400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектепке психологиялық дайындық

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушылардың денсаулығын сақтау, білім мен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында – мектебіміздің есігін алғаш ашқалы отырған кезде ойымызға -деген сан сұраулар көкейімізде тұрады Алайда, ұлт болашағы — тек қана мемлекетке немесе ұстаздарға ғана міндетті дүние емес. Ата-ананыңда бала алдындағы міндеттерін психологиялық тұрғыда есте сақтау қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Оқушының мектепке психологиялық дайындығы.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы » Заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеті-баланың даралығын дамыту, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интеллектісін дамыту, бала тұлғасының рухани және дене мүмкіндіктерін ашу екендігін ерекшелейді. Сондықтан да оқушылардың даму ерекшеліктерін жетік танып білуіміз қажет.

Алты жасар баланың мектепке дейінгі және мектеп аралығындағы жағдайының өзіндік психологиялық ерекшелігін анықтау болып табылады. Танымдық іс-әрекет түрлері жас ерекшеліктеріне сай дамығанын анықтау.Баланың танымдық қызығушылығын білу- бала жан-дүниесіне билік жүргізудің жолы.
Баланың білуге деген құмарлығын қалай дамытуға болады? Ол үшін ата-ана не істеу керек?
Баланың білуге деген құмарлығын дамыту ересектермен байланыс жасау кезінде ерекше қарқын алады. Ата-анамен қарым-қатынас кезінде бала өзін толғандырған сұрақтарға жауап алуға тырысады, бірақ психологтардың зерттеулеріне қарағанда, сұраққа бірден жауап беруге тырыспау керек, баланы әр нәрсенің жауабын өзі ізденіп табатындай жағдайға жеткізу керек.

Атақты балалар психологы Леонид Абрамович Венгер:  «Мектепке дайын болу-бұл оқу, жазу және санауды білу дегенді ғана білдірмейді. Мектепке дайын болу-осының  бәрін білуге дайын болу», – деген екен. Баланың мектепке дайындығы дегеніміз- бұл кешенді, көп жақты және бала өмірінің түгел аумағын қамтитын үрдіс.  Мектепте оқуға психологиялық дайындық- оқыту үрдісі барысында сыныптасымен, мұғаліммен қарым-қатынас жасап, оқу бағдарламасын меңгеру үшін психологиялық қажетті деңгей.

Мектепке психологиялық дайындық проблемаларының теориясы Л.С.Выгодскийді ң еңбектеріне негізделген.

Л.И.Божович: «Мектепте нәтижелі оқуға ықпалын тигізетін- баланың психикалық даму параметрлері: оқудың танымдық және әлеуметтік мотивтері- баланың мотивациялық даму деңгейі; ырықты тәртіптің және интеллектуалды сфераның дамуы ». Мектеп балалық шақ пен ересек өмірлерін біріктіретін буын.Егер балаға мектепке дейінгі мекемелерге бару міндетті болмаса, мектепке бару -міндет, сонымен қатар бала құрбылармен, ересектермен қарым-қатынаста болады.

Мектепке психологиялық дайындықты зерттеген психологтар, педагогтар бала тәртібінің ырықтылығына ерекше мән берген. Д.Б.Элькониннің есептеуінше, ырықты тәртіп ұжымдық- ролдік ойында туындайды, себебі бала осының арқасында дамудың жоғарғы деңгейіне жетеді.

Д.Б.Эльконин мектепке дайындық проблемасын қарастырған кезде, оқу іс-әрекетінің қажетті негізгі шартын белгілеген:

Балалардың өз әрекеттерін саналы түрде ережелерге бағындыру;

Берілген талаптар жүйесіне бағдарлана алу;

Айтушыны дұрыс тыңдай алу және ауызша формадағы тапсырмаларды орындай алу;

Үлгіні көру арқылы қабылдап, тапсырманы өзі орындай алу.

Сонымен қатар мектепке психологиялық дайындықта- сөйлеу дамуына көңіл бөлінеді. Сөйлеу интеллектімен тығыз байланысты және баланың жалпы дамуын, оның логикалық ойлау деңгейін бейнелейді. Бала сөздерде жеке дыбыстарды таба білу қажет, яғни оның фонематикалық естуі дамыған болу керек.

Баланың мектепке дайындығы келесі көрсеткіштер бойынша анықталады: жоспарлау, бақылау, мотивация, интеллект дамуының деңгейі. Мектепке психологиялық дайындық-бұл бүкіл мектепке дейінгі өмір. Сондықтан да, мектепке баланы жүйелі түрде дайындай отырып сіз болашақ бірінші сынып оқушысына тыныш және қуанышты  жаңа әлемге кіруге көмектесе аласыз. Мектепке психологиялық дайындық балаларда өздігінен емес, біртіндеп қалыптасады : ойын арқылы, еңбек арқылы, достарымен қарым-қатынас арқылы, тікелей білім беру арқылы.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
211
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі