400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Мектепшілік бастау есептері 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. Оқушылардың логикасын арттыруға арналған тапсырмалар берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

І. « Әу, Баста » 45 минут ( 36ұпай)

1. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан қою керек?

6

19

13

8

23

15

9

38

?

(2ұпай)

2.Екі санның қосындысы қосылғыштардың біреуіне тең.Екінші қосылғыш қандай сан? (2ұпай)



3.Сыныпта 36 оқушы бар.Әрбір 4 қызға 5 ұлдан келеді.Сонда неше қыз бен ұл бар? (6 ұпай)



4. 5,28,71,61 сандарынан ең үлкен 7 таңбалы сан құрастыр. (4 ұпай)



  1. Дұрыс теңдік алу үшін ұяшықтарды 1-ден 5-ке дейінгі сандармен толтырыңыз.(әр сан бір рет қолданылады ) (4 ұпай)

£ + £ =£ * (£ -£)



6. Периметрі 2дм 2см болатын шаршының қабырғасы қанша? (4 ұпай)



7. Теңдік орындалатындай етіп цифрлар арасына +, -, ÷, × математикалық амалдарды ◌ орналастыр:

(6 ◌ 18 ◌ 3) ◌ (7 ◌ 2) = 12;

(12 ◌ 6 ◌ 5) ◌ (15 ◌ 4) = 7; (6 ұпай)

8.2 кг және 7 кг гирь бар.54 кг өлшеу үшін қанша 2 және 7 кг гирь керек?

(6 ұпай)

9. Мирастың барлық 24 алмасы бар.Ол ¼ бөлігін жеді.Мирас неше алма жеді? (2 ұпай)







ІІ. « Асық» 90 минут



1.Айман үш түрлі кәмпит сатып алды:үлкен,орташа және кіші.Әрбір үлкен кәмпит 4 тг,орташа кәмпит 2тг және кіші 1тг.Ол 10 кәмпит сатып алып,сатушыға 16 тг төлеген болса,ол қанша үлкен кәмпит сатып алған?



2.ОЙ*(ОЙ+1)=ДАНА ребусты шеш.Бірдей әріп бірдей,өзгеше әріп өзгеше цифрды белгілейді.



3.Автотұрақта жеңіл машиналар мен мотоциклдерден барлығы 11,ал доңғалақтарының саны 34 болса,онда қанша жеңіл машина бар?Қанша мотоцикл тұр?



4. Қораптағы алмалар саны екі таңбалы сан.Алмаларды 2 , 3 және 5 балаға тең етіп бөліп беруге болады,бірақ 4 адамға бөлінбейді.Қорапта қанша алма бар?





5. Санның үштен бір бөлігін 17-ге бөлсе,ең кіші үш таңбалы сан шығады.Белгісіз санды тап.



6. Қоян тауықтан 3 кг-ға ауыр.Егер 2 қоян мен 5 тауықтың салмағы бірдей болса,онда 1 қоян қанша кг болады?





7. Үш санның қосындысы 8-ге тең.Бірінші және екінші санның қосындысы 6-ға,ал бірінші және үшінші сандардың қосындысы 3-ке тең.Осы сандарды тап.





8. Осыдан 3 жыл бұрын ағасы мен қарындастарының жастарының қосындысы 15 жас болса,3 жылдан кейін екеуінің жастарының қосындысы қанша болады?







ІІІ. « Бәйге» 2-сынып

  1. Артық санды табыңыз:30,28,24,21,18,15,27.


2. Бір қария 34 балмұздақ алған.Ол өзінде 4 балмұздақ қалдырып,әр біреуінде 6 балмұздақтан келетіндей етіп,өз немерелеріне бөліп берді.Қарияда қанша немере бар?



3. Екі залда 50 орындық бар.Бір залдан 10 орындықты алып кеткенде,екі залдағы орындықтар саны бірдей болды.Әуелде залда неше орындықтан болған?







































ІІІ. « Бәйге» 3-сынып

  1. 5 сәбіз бен 3 қияр 84 теңге тұрады.Ал 3 қияр мен 2 сәбіз 39 теңге тұрады.Демек, бір қияр мен бір сәбіз қанша тұрады?


2.Мақсаттың әкесі 35 жаста.Мақсат әкесінен 7 есе кіші,ал әпкесінен 2 есе кіші.Сонда Мақсаттың әпкесі нешеде?





3. МА+ТЕ+МА+ТИ+КА=УУ Сандық ребустың барлық шешімдерін тап.







































ІІІ. « Бәйге» 4-сынып

1. Шешесі қызына: « 45 бұршақты үш ыдысқа бөліп,екеуіне бірдей ,үшіншісіне екі есе аз сал»деді.Қызы қалай салды?



2.Арман кітабын ашқанда оң және сол бетіндегі нөмірлердің қосындысы 31 шықты.Олардың көбейтіндісі қанша болады?



3.Оқушылар мұражайға бару үшін үш-үштен сапқа тұрды.Айғаным ,Дүйсен ,Айқын-үшеуі өздерінің алдыңғы жақтан санағанда 7-ші,арттан санағанда

5-ші қатарда тұрғандарын байқады.Мұражайға неше бала барған?



































Жауаптары:



І. « Әу, Баста »



1. Ж:29

2. Ж:Екінші қосылғыш 0-ге тең

3. Жауабы: 20 ұл мен 16 қыз

4. Ж:7161285

5.Жауабы :

6. Ж:5 см 5мм

7. Ж:(6+18-3) –( 7+2) =12

Ж: (12*6+5) : (15-4) =7

8. Ж:12 7*6=42 54-42=12 2*6=12 6+6=12гирь

9. Ж:6 алма жейді

































ІІ. « Асық» 154 ұпай

1. Жауабы: 4тг,2тг,1тг Бірінші мүмкіндік – 16 ұпай

Екінші мүмкіндік – 8 ұпай

2.Жауабы: 45*(45+1)=2070

Бірінші мүмкіндік – 20 ұпай

Екінші мүмкіндік – 10 ұпай

3. Жауабы: 5 мотоцикл, 6 жеңіл машина

Бірінші мүмкіндік – 34 ұпай

Екінші мүмкіндік – 17 ұпай

4. Жауабы: 30 немесе 90 алма болады

Бірінші мүмкіндік – 14 ұпай

Екінші мүмкіндік – 7 ұпай



5.Жауабы:100*17*3=5100

Бірінші мүмкіндік – 20 ұпай

Екінші мүмкіндік – 10 ұпай



6.Жауабы: 1 тауық = 2кг 1 қоян = 5кг

Бірінші мүмкіндік – 12 ұпай

Екінші мүмкіндік – 6 ұпай


7.Жауабы: 1,5,2

Бірінші мүмкіндік – 16 ұпай

Екінші мүмкіндік – 8 ұпай

8.Жауабы: Қазір 21 жас 3 жылдан кейін 27 жас болады

Бірінші мүмкіндік – 22 ұпай

Екінші мүмкіндік – 11ұпай

ІІІ. « Бәйге» 2-сынып

1. Ж:28

Жауабы: толық болса – 7 ұпай

жартылай болса – 5 ұпай

бастапқы болса -3ұпай


2. Ж: 5 немере

3. Ж: 30 және 20







ІІІ. « Бәйге» 3-сынып

1. Ж: 1 сәбіз 15 тг, 1 қияр 9 тг Жауабы: толық болса – 7 ұпай

жартылай болса – 5 ұпай

бастапқы болса -3ұпай

2. Ж:Әпкесі 10-да

3. Ж: 33 бала барған





ІІІ. « Бәйге» 4-сынып

  1. Ж: 18+18+9

Жауабы: толық болса – 7 ұпай

жартылай болса – 5 ұпай

бастапқы болса -3ұпай


2.Ж: 15*16=240

3. Ж: 10+25+10+24+30=99



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
17.10.2025
55
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі