"Мектептегі мінез-құлық ережелері" (Жеткіншектің жеті жарғысы) тәрбие сағаты қмж

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мектептегі мінез-құлық ережелері" (Жеткіншектің жеті жарғысы) тәрбие сағаты қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар


Тәрбие сағаты

Күні

«Мінез- құлық ережелері»

Мақсаты

Оқушылардың мінез-құлық ережелері туралы түсініктерін кеңейту. Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдепті, инабатты, үлкенді сыйлайтын, кішіге қамқор болатын тұлға тәрбиелеу

Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Мінез- құлық ережелері»

Сабақтың мақсаты:



Құндылықтарды дарыту

Ұлттық мүдде

Ресімдеу

Слайд,презентация,видео

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Таратпа қағаздар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация, плакаттар

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (10 мин)


Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал

Бір түрлі кәмпит алғандарды

1-топқа «Ақылдылар», ал екіншісін таңдағандарды

2-топқа «Білгіштер» тобына бөлемін.

Ой қозғау. Ойланайық, пікірлесейік.

-Адамға мінез-құлық ережелері керек пе?

- Неліктен «Мінез – адам көрсеткіші» болады деп ойлайсың? -Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?

- Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсың?

Видео ролик көрсету, тыңдату. «Мінез-құлық жайлы» Кел, ойланайық. — Адам ойына келгенінің бәрін істей ала ма?

«Мінез деген гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі-із қалдыру. Мінез- әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінез-өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала туысымен еңбексүйгіш, не жалқау, тәртіпті, не ұстамды болып тумайды. Оның мінезі ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады. Бірақ мінез-құлықты тәрбиелеуге болады. Оған жанұя, достар, үлкендер, орта әсер етеді. -Өз мінезің ұнамаса оны өзгертуге бола ма? Ол қиын ба? Ол өте қиын, бірақ мүмкін. Қандай мақсатпен адам мінезін өзгерткісі келеді? Жақсы болу үшін, жетіскке, алға қойған мақсатына жету үшін. -Балалар әрқайсыларыңның мінездерің әртүрлі.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді. Психологиялық ахуал

Оқушылар дың пікірі тыңдалады

Компьютер https://www.youtube.com/watch?v=98_yS4Imeno




Сабақ басы (20 мин)














II. Кесте бойынша жұмыс.

Кестеге қарап, мінез-құлық ережелерімен танысады, өздері толықтырады.

Есіңе сақта. Ұлағатты сөздерді оқып, олардың мәнін түсіндір.

Жақсы мінез-құлық пен ақылың, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы, жақсы мінез-құлыққа байланысты. Әл-Фараби

Мінез-құлық – әркімнің өзінің кейпін көрсететін айна. И. Гете

Сенім әдет болып қалыптасқанда ғана мінезге айналады. Тек әдет арқылы адам өз мінезін қалыптастырып, ойы іске айналады. К.Д.Ушинский

Өзгермейтін, түзелмейтін мінез болмайды. Сондықтан бір жағымсыз қылықты ақтап үшін мінездегі суреттер кемістікті сылтау ету бос сөз. Адам өз мінезіне өзі жауапты.

Б.М.Теплов

Темперамент дегеніміз адам мінез-құлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы

Холерик. Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен , ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады. Жағымсыз жағы — ұстамсыз, қатал, шамдану, ыза. Холерик оқушыда талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысады.

Флегматик. Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос, ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.

Сангвиник. Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сабақ үстінде жиі алаңдайды, достарымен көп сөйлеседі. Осы оқушы жаңа ортаға тезбейімделеді.

Меланхолик .Олар өте тез шаршайды. Үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтайды.Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады.Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Достарына көмектесуді ұнатады.




Оқушылар кесте бойынша жұмыс жасайды


Презентация


Соңы










«Мен сені жақсы көремін» ойыны Шарты: Бұл ойында оқушылар айналарын алып, айнадағы өз бейнеелеріне көз алмай біраз уақыт қарайды.Мынадай сұрақтарды қайталайды.

-Мен кіммін? Маған қарап тұрған кім?

- Мен жақсы адаммын ба? Әлде жаман адаммын ба?

-Мен туралы достары не ойлайды?

- Тәртібім қандай?

- Мінезім қандай?

-Достарым көп болу үшін не істеуім керек?

-Қандай жақсы қасиеттерім бар?

-Қандай жаман қасиеттерім бар?

Әр оқушының өз ойын айтуына мүмкіндік беріледі.

презентация




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2024
4597
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі