400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

МЕКТЕПТЕГІ ҒЫЛЫМИ ҮРДІСТЕРДІ ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі ғылыми жұмыстар және оларды тиімді ұйымдастыру жолдары. Директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасарларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы










Сатеев Пердебек Умирбекович

Математика пәні мұғалімі,

директордың бейіндік істер жөніндегі орынбасары,

С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп,

Қазығұрт ауданы, Түркістан облысы. psateev@mail.ru


мектептегі ғылыми үрдістерді тиімді ұйымдастыру

«Білім мен әдістеме -

мұғалімнің ең басты қаруы».


«Халық пен халықты теңестіретін - білім» - деп қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Сондықтанда жаңа жаңалықтардан қалмай  жаңалық жаршысы болуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - таным әрекетін ұйымдастырудың ұтымды формасы. Мақсаты–оқу үрдісінің өнімділігін арттыру. Инновациялық технологияны қолдану: оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы іске асады. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің  инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі.

Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда білім жүйесінде инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді.

Мемлекеттік білім стаңдарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Кез келген инновациялық үрдістің нысаны – оқушы. Инновациялық үрдістің мақсаты – әрбір оқушының іскерлігі мен мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау. Оқуға қызықтырудың басты элементтерінің бірі – нәтижеге жетуге ынталандыру.

Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орнын алуы білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты. Оны жүзеге асыруда мұғалім шығармашылығы мен құзыреттілігінің мәні зор десек, оның мақсатты түрде кәсіптік деңгейінің үздіксіз дамуына жағдай жасау, қолдау көрсету - мектептегі ғылыми әдістемелік қызметтің басты міндеті.

Мектептегі ғылыми әдістемелік жұмысты басқару оның міндеттері, мазмұны және ұйымдық негізін директоры, оның орынбасары ғана емес, мұғалімдер де анық та нақты ұғыну қажет. Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру төмендегі функциялардан тұрады:

- педагогика ғылымының жетістіктерін жұмысқа қолдану қызметінде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру;

- жаңа оқу бағдармаларын, жоспарларын, мемлекеттік білім стандарттарын оқып, үйренуді ұйымдастыру;

- оқыту және тәрбиелеудің жаңа технологиясы, түрлері мен әдістерін белсенді түрде қолдануды ұйымдастыру;

- жаңа нормативтік құжаттар, нұсқау – әдістемелік материалдармен танысуды ұйымдастыру;

- ғылыми-әдістемелік көмекті дербес және жеке ерекшеліктерді ескере отырып ұйымдастыру – жас мұғалімдерге, пән мұғалімдеріне, педагогикалық жұмыста белгілі бір қиындыққа кезіккен мұғалімдерге кеңес беру.

Мұғалімдердің бүгінгі күні оқыту үрдісінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерден дер кезінде хабардар болып отыруы - сапалы білім берудің кепілі. Сондықтан да мұғалімдердің біліктілін жетілдіру курстарынан уақтылы өтіп отыруы - мектептегі әдістемелік қызметтің маңызды саласы.

Lesson Study: Қазіргі таңда Lesson Study мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді енгізіліп отыр. Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылатындығын анықтау мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп оқушылардың оқу үдерісін зерделейді.

Мектебімізде әдістемелік жұмыстарды үйлестіретін ғылыми әдістемелік кеңес жұмыс істейді. Ғылыми әдістемелік кеңестің функциясы: мұғалімдердің педагогикалық біліктілігі мен теориялық деңгейлерінің артуына ықпал етіп, нақты әдістемелік көмек көрсету. Мектептің ғылыми әдістемелік кеңесі мына бағыттар бойынша жұмыс істейді:

  1. Пән бірлестіктерінің жұмысы;

  2. Шығармашылық топтың жұмысы;

  3. Мұғалімдердің біліктілігін көтеру;

  4. Пән апталықтарын өткізу;

  5. Мұғалімдердіің біліктілік курсынан өтуін қадағалау.

  6. Озық педагогикалық тәжірибені қалыптастыру, қолдану және тарату.

  7. “Зейін“ шығармашылық тобы (ШТ), „Талаптан“ оқушылардың ғылыми қоғамы (ОҒҚ) жұмысын қадағалау.

  8. Пән олимпиадалары, түрлі байқаулар т.б. қатысу

  9. Жас мамандармен жұмыс.

  10. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған сабақтарды ұйымдастыру (білімнің деңгейлері мен бағыттары бойынша)

Ғылыми әдістемелік кеңес мектептің әдістемелік жұмыстарының жалпы бағдарламасын, семинар, практикалық материалдардың жоспарын жасайды. Ғылыми әдістемелік кеңестерде әдістемелік кеңес мүшелерін сайлау, жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту, пән бірлестіктерін құру және жетекшілерін бекіту, шығармашылық топ құрып, қолданбалы курстар бойынша таңдап алынған пәндердің бағдарламаларын жасау, мұғалімдерді, педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесімен таныстыру, дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар, тереңдетіліп оқытылатын пәндердің жүргізілу барысы, білім сапасын арттырудағы ақпараттандырудың маңызы, тәлімгерлердің жас мамандармен жүргізіп жатқан жұмыстары, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеру мәселелері, үлгерімі төмен оқушылармен жүргізіліп жатқан жұмыстар, шығармашылық топтың жұмысы, сонымен бірге өткізілген пән апталықтарының қорытындылары талқыланып, белгілі бір қорытынды, сараптамалар жасалып отырылады.

Озат тәжірибе «идея» дегенді білдіреді. Яғни, К.Ушинскийдің пікіріне   сүйенсек «Озат тәжірибені үйрену барысында бір адамнан екінші адамның алатыны – тек оның идеясы» деген екен.

Ғылыми әдістемелік жұмыс үш түрлі қызмет атқарады:

  1. Әр ұстаздың педагогикалық әрекетке шеберлігін қалыптастыру. (сабақты тиімді жоспарлау; жетістік пен кемшілікке дұрыс талдау жасай білу; жоспарлы іс жасау іскерлігі, т.б.)

  2. Бірлесе қимылдап ұжымды ортақ шешімге келуге жұмылдыру, мектепте педагогикалық пікірлестер ұжымын құру.

  3. Озық және жаңа педагогикалық іс-тәжірибелер жетістіктерін енгізу

Күтілетін нәтижелер:

  1. Бәсекеге қабілетті, білімді жеке тұлға.

  2. Кәсіптік шеберлігі шыңдалған ұстаз.

  3. Жаңашыл ұстаз.

  4. Оқушы бойындағы дарындылық пен қабілеттілік.

Ғылыми әдістемелік бірлестіктің міндеттері ҒӘБ мына міндеттерді орындайды:

  1. Оқу сағаттарының барлық түрін өткізу;

  2. Тақырыптық календарлық жопарларды жасау;

  3. Оқыту сапасының үздіксіз жетілдірілуін қамтамасыз ету

  4. Үздік ұстаздар тәжірибесін зерттеу, жинақтау, тарату мақсатында басқа ҒӘБ – мен шығармашылық байланыс орнату.

  5. Педагогикалық шеберлікті меңгерту мақсатында жас ұстаздарға көмек көрсету;

  6. Оқушылардың қорытынды аттестациясының материалын қарау.

  7. ҒӘК отырысын өткізу;

  8. Нормативтік құжаттармен жұмыс, оның талаптарын және ҒӘК ұсынысы мен шешімдерін орындау;

  9. Пән апталығы не декадасын дайындап, өткізу.

  10. Семинар, конференция, дөңгелек стол, т.б. өткізу;

  11. Пән бойынша сыныптан тыс іс-шараларды дайындап, өткізу.

  12. Оқушылардың олимпиада, интеллектуалдық марафон, ғылыми жұмыс, т.б. дайындап, өткізу;

  13. Пән бойынша әр ӘБ сабаққа, үйірме жұмысына, факультатив сабағына қатысу.

Мектептің оқу үрдісіне ғылыми жаңашыл үрдісті енгізуде мектеп басшысының бірінші мақсаты – мұғалімнің инновацияға  қатынасын және жаңа пікірлерді сауалнамалар арқылы жинақтау, құрастыру. Тәжірибеге қарағанда оң нәтижелер мұғалімдерді жаңашылдыққа баулиды, дұрыс көзқарас қалыптастырады. Оған мысал: оқушылардың олимпиададағы жетістіктері, мектеп ұжымының түрлі сайыстардан жүлдегер атануы және т.б.

Ғылыми жаңашыл үрдісті енгізуде мұғалімдердің өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы үлкен роль атқарады. Сондықтан болашақ ұрпақ үшін білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту әр ұстаздың міндеті екені сөзсіз.

"Қазақстан Республикасының білім беру дамыту туралы тұжырымдамасының" басты мәнділігі - ол үздіксіз білім жүйесінің негізгі идеялары мен қағидаларын XXI ғасыр талаптарына сәйкестендірудің және оны әлемдік білім кеңістігінің даму заңдылықтарына ұштастырудың жолдарын көрсетуге арналып отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Оқыту үдерісіндегі мұғалімнің көшбасшылық ролі. Г.Б.Билібаева. 2014ж, 72б.

  2. Қ.Р Білім беруді дамытудың 2011-2020 жж арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана. 2011ж.

  3. Қ.Р «Оқу әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесі» Астана.

  4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 ж арналған ұлттыұ іс-қимыл жоспары. Астана 2012ж 25 маусым. ҚР Үкіметінің №832 қаулысы

  5. Б.И.Иманбаева, Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс, Алматы 2010ж.

  6. Бектенғалиева С.Х, Маханбетәлиева З, Мектепішілік әдістемелік қызметті ұйымдастыру және мұғалімнің педагогикалық қызметіне бақылау жасау жолдары,(Әдістемелік құрал) Шымкент 2007.

  7. Ә.Ысқақов, Қ.А.Жүнісова, Жалпы орта білім мектептеріндегі басшылыққа алынатын номативтік құжаттар. Шымкент 2010ж.

  8. А.Ысқақов, К.Б.Құланова, Н.Б.Кудасова, Әдістемілік жұмыстағы тиімді іс-әрекеттер. Шымкент 2010ж.





Автор туралы толық мәліметтер


Аты –жөні

Қызмет орны

Қызметі

Облыс, қала, аудан

Телефон

e-mail

Сатеев Педебек Умирбекович

Түркістан обл, Қазығұрт ауд, Қызықия е.м. С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Дирекетордың бейіндік істер жөніндегі орынбасары, математика пән мұғалімі

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы

87028128550

psateev@mail.ru


1


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
597
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі