400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектептегі мереке "Алтын күз кешіне таныстыру" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілер үшін кез келген байқаудағы таныстыру номинациясына таптырмайтын сценарий. Өте мазмұнды. Қызықты.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Темерлан:

Элдар, 1 жылда 365 күн бар, соның 92 күні күз мезгіліне тиесілі

Элдар:

А-а-а, 91 күні жай ғана күз де, яғни бі-і-і-р күні ғана «Алтын күз бе?» о-о-о-ой! Жарамайды!

Темерлан:

Қой енді сонша ренжігеніңе жол болсын . Ұят емес пе, жұрт алдына шығып алып мені ұялттың ғой. Бүгін ренжудің реті жоқ, «Алтын күз» мереке ме?

Элдар:

-Мереке.

Темерлан: «Алтын күз» той ма?

Элдар:

-Той.

Темерлан:

-Ендеше, тойды бізден артық кім тойлайды. Жүр балалармен ақылдасайық.
Нұрсұлтан - Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп. Мен, міне би билеп берейін, сен тақпақ айт……
Елдар :- Жо - о, жоқ! Жарамайды. Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе? Биыл басқаша, өзгеше болу керек!
Арғын:- Иә, жылда «Мисс осень», «Мистр осень», біреу қатысады, басқалары шошқа тағалайды.
Расул : - Иә, бәріміз қатысқымыз келеді. Ал, ендеше.....

Темерлан:Бүгінгі мерекеге күліп келген

Елдар: Көкшетаудың көшесімен асығып жүріп келген

Расул: Гардеробқа киімін іліп келген

Элдар: Мұғалімдеріміз үйдегі жұмысын сырып келген,

Арғын: Қыздарымыз таңғы ұйқысын қиып келген,

Нұрсұлтан : Бір қызық боларын біліп келген

Темерлан: Ах, бүгін күлейін деп екі жеңін қолтығына дейін түріп келген, көрермендер,

Елдар: Мерекеде бастарымыз қосылған екен .

Біздің бағдарламаның көрерменге залы толғалы бері

Темерлан: 7 А сынып болғалы бері

Расул: Адаммен жаман құсап амандаспай

Адаммен адам құсап амандасқанымыз, өзімізді таныстырғанымыз жөн емес пе, жігіттер?

Элдар: Саламатсыздар ма биылғы жылы бола алмай қалған ханымдар мен мырзалар!

Расул: Не деген амандасу мынау?Не деген таныстыру десеңші!

Нұрсұлтан: Бүгінгі кеште қалжыңнан басқа сөз айтпайтын

Темерлан Күлкіге үйір

Тілі сүйір

Арғын: Қауымды өнерге қарқ қылатын

«Біздің жігіттер» командасы БІЗ боламыз!


Көрініс

Немересі:

-Апа, апа. Ауылға кино түсірушілер келіпті.

Апасы: Келсе қайтейін

Немересі: Келсе қайтейін несі, апа? Келсе келісу керек.

Апасы: Е, мейлің, келсін. Не көрмеген бас мынау (басын тоқылдатып қояды) Оны да көрейік.

Немересі: Апа, рас айтасыз ба?

Апасы: Рас айтпағанда, анау кемпірдің іші күйсін, мені мына жәшіктен көріп.

Режиссер: Апа, амансыз ба?

Апасы: Аманбыз, өзің қай баласың?

Режиссер: Мен режиссермін, ауылда кино түсірмек едік. Апа, «Алтын күзді қалай тойлайсыздар?»

Апасы: Жақсы тойлаймыз.

Режисер: Сонда қалай?

Апасы: Қалайы қалай? Тілашар тойын тойлаймыз ба. Бір.

Қарттар күні-2.

Мұғалімдер күні-3.

Аналар мерекесі-4...

Режисер: Жақсы, жақсы. Жетеді.

Дайынсыз ба? Онда «Тілашар» тойынан бастайық. Еш қиындығы жоқ. /мазмұнын түсіндіріп жатқан көрініс, дауыс жоқ, оператор өз дайындығын жасайды, камераға түсіруші өзінікін)

Немересі: /үйге келіп, сумкасын лақтырып, жерге жата кетеді/Апа, мені алдапсыңдар ғой.

Апасы: /ұршықпен жүн иіріп отырады, немересі келгенде ұршығын тастап, немересінің басын ұстайды, әрлі-берлі қарайды.

Қой алдағаны несі? Не болды құлыным?

Немересі: Екі сағат оқисың деп едіңіз ғой!

Апасы: Енді екі сағат оқыдың ғой.

Немересі: Мұғалім 12 жыл оқисыңдар деді ғой. /Еңкілдеп жылайды/.



1. Жай айтылады

2. Қайғылы, мұңды, зарлы айтылады.

3.Күлкілі айтылады.

4. Тез айтылады.

5.Баяу айтылады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28.11.2018
4222
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі