Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
Амангелді ауданы білім бөлімінің
Жасбуын жалпы білім беретін мектебі КММ
әлеуметтік педагоы Искаков С.Б.
Мектептегі әлеуметтік педагог жұмысының өзектілігі
Баланың жеке тұлға ретінде дамуы ата-аналардың, мектептің және мұғалімнің баланың бойына адамгершілік сезімдерін қалыптастыра білуіне байланысты. Адамдардың өзіңе қандай сыйластықпен қарағанын қалайтын болсаң, балаға өзге адамдарға да сондай қарым-қатынаста болуды үйрету қажет. Әлеуметтік педагог – балаға көмек көрсету үшін отбасының, мектептің, жұртшылықтың күш-жігерін біріктіруге арналған мектептегі маңызды тұлға.
Ата – аналар өз баласы туралы өзін мазалап жүрген сұрақтарға мұғаліммен бірге жауап таба біледі, ата – аналардың мектепке, мұғалімге деген сенімі күшейеді, мектеп пен ата – ана ынтымақтастығынан тәрбиелі, білімді, жаңа заманға сай тұлға дамып келе жатқанын нәтижелерден көруге болады. Осы орайда, әлеуметтік педагог сынып жетекшілерімен бірге отбасымен танысудың әлеуметтік диагнозының кезеңдерін жасайды. Отбасы мүшелерімен байланыс орнату, отбасылық проблемалардың мәнін және олардың пайда болу себептерін анықтап, көмек шараларын ұйымдастырады. Отбасы өз бетінше шеше алмайтын мәселелерді шешуге көмектеседі.
Осы мақсатта мектеп ұжымы әзірлеген практикалық ұсыныстар әлеуметтік педагогтің де, сынып жетекшілерінің де жұмыс тиімділігін арттыруда. Әлеуметтік педагог жұмысының тиімділігінің негізгі көрсеткіші білім алушылар контингентінің сақталуы және олардың әлеуметтік қорғалуы болып табылады. Сондай-ақ оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президенті сайланып, ұйым белсенділері тағайындалады. Өзін-өзі басқару ұйымы – оқушылардың уақытын тиімді пайдануға, мектепішілік тәртіпті бақылауға, оқушылардың оқу үлгерімдерін жақсартуға, жауапкершілікке және бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуге зор ықпал етеді.
Өздігінен шешім қабылдай алатын әлеуметтік белсенді тұлғаны тәрбиелеу бүкіл білім беру жүйесінің басты міндеті. Жоғарыда айтылған шаралардың сапалы ұйымдастырылып өткізілуі мен кері байланысының арқасында мектебімізде білім сапасы артты. Мектептің білім сапасын арттыруда педагогтің жауапкершілігі зор болса, заман талабы педагогтен кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік педагогика мен психологияның негіздерін қолдана білу қабілетін талап ететінін ұқтырды.
Мектебімізде білім сапасын арттыру, болашақ білімді азамат қалыптастыруда, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін, құзырлығын арттыруда мектеп жұмысының, әдістемелік жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке, белсенді түрлері мен әдістері кеңінен қолданылуда. Озат тәжірибе бойынша іс-тәжірибе тарату жұмыстары, шығармашылық есептер беру, әдістемелік апталықтар, оқушылардың ғылыми жұмыстары, әдістемелік сипаттағы семинарлар, конференциялар өз жалғастарын табуда.
Баланың даралығы мен жеке қасиеттеріне сүйене отырып, өз талантын уақытында байқап, ашуға көмектесу әлеуметтік жұмыстың негізгі қағидасы. Бүгінгі таңда қара шаңырақ мектебіміз тәрбие мен білімді ұштастыра отырып, жеке тұлғаның қабілетін, мүмкіндігін және қызығушылығын ескере отырып сапалы білім алуға толықтай жағдай жасауда.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мектептегі әлеуметтік педагог жұмысының өзектілігі
Мектептегі әлеуметтік педагог жұмысының өзектілігі
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
Амангелді ауданы білім бөлімінің
Жасбуын жалпы білім беретін мектебі КММ
әлеуметтік педагоы Искаков С.Б.
Мектептегі әлеуметтік педагог жұмысының өзектілігі
Баланың жеке тұлға ретінде дамуы ата-аналардың, мектептің және мұғалімнің баланың бойына адамгершілік сезімдерін қалыптастыра білуіне байланысты. Адамдардың өзіңе қандай сыйластықпен қарағанын қалайтын болсаң, балаға өзге адамдарға да сондай қарым-қатынаста болуды үйрету қажет. Әлеуметтік педагог – балаға көмек көрсету үшін отбасының, мектептің, жұртшылықтың күш-жігерін біріктіруге арналған мектептегі маңызды тұлға.
Ата – аналар өз баласы туралы өзін мазалап жүрген сұрақтарға мұғаліммен бірге жауап таба біледі, ата – аналардың мектепке, мұғалімге деген сенімі күшейеді, мектеп пен ата – ана ынтымақтастығынан тәрбиелі, білімді, жаңа заманға сай тұлға дамып келе жатқанын нәтижелерден көруге болады. Осы орайда, әлеуметтік педагог сынып жетекшілерімен бірге отбасымен танысудың әлеуметтік диагнозының кезеңдерін жасайды. Отбасы мүшелерімен байланыс орнату, отбасылық проблемалардың мәнін және олардың пайда болу себептерін анықтап, көмек шараларын ұйымдастырады. Отбасы өз бетінше шеше алмайтын мәселелерді шешуге көмектеседі.
Осы мақсатта мектеп ұжымы әзірлеген практикалық ұсыныстар әлеуметтік педагогтің де, сынып жетекшілерінің де жұмыс тиімділігін арттыруда. Әлеуметтік педагог жұмысының тиімділігінің негізгі көрсеткіші білім алушылар контингентінің сақталуы және олардың әлеуметтік қорғалуы болып табылады. Сондай-ақ оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президенті сайланып, ұйым белсенділері тағайындалады. Өзін-өзі басқару ұйымы – оқушылардың уақытын тиімді пайдануға, мектепішілік тәртіпті бақылауға, оқушылардың оқу үлгерімдерін жақсартуға, жауапкершілікке және бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуге зор ықпал етеді.
Өздігінен шешім қабылдай алатын әлеуметтік белсенді тұлғаны тәрбиелеу бүкіл білім беру жүйесінің басты міндеті. Жоғарыда айтылған шаралардың сапалы ұйымдастырылып өткізілуі мен кері байланысының арқасында мектебімізде білім сапасы артты. Мектептің білім сапасын арттыруда педагогтің жауапкершілігі зор болса, заман талабы педагогтен кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік педагогика мен психологияның негіздерін қолдана білу қабілетін талап ететінін ұқтырды.
Мектебімізде білім сапасын арттыру, болашақ білімді азамат қалыптастыруда, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін, құзырлығын арттыруда мектеп жұмысының, әдістемелік жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке, белсенді түрлері мен әдістері кеңінен қолданылуда. Озат тәжірибе бойынша іс-тәжірибе тарату жұмыстары, шығармашылық есептер беру, әдістемелік апталықтар, оқушылардың ғылыми жұмыстары, әдістемелік сипаттағы семинарлар, конференциялар өз жалғастарын табуда.
Баланың даралығы мен жеке қасиеттеріне сүйене отырып, өз талантын уақытында байқап, ашуға көмектесу әлеуметтік жұмыстың негізгі қағидасы. Бүгінгі таңда қара шаңырақ мектебіміз тәрбие мен білімді ұштастыра отырып, жеке тұлғаның қабілетін, мүмкіндігін және қызығушылығын ескере отырып сапалы білім алуға толықтай жағдай жасауда.
шағым қалдыра аласыз













