Сергіту
бұл
баланың ағзасын нығайтуға ықпал
ететін қысқа мерзімді (1 – 2 минут ішінде)
жаттығулар . сергіту баланың жұмысқа
қабілеттілігін арттырады.
Сергіту
сәттері
балалардың іс-әрекетін белсенді түрде
өзгерту және шаршауды әлсірету, содан
кейін оларды қайтадан сабақ жалғастыруға
ауыстыру мақсатында өткізіледі.
Сергіту
сәттерінің міндеттері:
- жүйке жүйесін тыныштандырады;
- балалардың жұмысқа қабілеттілігін
қалпына келтіреді;
- жүрек-қантамыр,
тыныс алу жүйесінің белсендірілуі;
жалпы жағдайды жақсарту;
-бір қызметтен
екіншісіне назар аудару;
-қозғалмайтын
жағдай туғызған бұлшық еттердің кернеуін
алып тастау;
- сөйлеу, жадының дамуы;
қимылдарды үйлестіруді дамытады.
сергітуге
қойылатын талаптар:
- жаттығулар үлкен бұлшық ет топтарын
қамтып, кернеуді түсіруі тиіс,
-
жаттығулар қарапайым, қызықты, балаларға
қол жетімді болуы тиіс,
ойын кешен
1-2 жаттығудан тұруы тиіс,
2-3 рет
қайталануы тиіс.
Сергітудің
мынадай түрлері болады:
1) Жалпы
дамыту жаттығулары- Әр
түрлі бұлшық ет топтарына арналған 3-4
жаттығулар қолданылады, сергітуді
секірумен, жүгірумен немесе жаяу жүрумен
аяқтауға болады;
2)
Қозғалмалы ойын түрінде -
үлкен кеңістікті қажет етпейтін, күрделі
емес қозғалмалы ойындар таңдалады.
Ережелері балаларға жақсы таныс болуы
керек;
3)
қимылмен жасалынатын дидактикалық ойын
түрінде.
4)
Би қозғалыс түрінде- сабақтың
құрылымдық бөліктерінде тәрбиешінің
немесе балалардың орындауында қолданылады.
5)
Өлең мәтініне қарай қимылдарды орындау
түрі.
өлеңдерді таңдау кезінде келесіге назар
аударылады:
-өлең мәтіні жоғары көркем
болуы керек, белгілі авторлардың
өлеңдері, тақпақтар, жұмбақтар, санағыштар
қолданылады;
- айқын ырғақты өлеңдерге
басымдық беріледі;
- өлең мәтінінің
мазмұны сабақ тақырыбымен, оның
бағдарламасы мен міндеттерімен үйлесуі
тиіс.;
6)
Кез - келген қимыл әрекеті мен тапсырмасы
түрінде:
-
жұмбақтарды сөзбен емес, қозғалыстармен
шешу;
- әртүрлі Имитациялық
қозғалыстарды: спортшыларды( шаңғышы,
конькимен жүгіруші, боксшы, гимнастшы),
жеке еңбек әрекеттерін ( ағашты шабу,
моторды бастайық, машинамен жүреміз)
пайдалану.
7)
көзге
арналған жаттығулар.
8)
Релаксация
жаттығулары.
Қолдануы:
- Білім беру қызметінде (таным, шығармашылық,
Көркем әдебиет, қоршаған ортамен танысу
және т. б.);
-Күн тәртібінде, баланың
назарын аудару үшін;
-бір қызмет
түрінен екінші қызметке ауыстыру
Сергіту
сәті-бұл
тікелей білім беру қызметіндегі міндетті,
ойластырылған элементтердің бірі. Ол
өте қажет және маңызды. Бұл - белсенді
және сау демалудың "минуты"!
«Талбесік»
бөбекжайы
БАЯНДАМА
«Мектепке
дейінгі ұйымдарда сергіту сәттерін
қолдану»
Орындаған:
Ә.Ж.Балапанова
2018-2019
оқу
жылы