Мектептегі ғылыми жоба жұмыстарды ұйымдастырудың практикалық ұсыныстары.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектептегі ғылыми жоба жұмыстарды ұйымдастырудың практикалық ұсыныстары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі білім берудің басты мақсаттарының бірі - оқушының функционалды құзыреттілігін қалыптастыру, дамыту. Бұл үшін оқушының бойында академиялық біліміне қоса осы білімді қолдана алуы, креативті, өзгеше, уникалды ойлау, дұрыс шешім жолдарын таба білу, нәтижеге жету дағдысы болуы керек. Бұл мақсатқа тек сабақ барысында жету қиын. Осы жерде көмекке ғылыми жобалық жұмыс жасау жақсы нәтиже береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Аты-жөні: Аширбекова Дана Артаевна

Лаулазымы: Мектеп директоры, тарих пәні мұғалімі

Жұмыс орны: В.Терешкова атындағы № 93 ЖОББМ

Мекен жайы: Шымкент қ., Абай ауданы



Мектептегі ғылыми жоба жұмыстарды ұйымдастырудың практикалық ұсыныстары.


Мектептегі білім берудің басты мақсаттарының бірі - оқушының функционалды құзыреттілігін қалыптастыру, дамыту. Бұл үшін оқушының бойында академиялық біліміне қоса осы білімді қолдана алуы, креативті, өзгеше, уникалды ойлау, дұрыс шешім жолдарын таба білу, нәтижеге жету дағдысы болуы керек. Бұл мақсатқа тек сабақ барысында жету қиын. Осы жерде көмекке ғылыми жобалық жұмыс жасау жақсы нәтиже береді. Ғылыми жобаны әзірлеу бірнеше негізгі кезеңнен тұрады:

1. Тақырып таңдау және мақсат қою. Бұл жерде оқушы өзіне қызықты және өзекті тақырыпты таңдау және нақты мақсаттар мен міндеттерді анықтауы керек.

2. Әдебиеттер мен ақпарат жинау. Бұл кезеңде тақырып бойынша ғылыми әдебиеттер, мақалалар, кітаптар және интернет дереккөздерін зерттеу, ұқсас зерттеулермен танысу дағдылары қалыптасады.

3. Гипотеза ұсыну барысында мәселеге қатысты болжам (гипотеза) жасалады.Егер оқушының гипотезасы расталса немесе теріске шығарылса, бұл да нәтиже боп есептеледі.

4. Зерттеу әдістерін анықтауда эксперимент, бақылау, сауалнама, модельдеу сияқты әдістерді қолданатынынды жоспарлау және жобаның тәжірибелік бөлімін орындау үшін қандай материалдар мен құралдар қажет екенін анықтау.

5. Тәжірибелік жұмыс, эксперимент жүргізу жоспар бойынша зерттеу жүргізіледі.Мәліметтерді жиналады және өңделеді.

6. Нәтижелерді талдау және қорытынды жасау барысында алынған мәліметтерді жүйелеп, кесте, график, диаграмма түрінде көрсетіледі.Гипотезаңыздың дұрыс немесе қате екенін анықтаңыз осы кезеңде жүреді.

7. Ғылыми жобаны құрылымы:

1. Кіріспе (тақырыптың өзектілігі, мақсат, міндеттер)

2. Негізгі бөлім (теориялық және тәжірибелік зерттеу)

3. Қорытынды (зерттеу нәтижелері мен ұсыныстар)

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

5. Қосымшалар (егер қажет болса)

8. Жобаны қорғауға презентация дайындау маңызды (слайдтар, көрнекі материалдар).

Жобаның маңыздылығын, жаңашылдығын және нәтижелерін түсінікті түрде баяндау дағдысы қалыптасады.

Осындай кезеңдерді сақтай отырып, ғылыми жобаңызды жоғары деңгейде орындай аласыз!

Оқудағы ғылыми жобалық жұмыс нәтижесі – бұл оқушылардың белгілі бір тақырып бойынша зерттеу жүргізіп, оны талдап, қорытынды жасап, тәжірибелік немесе теориялық түрде көрсететін жұмысының соңғы кезеңі. Жобаның нәтижесі әртүрлі формада болуы мүмкін:

1.Жазбаша есеп немесе баяндама – зерттеу қорытындыларын сипаттайтын құжат.

2.Презентация – слайдтар арқылы жұмыс нәтижелерін таныстыру.

3.Модель немесе макет – нақты заттың үлгісін жасау (мысалы, архитектуралық жоба, ғылыми құрылғы т.б.).

4.Эксперимент нәтижелері – ғылыми зерттеулер мен тәжірибелердің қорытындылары.

5.Видеоролик немесе мультимедиа жоба – зерттеу материалдарын шығармашылық жолмен көрсету.


Жобаның нәтижесі оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, аналитикалық ойлау қабілетін, шығармашылық тәсілдерін және практикалық білімін көрсетеді. Көп жағдайда жобаның нәтижелері сыныпта, мектеп деңгейінде немесе тіпті ғылыми байқауларда ұсынылады.


Педагог оқушыны ізденіс жұмысына тарту үшін қызықты, өзекті, болашақта кәсіби бағдарлаумен байланысты болса, тіпті жақсы, нақты білім мен дағдыны біріктіретін тақырыптар ұсыну керек. Бастауыш сынып оқушыларына күнделікті өмірде кездесетін тақырыптар болу дұрыс. Мысалға үш-төрт тақырыпты қарастырайық: «Балдың пайдасы және қолдануы». Бұл жерде оқушы балды өндірісі, бал аралары, бал қолдану бағыттары, балдың ағзаға пайдасы мен зияны, бал түрлері деген шексіз түрлі сұрақтарды зерттейді. «Оригами жасаудың пайдасы» тақырыбында оқушы оригами тарихын, мүсіндеудің түрлі жақтарымен танысады. «Ауа қозғалысы» бойынша оқушы даладағы ауа қозғалысын, бөлме арасындағы, бөлмеішіндегі ауа жылжуын түрлі әдістермен зерттеп, архитектура және құрылыс туралы терең білім ала алады.

Орта және жоғары буын оқушыларына «Құс өндірісі», «Қой қөрігі», тағы да басқа ұқсас тақырыптарда оқушы үй құстарының тұқымдарын ажырата біледі, оларды немен көріктендіру керек, қандай дәрумендер беру керек, етінің пайдасын, зиянын біле бастайды.

Ғылыми ізденіс тақырыптары шексіз және оны тек қызықтыра, дұрыс, нәтижелі етіп іске асыру – педагогтің кәсіби шеберлігімен тікелей байланысты.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.03.2025
170
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі