400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектепке саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жаңартылған оқу бағдарламасына сай жасалған, түрлі әдіс-тәсілдерді қамтамасыз етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дүниетану


Сабақ тақырыбы:

Мектепке саяхат

Мектеп: № 4 ЖОББМ

Күні :

18.10.2019

Мұғалімнің есімі: Кайранова Айжуз

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.2.2 мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жерін анықтау

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: Мектепте қандай бөлмелердің болатынын, олардың неге арналғанын білy;


Оқушылардың басым бөлігі: Олардың орналасқан жерлерін өз бетінше табуға үйренy.

Кейбір оқушылар: : Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Жетістік критерийлері

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.


Тілдік мақсаттар

асхана – столовая – сafeteria;


кітапхана – библиотека – library;


дәрігер бөлмесі – медицинский кабинет – medical office

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың мектепке деген қызығушылықтарын арттырады.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, бейнелеу өнері

Бастапқы білім


Мектепке баратын жол

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3-5 минут


Қызығушылықты ояту


  1. «Шаттық шеңбері» арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Шаттық шеңберін құрып, «сиқырлы микрофон» тілек білдіру сәтін ұйымдастыру.

-Егерде, «сиқырлы микрофон» менде болса,мен саған әдемі планшет сыйлар едім. – дегендей.

Қалталы микрофон

















Сабақтың ортасы

10-25 минут




























2-3 минут






















3-5 минут

























3-5 минут


























5-7 минут




















3 минут

  1. «Сиқырлы үштік» көрінісі

(Сиқырлы әуен ойнайды) –

-Түш, түш балалар, естіп түрсыңдар ма? Бір сиқырлы әуен шығып тұрғандай.

Балалар:

-Иә, иә мұғалім!

Есікті біреу тоқылдатады.

Мұғалім:

-Иә, кіріңіз.

Осы кезде сыныпқа « аспаз, кітапханашы және дәрігер » кіріп келеді.

Дәрігер:

Балалар, біз сендерге не үшін келгенімізді білесіңдер ме?

Балалар:

-Жоооооқ

Аспаз:

-Мен аспазбын сендердің асханаларында жұмыс істеймін. Сендерге арнап тәтті - дәмдінің барлығын мен пісіремін.

Кітапханашы:

-Алдарында жатқан кітаптардың барлығын қайдан алдындар?

Балалар:

-Кітапханадан.

Кітапханашы:

Дұрыс айтасыңдар балалар! Мен сендердің кітапханашы апайларыңмын.

Дәрігер:

- Сендердің бастарын,іштерін ауырғанда, қызуларын көтерілгенде кімге барасындар?

Балалар:

- Дәрігерге.

Мұғалім:

- Иә балалар, дұрыс айтасындар бүгінгі біздің тақырыбымыз «Мектепке саяхат»,

яғни бүгін біз өзіміз оқып жатқан мектеп жайлы қызықты деректер білетін боламыз.Ал, бүгін бізге кітапханашы, аспазшы және дәрігер апайларын қонаққа келіпті.

  1. «Сиқырлы тапсырма»

Дәрігер:

-Балалар менің сендерге арналған «сиқырлы тапсырмам» бар. Орындауға дайынсындар ма?

Балалар:

-Иә!

Аспазшы:

-Мектепте қандай бөлмелер болатынын білесіңдер ме, оларды өздерін таба аласыңдар ма?

Балалар:

-Иә.

Мұғалім:

-Балалар, кәнекей аспазшы мен дәрігер апайымыздың алып келген тапсырмасын орындайық!


Аспазшы:

-Балалар, біздің қолымыздағы плакатта салынған мектеп бөлмелерін - Айшаға таныстыруға көмектесейікші. (Балалардың жауаптарын тыңдау, )

ҚБ – 1. Мұғалім тарапынан: сөздік мадақтау (Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы!)

2. Қонақтар тарапынан: Аспазшы: «тәтті – дәмдінің» суреттерімен, Дәрігер: «дәрі – дәрмек» суреттерімен, ал Кітапханашы:«кітаптардың суреттерімен» бағалайды.



Мұғалім:

-Өзіңді суреттегі мектепте жүрмін деп елестетіңдер.

-Суретте қандай бөлмелер көрсетілген?

-Олар не үшін қажет?

-Бұл бөлмелер мектебінің қай жерінде орналасқан?


Мұғалім:

-Иә, балалар мектепте көптеген бөлмелер бар. Бұл – сынып кабинеттері, асхана, кітапхана, дәрігерлер, спорт зал, әжетхана бөлмесі. Олар белгілі бір қызмет атқарады.


  1. Үштілділік: (сыныппен, қатармен, жекелеме сұрау):


асхана – столовая – сafeteria;


кітапхана – библиотека – library;


дәрігер бөлмесі – медицинский кабинет – medical office


  1. Анықта:

  • Мектеп сызбасын ал.

  • Өзін оқитын сыныпқа жасыл түсті белгі қой.

  • Қызыл түсті белгімен асхананы, кітапхананы, дәрігер бөлмесін белгіле.

  • Сызбадан бұл бөлмелерге баратын қысқа жолды тап.

  • Бұл бөлмелер не үшін қажет?

  • Сен ол жерге қалай жеттің?

  • Бұл бөлмелерге барып, бақылау жүргіз.


  1. Дәптермен жұмыс.

8-жұмыс

-Балалар, дүниетану дәптерімізді аламыз, 10шы бетті яғни 1 және 0 деп жазылған беттерді ашамыз. «Кім қайда жұмыс істейді?» тапсырмасын орындаймыз. Суреттермен сөздерді сәйкестіреміз.

9-жұмыс

  • Мектеп кітапханасында қандай заттар бар?

  • Олар қалай орналасқан? Есіңе түсір.

  • Мектеп кітапханасының сызбасын сыз.

  1. Сен білесің бе?


-Дания елінде ерекше мектеп бар. Онда жекелеген бөлмелер жоқ. Барлығы бір үлкен бөлмеде оқиды.



Сергіту сәті

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу












плакат













































































А3те тірек сөздер шығарылып тұрады.



































Дәптер

























А4те мектептің суреті








Сабақтың соңы



3-5 минут

Қортынды сұрақтар:

-Мектепте қандай бөлмелер бар?

-Асхана қай қабатта орналасқан?

-Мектепте тағы қандай бөлмелер болғанын қалар едін?

Кері байланыс: «Алма ағашы»

Тақырыпты толықтай түсінсеңдер,стикерді алма ағашының басына; Әлі толықтыруым керек дегендерің болса, алма ағашының ортасына; Ал, мүлде түсінбедім дегендер алма ағашының аяқ жағына жабыстырыңдар.



Shape1













А3те «Алма ағашы» шығарылып тұрады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
308
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі