Материалдар / Мектепшілік іс-шара
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мектепшілік іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұстаздарға ,жаңа концерттік бағдарлама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2020
685
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бекітемін

Мектеп директоры: Сабиров Ж.К.



Батурин жалпы орта білім беретін мектебі





Тақырыбы:

«Мектеп аруы – 2019»

(7-10 сынып қыздары арасындағы байқау)

Picture 1

Дайындаған әлеуметтік педагог

Абуова Г.К.,




2019-2020 оқу жылы

Янайкин ауылы

«Мектеп аруы – 2019»

7-10 кластар аралығындағы «Мектеп аруы - 2019» мектепішілік байқауы

Мақсаты:Қыз баланы ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де

қайырымды етіп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Аслан Аяжан


Ару қыздар гүлдей нәзік қылықты,
Көздеріңе бар сұлулық тұныпты
Жалт – жұлт еткен жанарыңның жарқылы
Талай жанның мұз жүрегін жылытты.
Жазылмаған кәусар керім жырсыңдар
Ашылмаған – шашылмаған сырсыңдар.
Арман болған көз алдымда қыздар – ай
Арман қыздар періштедей сырғалы
Бұратылған тал шыбықтай тұлғалы
Құлпырғанда сендер алау шашқанда
Әсемдігін жоғалтады гүл дағы.

Айкүміс : Қайырлы күн құрметті ханымдар мен мырзалар!

Аяулым: Армысыздар қадірлі қонақтар, оқушылар!
Бүгін мектебімізде үлкен мереке, баршамыз асыға күткен

ең ақылды, ең сұлу, өнерлі де, инабатты ару

қыздарымыздың байқауы. «Мектеп аруы - 2019»

байқауына екі жүргізуші бірге «Қош келдіңіздер»

Айкүміс:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін міне мектебімізде 7 – 10 кластар арасында өткелі отырған «Мектеп аруы – 2019» байқауына келіп отырсыздар. Атамыз қазақ ерте заманнан–ақ ұрпақ өсіріп, оны тәрбиелеу ісіне ерекше назар аударған. Әсіресе қыз балаға аса көңіл бөлген оны ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеген. Сонымен бірге «Қыз - қонақ», «Қыз өссе – елдің көркі», «Қызды қырық үйден тыю» деген мақал – мәтелдер бекер айтылмаса керек. «Мектеп аруы – 2019» байқауының да көздеген мақсаты да осындай асыл қасиеттерді ару қыздарымыздың бойынан байқап, көру. Олай болса, байқауымызды ашық деп жариялаймыз.


Аяулым:  Мектеп директоры Сабиров Жасталап Кайруллиновичке

сөз береміз.

Айкүміс: Аяулым , қалай ойлайсың, қыздарды гүлдерге осы неге

теңейді екен?


Аяулым: Менің ойымша, біздің мектептің қыздары әлемнің ең сұлу

гүлдерінен әлде қайда сұлу.

Менің сөзімнің шын екендігіне қазір-ақ көзің жетеді.

Айкүміс: Себебі...

Аяулым:  Себебі біз сахнаға байқауға қатысушы ару қыздарымызды

шақырамыз!

Екеуі: Қарсы алыңыздар!

(қатысушылардың аттарын атайды)


  1. Сагитова Анеля -7 «а» сынып оқушысы

  2. Төлеген Назерке -8 «а» сынып оқушысы

  3. Ильясова Балауса -9 «а» сынып оқушысы

  4. Залмуканова Айнура – 10 «а» сынып оқушысы

Айкүміс Ендеше, байқауымыздың кезекті шарттарымен таныс

болыңыздар:

1 - кезең «Сәлем сөздің анасы»бұл кезеңде

аруларымыз өздерін таныстырып өтеді.
Аяулым: 2 - кезең «Алтын алма білім ал»

қойылған сұрақтарға жауап береді.

Айкүміс 3 – кезең «Қыз еркем, қылығымен көркем»қатысушылар

өз өнерлерін ортаға салады, би, өлең, монолог т.б.
Аяулым: 4 - кезең «Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады»

тағамның жасалу жолдарын айтып түсіндіреді.

Айкүміс 5 кезең «Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген,

Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген»шаш үлгісін

көрсету. / шаш үлгісін жасап, ат қойып, түсіндіреді./


Аяулым: Байқауға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен

таныс болыңыздар:

  1. Исимова Гульмира Муханбеткалиевна- мектеп директорының

оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

  1. Гумаров Замир Гиссатдинович- -мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

  1. Ержанова Гүлмира Темиргалиевна- қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі.

Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші

Аруы деп мектептің жүрейікші

Әділқазы алқасына әділдікті,

Ал, аруларға сәттілікті тілейікші.

Салимов Эльдардың орындауында ән «Ару қыздар»

Айкүміс «Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін
Бәске түскен төрт ару кезектесіп
Таныстырып өздерін өтер деймін

Таныстырып өздерін, Тамылжыта сөздерін – байқауымыздың алғашқы шарты таныстыру. / Мұнда қыздарымыздың киім киісіне, жүріс – тұрысына, өзін ұстауына, сәлем беруіне назар аударылады. /


Айкүміс Әділқазылар алқасы «Сәлем сөздің анасы»

бөлімінің бағасын берсеңіздер.


Аяулым:Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәріде санасады.
Келесі сұрақ - жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте

сұрақтарға жауап берейік.

Бірінші қатысушыны ортаға шақырамыз.

  • Қазақ қыздарының сәндік әшекей бұйымдары?

  • «Абай жолы» кітабының авторы кім?

  • Соңғы оқыған кітабыңның авторы, кітаптың аты.

  • Ұлыскүніжасалатынтағам?

  • ҚР мемлекеттік рәміздерін ата.

  • Ою өрнектің бір түрін ата?

  • «Қыз Жібек» фильміндегі Қыз Жібек рөлінің басты кейіпкерін ойнаған актриса кім?

  • Сәукелені кімдер киеді?

  • Қазақ қыздарының бойында қандай қасиеттер болу керек?

  • Абай Құнанбаевтың анасы?


Әділқазылар алқасы «Алтын алма білім ал»бөлімінің бағасын

берсеңіздер.


Айкүміс Қыздарымыз келесі кезеңге дайын болғанша

Мұғалімов Нұрлыбектің орындауында ән: «Сұлу бойжеткен»


Аяулым: Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, біреуі ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға
Арулар аянбай – ақ жан салыпты.
Аруларымыздың өнерін тамашалайық
– деп


Сайыскерлерімізді кезекпен өнерін тамашалауға шақырамыз.

Әділқазылар алқасы «Қыз еркем, қылығымен көркем» бөлімінің

бағасын берсеңіздер.

Айкүміс «Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады»

тағамның жасалу жолдарын айтып түсіндіреді.

  1. Бауырсақтың жасалу жолы.

  2. Бесбармақтың жасалу жолы, не қажет?

  3. Наурыз көженің жасалу жолы, қандай заттар қажет?

  4. Қүймақтың жасалу жолы, қосылатын заттар, пісірілуі.


Әділқазылар алқасы «Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады»

бөлімінің бағасын берсеңіздер.


Аяулым: Білектей арқасында өрген бұрым

Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын

Кәмшәт бөрік, ақ тамақ, қара қасты

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?


Айкүміс Келесі сайысымыздың түрі «Сұлудың сыры».

Бұл сайыста аруларымыз шаш үлгісін көрсетіп, жарысады.


Әділқазылар алқасы «Сұлудың сыры»бөлімінің бағасын берсеңіздер.

Аяулым: Бүгінгі «Мектеп аруы – 2019» байқауының шешуші сәтіне

де келіп жеттік. Қорытынды сөз әділқазылар кеңесіне

беріледі.


Келесі кезекті биге берейік.


Айкүміс Мектебіміздің белсенді арулары, бүгін сендер өз білімдеріңді

ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Осындай іс - шараларға

белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп - көп

рахмет.


Осымен «Мектеп аруы – 2019» байқауын жабық деп жариялаймыз!


Екі жүргізуші бірге: Келесі кездескенше сау болыңыздар!!!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!