Мектепке дейінгі ұйымның педагог-психологтің құжаттамасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепке дейінгі ұйымның педагог-психологтің құжаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымның педагог-психологтің құжаттамасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке дейінгі ұйымның

педагог-психологтің құжаттамасы



Мектепке дейінгі ұйымдағы психолог жұмысының басты мақсаты - балалардың психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту, олардың мектепке дейінгі жағдайдағы үйлесімді дамуы, сондай-ақ әртүрлі өмірлік жағдайларда туындайтын психологиялық даму мәселелерін шешуде балаларға, ата-аналарға және педагогтерге дер кезінде көмек көрсету.

Педагог-психолог қызметіндегі негізгі бағыттары:

  • психологиялық диагностика;

  • түзету-дамыту жұмыстары;

  • балаға психологиялық қолдау көрсету.

Негізгі бағыттары бойынша педагог-психолог балалармен, тәрбиешілермен (мектепке дейінгі ұйымның басқа мамандарымен) және тәрбиеленушілердің ата-аналарымен жұмысты ұйымдастырады.

Педагог -психологтың жұмысын жоспарлау

Психологтың жұмысын жоспарлау бір жылға арналған ұзақ мерзімді жоспардан, ағымдағы жұмыстың айлық, апталық жоспарларынан және күнделікті жұмыс жоспарынан құрылады.

Мектепке дейінгі ұйымның педагог-психологының жұмыс

жоспарына қойылатын негізгі талаптар

Жоспар құру кезінде мыналарды ескеру қажет:

  • МДҰ қызметін ұйымдастырудағы мақсаттары мен міндеттері;

  • баланың құқықтары мен мүдделері;

  • әрбір әрекет түріне арналған уақытты белгілеу.

Жоспарда келесі бөлімдер қамтылуы керек:

  • бағыттардың атауы (психодиагностикалық, кеңес беру, психокоррекциялық, ақпараттық және әдістемелік жұмыстар);

  • қызмет түрі (психологиялық-педагогикалық диагностика, психологиялық кеңес беру және тәрбиелеу, консультациялар, тренингтер, түзету-дамыту жұмыстары, әңгімелесу, кеңес беру);

  • оларды орындау мерзімдері;

  • жауапты тұлғалар;

  • күтілетін нәтижелер.

Мектепке дейінгі ұйым педагог - психологының құжаттамасы

  1. Педагог-психологтың 20__ ж. __________ арналған жұмыс жоспары.

  2. Педагог-психологтың 20__/20__ оқу жылына арналған перспективалық жұмыс жоспары.

  3. 20__/20__ оқу жылына арналған перспективалық-тақырыптық жоспар.

  4. Педагог-психологтың жұмыс формалары.

  5. Балалар өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыруды жоспарлау циклограммасы.

  6. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды психологиялық-педагогикалық тексеру.

  7. 3–4 жасар балалардың сенсорлық дамуын тексеруді талдау.

  8. Балаларды қадағалау картасы.

  9. Балалардың бейімделуін тексеруді талдау.

  10. Баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу үлгісі.

  11. Баланың невро-психикалық даму картасы.

  12. Жеке диагностикалық карта.

  13. Жеке диагностикалық тексеру картасы.

  14. Зерттелуші ортаның диагностикалық минимумы.

  15. МДҰ-да баланы психологиялық сүйемелдеуге ата-аналардың (қамқоршылардың) келісімі.

  16. Консультациялар журналы (жеке консультация).

  17. Мектепалды және ересек топ балаларының мектепте оқуға дайындығына жүргізілген алғашқы диагностикалық талдау.

  18. Мектепке психологиялық дайындық.

  19. Педагог-психологтың 20__/20__ оқу жылына арналған мектепалды тобы бағдарламасын меңгеруде артта қалған балалармен жұмыс істеу бағыттары.

  20. 20__ ж. _______ педагог-психологтың атқарған жұмысы туралы есеп.

  21. Ересек топ баласына психологиялық мінездеме жазу формасы.

  22. Психологиялық тексеру нәтижесі бойынша қорытынды.

  23. Социометриялық сауалнама бланкі.

  24. Танымдық үдерістерінің даму деңгейі төмен балалармен түзету-дамыту сабақтарын өткізудің күнтізбелік жоспары.

  25. Технологиялық карта (танымдық қабілеттерді дамыту).

  26. Топтық жұмыс формаларын тіркеу журналы.

  27. Түзету картасы.

  28. Үлгерімі төмен балаға арналған сауалнама.













Анықтамалар

  • мектеп жасына дейінгі балалардың даму деңгейін диагностикалық тексеру нәтижелері бойынша қорытынды;

  • бейімделу процесінің нәтижелері бойынша қорытынды;

  • мектепалды даярлық тобындағы балаларды диагностикалық тексеру нәтижелері бойынша қорытынды (мектепке дайындық);

  • бала мен ата-ана қарым-қатынасын зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды.

Педагогтармен жұмыс істеуге арналған материалдар

  • Тәрбие мен дамудың психологиялық мәселелері бойынша педагогтерге кеңес беру және ақпараттандыру;

  • Психологиялық білім беру;

  • Басқа мамандармен өзара әрекеттесу;

  • Нұсқаулықтар.

Ата-аналармен жұмыс істеуге арналған материалдар

  • Балалардың дамуы бойынша кеңес беру:

  • Психологиялық диагностика және түзету-дамыту жұмыстарының нәтижелері туралы ақпарат беру.


Педагог-психологтың әр топ бойынша іс-әрекеті


Жас кезендері

Педагог-психологтың іс-әрекеті


Ерте жас тобы –

1 жастағы балалар

-баланың психоэмоционалдық күйін, бейімделу процесін бақылау, қолдауды ұйымдастыру;

- топ тәрбиешімен және медбикемен бірлесіп бейімделу парағын жүргізу;

- балалармен, психоэмоционалды стрессті болдырмау немесе алып тастау бағытындағы ойындар, әңгімелесу жаттығуларын ұйымдастыру;

- баланың бейімделуі бойынша ата-аналармен кеңестер жүргізу;

- топ тәрбиешілерімен балалардың бейімделу кезеңі бойынша кеңестер жүргізу.

Кіші топ –

2 жастағы балалар

-баланың жеке даму деңгейін диагностикалау

(бақылаулар, педагогтер мен ата-аналардың өтініші бойынша);

-диагностика нәтижелері бойынша ата-аналармен жеке консультациялар ұйымдастыру, баланы дамыту бойынша ұсыныстар;

-топ тәрбиешілерімен баламен жеке жұмысты ұйымдастыру бойынша кеңестер.

Ортаңғы топ –

3 жастағы балалар

- ұйымдастырылған іс-әрекетін ұйымдастыру кезеңінде балалардың даму деңгейін аңықтау мақсатында топтық диагностикалауды жүргізу;

- педагогтардың немесе ата-аналардың өтініші бойынша балалармен жеке диагностиканы өткізу;

-өткізілген диагностика нәтижелері бойынша ата-аналармен жеке консультациялар ұйымдастыру;

-топ тәрбиешілерімен балалармен жеке жұмысты ұйымдастыру бойынша кеңестер беру.

Ересек топ –

4 жастағы балалар

- ұйымдастырылған іс-әрекетін ұйымдастыру кезеңінде балалардың даму деңгейін аңықтау мақсатында топтық диагностикалауды жүргізу;

- педагогтардың немесе ата-аналардың өтініші бойынша балалармен жеке диагностиканы өткізу;

- өткізілген диагностика нәтижелері бойынша ата-аналармен жеке консультациялар ұйымдастыру.

Мектепалды топ, мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сынып – 5 жастағы балалар

- ұйымдастырылған іс-әрекетін ұйымдастыру кезеңінде балалардың даму деңгейін аңықтау мақсатында топтық диагностикалауды жүргізу;

-баланың даму деңгейін аңықтау мақсатында жеке тереңдетілген диагностика өткізу (бала күн режимде жеткіліксіз нәтиже көрсеткен жағдайда);

- өткізілген диагностика нәтижелері бойынша ата-аналармен жеке консультациялар ұйымдастыру;

- топ тәрбиешілерімен балалармен жеке жұмысты ұйымдастыру бойынша кеңестер беру;

- балаларды мектепке дайындау мақсатында дамыту бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру;

-балалардың мектепке дайындығының аңықтау мақсатында қорытынды диагностикасын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу.

 

Педагог-психологтың лауазымдық сипаттамасы

1. Жалпы ережелер

1.1. Педагог-психолог лауазымға жоғары кәсіптік білімі бар адамдар арасынан тағайындалады ("Психология" бағыты бойынша "Педагогика және психология" бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе "Психология" бейіні бойынша педагогикалық қайта даярлауды, медициналық білімін).

1.2.Балабақша меңгерушісіне бағынады.

1.3. Балабақша меңгерушісінің бұйрығымен жұмысқа қабылданады және жұмыстан босатылады.

1.4. Алты айда бір рет медициналық тексеруден өтеді.

1.5. Өз жұмысында нормативтік құжаттарды, осы лауазымдық нұсқаулықты және Ішкі еңбек тәртібін басшылыққа алады.

1.6. Еңбек тәртібін орындайды.

2. Лауазымдық міндеттер.

2.1.  Мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге, тәрбиелешілердің психикалық және әлеуметтік салауаттылығын сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады, балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

2.2. Бала құқықтары туралы конвенцияға сәйкес баланың жеке құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі.

2.3. Баланың дамуы мен мінез-құлқындағы проблемаларды анықтайды. психикалық, эмоционалдық-коммуникативтік және тұлғалық даму деңгейі мен ерекшеліктеріне психологиялық диагностика жүргізеді, психологиялық қорытынды жасайды.

2.4. Мектепке дейінгі жастағы балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, әртүрлі психологиялық (психопрофилактикалық, дамытушылық және консультациялық) көмек көрсетеді.

2.5. Қажет болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және балаларға арналған, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар жеке дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ оны педагог-ассистент іске асыру үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу жөніндегі бағдарламаларды жасайды, оларды жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде іске асырады.

2.6.Кәсіби құзыреттілікті арттырады, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады.

2.7.Ата-аналарға, тәрбиешілерге және педагогтарға консультациялық көмек көрсетеді.

2.8. Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады.

2.9. Мектепке дейінгі жастағы шығармашылықпен дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етеді.

2.10. Мектепке дейінгі жастағы балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, әртүрлі психологиялық (психопрофилактикалық, дамытушылық және консультациялық) көмек көрсетеді

2.11.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.

3. Педагог- психолог білуге тиіс.

3.1. Білім беру саласының нормативтік құқықтық құжаттары.

3.2. Жалпы психология, педагогикалық психология және жалпы педагогика, тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас психологиясы, әлеуметтік психология, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматика.

3.3. Арнайы мектепке дейінгі педагогика, психотерапия, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздерін.

3.4. Ата-аналарға арналған жеке және топтық кәсіби кеңес берудің заманауи әдістері, баланың дамуындағы бұзылыстарды диагностикалау және түзету.

3.5. Педагогикалық этиканың нормалары.

3.6. Еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.

3.7. Алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібі.

3.8. Төтенше жағдайларды жою тәртібі.

4. Құқықтар

4.1. Кезекті демалыстың ұзақтығы 56 күнтізбелік күн.

4.2. Жұмыс аптасы 36 сағатты құрайды.

4.3. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген құқықтарға ие.

5. Осы нұсқаулықпен жүктелген барлық міндеттердің орындалуына жауапты.

Мен жұмыс сипаттамасымен таныстым және келісемін.

Күні ____________________________ Қолы











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2025
133
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі