жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мектептегі көшбасшылық жүйені дамыту
Масақ орта мектебі
Мектеп тренері: Жолшибаев Еркебулан Тулегенович
Мектептегі көшбасшылық жүйені дамыту
Көшбасшылық – бұл мектеп тренері барлық оқушылардың табысты оқып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, оқыту туралы ортақ ұстаным қалыптастыру жұмысына жетекшілік ететін, мықты ұйымдастырушылық миссиясы бар және оқушылардың үлгеріміне үлкен үміт артылатын интерактивті үдері. Жұмыстың басымдықтарын айқындау мақсатында өзгерістер енгізу (көшбасшылар) тобы құрылды. Коучинг-сессиялар өткізу арқылы енгізілетін өзгерістердің қажеттіліктері талқыланып негізделді. Осы зерттеулердің нәтижесін ескере отырып, мектепті дамытудың, өзгерістер енгізудің стратегиялық басымдықтары нақтыланды. Мектепті дамытудың жоспары жасақталып, нені дамыту қажеттігі, дамыту үшін қандай іс-әрекеттер жасаймыз, олардың нақты, қолжетімді және шынайы болуы SMART-қа сай белгіленді. Қажетті ресурстар анықталып, күтілетін нәтижеге болжам жасалды. Өзгерістерді эвалюациялау тәсілдері көрсетілді. Стратегиялық жоспарлау дегеніміз – бұл мектептің қандай екендігін көрсететін, болашаққа бағдар жасай отырып, түбегейлі өзгерістер енгізу мақсатында шешімдер қабылдап, оны іске асыруға арналған іс-әрекеттер жоспары. Мектепті дамыту жоспары –ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымын дамытудың стратегиялық басымдықтары мен бағыттарын анықтайтын құжат. Мектепті дамытудың стратегиялық жоспары сауалнамалар қорытындысында анықталған басты проблемаларды шешуге, берілген ұсыныстарды іске асыруға бағытталған. Олар: .
1) Мектептің даму жоспарын жасау кезінде оқушылардың және ата-аналардың пікірін ескеру.
2) Мектептің дамуына қолайлы жағдай жасау үшін қоғамдық ұйымдармен байланысты күшейту.
3) Озық тәжірибелерді енгізу мақсатында жүйелі жұмыстану.
4) Мұғалімдерді өз жұмыстарына талдау жүргізуге бағыттау.
5) Мұғалімдердің бірлесіп, ортақ проблеманы анықтап, білім сапасын арттыруда біріккен жұмыстарын жетілдіру.
6) Мұғалімдерді бөлінген көшбасшылық принциптеріне сай жұмыстарға тартып, қабілеттерін дамытуға мүмкіндіктер туғызу.
Жоспарды іске асыру кезеңдері: 1-кезең – (2019-2020 оқу жылы) дайындық- ұйымдастыру жұмысы, мұғалімдерді дайындау және жоспарды ақпараттандыруды қамтамасыз ету; 2-кезең (2019-2020 оқу жылы) практикалық қызмет көрсету. Мектептің ішкі құрылымын, білім мазмұнын жаңарту, жоспарды әдістемелік жағынан қамтамасыз ету; 3-кезең (2019-2020 оқу жылы) алдыңғы кезеңдердегі жүзеге асқан тәжірибе нәтижесін тарату және жариялау;
Жоспардың мақсаты: Сындарлы оқыту теориясы негізінде оқу-тәрбие үдерісіне өзгерістер енгізу арқылы білім сапасын арттыруға жағдай жасау. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға қолдау көрсету. «Мектеп мәдениетін» қалыптастыру арқылы «Мінсіз мектеп» болудың алғы шарттарын іске асыру.
Жоспардың міндеттері: Сараптаулар мен салыстырмалы талдаулардың мониторингісін жалғастыру. Оқу-әдістемелік, психологиялық жетелеуді жолға қою;
Сыныптағы және іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстарын жүргізу;
Мұғалімдердің сыныпты басқару құзыреттілігін жетілдіру арқылы барлық пәндердің берілу сапасын арттыру мен мемлекеттік стандарттың орындалуын қамтамасыз ету. Педагогтардың үздіксіз кәсіби дамуына жағдай жасау;
Желілік қоғамдастық және ресурстық орталық арқылы озық іс-тәжірибе алмасу;
Күтілетін нәтиже:Оқушылардың белсенділігі мен ынтасы артады, өз бетімен білім алудың жолдарын меңгереді, сапалы білімге қол жеткізіледі, функционалдық сауаттылықтары артады. Мектепте мұғалімдердің кәсіби дамуына жағдай жасалынады, үздіксіз білім жетілдірудің жүйесі қалыптасады. Ұжымның шығармашылық ахуалы артады. «Мектеп мәдениетін» қалыптастыру арқылы «Мінсіз мектеп» болудың алғы шарттары іске асады.
Әрбір бағыттың басымдықтары мен табыс критерийлері белгіленді. Мектеп қызметінің басты бағыты оқу және оқыту үдерісіне тоқталып кеткім келеді. Басымдықтары мен табыс критерийлері:
Мұғалімдердің сабақ барысында заман талабына сай оқу ресурстарын тиімді, жүйелі қолдануын жүзеге асыру;
Сабақ құрылымын нәтижеге бағыттай жоспарлау;
Сабақта оқушылардың белсенділігін, ынтасын арттыру;
Сындарлы оқыту теориясы негізіндегі сабақ үдерісі; Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін арттыру;
Сабақ барысында бірыңғай талаптың орындалуын тұрақты қамтамасыз ету және заман талабына сай бағалау жүйесіне өзгерістер енгізу;
Білім сапасының артуына қол жеткізу;
Оқушыларды бағалаудың жаңа критерийлерін қолдану: оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау;
Оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалау жүйесін енгізу; Оқушыларды өзіне және өзгелерге сын көзбен қарауға дағдыландыру;
Қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жетілдіру;
Қабілетті және үлгерімі төмен балалармен жұмыс жүргізу;
Мәселелерді шешу құзыреттілігін дамыту;
Оқушыны белсенді жұмыс жасауға ынталандыру;
Психологиялық ахуалды оңалту;
Оқушылардың денсаулығын сақтау, өмірінің қауіпсізідігін қамтамасыз ету, оқу жүктемесінің шамадан тыс көбеюінің алдын-алу;
Бөлінген көшбасшылық принциптеріне сай мектептің талантты да дарынды мұғалімдеріне өз құзыреттілігі шеңберінде жауапкершіліктер жүктеліп,жұмыс аясы анықталды. Негізгі идея педагогтарды заман талабына сай жұмыс жасауға ынталандыру болғандықтан,негізгі жұмысымыз сыныптың көшбасшысы ретінде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, сындарлы оқыту теориясы негізінде сыныптағы сабақ барысын ұйымдастыру, жоспарлау және басқару шараларына бірінші кезекте көңіл аударылды. Мұғалімдерді кәсіби дамытуға, мұғалім жұмысы мен кері байланысқа,олардың жұмысының мойындалуына қатысты шараларға басымдық берілді. «Мінсіз мектеп» болудың алғы шарты ретінде мұғалімдер арасында ынтымақтастық орта және «мектеп мәдениетін» қалыптастыру мәселелері басты назарда болды, сынып деңгейіндегі зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Ата-аналардың белсенділігін арттырып, ынтымақтастық карым-қатынас қалыптастыруға арналған іс-шаралар жоспарланып, әсіресе, қызығушылықтарын арттыру мақсатында ата-аналар жиналыстарын жаңа форматта өткізу, серіктестік шараларына басымдық берілді.
Кезекті педагогикалық кеңесте мұғалім құзыреттілігі, жаңа сипаттағы сабаққа қойылатын талаптар, білім сапасын арттыру мәселелері бір-бірімен тығыз байланыста жан-жақты қарастырылып, мектептің даму перспективасымен барлық педагогтар таныстырылды. Мектеп - қоғам аясында түрлі құрылымдармен біріктірілген ұйым, дегенмен, қызметі тиімді және табысты болу үшін ол жалпы ереже мен дәстүрлер арқылы біріктірілген, ортақ ұстаным ұстанатын қоғамдастық болуы тиіс. Осы мақсатта Мектепте «Білімді мектеп» желілік қоғамдастығы және ресурстық орталық құрылып іс-шаралар картасы жасақталып, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген