Мектепке дейінгі ұйымға арналған шебер сынып "Халық педагогикасы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепке дейінгі ұйымға арналған шебер сынып "Халық педагогикасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепте дейінгі ұйымға арналған шебер сынып "Халық педагогикасы"
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Балабақшада қолданатын халық педагогикасының негізгі құралдары» 


Экс президент   Н.Назарбаев  «Қазақстан  –  2030»  Жолдауының 

 «Қазақстан мұраты»  деп  аталатын  бөлімінде:  «біздің  балаларымыз  бен  немерелеріміз 

бабаларының  игі  дәстүрін  сақтай  отырып  қазіргі  заманға  нарықтық  экономика 

жағдайында  жұмыс  істеуге  даяр  болады.  Олар  бейбіт,  азат,  жылдам  өркендеу 

үстіндегі  күллі  әлемге  әйгілі  әрі  сыйлы  өз  елінің  патриоттары  болады»,  –  деп 

үміт артып отыр. 

Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс 

–  тәсілмен  берілетін  жан  –  жақты  тәлім  –  тәрбие  ісі  көбінесе  балабақшадан 

басталып,  мектепте  педагогикалық  үрдістің  жалғасын  табатыны  бәрімізге 

белгілі.  

        Тәуелсіз  мемлекетіміздің  бүгінгі  таңдағы  басты  міндеттерінің  бірі  –  өз 

Отанына  деген  елжандылық  сезімін  жас  ұрпақ  бойына  сіңіріп,  ұлттық  тәлім 

тәрбие  беру,  халық  педагогикасы  арқылы  баланың  дүниетанымын 

қалыптастыру,  әр  халыққа  тән  салт-дәстүр мен  әдет-ғұрыпты  білуге  тәрбиелеу 

болып отыр.        

Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, 

бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл – өсиет, өнеге қағида 

болып  таралып  келген  тәлім  –  тәрбие  тағылымының  бай  мұрасы  бар.  Ол 

халықтық педагогика деп аталады. 

Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел  – жұрт, ауыл – 

аймақ,  тіпті  бүкіл  халықтық  қарым  қатынастан  берік  орын  алған  тәлім  – 

тәрбиенің  түрі.  Ендеше,  халық  педагогикасы  қоғам  дамуының  барлық 

сатыларынан  ӛтіп,  тәжірибеде  жүйеленіп,  ғылыми  педагогикалық  дәрежеге 

жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз.  

           Қоғамның  барлық  тарихи  даму  кезеңдерінде  халық  педагогикасы  жайлы 

ұғымды  анықтау,  әр  түрлі  ғылыми  -  педагогикалық  кӛзқарастарды 

қалыптастыру проблемаларына    ғалымдар, педагогтар  ерекше назар аударды, 

құнды  пікірлер  айтты,  ӛмірлік  мұра  қалдырды.  Олар:  орыс  педагог көрнекті  педагогы  Ыбырай  Алтынсарин,  қазақтың  ұлы  ақыны,  

педагогы 

Мағжан  Жұмабаев,  Абай  Құнанбаев,  Шоқан  Уалиханов,  Шәкәрім 

Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, М.Әуезов  т.б.   


  

Халық педагогикасы – халықтардың ғасырлар бойы тәрбиелеу тәсілдеріне 

негізделген бай тәрбиесінің жиынтығы. 

Этнопедагогика – халық педагогикасының  ұрпақ  тәрбиелеудегі  тағылымдарын  ғылыми  

жүйеге  келтіріп 

зерттейтін  ғылыми  педагогиканың  бір  саласы.  Этнопедагогиканың  

мақсаты  – 

халықтық  салт-дәстүрді,  ӛнерді  дәріптейтін,  ана  тілі  мен  дінін  қадірлейтін, 


Отанын,  елін,  жерін  сүйетін,  жан-жақты  жетілген,  саналы  жасты  тәрбиелеу. 

Сондай-ақ,  халықтық  тәрбие  түрлерін  жас  бүлдіршіндердің  бойына  сіңіртіп 

ілім, білік дағдыларын дамыту, сӛйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, 

жан-жақты  жетілген  азамат  етіп  шығару.  Ол  басқа  тәрбиелермен  қатар 

жүргізіліп, балалардың қайрат- жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер туындылары 

негізінде  оқытып,  тәрбиелеу  арқылы  іске  асырылады.  Этнопедагогика  бала 

денсаулығы  мен  денесінің  жетілуі  жөніндегі  қамқорлық  ақыл-ой  мен  еңбекке 

дайындық, саналы адамгершілік-эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты 

реттеу,  өзін-өзі  тәрбиелеу  мен  қайта  тәрбиелеу,  яғни  тұлға  қалыптастырудың 

бүкіл  жетекші  бағыттарын  қамтиды.Қазақтың  тұрмыс-салтымен  байланысты 

туған  өлең-жырлары  мен  жиын-тойлардағы  ақындар  айтысында,  ұлттық  ойын 

түрлерінде,  терме,  толғаулар  мен  мақал-мәтел,  афоризм  сөздерде,  билердің 

шешендік сөз өнерінде көзделетін мақсат, біріншіден  – ас пен тойды қызықты 

ету  көрермен  көңілін  көтеру  болса,  екіншіден  –  адамның  көңіл-күйіне  сөз 

құдіретімен  әсер  ету,  жүрек  тебіренісін  туғызу,  үшіншіден  –  жиынға  

қатынасушы  үлкен-кішінің  бәріне  ақыл-нақыл  айту,  ой  салу,  жақсыдан 

үйренсін,  жаманнан  жиренсін,  тәлім  алсын  деген  ойдан  туындаған.  Халықтық 

шығармалар  мен  ұлттық  ойын  түрлеріндегі    негізгі  ой  түйіні  ұрпақтың  еңбек 

сүйгіш,  елгезек,  малсақ  болып  өсуін  көздеу,  еңбекке,  өнерге  тәрбиелеу.  Осы 

мақсаты  ата-ана,  отбасы  үлкендері,  ауыл-аймақ,  ел-жұрт  болып  ұжымдасып, 

бірлесіп іске асырған. 

Халық  педагогикасын  дамытуда  қазақтың  ұлы  ақыны,  педагогы  Мағжан 

Жұмабаев  үлкен  үлес  қосты.    М.Жұмабаев      ұрпақ  тәрбиесінің  мақсатын  айта 

келіп,  былай  деді:  «...тәрбие  мақсаты  –  адам  деген  атты  құр  жала  қылып 

жапсырмай,    шын  мағынасымен  адам  қылып  шығару».  Жас  өспірімдердің 

тәрбиесін  халық  өмірі  және  іс-әрекеттерімен  үйлестіріп  жүргізу  қажет  деді. 

М.Жұмабаев педагогиканы ұрпақ тәрбиесінде пәрменді құрал деп атады [2]. 

          Кемеңгер жазушы М.О.Әуезов: «Табиғатты баурап алғанша адам қиялмен 

танып  меңгеріп,  оған  өз  ықпалын  жүргізуді  арман  еткен.  Ол  ертегі,  аңыз, 

әңгімелер  түрінде  тараған.  Ертегілерде  қоғамдық  тартыс  та,  күштілердің 

кӛпшілікке  көрсеткен қиянаты, зорлық-зомбылығы да, халықтың әділет, арман 

туралы ұғым-нанымы да түгел жинақталған. Біз ауыз әдебиетін зерттей отырып, 

халық  санасындағы  отаншылдық  сезімді,  адамгершілік  гуманизмді,  халықтың 

қанатты  үміті  –  оптимизмді,  сол  халықтың  өткендегі  өмірін,  аңсау  арманын, 

әдет-ғұрпын  көреміз...»  -  деп,  жас  ұрпақты  тәрбиелеудегі  ауыз  әдебиетінің 

орнын жоғары бағалаған [3]. 

Халық дүниеге келген жас нәрестенің болашағын ойлап, бар жақсылықты 

соның  жолына  бағыштап,  көркем  сөзге,  өлеңге,  әнге,  күйге  қосып,  неше  түрлі 

қызықты  ертегілер,  жұмбақтар,  жаңылтпаштар,  әңгімелер  шығарып,  оларды 

күнделікті тәрбиеде пайдаланып отырған. 

            Халық  педагогикасының  қайнар  бұлағы  –  ауыз  әдебиеті  үлгілері. 

Адамдық  ұстанымдарға  негізделген  шығармалар  –  ертегілер,  аңыз-әңгімелер, 

ӛлең-жырлар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, санамақтар, қанатты 

сӛздер  -  жас  ұрпақты  адамгершілікке  (отаншылдыққа,  бауырмалдыққа, 

жолдастыққа, достыққа, кішіпейілділікке, сыпайылыққа, үлкенді сыйлауға, ата-

ананы құрметтеуге) тәрбиелеу, ақыл-ой санасын дамыту, дене тәрбиесі (мәдени-


гигиеналық  дағдыларын  қалыптастыру,  денсаулығын  нығайту),  еңбек  тәрбиесі 

(күнделікті  тұрмыс-тіршілік,  мал,  егін  шаруашылығы,  аңшылыққа  баулу), 

эстетикалық  (қол өнер,  жан  және  тән  сұлулығы),  т.б.  тәрбиесін  жүзеге  асыруға 

бағытталған.  Ерте  заманнан  бастап,  жас  ӛспірімдердің  ой-ӛрісін,  зеректігін 

дамыту және тапқырлығы мен шешендігін анықтау үшін тәрбие құралы түрінде 

қолданылып келді. 

           Енді    осы    халық  педагогикасының  асыл  мұрасы,  құрамды  бөліктеріне 

талдау  жасайық.  Қазақ  халқының өмір кешкен  тарихында ұлттық  ойындардың 

көптеген  түрлері  балалық,  жеткіншектік,  жас  өспірімдік  шақтағы  балалар 

тәрбиесінде  пайдаланылды.  Ал  қазіргі  кезде  ұлттық  ойындардың  көпшілігі 

тәлім-тәрбие  саласында  зор  педагогикалық  құралға  айналды.  Бүкіл 

халқымыздың ұзақ өмірінде өздері қызықтаған алуан ойын өнері болды. Ойын 

тек қана  көңіл көтеру , көңілін шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ 

халқының  әлеуметтік  өміріне  байланысты  тәрбиелік  мағынасы  зор  жеке 

адамның дамып жетілуіне, қалыптасуына әсер етуші факторлардың бірі болған. 

             Ұлт ойындары өзінің мазмұнына байланысты үш топқа бөлінген: ойын-

сауық,  тұрмыс-салт  ойындар,  дене  шынықтыру  ойындары,  спорт  ойындары, 

оймен келетін ойындар. 

  

 1.  Ойын-сауық,  тұрмыс-салт  ойындарының  қырықтан  астам  түрлері  бар. 

Олар:  мысалы,  «Қалтырауық  қамыр  кемпір»,  «Белбеу  тастау»,  «Балтам  тап», 

«Алтыбақан»  т.б.Ұлт  ойындарының  бұл  тобына  халқымыздың  өмірінде, 

тұрмысында қалыптасқан өнер мен білім, еңбектің түрлері, жастар арасындағы 

ойын-сауықтар,  халықтың  мақал-мәтелдері,  ұрпақтың  негізгі  жайыттары  жан-

жақты түсінуіне көмектеседі. 

2. Дене шынықтыру, спорт ойындары қазақ халқында үлкен орын алады. 

Олардың  саны  жүзден  астам.  Ол  ойындардың  халық  жиі  қолданып  келген 

бірнеше  түрлерін  атап  кетуге  болады:  «Ақ  серек,  көк  серек»,  «Айгөлек», 

«Соқыр теке», «Жаяу жарыс», «Жасырынбақ», «Доп тебу» т.б. 

3. Оймен келетін ойындар балалардың  қисындылық және математикалық 

ойдың  дамуына  кӛмектеседі.  Олардың  ішінде  өте  күрделі  ойындарға  тоғыз 

құмалақ,  шахмат,  дойбы  жатады.  Бұл  ойындардың  бәрінде  ақыл-ой  жетекші 

десек  артық  болмайды.  Мұндай  ойындардың  жауабын  табу  үшін  ойынға 

қатысушылар  терең  ойға  салып,  қисындылық,  бірізділік  принципіне  сүйене 

отырып, шешуге болады. [4] 

          Мақал-мәтелдер  халықтың  ауызша  ақындық  шығармашылығының  көп 

тараған  ескерткіштері.  Оларда  ғасырлар  бойы  халықтың  әлеуметтік  тарихи 

тәжірибесі  жинақталған  және  өмір,  тұрмыс,  жастар  тәрбиесі  туралы  нақыл 

сӛздер  арқылы  халықтың  ой-пікірі,  арманы,  көзқарасы  баяндалған.  Осындай 

қасиетті  сөздерді  қазақ  халқы  қастерлеп,  өнеге  етіп,  дана  адамдардың  өлең 

өрнектерімен  ойластырылған  мақал-мәтелдерін  үнемі  пайдаланып  келген. 

Балабақшада тіл ұстарту, тіл ширату сабақтарында балдырғандарға мақал-мәтел 

туралы  түсінік  беріліп,  оларды  қолданудың  қажеттілігі  туралы  айтылады. 

Мысалы,  «Әке-тірегің,  ана  -  жүрегің»  деген  мақалдың  мәні,  мазмұны  ондағы 

жеке  сөздердің  мағынасы  туралы  сұрақ-жауап  тәсілін  қолданып,  тәрбиеші 

балдырғанның  түсінігін  байқап,  ұғымын  байытады.  


Мақал-мәтелдер  халық 

өмірінің барлық жағын қамтиды.

 Мысалы. Ел, жер жөнінде: 

                                  Басқа елде сұлтан болғанша, 

                                  Өз  еліңде ұлтан бол. 

Ата-аналар жайлы: Әкеге қарап ұл өседі, 

                                  Шешеге қарап қыз өседі. 

Халықтың  мақалдары  мен  мәтелдерін  оқу-тәрбие  жұмысында  қолдану  үшін 

олардың  түрлеріне  (ақыл-ой,  адамгершілік,  еңбек  және  эстетикалық  тәрбие, 

дене  тәрбиесі)  байланысты  жоспардың  әр  тарауларына  енгізуді  дұрыс 

ойластыру  керек.  Әрбір  тақырып  бойынша  шаралардың  тәрбиелік,  білімдік 

жағына  мән  беріп,  жоғары  әдістемелік  деңгейде  өткізілуін  қамтамасыз  ету 

қажет.  Әрине,  мұның  бәрі  ұйымдастырушы  адамның  кәсіби  қабілетіне, 

іскерлігіне байланысты. 

          Нақты  бір  зат  туралы  тұспалдап, ұқсатып,  бейнелеп  айту  арқылы  баланы 

ойлату, танымдық, білімдік ұғымдар мен түсініктерді ой-қиял елегінен өткізіп, 

тұжырым  жасап,  шешімге  келуде  тапқырлық  және  дүниетанымдық  дәрежесін 

байқау үшін, халық ертеден-ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған. Халық 

арасында ежелден айтылып келе жатқан жұмбақтардың саны көптеп саналады. 

Жұмбақ  балалардың  қиялын,  танымдақ  іс-әрекетін,  қабілетін  дамытады.  Оның 

жауабын табу үшін мазмұнын талдап ой елегінен өткізеді. Содан кейін шешім 

қабылдайды.Жұмбақтардың  тәрбиелік  және  дидактикалық  мәні  өте  зор. 

Сондықтан  оларды  тәрбие  сағаттарында,  ертеңгіліктерде,  ойын-сауықтарда 

пайдалануға болады. 

          Жаңылтпаштың бір ерекшелігі әрі тіл ширату, әрі дүние таныту, әрі білім беру, 

тәрбиелеу.  Балабақшада  тіл  ширату,  көркем  сөз  оқу,  тақпақ  айтуға 

балдырғандарды  жаттықтыру  үшін  арнайы  уақыт  бӛлініп,  эстетикалық  тәрбие 

жұмыстары жүргізіледі, мүмкіндігінше жаңылтпаштарды әнге қосып айтқызуға 

болады. Балабақшада жаңылтпаш айтудың мәні зор. 

          Ертегі  қазақ  халқының  тұрмыс-салтын,  арман  үмітін,  өткен  өмірін 

танытатын ауыз әдебиеті саласының бірі. Ертегілер өте ерте заманда жазу-сызу 

болмаған кезде пайда болған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік 

білмеген  олардың  неліктен  болатынын  толық  түсінбеген  адамдар  әр  нәрсені 

қиял  еткен.  Өздерінің  ауыр  еңбектерін  жеңілдету  жағын  ойластырған 

балабақшада ертегі оқу сабақта және сабақтан тыс кезде жүргізіледі.  Сәбилер 

мол  да  шексіз  қазына  болып  қалыптасқан  асыл  мұратымыз  халық 

педагогикасының  лайланбас  тұнығын,  тот  баспаған  асылын  әрбір  баланың 

бойына сіңіру, бүгінгі күннің еңселі міндеті! 











 Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Нұрлы ауылы

«Балапан» бөбекжай балабақшасы




Бекітемін



«Балапан» бөбекжай балабақшасының

меңгерушісі ______ Т. Т. Мешитбава





             

                                Жауапты ән-саз жетекшісі : Тұрсынғали Б

2022-2023 оқу жылы




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі