400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Мектептегі спорттық іс-шаралар

Материал туралы қысқаша түсінік
Үшінші деңгейлік бағдарлама негізінде құрылған сабақ жоспары. 6-орыс сыныптарына арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ тілі

Мерзімі: 29.11.2017 жыл

Сыныбы: 6 «Ж»

Сабақтың тақырыбы:


Мектептегі спорттық іс-шаралар

Сабақтың реті:

4-сабақ

Жалпы сабақтың мақсаты:

1. Қазақ тіліндегі септіктер туралы теориялық білімдерін қалыптастыру, өзіндік ерекшеліктерін таныту. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып, септік жалғаулары арқылы сөздердің жасалу жолдарын оқушыларға игерту.

2. Оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын арттыру, септік жалғауларының сөйлемде қолданылу ережесімен таныстыра отырып, сауатты, әдемі жазуға, сөздер мен сөйлемдерді дұрыс байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Берілген тапсырмалар арқылы есте сақтау, ойлау, қабілеттерін дамыту.

3. Оқушылар ұлттық спорт ойындарының атауын, оның ерекшелігін түсінеді, адам денсаулығына пайдасын біледі. Ұлттық спорт ойындарын ойнау арқылы салауатты өмір салтын ұстанады. Мектебіміздегі спорттық іс-шараларға қызығушылығы оянады.

Оқу нәтижелері:


Оқу нәтижелері:
- жеті септік жайында білімдерін ұштайды;
- септіктің жалғаулары мен сұрақтарын біледі;
- сөздерге септік жалғауларын дұрыс жалғайды;
- септік жалғауларын өмірде сауатты қолдана алады;
- спорттың денсаулыққа пайдасын біледі;
- еліміздің атақты спортшылары жайында мағлұмат алады;
- ұлттық спорт түрлерімен танысады, олардың ұлттық ерекшелігін түсінеді;
- ойын еркін айтып, бір-біріне ашық сұрақ қоя біледі;
- жұппен, топпен бірлесіп жұмыс жасай алады;
- бір-біріне
жақсы тілектектер тілейді, сыйластық көзқараспен қарайды;
- АКТ-ны еркін қолдана алады;

Түйінді идеялар:

Оқушылар жеті септік және оның сұрақтары жайында түсінік қалыптастырады. Септік жалғауларын сұрағына сәйкес қолдана алады. Буын үндестігіне сай септік жалғауларының жалғану ерекшеліктерін біледі. Спорттың адам өміріндегі пайдасын, денсаулықты нығайтудағы көмегін түсінеді. Ұлттық спорттық ойындардың ерекше қасиеттерін зерттейді. Ұлттық спорт ойындарының ұлттық ерекшеліктерін анықтайды. Топпен, ұжыммен, жеке жұмыс жасай алады.


Мұғалімнің іс-әрекеті

- сәлемдесу, сыныпты сабаққа ұйымдастыру
- сергіту сәті;
- сыныпты топқа бөлу;
- ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру;
- қызығушылықты ояту;

- мағынаны қалыптастыру;
- мағынаны таныту;
- ойтолғаныс;
- баға қою;
- үйге тапсырма беру;
- рефлексия (кері байланыс).




Оқушының іс-әрекеті

- сабаққа дайындалады;
-сергіту сәтін жасау;
- шағын топқа бөліну;
- бір-біріне жақсы тілектер айту;
- жеке жұмыс;
- жұптық жұмыс;
- топтық әңгіме;
- тақырыпты өз бетінше түсінеді;
- бір-біріңе сұрақ қояды;
- сұрақтарға жауап береді;
- өзін бағалайды, бірін-бірі бағалайды;
- үйге тапсырма алады;
- рефлексия(кері байланыс).










Сабақтың типі:

Жаңа білімді зерделеу мен алғашқы есте сақтау іс-әрекеттерінің тәсілдері.

Бағалау критерийі:

Қазақ тіліндегі септіктердің жалғаулары мен сұрақтарын ажырата білу.

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет, дене тәрбиесі.

Сабақты ұйымдастыру түрі:

Әңгімелесу, зерттеу.

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

СТО стратегия, диалогтік оқыту, сұрақ-жауап, «Жүректен - жүрекке», «Бәйтерек» ағашы, «Білім теңізіне кеме жіберейік», «Мозайка», «Теңге ілу», «Ханталапай», «Аударыспақ» әдістері, өзін-өзі бағалау, кері байланыс.


Жұмыс түрлері:

Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс.

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі, яғни дереккөздер:

Ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, флипчарт, интербелсенді тақта, 24.1-8 (ұлттық ойындар)


І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Балалар, сәлеметсіңдер ме! Бір тамаша әнге билеп алайық.

  • Балалар, мен бүгінгі сабақты өткізу үшін сыныпты 3 топқа бөлемін.

Оқушыларға ұлттық спорт түрлері бейнеленген қағаз қиындыларын таратып беремін. Суреттерді «Мозайка» әдісі бойынша құрап, топ құрады. Топтарға «Күрес», «Арқан тарту», «Асық ату» деген атау беремін. «Ханталапай» ойыны бойынша топ басшылары сайланады. Дорбада бес асық болады. Оқушылар дорбадан асық таңдайды. Дорбада бір ерекше асық «Хан» болады. Сол асықты алған оқушы топтың басшысы сайланады.

ІІ. Қызығушылығын ояту кезеңі

  • Бүгінгі сабағымыздың лексикалық тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?-деген ойқозғау сұрағын қоямын. Жауап берген соң әр топтан бір оқушыға спорттық ойын атауын септету.

  • Бүгінгі сабағымыздың грамматикалық тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?-деген сұрақ қоямын.

  • «Теңге алу» ойыны сабақтың барысының барлық кезеңдерінде ойнатылады. Әр айтылған дұрыс жауап үшін оқушыларға теңгелер таратылады. Сабақ соңында жинаған теңгелері есептелінеді, бағаланады.

ІІІ. Үй жұмысы
Оқушыларға спортшылар туралы мәліметтер жинап, нақыл сөздер жаттап, суреттер салып келу тапсырылды. Олар өздерінің дайындап келген материалдарымен таныстырады.

ІҮ. Мағынаны ажырату кезеңі
1-тапсырма. «Аударыспақ» ойыны.
Нақыл сөздер ішіндегі бір сөз орысша беріледі, соны қазақ тіліне аударып, нақыл сөзді толық қазақшаға аударады. Құрамындағы септік жалғауы бар сөздерді анықта. (Әрбір дұрыс жауапқа теңге таратылады)
1. Салауатты жизнь (өмір) - көтеріңкі настроение (көңіл).
2. Шынықсаң, крепкий (шымыр) боласың.
3. Спортпен дружись (достас), жалқаулықпен қоштас.
4. Спорт –жизни (өмірдің) көркі
Спорт – твой друг (досың), серігің
5. Спорт – денсаулықтың залог (кепілі)
І жаңа сөздермен танысу
ІІ орыс тіліне аудару
«Білім теңізіне кеме жіберейік» әдісі бойынша оқушылар септік жалғаулары жайында алған білімдеріне өзі баға береді.
2-тапсырма. Топтық жұмыс. «Алшы» Аудиотыңдалымды оқушылар тыңдайды. Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. (Әрбір дұрыс жауапқа теңге таратылады).
Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойыны. Тоғызқұмалақ – жылдам есептеуді, тез шешім қабылдауды қажет ететін күрделі ойын. Тоғызқұмалақта бір ойынды жарты күн немесе бір күн ойнайды. Қазір Қазақстанда тоғызқұмалақ ойнынан халықаралық жарыстар өткізіліп тұрады.
1. Тоғызқұмалақ ойынының ұлттық ерекшелігі қандай?
2. Тоғызқұмалақ ойыны қандай қасиеттерді дамытады?
3. Не себепті тоғыз құмалақ ойыны ұзаққа созылған деп ойлайсыңдар?
Балалар, сендер спорттық ойын түрлерін жақсы біледі екенсіңдер. Ал енді, мектебімізде қандай спорттық іс-шаралар өткізіледі? (Оқушылар жауап береді: қазақша күрес, баскетбол, волейбол, таэквондо, жүзу)
Біздің мектебіміздің оқушылары спорттық жарыстардан көп жетістіктерге жетуде. Оқушылардың 2017-2018 оқу жылындағы жетістіктерін көрсетейін.

- Балалар, біз сендердің спорт туралы білімдеріңді жан-жақты тексердік. Ал енді сендерді тағы бір сынап көрейін. Қазақтың қандай ұлттық спорт ойын түрлерін білесіңдер?

3-тапсырма. «Тай жарыс» ойыны. Бұл ойыннан оқушылар өздеріне керекті мәлімет алады.
Интербелсенді тақтада ойын түрлерінің анықтамасы көрсетіледі. Әр топтан бір оқушы суретін ұстап тұрып анықтамасын дауыстап оқиды, балалар өздеріне мәлімет алады. (Әрбір жауапқа теңге таратылады)
«Қыз қуу» ойыны кезінде ұлттық киім киіп, жүйрік атқа мінген қыз бен жігіт бірін-бірі қуған. Қыз қашып, жігіт қуып жетсе, қыздың орамалын алады, не болмаса бетінен сүйеді. Егер жігіт жете алмаса, қыз оны қамшының астына алады.
Теңге ілу – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны. Жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі әрекеті, денесін игеріп, билеп алған ептілігі сынға салынады. Теңгені іліп ала алмай, аттан ауып қалып жататындар да көп болады. Сәйгүлік мінген жігіттер жүз, жүз елу метрдей жерден екпіндете шауып келіп, сол ағынымен шұңқырдағы орамалға оралған теңгені іліп әкетуі тиіс.
Арқан тартыс. Ойынды жазда көгалды алаңда өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасында белгі болады, белгінің екі жағына адам саны тең екі топ тізіліп тұрады. Басқарушының берген командасы бойынша белгі берілген уақытта екі топ арқанды екі жаққа қарай таптады. Арқанды өз жағына қарай тартып алған топ жеңіске жетеді.

4-тапсырма. «Күрес» ойыны. Сөзге септік жалғауларының қажетті нұсқасын жалғаңдар.

тың дың ның тың дың ның
ағаштың -------- ------- ------ бұтағы; оқушы -------- ------ ------ дәптері;
тің дің нің тің дің нің



ды ты ны ды ты ны
кітап -------- ------- ------ алды; бала -------- ------ ------ көтерді;
ді ті ні ді ті ні



бан пан ман бан пан ман
ат ------- ------- ------ келді; түйе -------- ------ ------ барды;
бен пен мен бен пен мен

ІҮ. Ойтолғаныс кезеңі
4-тапсырма.
Балалар, сендердің білімдеріңді сынап көрдік. Топтар арасында «Бәйге» ойынын ойнатамыз. Бұл ойында ұлттық ойындардың атауын стикерге жазып, топтың аты жазылған жерге жапсырасыңдар. Қай топ ұлттық ойындар жайында көп біледі екен?
Ү. Бағалау
Оқушылардың теңгелерін санап, баға қорытындысы шығады.
ҮІ. Үйге тапсырма беру
5-тапсырма. Сызба бойынша әңгіме құраңдар.
ҮІІ. Кері байланыс жасау
Стикерге бүгінгі сабақ бойынша өз ойларыңды жазып, Бәйтеректің жоғарғы тұсына «Сабақ маған ұнады», төменгі тұсына «Сабақ маған ұнамады» деген жапсырма жабыстырады. «Бәйтерек» ағашына таратылған стикерге пікір жазып, іледі.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
2544
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі