жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мектептегі музыкалық тәрбие мен білім берудің негізгі қағидалары мен әдістері.
Тақырып: Мектептегі музыкалық тәрбие мен білім берудің негізгі қағидалары мен әдістері.
|
Оқу орны: М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжі |
||||
Күні: |
Мұғалімнің есімі:Кенжегараева Айқын |
||||
Тобы: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Мамандығы/ Біліктілігі:
|
0108000 –«Музыкалық білім беру» 0108013 « Музыкадан мектепке дейінгі және негізгі орта білім беретін ұйымдар мұғалімі»
|
||||
Сабақ түрі: |
Практикалық сабақ. |
||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
Болашақ музыка пәні мұғалімінің музыкалық білім беруде, оқытудың озық технологияларыныңжаңа әдіс-тәсілдері туралы мағлұматтар бере отырып тәжірибеде дұрыс таңдап, пайдалана білуге тәрбиелеу. |
||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
||||
|
|||||
Оқушылардың басым бөлігі: |
|||||
|
|||||
Кейбір оқушылар: |
|||||
|
|||||
Бағалау критерийі |
Білім алушы Музыка оқытудың дәстүрлі әдістерін,принциптерін атаңыздар? Сын тұрғысынан ойлаудың мақсаттары және қандай әдістерімен таныстыңыздар? Тыңдайды,шығарманың жанырын, ажырату; Музыка тыңдау барысында шығармаларды тарихи оқиғалар арқылы бір-бірімен байланыстыруға бола ма? СТО әдістері арқылы қандай деңгейге жетуге болады. |
||||
Пәнаралық байланыс |
Педагогика, тарих,музыка әдебиеті,балабақшадағы музыкалық тәрбие беру әдістемесі. |
||||
АКТ-мен байланыс |
Интерактивті тақта,SMK, Aimektep сайттары, Видеоклиптер,слайдтар көрсетіледі. |
||||
Құндылықтардағы байланыс |
Ақиқат,сүйіспеншілік,қайырымдылық.(«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы) |
||||
Бастапқы білім |
Мектептегі музыкалық тәрбие мен білім берудің мақсат міндеттері,әдістері мен принциптерін білуі қажет. |
||||
Жоспар |
|||||
Сабақ барысы жоспарланған уақыт |
Мұғалімнің іс әрекеті |
Оқушының іс әрекеті |
|||
І.Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру 5 Т әдісі бойынша ынта зейіндерін сабаққа аудару. 5 минут
Психологиялық ахуал Топқа бөлу: «Ән шумақтары бойынша» топқа бөлу әдісі 5 минут
ІІ. Өткен материалға шолу «Рейтингин жаса» (әдіс)
10 минут
ІІІ. Оқу жұмысына ынталандыру, негізгі талқыланатын тапсырмалармен таныстыру.(Тапсырмамен жұмыс) 20 минут
«Джигсо» әдісі (постерде)
2.Практикалық бөлімі: Музыка тыңдатылады мүмкіндік болса орындалады: 20 минут
ІҮ. Білімді бақылау, бағалау. 5 минут. «Автобус» әдісі
Ү. Қорытынды, рефлексия, (нәтижелерді қорғау, іс-әрекетті талдау) 10 минут. «INSERT» әдісі Кері байланыс. «Аралдар» әдісі 5 минут |
Оқытушының оқушылармен сәлемдесуі, кіріспе әңгіме; Сабақта жоқ оқушыларды нақтылау; Оқушылардың қажетті оқулықтар мен оқу-құралдарымен қамтамасыз етілуін, сабаққа дайындығын тексеру; Мұғалім оқушыларға ел арасында көп тараған немесе оқушылардың сүйіп орындап жүретін әндерінің шумақтары мен қайырмасы(немесе бір тобы құралатындай ән қатарлары) жазылған карточкалар таратып беріледі.Оқушылар сол әнді құрастырып, 3 топқа бөлінеді және бірлесіп осы әнді айтуларына болады. Слайдта өткен сабақ тақырыптары бойынша мәтіндер берілген.Тапсырма: Мектептегі музыкалық тәрбие берудің мақсат-міндеттерін,принциптерін,дәстүрлі әдістерін рейтингисі бойынша таблицаларға бөліп жазамыз.
Теориялық бөлімі: 1.Дәстүрлі әдістердің түрлерінің ерекшіліктеріне,оқыту үшін алатын маңыздылығына тоқталып өтемін. 2.Қазіргі заманауи педтехнологиялардың түрлерімен,қазіргі деңгейлік және жаңартылған білім беру бағдарламасы аясындағы оқып жатқан курстардың мақсат-міндеттері мен әдіс-тәсілдері нені көздейді,несімен ерекшеленетіні туралы кіріспе мағлұматтар беріледі. 3. Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту. Постер таратылады. СТО технологиясының мақсаттары мен әдістеріне мағлұматтар беріледі. (Слайд арқ)
Сын тұрғысынан ойлау техологиясынан жаңа әдіс: 1.«Тұлғаның есімін ата» әдісі бойынша кейіпкерлерін тауып өз ойларына талдау жасату.(Слайдта кейіпкерлердің суреттері беріледі) 2.«Өнер және өмір» әдісі бойынша музыка тыңдатылады. Тыңдаған музыка бойынша өз ойларына талдау жасату. Зеленая рощица: интернеттен тыңдатылып көрсетіледі.
Сабақ барысында белсене қатысып, қол көтеріп әр сұраққа дұрыс жауап берген оқушыларға билет тапсырылады.Сұрақ жауабының мазмұны мен алған билеттің санына қарай бағаланады. 3-билет және одан жоғары барларға: «5» қойылады. 2-3-билет және одан жоғары барларға: «4» қойылады. 1 билет және одан жоғары барларға: «3» қойылады.
«Нұсқаулық» әдісі арқылы сабақта алған өз білімдерін жинақтап тәжірибеге пайдалану мақсатында нұсқаулық жасайды.
Өзін өзі бағалау парағы таратылады. Жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды.
Рефлексия Сабақ тақырыбы бойынша өз деңгейінде білім алдым деп ойлайсыз ба? Бүгінгімәліметтер бойынша қандай жаңа терминдер немесе әдістермен таныстым деп ойлайсыз ба? Сыныптағы ахуал қандай болды? Оқытушы қолданған әдістер тиімді болды ма?
Үлкен қағаз парағына эмоциялық «аралдардың» бейнесі бар карта салынады: Қуаныш а., Мұң а., Түсінбестік а., Үрей а., Күту а., Сергектік а., Шабыттану а., Сүйсіну а., Ляззат а., Бермуд үшбұрышы және т.б. |
-Сәлемдесу -Оқу әдебиеттері,сөздіктерді және оқу құралдарын дайындау
Мұғалім оқушыларға ел арасында көп тараған немесе оқушылардың сүйіп орындап жүретін әндерінің шумақтары мен қайырмасы(немесе бір тобы құралатындай ән қатарлары) жазылған карточкалар таратып беріледі.Оқушылар сол әнді құрастырып,топқа бөлінеді және бірлесіп осы әнді айтуларына болады.
Тақырыбына байланысты трек сөздер беріледі мазмұнына қарай студенттер рейтингісіне қарай орналастырады.
Дәстүрлі әдістердің түрлерінің ерекшіліктерін және оқыту үшін алатын маңыздылығына өздеріні ойларын айтады. Қазіргі заманауи педтехнологиялардың түрлерімен,қазіргі деңгейлік және жаңартылған білім беру бағдарламасы аясындағы оқып жатқан курстардың мақсат-міндеттері мен әдіс-тәсілдері нені көздейді,несімен ерекшеленетіні туралы мағлұматтармен танысып пікірлерімен бөліседі.
Оқыған мәлімет бойынша өз ойларына талдау жасайды.Проблема бойынша өз қөзқарасына рефлексия жасап шығармашыл тұрғыдан ойланады. Таным әрекеті үдерісінде қарым-қатынаста шеберлігі артады. Оқылым, тындалым, жазылым дағдылары қалыптасады. Көлемді мәтін үш бөлікке бөлінеді оқушыларда үш адамдық шағын топтарға бөлініп әр топ өздерінің тапсырмаларының мазмұнын түсініп,талқылайды және топтан өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.
Музыка тыдайды,мазмұнын талдайды,жанр түрін және кімнің шығармалары екенін ажыратады.
«Автобус» әдісі бойынша Сабақ барысында қол көтеріп әр сұраққа дұрыс жауап берген оқушыларға билет тапсырылады.Сұрақ жауабының мазмұны мен алған билеттің санына қарай бағаланады. Білім алушылардан өз жауабын дәлелдеуді сұрауға болады.
сабақта алған өз білімдерін жинақтап тәжірибеге пайдалану мақсатында нұсқаулық жасайды.
Өзін өзі бағалау парағына белгі соғып,ойларын жазады. Тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады:W- білемін; + жаңалық; - білмеймін; ?- білгім келеді; кесте жүйесі бойынша жұмыс жасайды.
Аралдар картасы тақтаға (қабырғаға) ілінеді және оқушылар картаға шығып, картаның тиісті ауданына сабақтан кейінгі эмоциялық-сезімдік жай-күйін көрсететін өз қайығын маркермен (фломастермен) салады немесе бекітеді.
|
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген