400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепшілік іс -шара "Жас Ұлан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады. Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанына адал. Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары. Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады. Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар. Жасұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» , «Жас Қыран » балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарийі.


­­­­Өтетін орны: №113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектеп ҚР мемлекеттік рәміздерімен безендіріледі. «ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленіп, ілінеді.


  Шақырылатын қонақтар: Ұстаздар,ата-аналар,оқушылар және мектеп әкімшілігі.
1-Жүргізуші: 
Қайырлы күн оқушылар және ұстаздар, мектеп әкімщілігі. Республикалық бірыңғай «ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздар дықабылдау салтанатты жиынына қошкелдіңіздер!
2-жүргізуші:
Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «ЖасҰлан»  «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр.

1-жүргізуші:
Топ басшысылары бүгінгі Республикалық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтаннатты жиынына дайындықтары туралы рапорт тапсыруға дайындалды.


Рапорт мәтіні: Жиын!Сап тузе!Тік тұр!

1-жүргізуші: 
Оқушылар түзеліңдер тік тұрыңдар!

«Жас Ұлан»біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы»Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің туы еңгізілсін.


Құрметті мектебіміз директоры.Бүгінгі Республикалық біріңғай «Жас ұлан»балармен «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты жиынына 285 оқушы дайын.Салтанатты жиынды ашық деп жариялауға рұхсат етіңіз.

Директор: Рұхсат етемін!


Әнұран ойналады:

2-жүргізуші: 
Түсініп терең,өмірдің мәнін,

Жалынды жастар,сендерсің сәнім

Беретін бойға куш-қуат,жігер

Шырқаласын шаттық әнұран әнім!

2-жүргізуші:

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы»Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.Ендеше,бейбітшілік күніне орайластырылған оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра,алдымен ұйымның мақсат,міндет,ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:

«Жас Ұлан» ұйымының әр-бір мүшесі:

Қоғамдық өмірде,тұрмыста,қазақ ұлттық болмыста,халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып,ата-анасын шынайы силап,олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп,өсіеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді.Туған елін шексіз сүйеді.

2-жүргізуші:
Қазақстан туының түсіндей галстук тағу керек және мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.


1-жүргізуші: 

Қазақ  тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу  сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.

Жасұлан ұйымының мүшесі  - Отанына адал. 

Жасұлан ұйымының мүшесі  - Отанының адал азаматтары. 

Жасұлан ұйымының мүшесі  - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші

Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.

Жасұлан ұйымының мүшесі  - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар. 

Жасұлан ұйымының мүшесі  - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.
2-жүргізуші:
Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!

1-Жүргізуші: 
«Жас Ұлан» ұйымының негіздері мақсаты-оқушылардың қоғамдық,әлеуметтік,танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.Ал міндеттері-әлеуметтік тәжірібені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлуетін жүзеге асыру болып табылады.

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» «Жас Қыран»балалар мен жасөспірімдер ұйымына кіре отырып: 


ҚР патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Отанымыды мақтаныш етуге;
Ата-ананы қадірлеуге;
Білімге ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге;
Жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етесіңдер ме?


  Тәлімгер: Ал енді қуанышты да салтанатты сәт.Отан алдында үлкен жауапкершілікке, мейрімділікке тәрбиелейтін»Жас Ұлан»ұйымына қабылдану рәсімін бастаймыз.

Назар аударыңыз!Сап түзе!Тік тұр!Мектептік ұйым Қатысушылары! «Жас Ұлан»біріңғай балалармен жасөспірімдер республикалық қоғамдық бірлестігі қатарына салтанатты қабылдауға дайындал!



«Жас Ұлан» ұйым қатысушылары дайынба?

-Дайынбыз! 

 Тәлімгер:«Біз ...» 

Оқушылар: «Жас Ұлан» 

 
Тәлімгер: «Ұранымыз»

 Оқушылар: «Қазақстан – Нұрсұлтан – Жас Ұлан» - 3 рет.

Өлеңдер

Егеменді еліміздің тірегі 
Мектептің болашағы жігері 
Достықпен татулық тілегі 
«Жас Ұлан»  ұйымының біз түлегі 

Елімнің атын айтсам - Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан.

Қойнауы қазынаңа толған мекен,

Байлығымның атын айтсам – Қазақстан.

Қазақстан – ұлт атын ұлықты еткен,

Ұлылардың арманын биік еткен.

Өзге де ұлт, ұлысқа қоңыс болып,

Оларға да жақсылық үйіп төккен.

Біз Отанның Ұланы,

Жер қайысқан қалың қол.

Тәуелсіз ел ұланы,

Ант беругедайын бол!



Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің

Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» «Жас Қыран» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.



2-жүргізуші
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз. 

( «Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)

Анттың мәтіні: 

Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға; 

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға; 

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» «Жас Қыран»Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге жәнеОтанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!



Тәлімгер:
Құрметті ұстаздар және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан»  ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төсбелгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

«Жас Ұлан» әні орындалады.


 Құттықтау үшін сөз мектеп директоры Имамсидиков Надирхан Артукходжаұлы беріледі.Келесі сөз ата-аналар комитеті төрағасы Абдурахманов Абдуқадир ағайға беріледі.



2-жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.  


Назар аударыңыздар!Сап түзе!Тік тұр!

«Жас Ұлан»бірыңғай балалар мен жасөспірімдер Республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымының туы алып шығарылсын!

( «Жас Ұлан»ның әнұраны орындалады және «Жас Ұлан»ның туы көтеріліп,сыртқа шығып кетеді)


1-жүргізуші: 
Асқақ еліміздің асыл ұрандары, жас достар. «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері!Құттықтаймыз сіздерді.Келесі ән мен сіздерге арналады.

2. 9-«А» сынып оқушыларының дайындаған би

3. 7- «А» сынып дайындаған би

4. - «Б» сынып оқушысы дайындаған би.

«Жас Ұланшылар» егеменді еліміздің адал азаматтары болыңыздар!Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге дайын болыңыздар!Сонымен салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. 




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
471
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі