400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектепке саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:


Мектеп: № 271 орта мектеп


Күні: 23.06.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні: Жарасова Г


СЫНЫП: 1

Қатысқандар : 21


Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Мектепке саяхат


Оқу мақсаты:

1.1.2.2.Мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жерін анықтау.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:Мектептегі функционалды аймақтардың атауын, орналасқан жерін біледі, әңгімелей алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Мектепте әр бөлменің атқаратын қызметінің ерекшелігін топтастырады.

Кейбір оқушылар: Әр бөлменің сызбасын сыза алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану.




Бағалау критерийі

Мектептегі функционалды аймақтарды біледі, ажыратады, қызметін атайды.


Құндылықтарға баулу

Сабақ барысында оқушылардың бір- бірін тыңдау, әдемілікке, тазалыққа, құрметтей білуге баулу.


Сөздік қор


Асхана- столовая - сafeteria; кітапхана- библиотека - library; дәрігер бөлмесі - медицинский кабинет - medical office.


Денсаулық және қауіпсіздігін сақталуы


Желімді дұрыс қолдана білу.

Пәнаралық байланыс


Бейнелеу өнері,ағылшын, орыс тілі.


Акт


Интерактивті тақта, оқушылардың санына қарай бөлмелердің атауы жазылған үлестірме парақшалар, мектеп сұлбасының көшірмесі,

Алдыңғы оқу



Мектепке баратын жол


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы

8 мин








Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Шаттық шеңберін құру арқылы оқушылар бір-бірлеріне сәттілік тілейді.

Оқушыларды топқа бөлу. Суреттер арқылы оқушыларды үш топқа бөлу.

1 топ. Кітапхана

2 топ Дәрігер бөлмесі

3 топ Асхана

-Балалар барлығымыз интербелсенді тақтаға қарап, мектептің, таудың, музейдің суретін көрсету. «Менен сұрақ, сенен жауап» әдісі

-Балалар сендер не көрдіңдер?

- Бұл жерлерге не үшін барамыз?

- Олай болса, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Мектепке саяхат» болмақ. ОМ анықтаймыз.



Топқа бөлінген суреттер




Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

32 мин






















Белсенді оқу ортасын топтық жұмыс арқылы ұйымдастыру

Әр топқа бөлмелерге қатысты суреттер беріледі. Әр бөлменің функционалды атқаратын қызметі туралы айтады.

1 топ: Кітапхана

2 топ: Дәрігер бөлмесі

3 топ: Асхана Бағалау: «Бағдаршам»

МТ «Түйіндеу» Мектепте көптеген бөлмелер бар. Бұл –асханакітапханадәрігер бөлмесі. Әр бөлме белгілі бір қажетке арналған. асхана – столовая – сafeteria; кітапхана – библиотека – library; дәрігер бөлмесі – медицинский кабинет – medical office.

Сараланған тапсырма

Әр оқушыға мектеп сызбасы таратылады.

Барынша қолдау көрсету:

-Дайын сызбадан бөлмелерді ажырату.

Орташа қолдау:

-Дайын сызбадан бөлмелерге бару жолдарын түсіндіріп бер.

Қолдау көрсету аз:

-Бөлмелердің сызбасын салу.

Қ/Б: Смайликпен бағалау

Сергіту сәті Ендi бiз демаламыз, Айналаны шоламыз.

Қол-аяқты кезекпен, Оңға-солға созамыз.

Күн шыққанда сүйiнiп,  Бәйшешектей иiлiп,

Бiз тынығып аламыз.      Жиi-жиi жаттығып,

Үлкен кiсi боламыз.

(Ж) Сен білесін бе? Өзінің орналасуы және сәулеті жағынан ерекше мектептер туралы ақпарат.

Ашық кеңістіктегі мектеп (Дания) Мектептің ішінде бір де бір жеке кабинет және сынып бөлмесі жоқ. Есесіне мектептің ортасынан өтетін үлкен айналмалы баспалдақ бар. Мұнда барлық жерде сымсыз интернет бар, ал еденде ашық түсті жастықшалар жатыр.

Өзіңнің мектебің мен Дания елінің мектебін салыстыр.

Кері байланыс


Суреттер

















суреттер

Сабақтың соңы

5 мин









Қ.Б Дәптермен жұмыс. «Лабиринт» тапсырмасы орындауға беріледі.Оқушылар лабиринтте қарындашпен сызық жүргізу арқылы барлық заттарды тиісті бөлмелерге апаруы тиіс. Ботаға барлық заттарды жинауға және оларды қажетті бөлмеге апаруға көмектес.

Дескриптор:

  • Сызық жүргізу арқылы барлық заттарды тиісті бөлмелерге апарады.

Рефлексия


КЕРІ БАЙЛАНЫС. «Тілек ағашы»


Бүгінгі сабақты түсінгендер ағаштың ең жоғарғы жағына стикерге жазып жабыстырады.

Сабақты жартылай түсінгендер ағаштың ортасына стикер жабыстырады.

Мүлдем түсінбедім деген оқушылар ағаштың түбіне апарып қояды.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
757
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі