Материалдар / Мектептегі буллингтің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізген хаттамасы

Мектептегі буллингтің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізген хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі буллингтің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізген хаттамасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Сәуір 2024
111
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Хаттама №

« » коммуналдық 
мемлекеттік мекемесінде
2023 жылдың 25- қаңтарында1- 11сынып оқушыларының ата- аналарымен кезекті жиналысы болып өтті.

Күн тәртібінде:

1.«Кибербуллинг: балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз тақырыбындағы баяндама

2.Ата-аналарға кибербуллинг,буллинг туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
3.Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Тыңдалды:
Сынып жетекшісінің «Кибербуллинг: балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Баяндамада буллинг дегеніміз - адам құқығының өрескел бұзылуы. Сонымен қоса бір адамның немесе адамдар тобының екінші адамға қасақана және үнемі зиян келтіруі екендігі айтылды.Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпайды. Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі маңызды.Сондықтан, ата-аналарға интернеттегі қауіп туралы айтылып, мінезіндегі кез-келген өзгерісті бақылау ұсынылды.

2- мәселе бойынша ата-аналарға кибербуллинг,буллинг туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ата-ана баласының интернеттен не көретінін біліп жүруі керек. Олар түрлі ресурсты қолданады, сөйлеседі, видео көреді. Балаға кибербуллингтің не екенін түсіндіру керек. Кіммен сөйлесетінін сұрап, бейтаныс адамдардың хатына жауап бермегені дұрыс екенін айту қажет.Әрбір ата-ана өз ұл-қыздарының күмәнді желілерге кіріп, қаскөйлердің құрбаны болғанын анықтаса, оларға ұрыспай, барынша қолдау көрсеткені жөн. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып, оны жұбату қажет.Сонымен қатар ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға күш салу керектігіаталып өтілді.


Сынып жетекшісі қауіпсіздік ережелерімен ата - аналарды таныстырып, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата - аналарға үгіт - насихат жұмыстар жүргізді.

Сөйлеушілер:

Ата ана: Гүлшара апай бүгінгі айтылған мәліметтердің маңызы зор екендігін, баланың тәрбиесіне ата-анасы жауапты екендігін айта келіп,баланың бойына жақсы қасиеттерді сіңіруіміз керек деп өз ойын түйіндеді.

Ата-ана: Гүлзия кибербуллинг,буллинг туралы ақпараттық мәлімет алғандығын, алдағы уақытта баланың білімі мен тәртібіне әрбір ата-ана жауапты екенін есте шығармайық деп өз ойын нақтылады.

Қаулы

1.Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі маңызды екендігі ескерілсін.
2. Өмір қауіпсіздігі, санитарлық талаптар сақталынсын.
3.Оқушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына көңіл бөлінсін.

ТЖО: А.Теміржанова

Хатшысы:
Р.Уразбекова

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ