Материалдар / Мектепте дене тәрбиесі жөніндегі жұмыстарды жоспарлау.Жылдық,тоқсандық жоспар,күнделікті сабақ жоспары.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепте дене тәрбиесі жөніндегі жұмыстарды жоспарлау.Жылдық,тоқсандық жоспар,күнделікті сабақ жоспары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепте дене тәрбиесі жөніндегі жұмыстарды жоспарлау.Жылдық,тоқсандық жоспар,күнделікті сабақ жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2021
3716
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дәріс 38


Тақырып: Мектепте дене тәрбиесі жөніндегі жұмыстарды жоспарлау.Жылдық,тоқсандық жоспар,күнделікті сабақ жоспары.


Жоспар:

1.Дене тәрбиесінің міндеттері

2.Дене тәрбиесінің жоспарлары


Жас ұрпақтың жалпы дене қуатын дамыту үшін, үлкен өмірге, еңбек етуге, Отан қорғауға дайындау үшін, олардың мектепте оқыған кезеңдерінде мынандай негізгі міндеттерді орындауымыз керек:

- денсаулықтарын нығайту, мүсін түзулігін қалыптастыру, ағзаларын дамыту және шынықтыру.

- негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, ағзаларын дамыту және шынықтыру.

- жігер, күш, дене қуаты қасиеттерін дамыту, жеке және қоғамдық гигиена дағдырларына үйрету.

Барлық міндеттерді орындауың негізгі амалы дене тәрбиесі жаттығулары мен теориялық білім. Ол амалдар дене тәрбиесі сабағында, оқу күні ішіндегі дене тәрбиесінің сауықтыру шараларында (сабаққа дейінгі гимнастика, ұзақ үзілстегі қозғалмалы ойындар мен дене жаттығулары, сергектік сәттер) және сабақатан тыс уақыттардағы сыныптан тыс жұмыстар орындалады.

Дене тәрбиесі үрдісі күрделі, әр жақты және мектептің басқа оқу тәрбие жұмыстарымен өте тығыз байланысты болғандықтан, ол терең ой толғаныстарын, көлемді біліктілікті керек етеді. Дене тәрбиесі міндеттерін дұрыс түсінген мұғалім жеке оқушылардың таңдап алған спорт түрлерінен жоғарғы жетістіктерге жетуін ғана емес, барлық оқушылардың денсаулықтарын нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру арқылы оларды үлкен өмірге дайындайды. Мұғалім оқушыларды тұрақты, жүйелі дене жаттығуларымен шұғылдануға үйретеді.[1]

Осы барлық міндеттерді дұрыс бағдарлау, ұйымдастыру, орындау үшін мақсатты түрде жақсы, шебер жоспарлай білу қажет. Дұрыс ойластырылған барлық жұмыстар келісілген жоспар, жүйелі, тиянақты жұмыс тудырады.

Жалпы білім беретін мектептердегі жоспарлау құжаттары: жалпы дене тәрбиесі және спорт жұмыстары жоспары және дене тәрбиесінің сабақтарынің жоспары деп екіге бөлінеді.


13.2 Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары[2]

Оны дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылының басталуына дейін құрастырады. Жалпы жылдық жоспар мынандай бөлімдерге бөлінеді:

1. Ұйымдастыру жұмыстары.

2. Оқу жұмыстары.

3. Күн тәртібіндегі дене тәрбиесі сауықтыру шаралары.

4. Сабақтан тыс уақыттардағы спорттық көпшілік жұмыстары.

5. Үгіт-насихат жұмыстары.

6. Дәрігерлік бақылау және тазалық тексерулер.

7. Шаруашылық жұмыстары.


19-кесте - Дене тәрбиссі жұмыстарының жалпы жылдық жоспары


р/с

Негізгі бөлімдер, бөлімдердің жұмыс мазмұны

Орындау уақыты

Орындауға

жауапты

1. ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

1

Дене тәрбиесінің жоспарлау құжаттарын жасау және бекіту:

-жалпы жылдық жоспар;
- тоқсандык жоспар кестелері;

- жылдық спорттық шаралардың күнтізбе
жоспары.

Тамыз

ДТ мұғалімі

2

Мұғалімдер кеңесінде сабаққа дейінгі гимнастика, сергектік сәттер, үзіліс кезіндегі қозғалыс ойындарын өткізуді ақылдасу

Тамыз

Әкімшілік,

ДТ мұғалімі

3

Бастауыш сынып мұғалімдерімен күн тәртібіндегі сауықтыру шаралары, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру туралы семинар өткізу

Тамыз

ДТ мұғалімі

4

Әрбір сыныпқа сабақка дейінгі гимнастика, үзіліс кезінде қозғалмалы ойындар өткізу орындарын бөліп беру.

Қыркүйек

ДТ мұғалімі

5

Сыныптарда сабаққа дейінгі гимнастика, үзіліс кезінде қозғалмалы ойындар өткізу тәртібі туралы әңгіме өткізу.

10 қыркүйекке дейін

Сынып жетекшілері

6

Спорт түрлерінен жаттықтыру кестесін жасау

10 қыркүйекке дейін

ДТ мұғалімі

2 ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫ

1

Дене тәрбиесі сабақтарын жүргізу

Тұрақты

ДТ мұғалімі

2

Ашық сабақтар, семинарлар өткізу, әдістемелік бөлме ұйымдастыру, ата-аналарға арнап ашық сабақтар өткізу

Жыл бойы, тұрақты

ДТ мұғалімі

3 КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ

1

Сабақка дейінгі гимнастика өткізу

Күнделікті

Ұйымдастырушы нұсқаушылар

2

Ұзақ үзіліс кезінде қозғалмалы ойындар мен дене тәрбиесі жаттығуларын өткізу

Күнделікті

Ұйымдастырушы нұсқаушылар

3

1-11сыныптардың жалпы білім беру сабақтарында сергектік сәттерін өткізу

Күнделікті

Мұғалімдер, нұсқаушылар

4

Ұзартылған күн топтарында жаттығулар мен ойындар өткізу


Күнделікті

Тәрбиешілер

4 САБАҚТАН ТЫС УАҚЫТТАРДАҒЫ СПОРТТЫҚ-КӨПШІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ

1

Оқу жылының басталуына арналған дене тәрбиесі мейрамын өткізу

Қыркүйек

Әкімшілік,

ДТ мұғалімі

2

Спорт секцияларындагы, үйірмелердегі жұмыстарды жүргізу

Жыл бойы

ДТ мұғалімі

3

Мектеп спартакиадасын өткізу

Сәуір

Әкім-лік,ДТ мұғ.

4

Аудандық жарыстарға қатысу

Жоспармен

ДТ мұғалімі

5

Спорттық жорыктар өткізу

Маусым

Әкім-лік,ДТ мұғ.

6

Президенттік сынама жарыстарына дайындық және өткізу

Жыл бойы

Әкім-лік,ДТ мұғ.

5 ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ

1

Дене тәрбиесі бұрышы, сыйлықтар мен марапат қағаздар, жоғаргы көрсеткіштер, «Мектептің үздік спортшылары» көрмелері.

Қыркүйек

ДТ мұғалімі

2

Спорттық кештер, «Спорттық көңілді тапқыштар», «Спорттық білгіштер» сайыстарын өткізу

Қараша Мамыр

Әкім-лік,ДТ мұғ.

6 ДӘРІГЕРЛІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР

1

Оқушыларды дәрігерлік қараудан өткізу, дәрігерлік топтарға болу

Қыркүйек

Дәрігер, әкім-лік, ДТ мұғалімі

2

Арнайы дәрігерлік топтың денсаулығын бақылау

Ай сайын

Дәрігер

3

Оқушыларды қорытынды дәрігерлік қараудан өткізу

Мамыр

Дәрігер, әкім-лік, ДТ мұғалімі

7 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

1

Спорттық құрал-жабдықтарды жөндеу

Жыл бойы

ДТ мұғалімі

2

Көрнекі құралдар дайындау

Жыл бойы

ДТ мұғалімі


Осы дене тәрбиесі және спорттық жұмыстардың жылдық жоспарын жалпы білім беру мектептеріндегі дене мәдениеті ұжымының төрағасы мектеп директоры бекітіп, оның жұмыстарын ұжым кеңесі, барлық ұжым мүшелері біріге, жұмыла орындаулары керек. [3]

Қорытынды: Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері: баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу.

Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: секциялары мен үйірмелердегі сабақтар спорт жарыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары.

Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін толықтыра алатындай тамаша адамдардық әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген жөн.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Е.Қ. Уанбаев Спорт және дене тәрбиесі пәнін оқыту әдістемесі, оқу құралы.-Өскемен, 2014.

2. Ұ. Мұхаметжанова Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі. –Астана, 2017

3. С. Тайжанов А. Қарақов Дене тәрбиесі. – Алматы.:Эверо, 2010. - 424б


4


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!