Мектептерде білім беру
бағдарламасын жаңарту
Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты
міндеті-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық
және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» — деп
атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып
отырған басты міндеттерінің бірі — оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі
жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны
меңгеру.
Әр сабақтың тиімді әрі
нәтижелі өту үшін әр ұстаз өз шығармашылығын дамыту мен ізденіс
үстінде болуы керек.
№31 жалпы орта мектебінде
орналасқан №4 ресурстық орталықта 9 мектеп қамтылған. Ресурстық
орталықтың көшбасшысы Есенбеков Берік. «Бірлескен іс-әрекеттерді
ұйымдастыру арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру»
тақырыбында ресурстық орталық құрылды. Мектептің психологиялық
ахуалын қалыптастыру, бірлескен жұмыстар арқылы мақсатты нәтижеге
қол жеткізу, ата-аналармен қоғамдастықтар құру, желілік қоғамдастық
іс-әрекетті жүйелі ұйымдастыру және оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамыту- мектептердің дамыту жоспарының басымдықтары
болды.
Жаңартылған білім беру мазмұны
аясында оқу тәлімгерлері және оқу тәрбие
тәлімгерлері бекітілді.
Тәжірибе алмасуды қамтамасыз
ету, анықталған кедергілерді шешу, үздік іс-тәжірибені анықтау
мақсатында мектеп аясындағы желілік қоғамдастықтар құрылып,тәжірибе
алмасуда. Барлық пәннен және бастауыш сыныптары бойынша мобильдік
топ құрылды.
Жаңартылған білім аясында
мадераторлық жұмысты жандандыру мақсатында 9 мектептің мадераторы
,№31 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінің
мұғалімі Шалданбаева Жанатқа ауданнан «Алғыс хат» берілді.Ресурстық
орталықтың жетекшісі Есенбеков Беріктің еңбегі бағаланып ауданнан
«Алғыс хат» және медальмен марапатталды.Аймақтық мектептер
аралығында №31 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінде «Үздік
тәлімгер», «Үздік тәрбие тәлімгері» байқаулары өткізілді.Бұл
сайыста жеңімпаз болғандар аудан көлемінде өтілген сайысына
қатысты.Ауданда өтілген «Үздік тәлімгер» сайысында І орынды №11
М.П.Окороков жалпы орта мектебінің ағылшын пәні мұғалімі
Тасболатова Гүлжан , «Үздік тәрбие тәлімгері» сайысында І орынды
№142 жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Хайназарова
Айгерім ие болды. Ауданда өтілген «Үздік көшбасшы» презентациясы
атағына №11 М.П.Окороков жалпы орта мектебінің директоры Досжанова
Жайна ие болды. №23 Ғ.Мұратбаев атындағы мектептің мұғалімі
Ауесханова Разия «Үздік мадератор», Абылайхан мектебінің мұғалімі
Матышева Гүлайым «Үздік тәлімгер» атағына ие болды. Осы аталған екі
мұғалім облысқа ұсынылды.
Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы.Көшті
қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай
білу ол шеберлігіне байланысты.
Қаратаева
Эльмира
Сарыағаш
ауданы
Дербісек
ауылы
№142 жалпы орта мектебінің
директоры