Материалдар / Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлерінің Ұлттық біліктілік тестілеуі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлерінің Ұлттық біліктілік тестілеуі

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру мақсатында дайындалған тест сұрақтары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2021
743
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлерінің

Ұлттық біліктілік тестілеуі

Ұлттық біліктілік тестілеу – білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым әзірлеген тестілер бойынша мектепке дейінгі, бастауыш,  негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс  істейтін  педагог  қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындауға бағытталған рәсім.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс атқаратын педагогтар үшін ұлттық біліктілік тестілеу екі блоктан тұрады, барлығы 60 тест тапсырмасы: бірінші блок "Мектепке дейінгі педагогика және психология" 30 тапсырмадан тұрады; екінші блок " Ұлттық біліктілік тестілеудің жалпы уақыты жүз жиырма минутты құрайды.

Тапсырмалар қолданыстағы нормативтік құжаттар (стандарттар, типтік бағдарламалар, тест спецификациялары, әдістемелік ұсынымдар, техникалық тапсырмалар және т.б.) негізінде жасалады.

Тест спецификациясы – тест тапсырмаларының базасын жасау бойынша, жұмыстың құрылымы мен мазмұнын айқындайтын құжат. Тест спецификациясы тесттің негізгі сипаттамалары, тест тапсырмаларының мазмұны және нысандарын тұтастай қамтиды. Спецификацияда тест мақсаттары, міндеттері, жоспары және құрылымы, туралы ақпарат, сондай-ақ тест тапсырмаларының әзірлемесіне және тест материалдарына іріктелуіне қойылатын негізгі талаптар көрсетіледі.

Тест тапсырмалары тест тапсырмаларының базасына енгізілгенге дейін бірінші және екінші сараптамадан, бірінші және екінші түзетуден, сондай-ақ апробациядан өтеді.

Тест тапсырмаларының бірінші, екінші сараптамасы әзірленген тест тапсырмаларының сапасын кешенді бағалау және оларды редакциялау мақсатында жүзеге асырылады. Әзірлеушілер мен сарапшылар ретінде оқыту мен оқу жетістіктерінің сапасын бағалауда тәжірибесі бар, облыстық, қалалық білім басқармалары ұсынған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары тартылады.

Тест құрылымы

Блок

Тапсырмалар саны

Тапсырманың формасы

Бағалаудың нысаны

Уақыт (минут)

Мектепке дейінгі педагогика және психология

30

Бір дұрыс жауапты тапсырма

Базалық пәндер бойынша жалпы академиялық білімі

60

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі

30

Бір дұрыс жауапты тапсырма

Базалық пәндер бойынша жалпы академиялық білімі

60



Балдардың шектік деңгейін анықтау

Категории

Блок

Пәндер бойынша балдар

Біліктілік сынағынан өту
(пайызы)

Біліктілік сынағынан өту
(балы)

Педагог-модератор

Мектепке дейінгі педагогика және психология

30

50%

15

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі

30

30%

9

Педагог-сарапшы

Мектепке дейінгі педагогика және психология

30

60%

18

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі

30

35%

10

Педагог-зерттеуші

Мектепке дейінгі педагогика және психология

30

65%

19

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі

30

40%

12

Педагог-шебер

Мектепке дейінгі педагогика және психология

30

70%

21

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі

30

45%

13




Бағалау:

Бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға 0 балл беріледі.

Бірыңғай критерийлердің сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын бағалау кезінде даулы мәселелерді шешу, тестілеуді өткізу кезеңінде аттестатталушылардың құқықтарын қорғау мақсатында ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы апелляциялық өтініштерді қабылдауды қамтамасыз ететін Республикалық апелляциялық комиссия өз қызметін жүзеге асырады.

Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

Ұлттық тестілеу аяқталғаннан кейін педагог нәтижелерімен (негіздемелермен дұрыс және дұрыс емес жауаптармен) танысады және негіздемелермен келіспеген жағдайда республикалық апелляциялық комиссияға ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы апелляция береді. Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініштер тестілеу аяқталғаннан кейін беріледі.

Апелляция мынадай жағдайларда қаралады:

1) тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:

- дұрыс жауаптың түсінігімен сәйкес келмесе;

- дұрыс жауап болмаса;

- барлық ұсынылған нұсқалардан бір дұрыс жауап таңдалатын тест тапсырмаларында бір дұрыс жауаптан көп дұрыс жауап болса (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);

- тест тапсырмасы дұрыс құрылмаса;

2) техникалық себептер бойынша:

-тест тапсырмаларының фрагменті немесе мәтіні болмаса.

Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция берген кезде педагог дәлелді негіздемені (толық түсініктеме) көрсетеді.Барлық тест тапсырмаларын қайта қарау бойынша апелляция жөніндегі өтініштер әрбір тапсырма бойынша дәлелді негіздеме (толық түсіндірме, тапсырманың қадамдық шешімі) көрсетілмей берілсе, қарауға жатпайды.





























1-нұсқа: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әдістемесі

1. Балалардың денсаулығын сақтау

A) Жетілдіру

B) Ұйымдастыру

C) Ойнату

D) Жалғастыру

E) Дамыту

2. Салауатты ӛмір салты

A) Ұйықтамау

B) Салт-дәстүрлерді білу

C) Серуендеу

D) Дұрыс тамақтану

E) Аурудан емделу

3. Сәбилер тобындағы ертеңгілік жаттығулар

A) Кӛрсетумен

B) Ойын түрінде

C) Керекті құралдармен

D) Музыкамен

E) Бастаушының кӛмегімен

4. Физикалық дамыту жұмысының формалары

A) спорттық ойындар

B) интерпритация

C) ескерту

D) қайталау

E) қарау

5. Балалардың физиологиялық дамуын қамтамасыз ететін факторлар:

A) қимыл – қозғалыс түрлерін игеру

B) табан күмбезін нығайту

C) қимыл – қозғалыстармен таныстыру

D) дене сымбатын қалыптастыру

E) күн тәртібімен қамтамасыз ету

6. «Денсаулық» білім беру саласы бойынша балалардың дене бітімін дамыту

және тәрбие жұмыстарының формалары

A) балалар әрекетінің әртүрлі нысандары мен түрлерінде ауызша және

байланыстырып сӛйлеу; шығармашылық сӛйлеу әрекетін дамыту; тілдің

дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу; белсенді сӛздікті байыту, тілдің

грамматикалық жағын қалыптастыру, балалар әдебиетімен таныстықты

дамыту, мәнерлеп оқу және мазмұндау; мемлекеттік, орыс, ағылшын және

басқа тілдерді дамыту

B) сурет салу; мүсіндеу, жапсыру және ӛнер туындыларын қабылау мен

түсінуді дамыту, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыру;

ӛнер түрлері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру; музыканы,

отандық компазиторлардың шығармаларын, ұлттық музыкалық

аспаптарды, кӛркем әдебиетті, фольклорды қабылдау; кӛркем

шығармалардың кейіпкерлеріне жанашырлықты ынталандыру;

балалардың ӛзіндік шығармашылық қызметін іске асыру

C) қоғамда ӛзін ұстаудың адамгершілік нормаларын, сондай-ақ жалпы

адамзаттық құндылықтарды меңгеруді, баланың ересектермен және

құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуі; дербе болуы, ӛзінің

қылықтарына жауап беруі; адамгершілік қасиеттерін: елгезектікті,

жанашырлықты, ӛзінің туыстары мен жақындарына құрметпен қарауды,

ӛзінің отбасын жақсы кӛруін дамыту; салт-дәстүрлерді сақтауды, тарихты,

қазақ халқының тұрмысын білу және құрметтеу; Қазақстан біздің ортақ

үйіміз екені туралы түсініктерін кеңейту, басқа халықтардың мәдениетін,

дәстүрлерін құрметтеу; еңбек пен шыңармашылықтың әртүрлі түрлеріне

қызығушылықтарын қалыптасытру; тұрмыста, қоғамда және табиғатта

қауіпсіз мінез-құлық негіздерін тәрбиелеу

D) негізгі қимыл түрлерін жетілдіру; қимыл дағдыларын қалыптастыру;

қимыл ойындарының түрлерін ұйымдастыру және ӛткізу; спорттық

жаттығуларды орындау; спорттық ойындардың элементтерімен танысу

E) қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру; жиынтық туралы

түсініктерді, сандық есептеу дағдыларын жетілдіруді, геометриялық

пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыру, кеңістік және уақытты

бағдарлау; құрылыс, табиғи және қалдық материалдар, конструктордың

бӛліктерінен құрастыру

7. Дене шынықтыру сабақтарының түрлері:

A) ойынды, желілі, аралас, интегралды, оқыту-жаттықтыру, қалыпты

B) қалыпты, ойынды.

C) ойынды,оқыту-жаттықтыру.

D) ойынды, желілі, аралас.

E) интегралды, ойынды.

8. Жалпы дамыту жаттығу түрлері:

A) қолды кеудеге қою жан жақа созу

B) қолдарын орындықа тіреп аяқтарын созу

C) допты басынан асыра бір-біріне беру

D) аяқттың ұшымен жүру

E) еңбектеп ойыншықтарды жинау

9. Ерте жастағы топқа (1 жастан 2 жасқа дейін) «Денсаулық» білім беру

саласының базалық мазмұны бойынша қойылатын мақсат

A) баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене шынықтыруға

қызығушылығын арттыру, денсаулық сақтау технологиясын пайдалана

отырып, қозғалыс біліктері мен дағдыларын қолдануға баулу

B) денсаулық сақтау технологиясын қолданып, ойындар мен жаттығулар

арқылы дене шынықтыруға қызығушылықты, қауіпсіз мінез-құлық

негіздерін қалыптастыру

C) денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың

қимылдық белсенділігін дамыту және дене жаттығуларын орындауға

қызығушылықтарын қалыптастыру

D) денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың

толыққанды денесін және психикасын дамытатын,ағзаны шынықтыратын,

негізгі қимылдарды дамытатын жағдайлармен қамтамасыз ету.

E) денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, дене дағдылары мен

негізгі қимыл түрлерін қалыптастыру

10. Негізгі қимылдар:

A) тыныс алу

B) журу

C) ойнау

D) салыстыру

E) еңбектеу

11. Тіл дамытудың негізгі мақсаты

A) есептеу заңдылығы

B) бүтінді бӛлу және салыстыру

C) екі аяқпен секіріп түсу

D) сауат ашу

E) заттардың белгісін атау

12. Тіл дамытуда сӛйлеу тәсіліне қатыссыз тәсіл

A) Кӛрсету

B) Сӛйлеу үлгісі

C) Сұрақ

D) Қайталау

E) Тұсіндіру

13. Кӛрнекілік әдістеріне жатады

A) Сұбхат

B) Білім беру әдісі

C) Оқыту әдісі

D) Бағалау әдісі

E) Құрастыру

14. Ересектер тобында (5-6 жастағы балалар) «Коммуникация» білім беру

саласының үлгілік оқу жоспарына сәйкес сауат ашу негіздері бойынша

ұйымдастырылған оқу қызметі жүктемесінің бір апталық сағат кӛлемі

A) 0,5 сағат

B) 1 сағат

C) 1,5 сағат

D) 0,25 сағат

E) 2 сағат

15. Сӛздік қорын дамыту

A) Қалыптастыру

B) Таныстыру

C) Жетілдіру

D) Айтқызу

E) Үйрету

16. Саусақ ойындарына арналған тақпақтарды жатқа айтады

A) 6-7 жас

B) 4-5 жас

C) 2-3 жас

D) 7-8 жас

E) 5-6 жас

17. Ақыл-ой тәрбиесінің ең басты құралы

A) Ойын, заттар, табиғат, қоғамдық құбылыстар

B) Теориялық білімін жетілдіру

C) Тәжірибе алмасу

D) Ӛздігінен білім алу, айналадағы адамдар

E) Оқыту процесі

18. Дамытуға бағытталған М.Монтессори әдісі ....

A) Тілмен байланысын

B) Құрастыру қабілетін

C) Ойын әрекетін

D) Ақыл-ой қабілеті мен танымын

E) Сенсорлық қабілетін

19. Ұжымдық сюжеттік құрастыру

A) Жетілдіру

B) Үйрету

C) Дамыту

D) Сезімдерін ояту

E) Қалыптастыру

20. Мектепке дейінгі балалардың Отан туралы жалпы түсінігі

A) тұрмыстық мекеме

B) батырлар ұшқыштар

C) дене шынықтыру жаттығулары

D) әлеуметтік мәртебе

E) еңбек тапсырмасы

21. Себеп-салдарлық , мӛлшер туралы қарапайым ұғымдар

A) 5жастан 6жасқа дейін

B) 1жастан 2жасқа дейін

C) 3 жастан 5жасқа дейін

D) 4жасқа дейін

E) 1жастан 3жасқа дейін

22. Коммуникативті-танымдық қызметін дамыту, коршаған ортадағы заттар

мен құбылыстарға қызығушылығын арттыру

A) Қоршаған ортамен танысудың міндеті

B) Қоршаған ортамен танысудың мақсаты

C) Қоршаған ортамен танысудың мәні

D) Қоршаған ортамен танысудың құрамы

E) Қоршаған ортамен танысудың маңызы

23. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны келесі

ұйымдастырылған оқу қызметтерінде жүзеге асырылады

A) дене шынықтыру, қауіпсіз мінез-құлық негіздері

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!