Мектепшілік іс-шара

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепшілік іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға арналған танымдақ сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абуова Гульсара Кенесовна

Батурин жалпы орта білім беретін

мектебінің әлеуметтік педагогы

Батыс Қазақстан облысы

Бәйтерек ауданы Янайкин ауылы



Сыныбы: 7 «а» қазақ сыныбы

ПМПК қорытындысы: «Резидуально-органическое состояние. ЦНС. Легкий левосторонний гемипорез. Смешанное расстройство школьных навыков ОНР ІІІ уровня )ЗПР)»

Сабақтың тақырыбы: «Жануарлар әлемі».

Сабақтың түзетушілік жамытушылық мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жоғарылату..

Сабақтың тәрбиелеушілік мақсаты: Жеке тұлғаны психологиялық жағынан белсендіру, сенімсіз жағдайдан қысылу сезімінен арылту.

Сабақтың білімділік мақсаты: Балаларды жабайы және үй жануарларымен таныстыру, олардың айырмашылықтарымен, пайдасын айтып түсіндіру.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ, дамыту сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, релаксацияға әуен, бояу, тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлемдесейік иіліп

Жылы жүзбен жымиып

Қызығы мол сабақта

Ойнайықта күлейік.


  1. Негізгі бөлім.

  1. Релаксация «Тыныштық әлемінде»

Мақсаты: Бала бойында сабырлылықты, ұстамдылықты қалыптастыру.

Көзімізді жұмамыз. Денеміздегі қысымды жіберіп, денемізді бос ұстаймыз. Баршамыз жанға жайлы үлкен бір тыныштық әлемінде ұшып жүрміз. Керемет. Өте тамаша. Бұнда біз өзімізді өте еркін таңғажайып сезінеміз. Біздің барлық денеміз, көзіміз, бетіміз, кірпігіміз, аяқ қолымыз түгелдей демалып жатыр. Мен осы әлемде еріп жұмсақ жылылыққа айналып бара жатқандаймын. Мен өзімнің жеңілденгенімді сезіп, көгілдір мұхит үстінде ұшып барамын. Айнала өте әдемі. Алыста өте әдемі таулар, көгілдір мұхит, жасыл орман бәрі менің жанымда. Мен бұлттарға көтеріліп бара жатқандаймын. Мен сол бұлттарға көтеріліп қуаныш сезімін сезініп тұрмын. Міне менің жүрегім қуанғаннан алып ұшып соғып тұр. Бұл менің бақытты кездегі қуанғанда соғатын жүрек қағысым. Тіпті ұшып жүрмін. Барлық табиғат, сайраған құс, жәндіктер бәрі бәрі менің сабырлы болғанымды қалап тұрғандай. Тыныштық әлемі өте тамаша, жайлы, қолайлы. Жайлап көзімізді ашып орнымызға қайтамыз.

  1. Ребус шешу.

Ребус шешу арқылы жаңа тақырыпты анықтайды./ жануар/

  1. Логикалық тапсырмалар орындату.

Масаты: Баланың зейінінің қолайлығы , талдау дағдыларының қалыптасуы, образды логикалық ойлау қабілеті мен көзбен көру қабылдау қабілетінін дамуы, сөйлеу логикалық есте сақтау қабілетін, тапқырлығын, шапшаңдығын жаттықтыру, тұлға бойына қалыптастыру

  1. Түсіп қалған әріпті қой.

Си.р Жо.бар.с Е.кі Қас.ыр Жы.қы Қош.қ.н Қо.н

  1. Артығын тап:

Суреттен артық затты тауып, себебін түсіндір,
а)  түйе, тоқылдақ, бұғы, жылқы.
ә)  ешкі, керік, қозы, қой.
б)  қасқыр, сиыр, піл, тиін.


  1. Жануарлардың төлдері қалай аталады?

Түйенің төлі? – бота.
Жылқының төлі? – құлын. 
Сиырдың төлі? - бұзау .
Қойдың төлі? - қозы .
Ешкінің төлі? - лақ..


Сергіту сәті
Бойды бүкпей тік ұста 
Еркін тұрып тыныста. 
Жай он қолды оң жаққа, 
Жай сол қолды сол жаққа. 
Қолды айналдыр бұлданбай., 
Екі шеңбер сызғандай. 
Сәл тынығып байқа да, 
Он шақты рет қайтала. 



  1. Тапсырма: «Жануарларды өз мекеніне орналастыр»

/ орман суреті, үй суреті/

  1. Жануарлардың атауларын қатесіз жаз. 

- Жылқа, сыир,потақан, қожы, ешки. 

- Қаскыр, айу,арыштан,түлке,жолбарыш 

6) Жануарлардың төлдерін тауып, түрлі түсті бояумен сызық арқылы беліглеп бер.
Қой бота
 
Ешкі құлыншақ 
Түйе бұзау 
Жылқы қозы 
Сиыр лақ 



  1. Жұмбақтар шешу:

Кішкентай ғана бойы бар, 
Айналдырып киген тоны бар. (Қой.) 

От басында құмған, 
Екі көзін жұмған.  (Мысық.) 

Өзі ширақ, өзі қу, 
Жүрген жері айқай-да шу. (Түлкі.) 

Бір аң бар қайраты көп, болған күшті 
Басынан өткізеді әрбір күшті (Арыстан.) 

Кезікті бір жануар, 
Үстінде екі тауы бар. (Түйе.) 



Сабақты қорытындылау:

Не білдім, не ұнады??????



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2020
1011
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі