400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Мектепке жол. Л л дыбысы жəне əрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке жол. Л л дыбысы жəне əрпі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні:

Сауат ашу

Мектеп:

№123 «Самал» жалпы орта мектебі

Сабақ тақырыбы:

Мектепке жол. Л л дыбысы жəне əрпі

Күні:09.10.2018ж

Мұғалімнің аты –жөні:


Сынып: МАД «В»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:


ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

0.1.1.2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.1.3. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.

0.1.3.1. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер: Сұрақтарға толық жауап беріп, өз ойларын айтады.

Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.

Л дыбысы – дауыссыз дыбыс, Л дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі Л дыбысының орнын ажыратады.

Жазуға қолдарын жаттықтырады. Көпшілік тәрбиеленушілер:Л дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы Л дыбысының орнын ажыратады. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, Л əрпінің элементтерін жазады. Кейбір тəрбиеленушілер:

Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Тілдік мақсат:

Тəрбиеленушілер:

Сурет желісі бойынша сұраққа жауап береді.

Өз ойларын толық, нақты жеткізе отырып, əңгіме құрайды.





Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Мектеп, жол, қауіпсіздік.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары.

Суреттен қандай таныс заттарды, жануарларды байқадыңдар? Сен дайындық сыныпқа неше жасыңнан келдің?

Сыныпта кімнің есімінде л дыбысы бар? Л əрпі неге ұқсайды?

Өткен ҰОҚ алған білім

Сөйлем дегеніміз не? Сөздер неге бөлінеді? Сөздерді буынға бөл. Сөздер қай дыбыстан басталып тұр? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай түстермен белгіленеді? Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 минут


Педагог балалардың ынтасын оқу қызметіне тарту үшін ортаға шаттық шеңберіне тұрғызады. Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.



Мына сұлу əлемде Адам өмір сүреді. Үлкен менен кішіге, Күн сəулесін төгеді.



(Ұ)Педагог балалардың мектепке барар жолы туралы əңгіме жүргізеді. Жолдарында қандай ғимараттар кездесетіні, қандай жолмен жүретіндері сұралады. Жолда жүру ережесін қатаң сақтау керктігі ескертіледі.


ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут









ҰОҚ ортасы ІІІ. Тақырып

бойынша жұмыс. 6-27 минут


















(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма. Лаққа көмек көрсет. Лақты мектебіне қысқа жолмен жеткіз.

Балалар суретке қарап отырып өз ойларын айтады. Балалар лаққа көмектесу үшін жолдарды таңдайды. Педагог лақ сөзін айтқызып, бірінші естілген дыбысты қайталатады.

Суреттен Л дыбысы естілетін сөздерді тауып, оларды атайды.

Балалар жолды саусақтың ұшымен сызып, сосын ауада жазып қайталайды.

Педагог Л үнді дауыссыз дыбыс екендігін айтады. Л дыбысы сөздің басында, ортасында жəне аяғында кездесетіндігі мысалдар арқылы түсіндіріледі. Л дыбысының айтылуын түсіндіреді (Л дыбысын айтқанда тіліміз тісімізге тиіп дыбыстар кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұрады).

2-тапсырма

Балалар сызба арқылы Л дыбысының орнын анықтайды. Тиісті суретпен сəйкестендіреді.

3-тапсырма

1.Сен дайындық сыныбына неше жасыңда келдің? Сыныпта кімнің есімінде Л дыбысы бар?

Балалар əліппе-дəптерде берілген санды белгілейді, сыныпта Л дыбысы бар есімдері балаларды атайды.



(Ұ) Сергіту сəті



Ал, балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып, Бір тынығып алайық.



4-тапсырма. Педагог Л əрпін көрсетіп, осы əріпке ұқсайтын қандай заттар бар екенін естеріне түсіреді. Суреттерге қарап, жауап береді.

5-тапсырма. Педагог өлең оқиды.



Біз күркенің алдында тұрған ек Қалдық біздер:

«Күрке ме, бұл, «Л» ма? – деп.

Ж. Əбдірашов

Педагог балаларға күркенің суретін көрсетіп, ол туралы мағлұмат береді. Балалар өлең жолдарын қайталайды.

6-тапсырма

Суретке қарап отырып, ағаш бұтағының, адам саусақтарының, штрапакетінің, таяқшаның неге ұқсайтынын табады. Балалар Л əрпін ауада жазып педагогпен бірге қайталайды.

Əліппе-дəптерде берілген бірінші жолға қала үйлері сияқты үзік сызбаларды бастырып сызады.

Екінші жолға Л əрпінің баспа түрін жазады. Педагог балаларға көмектеседі.















Кітапхана бұрышы, кітаптар















Әліппе-дәптер

IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.

28-30 минут

Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды.

(Ұ,Ө) Рефлексивтік бағалау. Өз жұмысын смайлик бойынша бағалап қорытындылайды

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
533
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі