400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Мектептегі мінез-құлық ережелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі мінез-құлық ережелері. Сынып сағаты, ашық тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Мектептегі мінез-құлық ережелері

Мектеп:

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП:

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаттары

- Оқушыларға мектеп ережелері туралы әңгімелеу, түсіндіру. Балалардың білімге деген құштарлығын ояту.

- Оқушылардың теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту

- Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.



Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы


Ресурстар

Басталуы 3минут


Сәлемдесу, «Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу

Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.



Білім керек бәріне

Оқу білім бұлағы – білім өмір шырағы .
- Оқу арқылы адам бойында білім жинақталады. Оқу білімнің бұлақ көзі болып табылады. Шырақ барлық уақытта да айналаға нұр сәулесін шашып тұрады.
Сен де білімді болсаңдар өмірде шырақ сияқты жарқырайсыңдар.


Суреттер, слайд

Ортасы 20 минут

Мектеп оқушыларының тәртіп сақтау ережелері

Бұл Ереже мектеп ғимараты мен аумағына оқушылардың тәртібін белгілейді. Ереже мақсаты- мектептің  тұрақтанған жұмыс жағдайын, әр оқушының оқуға, тұлғаның құқығы мен қадірін тәрбиелеуге, мәдени дамуға, қатынасудың  тәртібі мен машығының дамуына жағдай жасау.

1.Жалпы тәртіп сақтау ережелері: 1. Оқушы мектепке сабақ басталмастан 15-20 минут бұрын мектеп бұйрығына сәйкес таза және ұқыпты мектеп формасымен келіп, киім ілінетін бөлмеде сыртқы киімін шешіп екінші ауыстыратын аяқ-киімін киеді. Кейін сабақ өтетін сыныпқа барып, өз жұмыс орнына отырып, сабаққа керекті құралдарды дайындайды.

 1.2. Мектепке және мектеп территориясына  салқын қарулар, жарғыш немесе өртке қарсы, алькогольды сусындар, наркотиктер, газ баллондарын, сағыз, чипсы, улы және дәрігер қолдануға қатаң тыйым салынған  басқа да  заттар әкелуге тыйым салынады.

Тексерілді: --------------

 1.3. Мұғалімдердің келісімінсіз оқушыға сабақ уақытында мектептен кетуге рұқсат етілмейді. Оқушы сабақ жіберген жағдайда сынып жетекшісіне сырқаттануы туралы дәрігерден анықтама немесе сабақ жібергенінің себебі туралы ата-анасының қолхатын беруі тиіс. Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді;

 1.4. Оқушы мектепте оқу құралдарымен (дәптер, оқулық, күнделік), сабақ кестесіне сәйкес орындалған үй тапсырмасымен келеді. әкелу тиіс,).

 1.5 Оқушы үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетуі тиіс; Оқушылар, мұғалімдер бір біріне құрметпен қарайды. Оқушылар -үлкендерге, жоғары сынып оқушылары- кішілерге, ұл балалар- қыз балаларға жол береді

 1.6. Оқушы мектепте және мектептен тыс әдептілік, біліктілік қасиеттерін сақтауы тиіс;

 1.7.  Мектеп мүліктеріне өз мүлкіне сай мұқият қарауы тиіс;оны жөндеуге қолдан келерлік көмек береді.

 1.8.Мемлекеттік білім беру мекемелері талап етілген  киімнің іскерлік стилін ұстанады:

-       Дәлме дәл іскерлік стилі: белгіленген үлгілі міндетті түрде көк түсті мектеп формасы  (классикалық үлгідегі шалбар, тізеге дейін юбка), күңгірт түсті аяқ киім 6 см биік болмау тиіс(қыз балалар үшін ) ;

-       Әртүрлі пирсинг, татуировка, қымбатты әшекейлер тағуға, мөлшерден тыс опа-далап пайдалануға болмайды.

-       Мектеп ғимаратында бас киіммен жүру;

-       Шашты ашық түстерді бояуға болмайды,  ұл балаларға шаштарын бұрымдау тыйым салынады;

-       Шаш үлгісі классикалық үлгіде жиналу керек, 

2. Сабақ кезіндегі тәртіп:

 2.1. Оқушылар мұғалім сыныпқа кірген кезде құрмет көрсетіп, тұрып амандасады және мұғалімнің рұқсатымен отырады. Сонымен қатар сабақ кезінде сыныпқа кірген кез келген ересек тұлғамен орнынан тұрып амандасады;

 

2.2. Сабақ уақытында шулауға, өзін және қасындағы оқушыларды бос сөздермен және басқа да сабаққа қатысты емес мәселелермен алаңдатуға болмайды.  Оқушы  сұрақ қойып немесе сұраққа жауап бергісі келген жағдайда қол көтеруі керек.Оқушы мұғалімнің барлық қойған талаптарын орындауы қажет: күнделікті ұқыпты ұстап, әр апта сонында ата аналары күнделікте қол кояды.

 2.3. Егер оқушы сабақ уақытында сыныптан шығу керек жағдайында алдымен мұғалімнің  рұқсатын сұрауы тиіс.Сабақтың біткені туралы қоңырау мұғалім үшін беріледі. Мұғалім сабақтың аяқталғанын жариялағанда ғана оқушылар сыныптан шығуға құқылы. Мұғалім немесе басқа үлкен жасты адам сыныптан шыққанда оқушылар орнынан тұрады.

 

3. Сабақ басталғанға дейін,үзілістерде және сабақ аяқталғаннан кейінгі тәртібі.

 3.1.Сыныпқа қоңыраудан бұрын кіру тиіс, коңырау соң сыныпқа тек мұғалімнің рұқсатымен кіреді;сонымен қатар сабақ уақытында немесе бақылау жұмысы кезінде телефон құрылғыларымен пайдалануға рұқсат етілмейді, телефон жоғалған жағдайда мектеп әкімшілігі жауапты болмайды.



Аяқталуы 10 минут


Қорытынды: Жүсіп Баласағұнның «Құтты білегінен»үзінді оқып аяқтаймын.
Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға
Ақыл шырақ, қара түнді ашатын,
Білім жарық, нұрын саған шашатын
Білікті тыңда ақылдың бұлағы
Білімді сөз – шырын жанның құнары
Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?
Олай болса, уысыңнан шығарма
Тартар күйік, ет кескендей етінен
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде
Өмірімен қуантады түбінде





Сабақтың соңы

2 мин














Кері байланыс

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді «бас бармақ» тәсілі арқылы бағалау





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
48 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
2021
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі