, әр түлі  адамдармен  тіл  табыса  отырып, әр  ортада  дұрыс  бағыт  бағдар  алады.[6]

Сонымен, жобаның  тиімділігі- көзбен  көріп, құлақпен  естіп, есте  сақтай  отырып  балаыны  ізденіске, іскерлік  пен танымдық  ынтаға,шығармашылық  қабілетті  жетілдіру  арқылы  түрлі  мәселелерді  шеше  білуге, тапқырлыққа  жаңа  ғылыми  ізденіске  жетелеуде.

Ал жобаға қойылатын негізгі  талаптар: Шешімін іздейтін мәселенің болуы,жоба бұл байсалды ойын,баланың  дербестігі және ата-ана мен баланың ортақ шығармашылығы; Білімді қолданыста пайдалану үшін мектеп жасына дейінгі балалармен өз ықыластарымен ұсынылған кішігірім жобалар алу қажет, сонымен қатар 3 нәрсеге көңіл аудару қажет: Мектепке дейінгі баланың қызығушылығы,оның белсенділігі және оның дербестігі; Жобалау кезінде мектеп жасына дейінгі бала рөлінің өзгереді. Жоба кезінде мектеп жасына дейінгі бала оқыту субьектіне айналады.Іс-әрекет мақсатын тәрбиешімен бірге бала өзі анықтайды.Бала мәселені шешуде өзіне керекті нәрсені өзі көбірек таңдай алады және оқу мен тәрбие процесіне белсенді қатыса алады және бала мүмкіншілігінің көптігі (тәжірибе жасап көреді, жаңа нәрселерді таниды). Сонымен бірге бала тапсырманы орындауда жауапкершілік жүктей алады және уақытын бөліп пайдалана біледі, топтық жұмыстарда көбірек тәуелді болады. Жобалық іс-әрекеттерді пайдалану мектепке дейінгі оқу мен тәрбие саласында көптеген тапсырмаларды шешеді. Мектеп жасына дейінгі баланы орындаушы емес, іскер етіп тәрбиелеу мүмкіншілігін береді.Әр бала өзіне ұнайтын іс-әрекет жасай отырып, әр бала өзін шығармашылық тұлға етіп көрсете алады. Соынмен бірге жобалық  іс-әрекет бала бақшада зерттеушілікпен зор қиюласады, өйткені балалар тумысынан зерттеушілер, олар шаршамайды, тырысады, аңғарғыш және әуес. Тек осы мүмкіншіліктерін жобалық іс-әрекетте қажет арнайы икемге пайдалану керек. Жобада тәрбиеші қызметінің сипаты: тәрбиеші баланың серіктесі әрі оның өзін-өзі дамытудағы көмекшісі болып  табылады.Тәрбиеші жобаның негізгі жетекшісі, әрі мәселені шешудегі баламалар тобы менжеке баламалардың жігер үйлестірушісі.Тәрбиеші жоба кезінде сырттай бақылайды, кеңесші әрі сарапшысы бола отырып, аз айтып балалармен көп ізденеді.Ақпарат көздерін тауып, ұсыныстар жасап отырады және жасалған жұмыстардың нәтижелерін  бағдарлай біледі. Танымның барлық әдісін біріктіруші тақырыптық жобалар балаларға өз табиғатына жақын білім жолын ұсынады.Одан басқа,әр қайсысы өз бағыттары бойынша әрекет ете отырып (біреуі мүсін жасайды,сурет салады,оқиды, кітап жазады)барлығы да берілген тақырыпты жан - жақты ашып көрсететін қыруар мағлұматтар жинап,көрнекі нәтижелерге қол жеткізеді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың ересектеулері құм мен сазды қуана  зерттейді,өзіндік ерекшеліктерін тани отырып,жүзуге кемелер жібереді,самалды тосады,суды түрлі түсті мұздақтарға айналдырып,ал күн көзін түрлі - түсті алауларға айналдырады,көпіршік жасап, сурет салып көреді,ал бұл арқылы балалар негізінде «Ауа қайда болады?», «Неге кемпірқосақ түрлі- түсті болады?» деген сияқты қиын сұрақтардың шешімін іздейді. Жоба кезінде бала (қашан? қандай?қайда?)деген сұрақтарға тәжірибе жасап,пайымдайды,іздестіреді,жауап іздейді,тілдік қарым- қатынастарға түсіп,өз ойларын әр түрлі білдіреді,не үшін әрекет етіп жүргенін түсініп,өз қызығушылығы мен арманын айтады. «Біз кафе ашамыз», «Өсімдіктерге қалай әдемі болуға көмектесу керек?» деген сияқты кішігірім жобалар балалар мен ұстаздардың шығармашылық іс әрекеттерін талап етеді.Ал «Мен және басқалар», «Достар атызда өспейді»,  «Қалай өз өміріңнің әміршісі болуға болады?» деген сияқты әлеуметтік бағыттағы ұзақ мерзімге арналған жобалар балалар мен мұғалімдердің 3 айдан 6 айға дейінгі  жұмысын талап етеді. Мектеп жасына дейінгі оқу мен тәрбие мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты педагогикалық үрдісінің бағдарлануын,жобалануын және құрылуын болжайды.Білім беру ұйымдарында жобалау әдісі педагогтардың  жобалау құзыреттілігін арттыру шарттарының бірі ретінде пайдаланылады.Жобалау әдісін пайдалану педагогтарға  инновациялық идеялар қосуға мүмкіншілік жасайды. Педагогтың жобалау құзыреттілігіне мыналар жатады:педагог жұмыстарының  нәтижелерін жобалай білу; педагогикалық ықпал етудің жолдарын жоспарлау; тәрбие мен оқытуда кездесетін қиыншылықтардың нәтижелерін болжау; нақты педагогикалық тапсырмаларды  бөліп көрсету, оларды шешу  шарттарын анықтау; балалардың әр түрлі іс- әрекеттерін басқару  жұмыстарын жоспарлау  және тәрбие мен оқыту жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін, құралдарын таңдай білу. Педагогтардың жобалау  құзыреттілігін қалыптастырудағы негізгі мақсат - ұсынылған мәселе бойынша   жоба жасауға үйрету. Мектепке  дейінгі білім ұйымдары  педагогтарының кәсібилігін арттыру ретінде зерттеу, жобалау жұмысын дамыту. Жобалау әдісі жұмыстарын  мектеп  жасына дейінгі қолданысқа кіргізуді педагогикалық кадрлармен жұмыстар ұйымдастырудан бастау қажет.[ 6] Бұл  технологиялық  оқудағы  тәрбиеші  мен  баланың  іс-әрекеттері  түбегейлі  өзгереді. Салыстырып  көрейік:

баланың  іс-әрекеті.

тәрбиешінің  іс-әрекеті.

-бала- оқыту  субъектісі.

-Жеке  тұлғаға  қарай  бағыттылғын  ұсынушы, нақты  мақсат  қоюшы.

-Мақсатқа  дербес өз  іс-әрекетімен  жетуші  белсенді  субъект.

-Бағыт- бағдар  беруші, кеңесші.

-Өзін-өзі  және  бір-бірін оқытушы.

-Оқытушының  жетістігін  құптаушы.

-Өнерпаз, жасампаз  еңбектің  иесі.

- Ынталандырушы, мақсат  қоюшы.

-Өз  ізденісімен  табысқа  жетуші  шығармашылық  тұлға.

-Мақсаттарға  жетелеуші.




Біз осы жобалау технологиясын іске асыру мақсатында №1 «Арман» ясли-бақша коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, «Ақбота» ересек тобында іс-тәжірибе жасап көрдік. Іс-тәжірибе барысында «ойын түріндегі жобаны» таңдадық. Амангелді Ерасылмен бірге «Өз отбасыңды құрастыр» ойынын ойнадық. Бұл ойындағы негізгі мақсат балалардың өз отбасы туралы әңгімелей білуге,сүйіспеншілікпен қарауға,сөздік қорымен қоса логикалық ойлау қабілетін дамытып, зейінін тұрақтандыру болатын. Зерттеу жұмысы ұтымды өтті деуге болады.Себебі Ерасыл өз отбасының адамдарын түгендеп, олардың сүйікті іс әрекетін, отбасымен қарым-қатынасы туралы ойын еркін жеткізе білуге дағдыланды.Түрлі суреттердің ішінен өз талғамына байланысты таңдау жасай білу қабілеті қалыптасып, өзіндік идеясы мен ойлау қабілеті дамыды.

Қортынды

Қортындылай келе жобалау іс – әрекеті өзекті және өте тиімді. Ол балаға зерттеу жасауға, алыңған білімді синтездеуге, шығармашылық қабілеттер мен коммуникативтік дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді, ал бұл оның мектептегі жағдайларға тез бейімделуіне көмектеседі. Сондықтан біздің метепалды даярлық топ тәрбиешілері балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту бойынша білім беру процесінде жобалау іс – әрекетін белсенді түрде пайдаланады. Жобалардың тақырыптары балалардың бастамасымен немесе тәрбиешілердің бастамасымен анықталады. Тәрбиеші балаларға жобаның тақырыбына байланысты тапсырмаларды ұсынады, ал балалар  ата – аналарымен бірге өздеріне қызық тасырмаларды таңдайды. Қажет болса тәрбиешілер ата – аналарға анықтамалық материал ұсынады, кеңестер береді. Мәселені шешу жұмысы барысында балалар тәрбиешімен,  ата – аналарымен шығармашылық, ізденушілік және тәжірибелік әрекеттер жүргізеді, жобаның бөлімдері бойынша жұмыстар жасайды, алынған ақпаратты жүйелейді, жобалау әрекетінің нәтижелерінің тұсау кесерін дайындайды. Жобаны қорғау қызықты әрі белсенді түрде өтеді. Жобаны қорғау барысында балалар барлық шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асырады, олардың коммуникативтік қабілеттері жетілдіріледі, шығармашылық белсенділігі мен қиялы дамиды. Жобалау іс – әрекеті мектепалды даярлық тобы балаларының коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бойынша дәстүрлі және инновациялық әдіс – тәсілдермен жүргізілетін жүйелі және мақсатты жұмыс өзінің оң нәтижесін береді:

балалардың сөйлеу мәдениетінің деңгейі көтеріледі;

балалардың коммуникативтік құзіреттілігінің деңгейі жоғарылады.

Осылайша, балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда жобалау іс – әрекетін пайдалану мектепке дейінгі білім беруді жаңғыртуға ықпал жасайды және әр баланың сапалы білім алуы мен дамуына мүмкіндік береді.



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. № 3 Ойындардың бала психологиясына әсері 2014 ж.

  2. Логикалық ойлау қабілетін дамыту №11, 2008, 53-54 бет

  3. http://sabaqtar.kz/

  4. А.Ш.Серікбаева.Мектепке дейінгі мекемеде инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі. //Отбасы және балабақша.-№ 5-2011 ж.,10-11бет

  5. http://www.zkoipk.kz/

  6. http://ds0014.kokshetau.akmoedu.kz
























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
1357
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі