Материалдар / Мектептегі оқушылар арасындағы буллингтің алдын алу шаралары.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мектептегі оқушылар арасындағы буллингтің алдын алу шаралары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар арасындағы бір-біріне деген қатыгездік, ренжіту амалдары, қорқыту жолдарының алдын алу. Ата-анамен тығыз байланыс. Оқушыларды бақылауда ұстау, т.б.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектептегі оқушылар арасындағы буллингтің алдын алу

 



Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
2022 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 506 Бұйрықпен
бекітілген

Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы жөніндегі қызметтің тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.06.2023 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 186 бұйрығымен.


      2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылды:

      1) баланы жәбірлеу (буллинг) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер, сол сияқты жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) телекоммуникация желілері пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер (кибербуллинг);

      2) әлеуметтік оңалту – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің органдары мен мекемелері жүзеге асыратын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж кәмелетке толмағанды құқықтық, әлеуметтік, дене бітімі, психикалық, педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық жағынан қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені;

      3) әлеуметтік бейімделу – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж баланың қоғамдағы құндылықтарды, мінез-құлық қағидалары мен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтік ортаның жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, сондай-ақ басынан кешірген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесі;

      4) баланың заңды өкiлдерi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), патронат тәрбиешi және оларды алмастырушы басқа да адамдар.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.06.2023 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 186 бұйрығымен.







Адамдар арасында өзін басқа адамнан күшті санап зорлық-зомбылық көрсетіп, қорқыныш үрей туғызып, өз дегеніне мәжбүрлеу бүгінгі күнде  қоғамда буллинг деген атаумен кеңінен таныс. Кез-келген  адам жас ерекшелігіне қарамай үйінде, көшеде, оқу орнында немесе жұмыс орнында тағы да басқа жерлерде буллингке ұшырауы мүмкін. 

Қоғамда буллинг шамадан тыс даралану, бәсекелестіктің өсуі, күнделікті өмірдегі әлеуметтік шиеленіс, өзара жанжалды қарым-қатынасқа байланысты анықталады. Аталған тенденциялар білім беру жүйесінде де жиі кездеседі. Қазір Қазақстан мектептерінде жасөспірімдер арасында болып жатқан қорқыту мен зорлық-зомбылықтар педагогтер мен ата-аналар, құқық қорғау органдарын алаңдатуымен қатар,  депутаттар арасында айтылып, дабыл қағу басталды. Осыған орай әлеуметтік жүйедегі жасөспірімдер жиі қолданатын Tik-Tokқа тиым салуда ұсынылуда. Әлеуметтік жүйелерді қолдануға тиым салу жасөспірімдер арасында орын алып жатқан қайғылы жағдайларды тоқтататын, тиімді шешім деп айтуға болмайды. Себебі көп жағдайда буллинкке ұшыраған оқушыда,  ата-аналарда, сонымен қатар буллинг болған мектепте өз беделі мен абройын ойлап, бұндай оқиғаны жасырып қалуға тырысады. Сондықтан әлеуметтік жүйе болмаса қазір халқымыздың арасында көпшілікке таралып, қызу талқыланып, наразылық танытып, шешімін табуды талап етіп жатқан жасөспірімдер арасындағы жантүршігерлік  буллинг жасырын қалып, өз жалғасын таба беруі де мүмкін еді

Мектепте бір оқушының екінші оқушыға зорлық-зомбылық жасап, қорқытуының жанжалдасудан айырмашылығы, олар қайталанатын, жүйелі әрекеттер.  Оқушылардың жас және мінез-құлық  ерекшеліктеріне байланысты өзара келіспей қалуы, тіпті төбелесуі жиі кездесіп отыратын қалыпты құбылыс. Дегенмен мақсатты түрде буллинг жасау жасөспірімнің мінез-құлғындағы ауытқушылықты білдіреді. Осыған орай мектеп оқушыларының арасында  қорқыту мен зорлық-зомбылықты ғылыми тұрғыда тұңғыш зерттеп, буллинг (қорқыту) –  ұғымын 1993 жылы қолданысқа енгізген норвегиялық профессор, психолог Дэн Ольвеус.

Д. Ольвеус буллингті «әлеуметтік биліктің немесе физикалық күштің теңсіздігін қамтитын қасақана жүйелі түрде қайталанатын агрессивті мінез-құлық» [1] деп анықтады. Демек мектепте оқушылар арасында буллинг күш теңсіздігіне орай  мақсатты, жоспарлы және жүйелі болып отырады. Оқушылар арасындағы күш теңсіздігігін төмендегідей бөліп қарастырылады:

 - физикалық (біреу күшті, біреу әлсіз);

- мәртебелік (біреуі танымал, беделді, біреуі беделі жоқ, «мен» әлеуеті төмен);

- әлеуметтік (біреу бай, ауқытты, біреу кедей, тұрмысы төмен);

- психологиялық (біреу өктем, бұзық, көшбасшылығы басым, біреу жуас, момын, қорқақ).

         Буллинг мақсаты – қорқыту нысанасына әртүрлі формада үрей тудыру, оны өзіне бағындыру болып табылады.

         2013 жылы Астана қаласында Норвегия Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мекемесі мен Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігі дайындаған «Қазақстан мектептердегі балаларға қатысты зорлық-зомбылықты бағалау» атты зерттеу жұмысының нәтижесі жарық қөрген. Осы есеп түрінде шыққан басылымда мектептегі буллингтің  төмендегідей негізгі түрлеріне сипаттама берілген.

         Психологиялық зорлық-зомбылық – балаға назар аудармау, кері итеру, бақылау және/не оқшаулауға, баланы қорқытуға, үрей сезімін тудыруға, баланың мінезіне ықпал етуге, оның өзін-өзі құрметтеу, өз бағасын білу сезімін жоюға, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы мен жақсы өмір сүруіне кедергі келтіруге бағытталған қасақана жасалатын вербалды және іс-әрекеттік қимылдар схемасын қамтиды. Психологиялық кемсітушілік әрекетке баланың өзін керексіз,кемістігі бар, сүйкімсіз және қалаусыз болып табылатынына сендіру үшін жасалатын мазақтау, балағаттау, кемсіту, ұялту және дөрекі сөздер айту сияқты вербалды әрекеттер кіреді. Ол сондай-ақ баланы қорқыту және оны бақылау үшін қорқыныш сезімін тудыру мақсатында физикалық залал келтіре отырып балаға қауіп төндіру сияқты іс-әрекеттік қимылдарды да қамтиды.

         Физикалық зорлық-зомбылық – балаға қатысты өзге баланың не ересектің тарапынан физикалық зардапқа не жарақатқа әкелетін, баланың денсаулығына, оның өмірінің ұзақтығына, дамуына, өзін-өзі бағалау сезіміне нұқсан келтіруі мүмкін физикалық күш көрсету арқылы жасалатын әрекеттер. Физикалық зорлық-зомбылық ретінде бағаланатын іс-әрекеттің түрлері көп: соққы, ұру, итеру, тебу, тұншықтыру, шаштан тарту, сілкілеу, қандай да бір затпен не қарумен шабуыл жасау. Физикалық зорлық-зомбылық көбінісе балаға залал не жарақат әкеледі, тіпті баланың мүгедек болуына не қайтыс болуына да соқтыруы мүмкін.

         Жыныстық сипаттағы сөздерді айту не қысым көрсету – қандай да бір баланың не ересектің балаға қатысты жыныстық алдап-арбауы, нәпсіқұмарлық сипатта ауызша не физикалық қысым көрсетуі, жыныстық құмарлықты ояту үшін балаға қатыгездікпен қарау. Басқа баланың жыныстық мүшелеріне қол тигізу/ұстау, баланы жыныстық белсенділікке қатысуға шақыру (нәтижесіне қарамай), жыныстық мүшелерді жалаңаштап көрсету, балаға порнография көрсету және баламен жыныстық қатынасқа түсуді қамтиды.

         Бопсалау – балаға зорлық не тән жарақатын салу қаупін қосқанда, қысым жасау не мәжбүрлеу арқылы заңсыз ақша мен мүлік талап ету және алу түрінде көрінетін қылмыс.

         Кибербуллинг – баланың соңына түсу, қорқыту, ұялту мақсатында интернет арқылы таралатын әлеуметтік жүйелерді  пайдалану. Дөрекі, қатыгез сипаттағы мәтіндік хабарламалар жіберу; жәбірленушіні онлайн режімінде мазақ ету не жеке басына тән ақпаратты, фотоны не бейнежазбаны орналастыру; басқа баланың қыр соңына түсу не мазақ ету мақсатында жалған тіркеу жазбасын, веб-парақшаны не он-лайн режімінде бейне жасау сияқты әрекет түрлерін қамтиды.

         Құрбылар тарапынан қорқытып-үркіту – нақты не болжамды күштер теңсіздігін білдіретін мектеп жасындағы балалар арасындағы агрессивті әрекеттер. Мінез-құлықтың мұндай моделі қайталанып отырады немесе белгілі бір кезең сайын қайталануы ықтимал. Баланы кемсіту қорқыту, өсек тарату, балаға физикалық не сөзбен тиісу не әдейілеп топтан шығарып тастауды қамтиды.

         Кемсітушілік – баланың жынысына, ұлтына, ұлыстық мәртебесіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, дініне не мүгедектігіне негізделген әділетсіз не бөліп-жару қарым-қатынасы.

         Тән жазасы – физикалық күш қолданылатын, балаға қандай да бір жеңіл ауырту сезімін не қолайсыздықты сездіруге бағытталған кез келген жазаны білдіреді. Көбінесе, бұл соғып жіберу, шапалақпен тартып қалу, баланы қолмен не затпен ұруды білдіреді. Сондай-ақ тебу, сілкілеу, баланы итеру, тырнау, шымшу, шашынан тарту не құлағынан жұлқылау, балаларды қолайсыз позада ұстау, күйдіру, буға шалдыру, мәжбүрлеп жұтқызу (мысалы, баланың аузын сабынмен жуу не ащы дәмдеуіштерді жұтуға мәжбүрлеу) де қамтылады [2].

         Мектептегі буллинг бойынша сарапшы ретінде танымал ғалым - Финляндиядағы Турку университетінің психология профессоры және жетекші INVEST зерттеу орталығы басшысының орынбасары Кристина Салмивалли әріптестерімен бірге мектептегі буллингке қатысушыларды анықтаған. Осыған орай  педагог, психолог және ата-аналарға мектепте буллингке қарсы тұру кезінде ескеруге қажеттті төмендегі бірнеше рөлдер [3] көрсетілді:

- агрессор: белсенді, буллинг жасауға бастама көтереді немесе өзі қорлауды бастайды, көшбасшы ретінде әрекет етеді;

 ассистент (агрессор көмекшісі): қудалауға белсенді қатысады, бірақ көшбасшыдан гөрі ізбасар орнын алады;

 - күшейткіш: буллингті ынталандырады, буллинг жасалуға жағдай жасайды, қажеттіліктерді қамтамасыз етеді, қолдау тобында болады және қорлау ойынына қатысады;

 - қорғаушы: жәбірленушіні қорғайды, буллингке ұшыраған оқушыны қолдайды, жігерлендіруге тырысады.

 - бақылаушы: ештеңе жасамайды, шетте қалады, немқұрайлылық танытады.

 - жәбірленуші: қорлауға ұшырайды.

Осы аталған мектептегі буллингке қатысушылар рөлдеріне байланысты қатысушыларды төмендегі сурет арқылы көрсетсек (1-сурет)

Бақылаушылар

Буллинг құрбаны

Ерушілер

Буллерлер

Ынталандырушылар

Қолдаушылар

Немқұрайлы қарайтындар

Әлеуетті қорғаушылар








1-сурет. Мектептегі буллингке қатысушылар

         Мектепте буллинг  үдерісіне – агрессор балаларға қатысады. Олар буллинг жасауды алдын ала жоспарлайды. Демек агрессорда буллингтің  жоспары, нақты мақсаты және оны жүзеге асыратын  ниеті болады. Белсенді қорқытумен айналысатын балаларда мақсатты аңду, нақты және өрескел, сенімді сөйлеу, өзін сенімді ұстау, батылдық, тапқырлық сияқты  әлеуметтік құзыреттіліктері дамыған  және құрбанының эмоцияларын жақсы түсінеді, бірақ оларда жанашырлық сезім дамымаған. Басқа адамның көңіл күйінің қандай болатынына еш ойланбайды да қызықтырмайды, яғни буллингтің құрбаны болу қандай болатынын түсінбейді. Сондықтан баланың өтпелі кезеңінде ата-ана, педагог пен психологтардың буллингтің алдын алу жұмыстарына белсенді жұмылуы маңызды.

         Баланың тұлғалық дамуы оның өмірлік белсенділігі мен әлеуеметтік қарым-қатынас барысында жүзеге асады. Сонымен қатар  балалық шақтан жасөспірімге, жасөспірім шақтан есею кезеңіне өту жолы бірқатар қиындықтармен бірге жүреді. Осы кезеңге психологтар ерекше назар аударады. Л.С. Выготский жасөспірімнің жетілуін органикалық, жыныстық және әлеуметтік деп бөледі. «Үш бөлек арнаға бөлінген даму - өздігінен күшті жетілу жасы, бірақ сонымен бірге бұзылу мен тұрақсыздықтың тепе-теңдік жасы, және осы жастың негізіндегі күшті жетілу  оны ерекше сыни етеді. Шындығында жетілу қиын және жауапты. Бұл тегіс жолмен келе жатқан саяхатшыға  айтарлықтай әсер етпейтін, ал  тауға шыққан саяхатшы үшін кейде құлатып жіберердей, ең қиын кедергі болатын  құбылыс сияқты...» [4] деп, жасөспірімдік шақты  -  ең тұрақсыз және өзгермелі кезең екенін және осы кезде жас ерекшелік қажеттіліктері мен қызығушылықтарының құрылымы негізінен жасөспірімнің әлеуметтік-таптық байланыстарымен анықталатынын айтқан.

         Э. Эриксон жасөспірімдік кезеңді адам өмірінің ең маңызды және ең қиын кезеңі деп санаған. Жеке тұлғаның тұтастығын қалыптастырумен бірге жүретін психологиялық шиеленіс тек физиологиялық жетілуге, жеке өмірбаянға ғана емес, сонымен бірге адам өмір сүретін қоғамның рухани атмосферасына, әлеуметтік идеологияның ішкі қайшылықтарына байланысты екенін баса айтты [5]. Сондықтан  буллингтің жиі  және өте қатыгез түрлері жасөспірімдер арасында көптеп орын алады.  .            Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 5-бабының (46-26) тармақшасына сәйкес Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығы қабылданды.

Аталған қағиданың   «Баланы жәбірлеудің  (буллингтің) профилактикасын жүргізудің тәртібі» атты тарауында мектепте тоқсанына кемінде 1 рет

         - құқықтық жалпыға бірдей оқыту, сынып сағаттары, ата-ана жиналысы, сабақтан тыс тәрбиелік іс-шаралар және т.б. әңгімелесу, кездесу, пікір алмасу арқылы хабардар болуын арттыру;

         - оқыту семинарлары (вебинарларға), тренинг, шеберлік сыныптар, коучинг, конференция, форум, дебат, дөңгелек үстелге қатысу арқылы педагогтердің оқу-тәрбие жұмысындағы буллинг және кибербуллингті алдын алуға байланысты кәсіби құзыреттілігін арттыру;

         - оқушының заңды өкілдерін баланы жәбірлеуге (буллингке) жол берілмейтіндігі туралы (жазбаша немесе ауызша хабардар ету) хабардар ету;

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!