400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектептен жырақ жол

Материал туралы қысқаша түсінік
педагог-зеріттеуші
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ тақырыбы: Динара Мыңжасарқызы «Мектептен жырақ жол»

Сабақтың мақсаты: Мәтінді түсініп оқуға, жақсы мен жаманды ажырата білетін қазіргі таңда ғаламторлық ойындардың адам денсаулығына зиянын тигізетінін оқушыларға жете түсіндіру; мәтіннің негізгі ойын ашу арқылы танымдық қабілеттерін дамытады , қорытындылауды үйренеді.

Қолданылатын әдіс –тәсілдер: Сұрақ-жауап, топтық тапсырмалар,ой түйіндеу, мақал –мәтелдер, баспалдақ әдісі, «Болжау» әдісі

Модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер , Оқу үшін бағалау, оқытуды бағалау, Сын тұрғысынан ойлау ,Талантты және дарынды балалармен жұмыс.

Көрнекілігі: Баспалдақ суреті, постер, Алтықалпақ, мақал-мәтелдер, А-4,кілем

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық

«Шеңбер» құру (арнайы кілемде) оқушылар дөңгелене жиналады.

Шеңберге жайғасып отырып, көршімізге қарап жылы лебіз сыйлаймыз.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау. (алдарына қойылған сұрақтарды алып,дайындалады)

«Адасқан бала» мәтіні бойынша тізбекті сұрақтар қою:

1.Жако күннің қай уақытында жоғалып кетті?

2. Балалар бассейнге барарда неге Жаконы қалдырып кетті?

3.Жако қандай оқиғаларды бастан кешті?

4. Егер саған адасқан бала кездессе сен не істер едің?

5. Жаконың ерекше белгілерін айт

6. «Ат» болып қалай ойнады?

7. «Жем жеу керек »дегенде олар не істеді?

8.Мәтіннің негізгі идеясы қандай?

9. Жаконың бұл қылығын сен қалай бағалайсың?

Қорытындылау.

«Баспалдақ» әдісі бойынша үй тапсырмасын түсінгені бойынша өз өзін бағалайды.

ІІ. Негізгі бөлім Әр бала өз қағаздарын топтастыру арқылы бір мақал арқылы топтар құрады.

Топтарға бірігу сәті:

1.Өтіріктің құйрығы –бір тұтам

2. Әдепті бала –ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

3.Жақсыдан қашпа, жаманға баспа.

4.Ерді намыс өлтірер,

Қоянды қамыс өлтірер.

5.Еңбекқор еңбегімен озады.

Жалқау езілумен тозады.

Әр топ өз мақалын тобымен айтады.

Сөздік жұмысымен жұмыс.(оқушылардан сұрау)

Жырақ-

Төбеден жай түскендей-

Бармағын тістеу-

Мұғалім: Ендеше балалар, біздің бүгінгі тақырыбымыз «Мектептен жырақ жол»тақырып не туралы деп ойлайсыңдар? « Болжау» әдісін қолдану, әр оқушы өз ойын айтады.

Мақсатымыз қандай? Мәтіннің негізгі идеясын ашу.

Мәтінмен шығармашылық жұмыс жасау.

Мәтінмен жұмыс

  1. Іштей оқу

  2. Тізбектеп оқу.

Сұрақ: Сендердің болжаған ойларыңмен мәтін мазмұны сай келді ме? Қандай ойлар Ауызша сұрап өту.

Топтарға тапсырма: (Әр топ өз жұмысын қорғаған сәтте «Ишара»тәсілі бармақ арқылы бағалау жүргізіледі.

1-топ

Мәтіннің қысқаша мазмұнын айтып беріңіздер.

2-топ

Мәтіннен Бақытжанның, Кәмила апайының және анасының ішкі ойларын әңгімеден тауып айтып беріңіздер.

3-топ

Бақытжан қандай бала? Оған мінездеме жазып көріңіздер.

4-топ

Бақытжан болған жайды айтып, досына былай деп хат жазды.

Сәлем жан досым!

Қандай ұят десеңші! Ұялғаннан менің жылағым келді. Анамды көргенде кірерге тесік таппадым. Себебі, мен .........(ары қарай хатты өздерің аяқтаңдар)

5-топ

Ақылдың алтықалпағы арқылы «Ойын автоматы», «Компьютерлік ойын»жайлы талдау жүргізіңіздер.

Бағалау: Әр топты бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы іске асады.

Рефлексия:

Шығармашылық тапсырма. Жеке ауызша не жазбаша дайындалу 5-минут

Әңгімені өз ойыңмен аяқта

Сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылау.

Қорытынды : Мәтін сендерге несімен ұнады?

Не үйрендіңдер? Қандай әсер алдыңдар? Бақытжан өз қатесін түсінді ме?

Топқа біріккен мақалдарыңды қарап шығып , қай топтың мақалы осы мәтінге сәйкес келетінін анықтаңдар.Неге? Дәлелде.

Сабақтың мақсаты қандай еді? Еске түсіру.Біз қойған мақсатымызға жете алдық па? Қаншалықты?

Бағалау: Ендеше бүгінгі сабақта қандай баға алдым деп ойлайсыңдар?Неліктен? Қорытындылау.Мұғалімнің бағалауы болады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
679
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі