«ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС: ОТБАСЫ
– МЕКТЕП ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ»
Мектеп пен отбасы
ынтымақтастығын нығайтуда тәрбиенің тиімділігін
арттыру
Габдуллина
.Г.Т.
Бастауыш сынып
мұғалімі
Абай облысы білім
басқармасы
Ақсуат ауданы білім
бөлімінің
«Тоғас батыр атындағы орта
мектебі» КММ
Отбасы – адамзат бесігін
тербеткен ұя болса, сол ұядан ұшатын бала тәрбиесі қазіргі қоғамда
маңызды мәселе. Бұл үдерісте отбасы, мектеп және қоғамның бірлескен
әрекеті үлкен рөл атқарады.Үш жақты байланыс – бала тәрбиесінің
негізгі тірегі.
1.Отбасының
рөлі
Отбасы – баланың алғашқы
тәрбие мектебі.Баланың алғашқы өмірлік құндылықтарды бойына
сіңіруі, мінез – құлқының қалыптасуы, мәдениеттің негіздерін
меңгеруі ең алдымен ата-ананың үлгісіне байланысты. «Балапан ұяда
не көрсе, ұшқанда соны іледі» - демекші, бала әкеден ақыл, анадан
мейірім алады.Ата – ананың қамқорлығы мен сүйіспеншілігі – баланың
ішкі дүниесіне терең әсер етеді.Мұнда бала алғаш рет адамгершілік,
жауапкершілік, сыйластық ұғымдарын бойына сіңіреді.Ата – ана
баланың өміріндегі алғашқы ұстаз. «Бала тәрбиесі – бесіктен» деген
халық даналығы бекер айтылмаған. Береке бірлігі мол үлгілі
отбасында тәрбиеленген баланың таным жүйесі мейлінше ауқымды,
болашақ өркениетке қосар үлесі бар болады.Тәрбиенің бастауы болған
отбасы мүшелері тәрбие мен оқытуды іске асыруда мектептің ең басты
одақтасы бола алады.
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлы
қазақ руханиятында ерекше орын алады.Оның «Толық адам» ілімі рухани
тәрбие мен адамгершіліктің негізі.Бұл ілім бала тәрбиесінде үлкен
рөл атқарады. Абайдың айтуынша, «толық адам» - үш қасиетті бойына
жинаған адам:
-
Ыстық
жүрек
-
Таза
ақыл
-
Ерік – күш
(Қайрат)
Бұл қасиеттердің үйлесімі –
адамды рухани кемелденуге, ізгілікке, әділеттілікке, мейірім мен
шындыққа жетелейді.
а) Ыстық жүрек – мейірімділік
пен махаббат:
- Баланың бойына мейірімділік,
жанашырлық сезімдерін сіңіру;
- Ата- анамен мұғалім
тарапынан түсіністік көрсету;
- Отбасылық құндылықтар мен
ұлттық тәрбие арқылы жүрек жылуын ояту.
ә) Таза ақыл – білім мен
парасат :
- Баланың ой – санасын дамыту,
логикалық ойлауын арттыру;
- Сапалы білім беріп, кітап
оқуға баулу;
- Дұрыс шешім қабылдай білуге
үйрету.
б) Қайрат – табандылық пен
еңбек:
- Еңбекке баулу, ерінбей
әрекет етуге үйрету;
- Қиындықтардан қорықпау,
табандылық пен жетістікке жетуді үйрету.
«Толық адам» ілімінің
тәрбиелік маңыздылығы:
-
Бала бойында адамгершілік
қасиеттер қалыптасады;
-
Жауапкершілік пен еңбекқорлық
қасиеттері артады;
-
Өзін – өзі тануға және рухани
кемелденуге ұмтылады;
-
Қоғамға пайда әкелетін ізгі
тұлға ретінде қалыптасады.
Бүгінгі ұстаздар мен
ата-аналар осы үш қасиетті бала тәрбиесінде қолданса, еліміздің
жарқын болашағы жарқын болары сөзсі.Сол себепті ата-ананың тәрбиесі
мектеппен үздіксіз ұштасуы тиіс.
2.Мектептің
рөлі.
Мектеп – баланың білім алып,
әлеуметтік ортада қарым – қатынас жасауды үйренетін екінші
ордасы.Мұғалім – тек білім беруші емес, тәрбиеші әлі жол көрсетуші.
Оқушылардың мінез – құлқы, қоғамдық көзқарасы, тұлғалық қасиеттерін
дамытуда маңызды рөл атқарады.Сондықтан әр ұстаз баланың тәрбиесіне
ата-анамен бірге жауапты.
Баланың жан – жақты дамуы үшін
ата-ана мен мұғалім арасында сенімді әрі тұрақты байланыс болуы
қажет.Бұл байланыс мынадай бағыттар бойынша жүзеге
асады:
-
Ата-аналар жиналысы арқылы
пікір алмасу;
-
Ашық сабақтар мен тәрбие
сағаттарына ата-аналарды тарту;
-
Ортақ тәрбиелік жобаларды
ұйымдастыру (мысалы, «Отбасылық дәстүр апталығы», «Ашық есік күні»,
«Шеберлік сағаттары»;
-
Қиын оқушылармен бірлесе жұмыс
істеу;
-
«Әкелер мектебі», «Аналар
мектебі» жобаларымен жұмыс;
-
«Ата – аналарды қолдау
орталығымен» бірлескен жұмыс жүргізу.
-
Психологиялық тренингтер мен
семинарлар өткізу.
Осы ретте өз тәжірибемнен
мысалдар келтіре кетсем:
Ата-ана – оқушы – мұғалім
байланысын нығайту, жеке тұлғаны қалыптастыру және сапалы оқыту мен
саналы тәрбие беруде жұмыстар атқарып келемін. Ата – аналар
жиналыстарында «Ұрпақ тәрбиесі – баршаға ортақ», «Ата – ананың бала
тәрбиесіндегі рөлі», «Бала тәрбиесіндегі жазалау мен мадақтау»
тақырыптарында тренингтер мен семинарлар, «Шешеге қарап, қыз өсер»,
«Әкеге қарап ұл өсер» тақырыптарында дөңгелек стөл; «Біз қандай
ата-анамыз?», «Сіз балаңызды білесіз бе?» тақырыбында сауалнамалар
жүргізіліп отырылады.Соның бірінен мысал келтіре кетсем: Мен
4-шісынып жетекшісімін.Сыныбымда 16 білім алушы бар.Осы
оқушыларыммен, ата – аналарыммен байланыс орнату мақсатында «Отбасы
– тәрбиенің алтын ұясы» тақырыбында шебер сағаты жобасын бастап
жатырмын.Мақсатым: ата-ана, мектеп арасындағы байланысты нығайту
және ата-ана арқылы оқушыға ықпал ету.
Жоба барысында тек сыныбымдағы
әр ата-ана өз мүмкіндіктеріне қарай шеберлік сағаттарын
өткізеді.Біз ауылдық жерде тұратындықтан бұл жұмысты жүргізу аса
қиын емес.Ұлттық қолөнер түрлерін көрсету, тағам дайындау жолдарын
көрсету, темірден жасалатын жұмыстар көрсету, дүкенде сатушы
болуды, басқа да әр сала бойынша жұмыстар
көрсетеді.
Күтілетін
нәтиже:
-
Ата – ана, сынып одағы
арасындағы қатынас артады;
-
Оқушыны мамандыққа бейімдеуге
ықпал етеді;
-
Білім алушылар өз
қызығушылығын анықтайды;
-
Бала бойында ата – анасына
деген мақтаныш сезімі арту арқылы қарым – қатынастарының нығая
түсуіне ықпал етеді



3. Қоғаммен
байланыс.
Қазіргі таңда мектеп пен
отбасы арасындағы байланысты тек осы екі тараптың ғана мәселесі
емес, қоғамның белсенді араласуы арқылы шешуге болады. Қоғам –
баланың әлеуметтік ортадағы бейімделуіне көмектесетін кеңістік.
Бұқаралық ақпарат құралдары, мәдени орталықтар, үкіметтік емес
ұйымдар, тәрбие беруші бағдарламалар – бала тәрбиесіне әсер ететін
әлеуетті күштер.Баланың жан – жақты дамуына үлес
қосады.
Ынтымақтастықтың
маңызы
Қоғам мен мектеп, отбасы
арасындағы өзара әрекет – баланың сапалы білім алып, рухани –
адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруіне жол ашады. Үштаған
байланыс ( отбасы – мектеп – қоғам) үйлесімді болса ғана, болашақ
ұрпақтың тәрбиесі мен дамуы өз нәтижесін береді.Үнемі байланыста
болу, пікір алмасу, бір-бірін қолдау – тәрбие сапасын
арттырады.
Қорытынды.
Тәрбие – бір ғана мектептің
немесе отбасының міндеті емес.Бұл – ортақ іс.Сондықтан отбасы,
мектеп және қоғам арасындағы ынтымақтастық неғұрлым тығыз болса,
болашақ ұрпақ соғұрлым саналы, білімді, тәрбиелі болып өседі.Сөз
соңында айтпағым, отбасы болып, мектеп, қоғам болып, әрқайсысымыз
өз міндеттерімізді дұрыс түсініп, бірлесе, жұмыла жұмыс жасасақ, оң
нәтиже беретіні анық. Ең бастысы бәрі де еліміздің болашағы мен
келешегі үшін екендігін ұмытпасақ болғаны.
Ендеше, осы жолда нәтижелі
жұмыстар атқара берейік,- дегім келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1. Адамбаев Б. Тәрбие туралы тағылымдар.-
Алматы 1995
2. Мұхаметжанова С. Отбасы тәрбиесі – бала
болашағының негізі\ Педагогика және психолгия журналы.2021,
№3
3. Мұсаев А.Мектеп және ата – ана
ынтымақтастығы – тәрбиенің негізі.\ Тәрбие көзі. – 2022,
№2