400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепке дейінгі ұйымдардағы математикалық сауаттылық

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге арналған көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленушілердің математикалық сауаттылығын оқу-тәрбие жұмыстарында ойын әдісін қолдану

Ойын дегеніміз ұшқын ,білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты.Ойынсыз,музыкасыз, творчествасыз,фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесіз болмайды

(В.М. Сухомилинский)

Математиканың қоғамдағы атқаратын ролі

Математика-ісі белгілі қалыпқа соғудағы ең қысқа жол. «Кез-келген нәрсенің оңайы емес,ең қарапайымы болады.Иә,математика осыны жүзеге асырады. Қарапайым дегеніміз күрделі емес дегенді білдірсе,оңай сөзі барша жұрт түсінетіндей жасай алатын мағынада келеді,адамзат тұрмысын жеңілдету үшін қолдағы бар мүмкіндікті пайдалануға тиіспіз.Өйткені біз ғылым-ғылымды үйретуші,оң әдістерін жеңілдетушілерміз.

Математикалық ойынның балалар өмірінде алатын орны.

«математика-ғылым патшасы» деп ұлы неміс математигі Гаусс айтқандай,математиканың балалар өмірінде алар орны ерекше. Математика тек есеп шығару амалдардың жиынтығы емес,баланың ойлау жүйесін,ақыл-ой процесін дамытуда әсер етеді. Ойын дүние ашылған үлкен жарық терезе,ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып,айналадағы дүние туралы түсінік алады.

Математикалық ойындарды мектепке дейінгі ұйымда қолдану.

Математика сабағында жас ерекшелігіне қарай және білім деңгейіне сай ұйымдастыру оқу іс-әрекетінің түрін тауып,сол тақырыпты игеруді мақсат етіп қоямын. Ойын баланың қызығушылығын арттыратын бірден-бір көзі математикалық ойын элементтерін қолдану деп санаймын. Математикалық ойынды қолдану кезінде,ойын жөнінде көп ойланып,терең толғанып,оны оқу және тәрбиелік маңызын түсіне білу керек.

Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін, еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады».
Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады.

Мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдастыру оқу іс-әрекеті өн бойы ойын әрекетін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Себебі, 5-6 жасар бала сабақ оқығаннан гөрі ойын ойнағанды қалайды, зейіні тұрақсыз, бір іспен ұзақ уақыт шұғылдана алмайды. Бала ойынмен өседі. Халқымыз бала мінез-құлқының қалыптасуында ойын әрекеті де елеулі мән атқаратынын жақсы аңғарған. Ойында баланың қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өседі, мінез-құлқы қалыптасады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік сезімтал тұлға болмақ. Ойын адамның дамуына,қалыптасуына әтүрлі әсер береді. 
Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамиды. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапаларын қалыптастырады. Мысалы, математика сабақтарында ойындар арқылы оқушылар әр түрлі амалдар мен жаттығулар орындайды, сөйтіп, олар математикалық сипаттағы қиыншылықтарды меңгергендерін тіпті байқамай қалады. Бұл ойындар жай ғана емес, оқу ойыны болып табылады. Қазіргі күн тәртібіндегі өзекті болып табылатын мәселелердің негізгісі – оқушылардың әрқайсысының өзіндік қабілетін, мінезін танып, жетілдіріп, сол бағытта жеке тұлғаларды тәрбиелеу.
Орта мектеп бағдарламасындағы пәндердің бірі – математика. Математика сабағында оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын арттыру, алдына қойылған есеп шешімін өз бетінше табуын жетілдіру, ойлау деңгейін, қабілетін шыңдау ұстаздың басты міндеті

Мектепалды даярлық сыныптарында сабақтың өн бойы ойын әрекетін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Себебі, 5-6 жасар бала сабақ оқығаннан гөрі ойын ойнағанды қалайды, зейіні тұрақсыз, бір іспен ұзақ уақыт шұғылдана алмайды. Бала ойынмен өседі. Халқымыз бала мінез-құлқының қалыптасуында ойын әрекеті де елеулі мән атқаратынын жақсы аңғарған. Ойында баланың қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өседі, мінез-құлқы қалыптасады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік сезімтал тұлға болмақ. Ойын адамның дамуына,қалыптасуына әтүрлі әсер береді. 
Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамиды. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапаларын қалыптастырады. Мысалы, математика сабақтарында ойындар арқылы оқушылар әр түрлі амалдар мен жаттығулар орындайды, сөйтіп, олар математикалық сипаттағы қиыншылықтарды меңгергендерін тіпті байқамай қалады. Бұл ойындар жай ғана емес, оқу ойыны болып табылады. Қазіргі күн тәртібіндегі өзекті болып табылатын мәселелердің негізгісі – оқушылардың әрқайсысының өзіндік қабілетін, мінезін танып, жетілдіріп, сол бағытта жеке тұлғаларды тәрбиелеу.
Орта мектеп бағдарламасындағы пәндердің бірі – математика. Математика сабағында оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын арттыру, алдына қойылған есеп шешімін өз бетінше табуын жетілдіру, ойлау деңгейін, қабілетін шыңдау ұстаздың басты міндеті

Міндеті

  • Балалардың жасқаншықтан құтылуға, өзіндік шешім қабылдауға мүмкіндік беру

  • Математикалық түсініктерді дамыту ,нақты заттармен,олардың бейнелерімен келтіретін сандарды санау кезінде ойлау қабілетін дамыту

  • Айналадағы ортамен байланыстың түрлерін кеңейту ,заттарды санау мен шамаларды өлшеу

  • Өзіне және достарына деген позитивті көзқарас қалыптастыру

  • Бірлесіп жұмыс істеуге және өз ойын ашық жеткізуге баулу

  • Жаттығу кезінде көңіл-күйін құрбыларымен бөлісуге мүмкіндік беру

Ойынның тиімділігі:

  • үйретудегі оқушының міндеті ойын арқылы шешіледі;
    - оқушыларға жаңа ұғымдар меңгертуге қажетті оқу материалы ойын құралы ретінде пайдаланылады;
    - үйрету де, үйрену де ойын – жарыс түрінде жүргізіледі;
    феноменімен, шаршаудан, қажудан сақтайды,ойлау қызметін дамытып,іштей есептеуге үйрену. Балаларға біртіндеп ойынның әсер болады да, оларды жаңалықтық эффектісіне бар мәліметтердің негізінде абдырап, еңжарлыққа бой ұрып қалмауға мүмкіндік береді,шамалау жылдамдығы арта түседі, ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт. Математикалық ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл - ой жетекшісі. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой - өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылып, сабақ кезеңдеріне де нұқсан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.

  • Ойын бағдарламасында ұйымдастырылатын жұмыс түрлері, берілетін тарсырмалар мен сұрақтар айқын белгіленіп,балаларлың белсенділігін арттыратын:

  • сюжеттік рольдік ойындар;

  • миға шабуыл;дөңгелек үстел;

  • жеке және топтық жаттығулар; тапсырмалар,

  • шешімін табуды керек ететін жағдайлар,

  • пікірсайыс сияқты тиімді әдістерді кеңінен қолданылады.

Ойын кезінде балалар күнделікті өмірде байқамай жүрген нәрселерге назар аударып, оны жаңа қырынан таниды; жағдайларды шешуде тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалануға үйренеді; кері байланыс күшейеді; жаттығулар орындау арқылы балаларда практикалық дағды қалыптасады

Ойынның құндылығы: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру бөлімі бойынша «Таным» білім саласындағы мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін зейіндерін, есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын дамытуға арналған әлеуметтік ойындарды қолдану қажет. Баланың бірінші әрекеті ойын ,сондықтан да ойын адамның өмірге қадам басардағы алғашқы қадам



Ойын – пікірталасты ұйымдастырудың қажетті шарты – топтың жұмысына ата-аналармен де өткізу, психологиялық, эмоциялық қолайлы жағдай жасау. Ойын – пікірталас кезінде балалар ата-аналарымен дөңгелене отыруы тиімді әсер береді. Ұялу қасиеттері бар балалардың да топтық пікірталасқа қатынасуы үшін ата-анасы да баласына көмектесіп отырады,сөз кезекпен дөңгелек бойынша беріледі. Жасқаншақ балаларды да ойын пікірталасқа тарту үшін, асықтырмай, ойлануға уақыт бөлінеді, Ойын кезінде күштеу жағдайын болдырмау керек,бала Ойын кезінде бала өз ойын ашық айтуды үйреніп,қасында ата-анасы болған соң бала еркін ашылып ,ортаға тез бейімделіп,қойылған сұраққа жауап беруге тырысады. .С. Макаренко «Бала ойында қалай болса, өскенде жұмыста да көп жағынан ұқсас болады» деген. Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойын арқылы жеке тұлғаның қалыптасуы дегеніміз – ойын әрекеттері арқылы өзіндік ой пікірі бар, білімді де, тәрбиелі де, басқаны да сыйлай білетін баланың тәрбиеленуі деген анықтама шығады.

Балалардың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын дамытуға, математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын, заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға, кеңістік пен уақытты бағдарлауға үйрету. Балалардың логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналады

Мен өз тәжірибемде көп қолданатын дидактикалық ойындар төмендегідей: Математикада 1-10аралығындарды өту кезінде қолданамын.

1.7санына байланысты кемпірқосақ ойыны.

Мақсаты: ойын кезінде 7саны киелі сан екенін ,7апта,7күн, 7шелпект.б қасиетті екенін ұғыну мақсатында кемпірқосақ да7түсте болатынын түсіндіремін.Ортаға 7баланы шығарып,қалған балалар жаңбыр болады.Жаңбыр жауып басылғаннан кейін кемпірқосақ келетінін 7түске киініп қатарға тұрып,кемпірқосақ бейнесін бейнелеу

2. Бағдаршам ойыны:3санына байланысты.сұраққа-жауап беру арқылы тапсырманы орындайды. 3бала бағдаршамның түсінде киінеді.2-3бала машина,қалған балалар жолуашылар.Бағдаршам келген кезде машина тоқтап, жолаушылар жүретінін,3көзінің алатын орны ерекше екенін түсінеді

3.математикалық ұғымға,12 санына байланысты: «поезд»ойыны .сыныптағы 12бала вагон болып есептеледі.санау арқылы 12екенін 12санының құрамын, тіркесу арқылы алға-артқа жылжу түрлерін үйрену мақсатында өткізіледі

4. «Жұлдыз»ойыны: Аспанда неше жұлдыз 10.10бала шығады.1бала-күн,2бала түн. Күн келген кезде балалар көрінбей тығылып қалады,күн кетіп түн шыққан кезде жұлдыздар жарқырап жүгіріп шығады:Шыққан жұлдыздарды санау

5. «күн мен түн» кірпі қонаққа келеді. Үстіне 5 тікені болады, түн кезінде балалар көздерін жұмған кезде, кірпінің үстіне тағы 1тікен қосылады,күн деген кезде көздерін ашып санаса кірпінің тікендері 6екенін байқап қалады .

6Shape3 . «таяқша» ойыны: балалар кез-келген айтылған санды бір-бірімен жұптасып көрсетеді: 5саны десек 5баладан құралады,


Shape16 Shape11



7. «жыл мезгілі»ойыны: сұрақ-жауап арқылы өткізіледі.әр жыл мезгіл сайын өзгеріп отырады.

Қазір жылдың қай мезгілі? Күз 1бала күз болады, күзмезгілінің 3баласы болатынын түсіндіріп 3баласын шығарамын.1+3 қосқанда 4болатынын, 1жылда 4мезгіл екенін,қазір күз мезгілінің қараша деген баласының 4жасқа толып жатқандығын,4рет қолымызды шапалақтау керек екенін түсіндіремін

8. «шаңырақ» ойыны: ойынға барлық балалар қатысады. Шаңырақтың уығы керек екенін түсіндіру,бізге 12 уық керек,ол үшін бәріміз оң қолымызбен шаңыраққа ену,айнала жүру.тәрбиеші:шаңырақ бейнеде болады.бір-бірімізбен достық сүйіспеншілік сезіміміз артады

9. «тамшылар»ойыны: ташылар қандай дыбыс шығарады: тырс-тырс.

Бүгін біз неше санымен таныстық? 10 саны .Қолымызға қаламымызды алып,10ртырсылдатып тамшы дыбысын саламыз 12345678910

10. «өз орнын тап?»ойыны:балалар кез-келген шашылған дыбыстар мен сандардың арасынан айтылған сандарды тауып көрсету .10,4,9,3,4т.б

Ойын кезінде ұйымдастыру оқу іс-әрекетіміз де түсінікті болады деп есептеймін.

Ойын баланың бүкіл өміріне әсер етеді. Бұл құштарлық, оны қанағаттандыру қажет. Бала өмірін сол ойынмен сусындату керек, себебі оның өмірі - ойын» А. С. Макаренко.
Кішкентай балалар – сүйкімді, бақытты неше түрлі оқиғаларға тап болып, өмірді танитын тентектер. Олар өздерінің ашқан жаңалықтарын біреумен бөліскісі келеді, олар өздері жақсы көретін адамдар болып табылады. Бірақта, әкесі жұмыста, анасы үйдің жұмысынан босамайды, баласына уақыты болмайды. Соған қарамай, ата - аналар уақыт бөліп, баласымен ойнап, сөйлесіп, оған бірдеңе үйрету керек. Бүгін біздер сіздермен өздеріміздің балалармен жұмыстану кезінде жинақтаған іс - тәжірибемізбен бөлісіп, балалармен ойнайтын сенсорлық дидактикалық ойындар туралы әңгімелесеміз және сол ойындарды үйде де ойнауға болатыны туралы кеңес беремін.

«Жұбыңды тап»ойыны: ата-ананың көзі байлаулы, барлық балалар орындарын ауыстырады, ата-ана балалрдың арасынан өз балсын іздеп ,тауып алуы керек.

« сымсыз телефон» ойыны: ата-аналар дөңгеленіп тұрады, 1ата-ананың құлағына кез-келген санды айту,ойын соңына дейін сол санның айтылуын бұзбай қайталап айту керек,кімде қате кетіп,дұрыс естімесе ол ата-ана ойыннан шығады .

«толағай»ойыны: 5кезең бойынша ата-ана мен бала арасында спортық ойын өткізіледі. « Кім жылдам»ойыны кезінде,берілген сызыққа дейін жүгіріп барып нұсқаушыда берілген есептерді тез есептеп шығару .

«математикалық лото» ата-анаға сандар таратылады.Нұсқаушы кез-келген санды айтқан кезде ,ата-ана қолындағы санды берілген орынға орнатуы тиіс

«сақина салу»ойыны: 1 басқарушы,қалған ата-аналар ойынға қатысушы. Қолдарын жұмып басқарушы қоолдапрының арасынан сақинаны қолдарының арасына жүргізіп отырады, Бастаушы:»ақ қояным атып шық» деп белгі берген кезде сақинасы қолында қалған ата-ана жүгіріп шығады,қасындағыларға ұстатпауы тиіс. Шыққан адам мен басқарушы отырған ойыншыларға сандарды жасырады .мысалы: Б дан басталатын сан?5.1. т.б

«асықпай ойлан» ойыны: кез-келген сөз айтылады,сол сөздің соңғы дыбысына байланысты сан айтады: мысалы: бала-алты, сағат-тоғыз,тон-нол, асық-қырық, кеме-екі т.б

Ойын: «миллион кіге бұйырады?»

Ата-анамен де біз көп байланыста боламыз. Түрлі сыныптан тыс шараларға , интелектуалды ойындарға ,мерекелік шараларға қатыстырып отырамыз.

Математиканы оқыту арқылы мәселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, ой қорытулар жасауға, дәлелдеуге тағы басқа іс – жүзінде қадам сайын логикалық білім беріледі.
Математиканың өмірмен байланысы анық. Миды жаттықтыру үшін адамға математиканы үйрену, есеп шығару, математиканың бүкіл заңдарын басқа ғылымдарды оқығанда пайдаланады. Біздің өміріміздегенің бәрі бір – бірімен өзара байланысты. Тіршілік құбылыстарын бір – бірінен бөліп зерттеуге болмайды. Логикалық есептер ,ойын арқылы мектепке дейінгі ұйымдардан бастап, шығармашылық жұмыс ретінде, әр тақырыпта немесе келесі тақырыпқа дайындық ретінде беріледі.

Сандарға байланысты логикалық тапсырмалар беріліп отырады.

Асанда барлығы 10 асық бар еді.Асан6 асығынан ұтылып қалды? алды.Сонда Асанда неше асық қалды?10-6

Талға 3 торғай келіп қонды.Оның екеуі қайтадан ұшып кетті.Сонда ағашта неше торғай қалды?

Маратта 6алма бар еді.Оның біреуін анасына,ал біреуін әкесіне берді.Маратта неше алма қалды?

Аулада 7тауық жүр еді.7тауыққа көршісінің 3тауығы қосылды.Содан соң 2тауығы кетіп қалды? көршісін неше тауығы біздің тауығымызда қалып қойды? (1)

Үй жануарына байланысты логикалық тапсырмалар

Біз өз өмірімізді мағыналы қылып, барлық жетістіктерге жету үшін табиғатты бүкіл білімді пайдалана білуіміз керек.
Міне, соның ішінде адамды тез ойлай білуге, аңғарымпаздыққа, ой ұшқырлығына жетелейтін логикалық есеп ойынның орны ерекше дер едім. 

Сюжеттік-рөлдік ойындар өзара байланысты позициялардың негізінде жинақталды. Мынадай ойындардың желісі құралды:

«Ойыншықтар сөйлейді»,

  1. «Ойыншықтар сөйлейді» бұл ойында әрбір бала топтағы ойыншықтардан өздеріне ұнаған бір-біреуден қолдарына алып, соның рөлінде, қыз балалар үшін: куыршақтаң қолы екеу, мұрны біреу, аяғы екеу,көйлегі біреу ал ер балалар үшін: машинамның дөңгелегі екеу, екі шамы бар, төрт орындығы,рөлі біру деп өз ойларын білдіреді.

Доп ойыншығын алатын болсам,бізде доп біреу доптың , екі сызығы бар,ол дөңгелек. Іштегі бар ойыншықтарды осылай математикалық тұрғыда сипаттайды

Аңдардың әңгімесі» әрбір бала бір-бір ойыншық аңның рөлінде қу түлкі, ашулы арыстан, қорқан қоян,қайратты жолбарыс, кекшіл кірпі т.т. бірігіп өздері куә болған бір-бір қызықты оқиға айтады. Менің құйрығым біреу, екі көзім бар, кірпі менің үстімдегі тікендерім көп,санасаң сан жетпес,қоян:менің екі құлағым бар,т.б

Жолбарыс : менің төрт аяғым бар,үстімдегі сызығымды сендер санай аласыңда. Менің үстімдегі сызығымды санап беріңдерші?

Мысық: менің үстімдегі сызығым ала, мен бірақ сызықтарым нешеу екенін білмей тұрмын.балалар мысықтың сызығын санап беруге көмектеседі





Қорыта айтқанда математикалық ойын тынысы кең,алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін,адамға қиялмен қанат бітіретін осындай ғажап нәрсе,ақыл –ой жетекшісі.

Жас ұрпаққа жан-жақты білім беру әрбір ұстаздың міндеті. Қай әдісті пайдалансақ та алға қойған мақсат –біреу.















№7орта мектебі















Математика әлемінде

(мұғалімдерге және ата-аналарға арналған математикалық жоба)





















Дайындаған мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Ыбрай Ж.Н.









2015-2016оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
757
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі