Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиешілермен жұмыс жүргізу тәсілдері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиешілермен жұмыс жүргізу тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас әдіскерлерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алтын күз

Музыкамен кіру (Балалар қолдарында жапырақтар болады бір айналып орындарына отыдады. Қолдарындағы жапырықты жинап алынады)

Тәрбиеші:

Қарсы алайық бәріміз,

Жасымыз бен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып,

Алтын күзге нұр төгіп.

Құрметті қонақтар, балабақша ұжымы!

Бүгінгі «Әсем ай» тобының « Алтын күз» атты ертеңгілігімізді тамашалаңыздар!

(Балалар орнымыздан тұрып, Алтын күзге арналған әнімізді айтайық)

Хор: «Алтын күз»

Күз, күз, кел, кел

Қорықпаймыз ешқашан

Суық, суық, жел, жел

Далада, далада өте әдемі

Алтын күз, алтын күз

Көңілді келді 2-рет

(Балалар жарайсыңдар , рахмет орындарыңа отырағойыңдар)

Осы кезде есік қағылады

Тәрбиеші:

  • Балалар бізге қонақ келгендей ! есік қағылып жатыр.

  • Барлығымыз бері қараймыз , қонаққа кім келді екен?

(Күз ханшайымы музыка ырғағымен билеп кіреді, қолында себетке салынған жапырақтар болады. Бір айналып шығып, музыка тоқтағанда жыршумағымен айтып болып балалар мен амандасады)

Күз ханшайымы:   Сәлем менің достарым,
                                Өмірге көп қосқаным,
                                Күз сыйлығын алыңдар
                                Сыйлығына қаныңдар.
                                Молшылыққа кенеліп,
                              Шаттық әнге салыңдар.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті. Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Мен сендермен бірге болып өнерлеріңді тамашалауға келдім.

Тәрбиеші: Күз ханшайымы ! - олай болса сұлу қыздарымызды ортаға шақырамыз.

Алтын сары,қызыл көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

(Әсем-ай тобының ару қыздарының биін тамашаламыз. )

Би: «Жапырақтар»

Тақпақ: Қыстың жақын қалғанын.

Жапырақтар білгендей

Желменен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей

(Жарайсыңдар балалалар рахмет)




Таңғажайып сәт: (Симка ортаға музыкамен жүгіріп кіреді)

  • Балалардың қолымен жеке-жеке амандасады.

  • Таңғалады , недеген әдемі зал, балаларда жақсы киініп алған.

  • Балалар мұнда неге жиналып отырсыңдар?

Тәрбиеші:

  • Біз көптен күткен Алтын күз мерекесін тойлап жатырмыз

  • Сен қайдан келе қалдың ?

Симка : Мен бақта жемістер жинап жүрген едім, Нолик досымды таппай қалдым

  • Осында балалардың даусын естіп келген болар деген едім.

(Көңіл күйі болмай тұрады)

Тәрбиеші: Көңіліңді түсірме. Симка біздің балалар саған көмектеседі

Тәрбиеші: Олай болса кішкенай жігіттеріміз , өз өнерлерін көрсетуге

Ортаға: Әлисұлтан. Алдияр. Әлкей. Данат. Нүрәли. Дидар. Ералы. Ерасыл. Дінмұхмед Райымбек шақырамыз.

Би: «Көкөністер мен жемістер»

Тақпақ: Алма, өрік

Жиде, жүзім піседі

Қауын, қарбыз

Қияр, сәбіз

Дүкендерге түседі

Тәрбиеші: Балалар өте жақсы рахмет

Симка:Балалар мен сендердің өнерлі, ақылды екендеріңді көрдім . Менде сендермен ойын ойнап кім тез жылдам , шапшаң , тапқырлықтарыңды білгім келеді.

Балаларды ортаға шақырады

Ойын: «Кім жылдам»

Шарты:Шеңбердің ішіндегі жеміс пен көкөністерді кім көп жинайды сол жеңімпаз болады

Нолик: музыка ырғағымен билеп , ойнап келеді.Балалар мен саңырауқұлақ теруге кетсем Симка таппай қалдым көрдіңдерме?

Балалар:Ия, міне тұр

Нолик пен Симка бірін - бірі көріп қуанады.

Симка:Нолик , балалар өте өнерлі ақылды екен.

Нолик: Балалар менде көрсем болама?

Тәрбиеші: Ия, әрине. - Біздің балаларымыз өнерлі, ақылды.

  • Келесі кезекті кішкентай бүлдіршіндеріді Саңырауқұлақ биіне ортаға шақырамыз

Би: «Саңырауқұлақ»

Аят.Санжар.Бекарыс.Мейіржан.Ерсұлтан.Шейх Хасан Дәулетәли Мүсілім



Тақпақ: Саңырауқұлақ болайық

Тізе бүгіп отырайық

Жаңбыр жауса көтеріліп

Өсіп-өсіп алайық.

Нолик пен Симка: Балалар біздің баратын жеріміз бар. Өнерлірің өрге жүзсін балалар біз жүрген жерімізде сендерді мақтап жүреміз Құлыншақ тобының балалары өнерлі, ақылды, тәртіпті екен деп

Балалар мен қоштасып шығып кетеді.

Тәрбиеші:Күз ханшайымын ортаға алып барлығымыз бірге «Қолшатыр» әнін орындап берейік

Хор: «Қолшатыр»

1.Жаңбыр жауды тук-тук

Тамшылайды көп-көп

Серуендейік топ-топ

Аспанымыз көп-көп

Қайырмасы 2рет

Қолымызда қолшатыр

Қызыл, сары, көк, жасыл

Қорықпаймыз жаңбырдан

Сен батыл да, мен батыл

Күзханшайымы: Балалар менде сендер секілді бүлдіршіндердің өнерлерін көру үшін барар жерім бар. Балалар мен сендерге құр қол келген жоқпын өзіммен бірге күзгі сиымды ала келдім ,апайларыңа табыстап кетем топқа барғанда беретін болады. Рахмет өнерлеріне, енді сендермен қоштасайын. Сау болыңдар!

Тәрбиеші: Балалар, қонақтар біздің күз мерекесіне арналған «Алтын күз» ертеңгілігіміз аяқталды.
Келесі мерекеге дейін сау болыңыздар!























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2021
588
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі