Материалдар / Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының жылдық есебі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының жылдық есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының жылдық есебінің үлгісі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қырқүйек 2024
329
5 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Көкпекті ауданының білім бөлімі»ММ

«І. Жансүгіров атындағы орта мектебі»КММ















Мектептегі Кәсіби бағдар

беру қызметінің

ЕСЕБІ



Дайындаған: Байжакупова Ш.М.

























2022-2023оқу жылы





Мақсаты: Кәсіби бағдар беру қызметінің жұмыстарына тоқталып, шолу жасап, атқарған жұмыстарына байланысты есеп беру.

Мектептің кәсіби білім беру қызметінің жүйесі:

1 - кезең: жоспар құру (мектеп әкімшілігінің келісімін алу, бекіту);

2 - кезең : сұраныстардың түсуі (ата-аналардан, мұғалімдерден, мектеп

әкімшілігінен);

3 - кезең: Диагностика мен коррекциялық және психологиялық ағарту

жұмыстарын жүргізу. Кеңестер беру.

(жұмыс жоспарына сәйкес және сұраныстар бойынша)

4-кезең: Қорытынды жасау, есеп беру



2022– 2023 оқу жылында Кәсіби бағдар беру қызметі бойынша жылдық жоспар жасалынып,жоспарланған іс-әрекеттер жүзеге асырылды. Мектептің Кәсіби бағдар беру қызметі жан –жақты жүргізілген психодиагностикалық жұмыстардың қорытындысын басшылыққа ала отырып түзету және дамыту жұмыстары жүргізіліп отырды. Сол сияқты алдын- ала бағыт беру шаралары да мерзімі белгіленген уақытта жүзеге асырылды.

2022-2023 оқу жылының басында қыркүйек айында жалпы мектеп оқушыларының сыныптар бойынша тізімі алынып, соның ішінде басты назар 9 сынып және 11 сынып оқушыларына аударылды және соған сәйкес жоспар жасалынды.

2023 жылдың қыркүйек айында оқушылар тізімі, ата-аналары, бейіні оқушымен сұхбаттасу арқылы зерттелініп, қазан айында 7-11сынып оқушыларының арасында кәсіби бағытын анықтау мақсатында сауалнама алынды.

Сауалнама 15 бағыт бойынша алынып, қорытындысы жасалды. Сол сияқты 5-11сыныптар арасындағы бейін пәндері бойынша оқушылардың мектепішілік олимпиадаға қатысуы анықталып қорытынды шығарылды. Сол сияқты кәсіби бағдар бойынша жоғарғы сынып оқушыларының таңдайтын, таңдағысы келетін мамандықтарын анықтау мақсатында сауалнама алынды.



Қазан айының 17-де Кәсіби бағдар беру бойынша және болашақ мамандығын анықтауға ықпал ету мақсатында аудандық төтенше жағдайлар бөліміне 9-11 сыныптар саяхат жасап барып келді. Мақсаты: Өрт кезінде қауіпсіз мінез-құлықты насихаттау, жанып жатқан үй-жайдан эвакуациялау дағдыларын ұйрету, құтқарушы, өрт сөндіруші мамандығы туралы түсініктерін қалыптастыру болды.

Ал қараша айының 15-і күні 7-8 сынып оқушылары арасында Кәсіптік бағдарды таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету, оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы түсініктерін кеңейте отырып, мамандыққа деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру, қай мамандыққа деген сұраныстың көптігін талдау мақсатында «Менің мамандығым, менің болашағым» тақырыбына интеллектуалды әріпті мамандық сайысы өтті.

2022жылдың 7 желтоқсанда «2023жылы жоғарғы оқу орындарына қалай түсуге болады» форумына 9-11сынып оқушылары қатысып, мамандық таңдаудағы қажетті ақпараттармен танысты. Форум онлайн түрінде өтті.

Сол сияқты 9-11 сынып оқушыларына мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында «Мамандықты таңдауда нені ескеру керек?» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.



Сол сияқты оқушыларды жастайынан болашақ мамандықтарын айқын да сенімді таңдай білуге дағдыландыру мақсатында 2022жылдың 23 желтоқсан күні 3-8сынып оқушылары арасында «Мен болашақта кім болғым келеді?» тақырыбына сурет көрмесі өткізілді.

2023жылдың 19 қаңтарында оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру, бұрынғы мектебіміздің оқушысы, қазіргі таңда студент болып жүрген түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету, мамандықтардың түрлері, әр-түрлі оқу орындары жайлы хабардар ету мақсатында 8-11сынып оқушылары арасында «Мамандық таңдау-болашақты таңдау »тақырыбына студенттермен кездесу кеші ұйымдастырылып өткізілді.

Ақпан айының 13-і күні 5-6 сынып оқушыларынан кәсіптік бағдар бойынша «Мамандықтар әлемі» тақырыбына шығарма алынды.

Шығарма нәтижесі мамандық таңдауда әр оқушы өз қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына қарай өз ойларын жзды. Мониторинг жасалынып, қандай мамандықтарға көп қызығушылықтары бар екендігі айқындалды. 2023жылы17ақпанда 9-11сынып оқушылары арасында «Мамандығым-өмір жолым» тақырыбында тренинг-сабақ өткізілді. Мақсаты: Оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтап, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.

22 ақпан 2023жылы 1-4 сынып оқушыларына «Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» тақырыбы бойынша кітапханаға экскурсия өтті. Мақсаты: Кітапханамен таныстыру, мәлімет беру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білім пайдасы туралы, пайдалану ережесімен таныстылды. Кітапханашы мамандығының ерекшелігімен таныстырылды.

1 наурыз, алғыс айту күніне 8-11сынып оқушылар арасында «Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған» тақырыбы бойынша медицина саласындағы қызметкерлерімен кездесу кеші өтті. Мақсаты: Заман дамуы мен қоғам қажеттілігіне байланысты мамандықтар тізбесі үнемі жаңарып отырса да, көне де қадірлі дәрігер мамандығы адамзатпен бірге жасасып келеді және ол ескірмейтін мамандықтың бірі екендігі жайлы айтылды.





2023жылдың 15 наурызында «Шәкәрім керуені Көкпекті ауданында» кәсіптік бағдар беру іс-сапарына 11-сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: «Мектеп-ЖОО» кластері аясында жұмыс жүргізіп, оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру болды.

2023жылы 7 сәуірде 8-11сынып оқушылары арасында мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру және оқушыларды қазіргі кезеңде шығып жатқан мамандықтармен таныстыру мақсатында «Мамандықты дұрыс таңдау, өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау» тақырыбы бойынша лекция оқылды. 19мамырда 2023жылы

«Жасөспірімдердің мамандық таңдауда ата-ананың рөлі» тақырыбы бойынша жиналыс өткізілді.

Мақсаты: Ата-аналарды балалардың таңдап отырған пәндері жайлы хабардар ету. Мектеп бітіруші түлектерге ата-ана тарапынан қолдау көрсетуге бағыттау, мамандықты дұрыс таңдауға өз үлестерін қосуға шақыру.





Сол сияқты 9-11 сынып оқушылары 2023жылдың 18 мамырында «Жоғары Гуманитарлық-заң және техникалық колледжі» оқытушылары Шубарова Данара Жуманбаевна мен Бейсенбай Айнаш Ардаққызымен кәсіптік бағдар беру аясында кездесіп, аталған оқу орны жайлы мәлімет алды.

Алдағы уақытта да оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысы, өткен оқу жылындағы кемістіктер мен жетістіктерді саралай отырып жалғасын таппақ.

































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!