Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу / Тәрбие сағаты / 9-10 сыныптар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу / Тәрбие сағаты / 9-10 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу / Тәрбие сағаты / 9-10 сыныптар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Педагогтің аты-жөні:

Байдаулетов С.М.

Күні:

27.11.2023ж

Сыныбы: 10

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мектептегі зорлық зомбылықтың алдын алу жоспары

Сабақтың мақсаты:





  • Мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағыттау және жол бермеу;

  • Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид туралы түсінік қалыптастыру және оның алдын алуға бағыттау;

  • Ашу-ыза мен агрессияға бейімділік туралы ақпарат беріп, оның нәтижесі неге апаратыны туралы ой қозғау;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу.

Әлемнің көптеген елдерінде балалар уақытының басым бөлігін мектепте өткізеді. Ата-аналар сияқты, балалар

да мектептің өздері үшін қауіпсіз, өсіп-жетілуіне жәрдемдесетін, балаларды оқытып, дамытуға қолдау

көрсетіп, септігін тигізетін орта болады деп күтеді. Өкінішке қарай, әлемдегі көптеген бала мектепте кемсітушілікке, зорлық-зомбылыққа ұшырайды, бұл олардың мектептке

баруына, оқуға деген қабілетіне, академиялық үлгеріміне кері әсерін тигізетіні дәлелденді. Мектептегі зорлықзомбылықтың кесірінен балалар оқуын ерте тастап кетеді.

Соның салдарынан мектепте зорлық-зомбылыққа тап болған балалар өз құқықтарынан, оның ішінде білім алу

құқығынан да айырылады.

Балаларға сұхбат барысында қойылған алғашқы сұрақ: «мектептегі зорлық-зомбылық» терминін қалай түсінесің?». Сұхбаттар талдану барысында, балалардың «мектептегі зорлық-зомбылық»

термині туралы түсініктері біршама шектеулі екендігін және әр бала бұл терминді әр түрлі

түсінетіндігін көрсетті. Кейбір балалар мектептегі

зорлық-зомбылық жайлы тым аз біледі екен, оны тек «ұрып-соғу» деген бір ғана нысанмен анықтады.

Мадақ сөздер арықылы бағалау

Интернет желісі, ДК экраны

Сабақтың ортасы

Мектептегі зорлық-зомбылық түрлері

Психологиялық зорлық-зомбылық – балаға назар аудармау, кері итеру, бақылау және оқшаулауға, баланы қорқытуға, үрей сезімін тудыруға, баланың мінезіне ықпал етуге, оның өзінөзі құрметтеу, өз бағасын білу сезімін жоюға, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы мен жақсы өмір сүруіне кедергі келтіруге бағытталған қасақана жасалатын вербалды және іс-әрекеттік қимылдар схемасын қамтиды.

Физикалық зорлық-зомбылық – балаға қатысты өзге баланың не ересектің тарапынан физикалық зардапқа не жарақатқа әкелетін, баланың денсаулығына, оның өмірінің ұзақтығына, дамуына, өзін-өзі бағалау сезіміне нұқсан келтіруі мүмкін физикалық күш көрсету арқылы жасалатын әрекеттер.

Жыныстық сипаттағы сөздерді айту не қысым көрсету – қандай да бір баланың не ересектің балаға қатысты жыныстық алдап-арбауы, нәпсіқұмарлық сипатта ауызша не физикалық қысым көрсетуі, жыныстық құмарлықты ояту үшін балаға қатыгездікпен қарау.

Бопсалау – балаға зорлық не тән жарақатын салу қаупін қосқанда, қысым жасау не мәжбүрлеу арқылы заңсыз ақша мен мүлік талап ету және алу түрінде көрінетін қылмыс.

Кибербуллинг – баланың қыр соңына түсу, қорқыту, ұялту мақсатында ннтернетті не басқа технологияларды пайдалану.

Құрбылар тарапынан қорқытып-үркіту – нақты не болжамды күштер теңсіздігін білдіретін мектеп жасындағы балалар арасындағы агрессивті әрекеттер.

Кемсітушілік – баланың жынысына, ұлтына, ұлыстық мәртебесіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, дініне не мүгедектігіне негізделген әділетсіз не бөліп-жару қарым-қатынасы.

Тән жазасы – физикалық күш қолданылатын, балаға қандай да бір жеңіл ауырту сезімін не қолайсыздықты сездіруге бағытталған кез келген жазаны білдіреді.

Суицид – балаларға қатысты барынша алаңдаушылық туғызатын мәселенің бірі және адамдардың түсінігі үшін мінез-құлықтың өте

күрделі моделі. Балалардың көпшілігі өзіне зақым келтіруге бағытталған түрлі мінез-құлық модельдеріне еріксіз тартылады, олар өз денесіне

қасақана зақым салады (мысалы, әдейілеп терісін кеседі, денесін көгертеді, тырнайды, күйдіреді,

терісін сыпырады не шаштарын жұлады, улы заттарды жұтады, сүйектерін сындырады) немесе

суицид жасамақ болады/жасайды.


Сұхбаттар барысында алынған мәліметтер

мектептегі балалар арасындағы зорлық-зомбылық сипаты мен дәрежесін түсіну үшін шифрланып,талданды. Сұхбатқа қатысқан 402 баланың 17,0%-ы ғана мектептегі зорлықзомбылық немесе кемсітушіліктің куәгері болмағанын хабарлаған, ал 37,0%-ы мектептегі

зорлық-зомбылық немесе кемсітушілікке

ұшырамағанын айтқан. Басқаша айтқанда, сұхбат

жүргізілген балалардың көпшілігі оқушыларға

арналған сауалнамаларда өлшенген мектептегі

зорлық-зомбылық немесе кемсітушіліктің бір немесе бірнеше нысанының куәгері (83,0%) және/

немесе құрбаны (63,0%) болғанын хабарлаған. Қыздар арасында зорлық-зомбылық жасау,

психологиялық қысым көрсету ғана кездеспейді,

кейбір үлкен қыздар басқа балалардан ақша тартып алады. Көп жағдайларда қыздар ер балалардан гөрі өздерінен жасы кіші қыздарға қысым

көрсетеді, ал кей кездері әлсіз ұлдарға да қоқанлоққы жасайды. «Қыздар да төбелесе алады. Жақында біздің сыныптағы бір қыз басқа қыздың партасының

қасынан өтіп бара жатып, аңдаусызда жерге қаламсауытын (пенал) түсіріп алады. Ол қыз кешірім сұрағысы келген еді, бірақ ана қыз шашынан ұстап алып, ұра бастады. Осылайша төбелес

басталды. Бұл оқиға жақында ғана болды, кейін мұғаліміміз оларды айырып, оқу ісін меңгерушіге

алып барды».

Мадақ сөздер арықылы бағалау

Интернет желісі, ДК экраны

Сабақтың соңы


Балалар мен олардың ата-аналарының білім және бала құқықтарын қорғау саласында құқықтық мәдениеті мен ақпараттандырылу деңгейін арттыру мақсатында «Ата-аналардың құқықтық сауаттылығы – балалардың құқықтарын қорғау кепелдігі» аймақтық семинарлары, «Сен және сенің құқықтарың» онкүндігі, «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Бала еңбегінің сорақы түрлеріне қарсы 12 күн» ақпараттық науқандары өткізіледі. Сонымен қатар, балалар мен жасөспiрiмдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау және алдын алу мақсатында iс-шаралар іске асырылуда.

Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті жанында үкіметтік емес ұйымдар кеңесi қызмет етедi, оның

қызметінің 7 бағытының бiрi балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың, адам саудасын және балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу болып табылады.

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің және оның аумақтық балалардың құқықтарын қорғау

департаменттерінің сайттарында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» айдары іске қосылған.

Мадақ сөздер арықылы бағалау

Интернет желісі, ДК экраны





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2023
1258
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі